Әл-Фараби атындағы ҚазҰу филология және әлем тілдері факультеті «5B020500»


Тәуелдік жалғауын қолданудағы ерекшеліктер



бет10/20
Дата07.01.2022
өлшемі61,35 Kb.
#19723
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Тәуелдік жалғауын қолданудағы ерекшеліктер:

1) тәуелдік жалғаулы сөзбен матаса байланысқан ілік септіктегі сөздің қосымшасы кейде түсіп қалады. Мысалы: аудан әкімі, мектеп бастығы;

2) біздің, сіздің, өзіміздің деген есімдіктерден кейін келетін сөздердің тәуелдік жалғауы кейде түсіп те қолданылады. Мысалы: біздің жайлау, сіздің қалам, өзіміздің бала;

3) тәуелдеу мағынасы кейде жіктеу, сілтеу есімдіктеріне, зат есімдерге -нікі,-дікі,-тікі жұрнақтары тіркелу арқылы жасалады. Мұндайда олар сингәрмөнизм заңына бағынбай жалғана береді әрі меншіктелуші сөз меншіктенуші сөзден бұрын тұрады. Мысалы: кітап Серіктікі, қарындаш Ақандікі.

4) тәуелдік жалғауы затсымақтанған (субстансивтенген) басқа сөз табына да жалғана берді. Мысалы: Шашының ағы молайып барады;

5) бірқатар зат есімдерге тәуелдік жалғауы жалғанғанда соңғы буынындағы қысаң дауысты дыбыс ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: халық ــــ халқым, орын ــــ орным, көрік – көркі, ерік – еркі, т.с.с.





СЕПТІК ЖАЛҒАУЫ:

Септік жалғауы – көптік жалғауы сияқты сөзбен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылаулармен де, олардан басқа сөздермен де, тіпті өзді-өзі де қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, Олар мектепке келді, Олар мектепке дейін келді, Оқушылар мектепте оқиды т.б.

Септік жалғауы дегендегі септік деген термин сеп ( жәрдем,көмек, дәнекер ) деген ұғымды білдіреді. Осы сөзден туған септеу деген сөз екі түрлі мағынада жұмсалады: бірі – екі нәрсені жалғау, ұластыру; екіншісі – сөздердің септік жалғауларын қабылдап өзгеру жүйесі. Қазақ тілінде мынадай септіктер бар:

1.Атау септік: кім? не?

2.Ілік септік: кімнің? ненің?-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,- тің

3.Барыс септік: кімге? неге?-а,-е,-қа,-ке,-ға,-ге,-на,-не

4.Табыс септік: кімді? нені?-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті

5.Жатыс септік: кімде? неде? -да,-де,-та,-те,-нда,-нде

6.Шығыс септік: кімнен? неден? –дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен

7.Көмектес септік: кіммен? немен? –мен,-бен,-пен,-менен, -бенен,-пенен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет