Ғалым А.Ысқақов: «Тәуелдік жалғау меншік білдіреді» деген ұғым – аса кең грамматикалық ұғым. Ақиқат меншіктілік жайындағы ұғым сол грамматикалық ұғымның тек әредікте ғана кездесетін көрінісі ғана» – деп, шындықтың белгісі, тарихтың айғағы, үй іші, тіл білімі сынды тіркестерде тәуелділік не меншіктілік мағынаның жоқ екенін айтады. Осы мысалдардағы тәуелдік жалғаулары бұл сөздерді байланыстырып әрі жалпы грамматикалық мағынаны білдіріп тұр. Бастапқыда меншікті, белгілі бір жаққа тәуелділікті білдіретін жалғаулар бірте-бірте өз мән-мазмұнын жоғалтып, тәуелділік мағынасы солғындап, жаққа байланысы жоқ жалпы қатынасты білдіру сипатына ие болған. Оған қоса осы күні, сол күні, бұл жолы, бір күні, күндіз-түні, кешегі күн сияқты үстеу сөздердің, қайсы, қайсы-сы, бәрі, бәрі-сі есімдіктері мен ең азы, ең кӛ бі тіркестерінің құрамындағы компонеттерден де тәуелділік, меншіктілік мағынасынан айырылған жалғауларды көреміз.