Тақырыбы: Қазақ тіліндегі жалғауларды функционалдық тұрғыдан талдау (жалғаулардың әр түрін жеке талдау)
Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі.
Жалғаулар сөздерге жалғанғанда жалғанатын сөзінің әуеніне қарай жалғанады, яғни, сөздің соңғы буынының жуан,жіңішкелігіне қарай немесе соңғы дыбысының қатаң,ұяң,үнді дауыстылығына қарай үндесіп отырады.