Әл-Фараби атындағы ҚазҰу филология және әлем тілдері факультеті «5B020500»



бет18/20
Дата07.01.2022
өлшемі61,35 Kb.
#19723
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Турсатаева Самал қф-301топ студенті

ЖІКТІК ЖАЛҒАУ:

Жіктік жалғау — қимыл-әрекеттің, істің жақтық мағына арқылы кімге қатысты екенін білдіретін қосымша. Осымен байланысты жіктік жалғауы сөйлемде баяндауыш сөзге жалғанып, қимыл-әрекеттің, істің иесі бастауышпен оны байланыстырады. Ал баяндауыш негізінен етістіктен болатындықтан. жіктік жалғауы көбіне етістікке жалғанады, бірақ жіктік жалғауы баяндауыш болған басқа сөз таптарына да жалғана береді. Мысалы, Мен ақынмын, жалынмын, Шапшып көкке тиемін. (М.Ж.).

Жіктік жалғаулары жалғанған сөзіне жақ мағыналарын, жекешелік, көпшелік мағынаны, анайылық, сыпайылық мағыналарын үстейді, қосады. Бұл мағыналар жіктік жалғау жүйесінде әр түрлі қосымшалар арқылы беріледі. Жіктік жалғаулардың сөзді түрлеңдіру жүйесі жіктік жалғау парадигмасы деп аталады.

Қазақ тіл білімінде жіктік жалғауды, жіктелуді бірде тек жақтық мағынамен ғана байланысты қарап, оны жақтық мағынамен, предикативті мәнмен барабар деп түсінушілікте бар. Жіктік жалғауы өзі жалғанған сөзге жақтық мағына үстеп, тек предикативті реңк береді. Алайда, предикативті реңкті жақтық мағына деп түсінуге болмайды.

Жіктік жалғауы – жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып, бастауышпен жақтық,шақтық жағынан қиыса байланысып келеді. Жіктік жалғауы баяндауыш қызметінде келетін барлық сөздерге де жалғанады. Мысалы, Мен инженермін. Сен инженерсің. Бүгін сенсің. Біз көппіз. Мен келдім. Сен келдің.

Сөздерге жіктік жалғау жалғауын сөздің жіктелуі дейміз. Қазақ тілінде сөздер төрт топқа бөлініп жіктеледі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет