Ел бірлігі – ең асыл қасиет


Жастар – қоғамның қозғаушы күші



бет3/10
Дата15.04.2022
өлшемі45,8 Kb.
#31133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
эссе

Жастар – қоғамның қозғаушы күші
Мем-ң негізгі капиталы бұл - адам, адамның білімі мен біліктілігіне бай-ты бәсекеге сай тұлғанын қалыптасуына алып келеді, ал ол өз кезегінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының дамуына үлесін тигізеді. Қазіргі ҚР әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси дем-ны орнықтыру кезеңінде. Тәуелсіз ҚЗ болашағын дамытып, қоғамымыздың дамуына септігін қосатын – еліміздің жастар легі. Жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Баршамызға аян сол немесе басқада қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына сәйкес алға жылжыйды, дамыйды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Себебі жастар – келешек ұрпақ. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.

ҚР Президенті әр қашанда жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні баршамызға аян. Мысалы, «ҚЗ — 2030» Стратегиясында Президент: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты», — деп ерекелеп өткен болатын, биылғы жылғы ҚЗ халқына Жолдауында: «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты», — деп білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігін айтқан.

Елімізде жастар мен жас отбасылардың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру мақсатымен, білім алу мүмкіндігін кеңейткен, іскерлік белсенділігін арттырған, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын ұйымдастырғаны баршамызға аян. Аталғанның негізі бұл, жастарды жұмыспен қамту мәселесі ҚЗ мемлекетінде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы мәселенің алдын алу мақсатымен Елбасымен келесідей бағдарламалар жүзеге асырылуда, Олар: «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» және тсс бағдарламалар.

Жалпы қорытындылай кететін болсам бүгінгі жастар креативті, жаңашыл пікірге ие. Сол сияқты, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері де бар. Қазіргі жастар – болашақ кәсіби біліктін маманы, болашақ отбасының, еліміздің тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды.


Қазақстандық патриотизм

Бүгінгі таңда айырықша маңызды əрі аса өзекті мəселелердің бірі болып табылатын патриотизм, əсіресе осы күндер қазақстандық патриотизм мəселесі, тəуелсіз еліміздің ғаламдық өркениет ортасынан өзінің лайықты орнын алуына бірден-бір себеп болатын маңызы ерекше өлшемнің біріне айналып отыр. Патриотизм - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. «Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс.

Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. «Патриотизм – дегеніміз Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дəстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды», — деп атап көрсетеді

ҚП туралы айтар болсақ, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бəріне қатысты дүние». Оның тұжырымы бойынша, патриоттық сезім адамның туа біткен қасиеті емес, ол белгілі бір əлеуметтік, саяси, тарихи ортада ұзақ жылдар бойында қалыптасатын құбылыс. Өйткені ешкімді де осы елді сүй деп мəжбүрлеп, қолдан патриотизм жасай алмайды. Саяси-əлеуметтік, экономикалық негіздері толық қаланбаған жасанды отансүйгіштіктің ғұмыры қысқа, ертеңі бұлыңғыр. Жалпы қорытындылай кететін болсам көпұлтты ҚЗ халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату-тәтті тіршілік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтың негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.

Жалпы қорытындылай кететін болсам қазақстандық патриотизм өзіңді республика халқының ажырамас бөлігі, ортақ Отан ретінде ҚР сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін, қажет болса, қару алып қорғайтын борышты сезіну. Шовинизм мен ұлтшылдыққа қарағанда, жалпықазақстандық патриотизм басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу тұрғысында көрінеді.

Мем-ң сенімді тиянағы болып табылатын, ұлттардың бауырластығы жағдайында ғана шын мəнінде ұлттық патриотизм қалыптасады. Ұлттың біріне-бірі алакөз (себебіне қарамастан) топтарға бөлініп, жіктелуі шын мəніндегі патриотизмге себеп бола алмайды, керісінше, мемлекеттің өміріне қауіп төндіреді. Демек, қазақтар арасындағы жүздік, рулық, жершілдік пиғылдарға жол беруге болмайды. Бұл жөнінде Президент Н.Назарбаев өзі үлгі көрсетіп, үнемі айтып келеді.

Қорытындылай кететтінболсам патриотизм жеке адам санасына белгілі бір экономикалық, əлеуметтік-саяси, мінез-құлық, эстетикалық жəне басқа да құндылықтарды дарыта отырып, оларды сенім дəрежесінде қалыптастыруға, осылайша, Отанның бүгіні мен келешегі үшін белсенді қызмет етуге баулуға бағытталған. Əрбір адам игерген əлеуметтік жəне ұлттық құндылықтар рухани табандылықтың, ерлік пен батырлықтың қайнар көзі, қиын жағдайда Отан алдындағы борышты адал атқаруға бастайтын рухани күш болуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет