Мемлекеттің қауіпсіздігін қалай түсінесіз
Бұл мәселені қарастыру кезінде бірінші кезекте мемлекет нені білдіретінін және оның негізгі функциялары қандай екенін анықтау маңызды. Мем-т-бұл қоғамның қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, азаматтардың мүдделерін білдіретін, арнайы мәжбүрлеу және күштеу аппараты бар саяси биліктің ерекше ұйымы. Мем-т ол саяси тұрақтылықты, азаматтардың қоғамдық қатынастары мен мінез-құлқын реттейтін құқықтық нормаларды белгілейді, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, салық саясатының көмегімен экономикалық процестерді үйлестіреді, аумақтық тұтастықты, егемендікті, қауіпсіздікті және тағы басқаларды қорғайды. Осы мәселлердің ішінде қауіпсіздік еңбасты мәселелрдің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекеттің басты міндеті қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Мем-к қауіпсіздік ол мемлекеттің сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалу деңгейі. Мем-к қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе мемлекеттік қауіпсіздікті қорғау — мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғау жөніндегі саяси, эк-лық, әлеуметтік, әскери және құқықтық іс-шаралар кешені. Мем-к қауіпсіздік ол ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болып саналады.
Мем-к қауіпсіздік қалай көрінеді:
1) азаматтардың жеке қауіпсіздігін, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдіктерін нығайту;
2) халық бірлігін және ынтымақтастығын нығайту;
3) халықтың табиғи өсімі және дағдарысты демографиялық процестерге қарсы іс-қимыл бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
4) қылмысқа, оның ішінде оның ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және терроризмге қарсы күрес;
5) халықтың денсаулығы мен рухани байлығына қауіп төндіретін іс-қыймылдардан сақ болу
Мем-к қауіпсіздікті қамтамасыз ету дегі негізгі мынадай тетіктерін айта кетсем: қорғалуға қажетті мүдделерді қалыптастыру; қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделеріне ішкі және сыртқы қатерлерді анықтау және болжау; қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу; қатерлерді бейтараптандыру; қауіпсіздік объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Қорытындылай кететін болсам жеке адам, әлеуметтік қауымдастықдың, институттардың, яғни қоғамды тұтастай алғанда мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету субъектісі болып табылады, онда мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін оргындар негізгі субъект ретінде әрекет етеді, өйткені оларға арнайы құқықтар мен өкілеттіктер берілген мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға. Мем-т өзінің қауіпсіздігін оның геосаяси жағдайымен, экономиканың даму деңгейімен, табиғи ресурстармен, әскери әлеуеттермен айқындалатын өзінің барлық қуаттарымен қамтамасыз етеді. Күшті мем-гі қауіпсіздік сенімді қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |