Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қ. Ш. Молдасан, К. А. Есенова білім берудегі менеджмент



бет23/32
Дата17.10.2023
өлшемі142,35 Kb.
#117061
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
treatise206008

Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан көмек көрсету;
3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.
Педагогикалық іс-әрекетте қарым-қатынастың мәні зор. Педагогикалық қарым-қатынаста мұғалім негізгі рөлге атқарады. Оқушыны дамыту үшін, тәрбиелеу үшін әр түрлі педагогикалық міндеттерді анықтауда сол міндетті шешудің тиімді жолында педагогикалық міндеттер тұрады. Бұл міндеттердің негізгісі оқушының жеке психологиялық ерекшелігіне назар аудару. Қандай да болмасын қызмет саласының негізгі түрі қарым-қатынас арқылы іске асырылады. Оның маңыздылығы адамдардың бір-біріне ықпал етуі, ақпарат алмасуы. Қарым-қатынас іс-әрекеттің бір түрі іспеттес. Қарым-қатынас белесенділігінің нәтижесінде жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, ілтипаттық, жауапкершілік сезімі т.б.) қалыптасады. Яғни , қарым-қатынас барысында келесі қасиеттердің болуы шарт:

  • адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу.

  • қоғамдық жұмыстарға белсенділік көрсете білу;

  • басқа адамды түсіне білу;

  • өзін басқа адамның орнына қоя білу;

  • жеке адамдардың негізгі көзқарастарын есте сақтау;

  • жаңа адамдармен тіл табыса білу;

  • адамдардың жас ерекшелігін ескере отырып, қарым-қатынас жасау;

  • кикілжіңге түспеу жолдарын қарастыру немесе дұрыс шеше білу;

  • басқа адамдардың көзқарастарын есепке ала білу;

  • адам құндылықтарына сипаттама беру.

«Педагогикалық қарым-қатынас байланысы:



      1. Коммуникативті байланысты жүзеге асыру;

      2. Сыныппен психологиялық байланыс ұстану;

      3. Педагогикалық процестегі қарым-қатынасты басқару, яғни топ алдында сөйлей алу іскерлігі;

      4. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті;

      5. Интоннацияны дұрыс қоя білуі;

      6. Тыңдаушыны өзіне тарта білуі;

      7. Ақпаратты дұрыс жеткізе білуі.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін құрайтын іскерлік қабілеттер педагогикалық қарым-қатынас барысында орындалады. Мұғалім оқушының жалпы психологиялық жай-күйін білуімен қатар, сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасау барыснда эмоцияналды өзгеру сәтін бақылай білуі де керек. Ол мұғалімнің педагогикалық техникасы , іскерлігі мен дағдысынан көрінеді.
Дегенмен, әрбір мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қажет ететін білім саласындағы басымдылықтарды жүзеге асыру тек әрбір мұғалім өз міндетін жоғары кәсіби дәрежеде атқарғанда ғана нәтижелі болатыны түсінікті.
Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас түрлерін зерттеушілер былай топтастырады:

  • «Вербалды қарым-қатынас – адамдар арасындағы сөз арқылы жүргізілетін қарым-қатынас;

  • Вербалсыз қарым-қатынас– им-шараға негізделген қарым-қатынас;

  • Интерактивті қарым-қатынас– адамдардың бір-бірімен өзара тығыз әрекеттестік байланыста болуы;

  • Перцептивтік қарым-қатынас – кез келген қарым-қатынас барысында адамдардың ішкі жан-дүниесін түсіне алу, көңіл-күйдің қандай деңгейде екенін сезіне білу».[29]

Білім беру реформасы мұғалімнің жаңа мәртебесін – шығармашылық ой-өрісі кең, жаңа жағдайдағы жұмысқа әзір мұғалім-зерттеушіні қалыптастыруды талап етіп отыр. Бүгінгі таңда еліміздің орта білім беру саласында көптеген реформалар орын алуда. Бұл мақсаттарға жетудің басты тетігі ұстаздардың кәсібилігін арттыру болды. Бүгінгі қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті білім беру арқылы тұлға бойында ұлттық құндылықтарды меңгерту, жоғары мəдениеттілік, адамгершілік, шығармашылық, көшбасшылық қабілет сапалары белгіленеді жəне тұлғаның өмірде өзіне қажетті шешім таба алуы, ұжымда жұмыс істей алуы, өзін - өзі үнемі дамыта алу сияқты дағдыларды қалыптастыру қарастырылады. Дегенмен, ұстаздардың кәсіби әрекеттері көп жағдайда мектептің ішкі жағдайымен тікелей байланысты. Яғни, мектептегі кейбір талаптар білім берудің дамуына немесе артта қалуына әсер етуі мүмкін. Сондықтан да мектепті басқаруда педагогикалық менеджментті ендіру мектептің білім сапасын арттырады. Ұстаздардың дамыту жобалары тәжірибеге әртүрлі деңгейде ықпал етті. Жобалардың негізгі бөлігі сыныптағы тәжірибені дамытуға бағытталды. Дегенмен, жаңашыл бастамалар мектеп пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты арттыра алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті–ұлттық дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани адамгершілігі, биік талғам мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке тұлғаның эстетикалық талғамын қалыптастыру және дамыту, жаңа жағдайларға сай қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық құндылықтарға баулу деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2011ж. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету; оқушының талантын зерттеу және анықтау; сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады.
Сондай-ақ жаңартылған оқу бағдарламасы мектеп қабырғасынан бастап оқушының өмірге деген өз ойын еркін айтуға үйретеді, жаңа білім бойынша өз жобаларын, модельдерін, болжамдарын тыңдап, талқылауға салады, өзіндік қорытындылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды, білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады, білім дәрежесі деңгейін саралайды, бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге қалыптасады, оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады.Еліміздің өзге елдермен бәсекелестікте терезесі тең болуы мен дамуында білім беру саласына ерекше басымдық берілуде, себебі мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі факторы білім болып саналады. Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдай үздіксіз білім беру жүйесін - "өмір бойы оқыту" (life-long learning) дамыту талабын қойып отыр. Өзгермелі жағдайларға тез бейімделе алатын, өз бетінше білім алуға және сыни ойлауға, алған білімін шынайы өмірде шебер қолдана алатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан білім беруді реформалау барысында ең маңызды шешімді қажет ететін міндет білім сапасын жетілдіру, тұлғаны тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Оқушының білім сапасы білім саласындағы мемлекеттік саясат негізінде нормативті – құқықтық актілерде негізделген. Білім сапасы білім беру процесінің мақсатына, міндетіне, мұғалімдердің шеберлік деңгейіне, ; білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасының жабдықталуы мен ұжымдағы оқу процесін ұйымдастыруға да байланысты болады. Ғылым мен техниканың дамуында және тұлғаның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін арттыруда бүгінгі бәсекелестік жағдайында сапалы білім беру басты фактор ретінде қарастырылуда. Қазіргі таңда нарық талабына сай терең білім беру жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз білім алу мен өз бетінше ізденуіне қажеттілік тудыру. Сондықтан да, қoғaмымыздың әлeумeттiк-экoнoмикaлық жәнe caяcи құpылымының түпкiлiктi жaңapуынa бaйлaныcты, бiлiм бepу жүйeciне сапаны арттыруда өзгеше тұжыpымдaмa жacaп, жaңaшa тaлaп қoюды қaжeт eтeдi. Педагогикалық талаптар сапасы: басқару талаптары;
- кадрлық талаптар;
- оқу- әдістемелік талаптар;
- психологиялық талаптар;
- санитарлық-гигиеналақ талаптар. Білім беру үдерісі сапасы бойынша:
- білім беру үдерісі мазмұнының сапасы;
- білім беру технологияларының сапасы.
Білімді реформалау жағдайында, аса маңызды шешуді қажет ететін міндет мектеп оқушыларының білім сапасын жетілдіру, тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Баланың бойында көшбасшылық қасиетін ашу мұғалімдер мен ата-ананың құзырында. Білім беру жүйесінде осы кезде қолданылып жүрген жаңартылған оқу бағдарламаларының негізінде қолданылатын интербелсенді әдістер бала бойына көшбасшылық қасиетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ғылымда «менеджмент» термині үш позициядан түсіндіріледі:
-Біріншіден, менеджмент қызмет ретінде анықталады. (В.С. Лазарев, М.М. Поташник және т.б.).
- Екіншіден, менеджмент жүйелердің бір-біріне, бір адамның екінші адамға немесе топқа әсері ретінде қарастырылады (В.Г. Афанасьев, А.А. Орлов және т.б.).
- Үшіншіден, менеджмент - бұл субъектілердің өзара әрекеті (Т.И. Шамова, В.И. Зверева және т.б.).
Қорыта айтқанда, мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдіруге мән беріліп отыр. Мұғалімнің педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын әрбір әдіс- тәсілі өзінің кәсіптік шеберлігіне сай таңдауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет