ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУЫ:
Тәуелдік жалғау меншіктілік, тәуелдік мағынаны білдіреді. Тәуелдік жалғау жақтық мағыналы қосымша болғандықтан, ол 3 жақта анайы, сыпайы, жекеше, көпше түрде қолданылады, олардың әрқайсысының жалғауы бар, Осымен байланысты тәуелдік жалғау — қазақ тілінде сирек кездесетін көп мағыналы қосымша. Ол бір (контексте) қолданыста әрі тәуелдік мағынаны, жақтық мағынаны, жекешелік, көптік мағынаны, анайы, сыпайылық мағынаны білдіреді.
Заттың біреуге не басқа затқа меншікті, тәуелді екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталады. Мысалы: анам, кітабым т.б деген сөздер.
Тәуелдік жалғау үш жақта қолданылады. Жақ адаммен қатысты болып, бірінші жақ сөйлеушіні, екінші жақ тыңдаушыны, үшінші жақ бөгде адамды білдіреді. Тәуелдік жалғауының І, ІІ жақтары үнемі адамға қатысты айтылады да, ал ІІІ жағы адамға да, затқа да қатысты қолданыла береді. Мысалы: менің кітабым, сенің қаламың, оның дәптері, судың ағысы, өзеннің арнасы, т.с.с. Сондықтан ІІІ жақтың мағынасы кең болады.
Заттың бір ғана адамға не затқа тәуелді, меншікті екенін білдіретін анайы түрдегі тәуелдеу оңаша тәуелдеу деп аталады. Заттың бірнеше адамға не затқа меншікті екенін білдіретін сыпайы түрдегі тәуелдеу ортақ тәуелдеу деп аталады. Яғни оңаша тәуелдеу анайы түрмен, ортақ тәуелдеу сыпайы түрмен беріледі.
Оңаша тәуелдеу
Жекеше:
І жақ атам
ІІ жақ атаң
ІІІ жақ атасы
|
Көпше:
І жақ аталарым
ІІ жақ аталарың
ІІІ жақ аталары
|
Ортақ тәуелдеу
Жекеше:
І жақ атамыз
ІІ жақ атаңыз
ІІІ жақ атасы
|
Көпше:
І жақ аталарымыз
ІІ жақ аталарыңыз
ІІІ жақ аталары
|
Тәуелдік жалғауының көне формасы бір кездегі атау септігінің көрсеткіші болатын. Яғни -ун (варианттары -ын, -үн, -ін). Дәл осы форма бағзы заманда атау септігінің көрсеткіші ретінде қызмет еткен. Мұны біз көне түркі жазба ескерткіштерінің материалдары арқылы дәлелдей аламыз. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі қой, төр, бар, аш, тоқ, қос т.б. – ескі, ежелгі нұсқаларда –қойун, төрүн, барын, ашын, тоқын, қосын.
Е.Томанов тәуелдік жалғауларының көне мұраларда қолданылу ерекшеліктерін зерттеп, синтаксистік тәсіл арқылы берілетін тәуелділік мағынада жалғаулардың түсіп қалуына қатысты мынадай пікір айтқан: «Қазіргі қазақ тілінде тәуелділік мән синтаксистік тәсіл арқылы да берілетіні мәлім. Мысалы, біздің үй, сіздің бала т.б. Меншіктілік мән туғызудың осы тәсілі ежелгі түркі ескерткіштерінің тілінде кездеседі: Бегің ат – бектің аты» Мұндай жалғаулардың түсіп, сөз құрамының ықшамдалу құбылыстары лиро- эпостық жырларда (мысалы, Қобыландының Тайбурыл, Қамыстының қазды кӛ л) көп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |