Көптік жалғаулы сөздердің бәрі көптік мағынаны білдіре бермейді, басқа да мағынаны білдереді. Оларға мыналар жатады: Көптік жалғауы бір заттың көп адамға тән немесе ортақ екенін білдіреді. Мысалы, Туған жерлеріңді ұмытпаңдар деген сөйлемдегі туған жер сөзі бір ғана затты білдіріп тұр, себебі адамның бір ғана туған жері болады.
Көптік жалғауы сын есімге жалғанса, олар заттанып,зат есім орнына жүреді. Мысалы, Үлкендерді сыйлау – әдептіліктің белгісі деген сөйлемдегі үлкендер сөзі үлкен адамдар деген мағынада қолданылып тұр.
Көптік жалғауы сан есімге және мезгіл үстеуге жалғанса, болжаудау,мөлшерлеу мағынасын береді. Мысалы,оның жасы бестерде шығар. Марат ертеңдері жетіп қалар деген сөйлемдердегі бестерде,ертеңдері сөздері болжаудау ұғымды білдіріп тұр.