Ел бірлігі – ең асыл қасиет


Ұлттық код және ұлттық тіл



бет7/10
Дата15.04.2022
өлшемі45,8 Kb.
#31133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
эссе

Ұлттық код және ұлттық тіл
Қазіргі жаһандану заманында жойы­лып кетуден аман қалуын ойлаған әрбір халық  алдымен өзінің рухани-тектік қасиеттерін барынша жаңғыртып, осы арқылы заманауи ғаламдық бәсекелестікке төтеп бере алу жағын ескергені жөн. Рухани тетіктік қасиеттердің негізінде кез келген ұлттық мемлекеттің құндылығы ретінде ұлттық код пен ұлттық тіл екенін білеміз. Осы тұста ұлттық код және ұлттық тіл атты ұғымдардың қалай түсінуге болатындығына тоқтала кетейін.

Яғни, ұлттық код бұл, халықтың ішкі рухани-мәдени өзегі, этникалық сипаты. Оның болмысын, дара табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын, ұлттық құндылықтарын айқындайтын белгілері. Яғни, ұлттың бойындағы тарихи кезеңдерде пайда болып, өзіне тән ерекшелікпен дамыған қасиеттерінің тұжырымдалған түрі. Демек, ұлттың ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болып отырған тілі мен ділі, діні мен салт-дәстүрі, төл тарихы, Отаны. Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте қалыптасатынын көреміз. Осы жерде ұлттық код пен ұлттық тілдің бір бірімен ажырамас синтез. Яғни ұлттық кодтың өзегі ұлттық тіл, олар бір бірін толықтырушы фактор ретінде дамыйды. Ұлттық код болмаса ұлттық тілдің дамуы екі талай.

ҚР ұлттық коды қазақ ұлты болып табылады, ал ұлттық тілі қазақ тілі. Бұл заңды құбылыс, себебі Қазақстан Республикасының төл ұлты, яғни қазақтармен құрылған мемлекет, сәйкесінше мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Сол немесе өзгеде этнос өкілдері мемлекетіміздің дамуына үлесін қосып, бір тұтас ұлт ретінде жұмылғаны абзал. Себебі, кез келген дамыған, өркениетті елдердің жұмылдырушы факторы бұл мемлекеттік тіл. Мысалы, Францияда француз тілі, Германияда неміс тілі, Англияда ағылшын тілі және тсс мемлекеттерде көретін болсақ мемлекеттік тілдері халықты жұмылдыратын құрал ретінде рөлін атқаруда.

Жалпы қорытындылай кететін болсам ҚР тұңғыш Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ең алдымен, еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек екенін қозғалып, тиянақталған. Осы жерде рухани даму бастауында тіл, дін және діл жатыр. Бұл үшеуі – бір-бірімен тығыз байланысты біртұтас дүние. Әрбірі мемлекеттің, ұлттын дамуына аса үлес қосатын маңызды элемент болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет