Терроризмдіқалайтүсінемізжәнешешужолдары
Мем-те үрей және қорқыныш тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жүргізілетін экстремистік іс әрекеттер.
Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризм мен күрес міселесі аса өзекті болып отыр.Әсіресе,дүние жүзінде бейбіт өмірдің болғанын қаламайтын түрлі ұйымдар өздерінің қитұрқымақсаттарынжүзегеасырудадінділаңкестікәрекеттердіңқолшоқпарықылуғатырысуда.
Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру «терроризм» деп аталады.
Терроризмнің мақсаты - мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру.
Терроризммен күресудің бірнеше ұсыныстар келтірсем. Біріншіден, терроризмге қарсы күрестің жаңа жолдарын дайындап, оны нақты жүзеге асыру қажет. Өйткені экстремизм мен терроризмге қарсы көп жылдық күрес тәжірибесі мұнда әлеуметтік-экономикалық факторлардың айрықша маңызының бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі күнгі антитеррорлық қызмет терроризмге қарсы күш қолдану арқылы ғана емес, терроризм мен экстремизмді туындататын және тарататын «объективтік факторлардың» дер кезінде алдын алуға және жоюға бағытталуы қажет.
Екіншіден, халықаралық терроризмнің шиеленісу жағдайында ұлттық заң шығару жүйесі мен халықаралық құқық салаларындағы мәселелерді шешу қажет.
Түрлі елдердің арнайы қызмет және құқық қорғау органдарының ынтымақтастығының нәтижелілігінің мысалы ретінде террорлық қызметпен айланысатын тұлғаларға қатысты халықаралық Еуропалық ордерлердің енгізілуін көрсетуге болады.
Еуропа елдерінде терроризмнен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық қор құру ұсынысы талқыланып жатыр. Бұл ұсыныстың бастамашыларының ойы бойынша аталған қордың құдіретіне гуманитарлық акциялар жасау, терактілер кезінде зардап шеккендерді емдеу, ата-анасыз қалған балаларды қамқорлыққа алу сияқты антитеррорлық шараларды ғана емес, террорлық топтарға қарсы арнайы операцияларды қаржыландыруға кірісуі тиіс.
Үшіншіден, ұлттық және халықаралық құқық қорғау жүйесі мен құрылымдарын халықаралық террорлық ұйымдарға қарсы күрес талаптарына сәйкестендіру керек. Бұл бағытта бүкіл әлемдік көлемде терроризмнің тарауына қарсы елдер ең алдымен кез-келген террорлық ұйыммен ынтымақтастықтан бас тарту туралы саяси шешім қабылдауы тиіс.
Төртіншіден, түрлі экстремистік ұйымдардың БАҚ пайдалануын шектеу керек. Өйткені тез процестер БАҚ-ты бір жағынан азаттық үшін күрескен имиджін қалыптастыру және өз идеяларын тарату үшін, ал екінші жағынан өздерінің мәртебелерін көрсету және халықты үрейлендіру үшін пайдалануы мүмкін. Көптеген жағдайларда треррорлық актілерді ұйымдастырушылардың міндетті түрде БАҚ өкілдерімен кездестіруді талап етуі кездейсоқтық емес.
Қорытынды ретінде айтар жайт, Терроризм – қазіргі жаһандық қатерлерінің бірі, ол өзінің маңызы бар объектілері мен коммуникацияларын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі. Терроризіммен күрес тек қана құқұқ қорғау органдарының міндеті емес, бұл індетпен баршамыз бірігіп, қоғам болып қүресуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |