Септік жалғауларының көнеленуі:
Септік жалғаулары көнелене отырып, өзінің жалғастырушылық, грамматикалық мағынасынан қол үзе келіп түбірмен кірігіп кетеді. Бұл туралы А. Раманованың «Қазіргі қазақ тіліндегі сөз түбіріне кіріккен тәуелдік жалғаулары» атты кандидаттық диссертациясында былай дейді: «Тiлдегi көнеру, кiрiгу әрекеттерi де өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бiз, екеуiн бiр-бiрiнен бөлiп, жеке-дара атамай, тұтастықта қарағанды жөн көрдiк. Түбiрге жалғанған қосымша тiлдiң дамуы барысында, ең алдымен, көнеленiп барып, содан соң түбiрге кiрiгедi. Көнелену әрекетiне ұшырамаған қосымша түбiрге кiрiге де алмайды. Себебi көнеленген қосымша мен әдеттегi қосымшаның арасында айырмашылықтар бар. Мысалы: тiлдегi өзге, басқа, бiрге тәрiздi сөздердiң құрамындағы барыс септiк көрсеткiштерi (-ге, -қа) бастапқы мағынасы мен қызметiнен айырылып, көнеленiп кеткен. Бүгiнде сөз түбiрiне кiрiккен косымшалар қатарында саналады. Ал тiлдегi үйге, далаға, көшеге тәрiздi сөздердiң құрамындағы барыс септiк көрсеткiштерi өз мағыналарын сақтап, жалғау қызметiн атқарып тұр. Олар көнеленбеген, сондықтан да түбiрге кiрiге алмайды, керiсiнше, түбiрден жеке морфема ретiнде ажыратылады. Демек, көнеру әрекетiнiң негiзiнде қосымшаның мағынасы мен қызметi көмескіленiп, бастапқы түбiрге бiрте-бiрте кiрiгiп кететiндiктен, бұл екi тiлдiк құбылысты бiр-бiрiмен тығыз байланыста қарастырған жөн. Бұл – көнеру әрекетiнсiз кiрiгу әрекетi жоқ, ал кiрiгу әрекетiнсiз көнеру әрекетi жоқ деген сөз»
Көнеру, кірігу әрекетінің де, декорреляция процесінің де нәтижесінде жалғаулар сөздерді байланыстырушы қызметінен айырылып, сөзтудырушы аффикстер ретінде ұғынылады. Сөздің құрамында оның жасалу кезінде сөзді құрастырушы морфемалардың сипаты мен мағынасы бүрынғысынан басқаша болып, бір-бірімен өзгеше байланысқа түседі. Мысалы, қазақ тілінде босқа, текке, бекерге, бірге, кешке деген үстеулердің морфемалық құрамы бос+қа, тек+ке, бекер+ге, бір +ге, кеш +ке түрінде морфемаларға мүшелене алады. Бүл сөздердің бастапкы морфемалық құрамы, ондағы морфемалардың саны мен ара қатысы сақталып, аффикстің сипаты мен мағынасы өзгеріске ұшыраған. Атап айтқанда, босқа, текке, бекерге, бірге, кешке деген сөздердің құрамындағы барыс септік жалғауы (-қа, -ке, -т, ~гё) сөзтүрлендіруші (сөздерді байланыстырушы) қызметінен айырылып, аталған үстеулердің құрамында сөзтудырушы аффикске айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |