Әл-Фараби атындағы ҚазҰу филология және әлем тілдері факультеті «5B020500»



бет12/20
Дата07.01.2022
өлшемі61,35 Kb.
#19723
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Турсатаева Самал қф-301топ студенті

1.Атау септігі – сөйлемдегі ойдың ұйытқысы. Сөйлемнің өзі – контекст тұрғысынан қарағанда тиянақсыз, аяқталмаған бірлік болып қалатындықтан, атау септік тұлғасын контекстің ыңғайында кеңінен сөз ету қажет.

Ғалым Н. Оралбай «Атау септіктің өзіне тән мағынасы, соған сай синтаксистік қызметі бар. Атау септіктегі сөз сөйлемнің бастауыш мүшесі қызметін атқарады. Мысалы, Шақырылған, уағдалы уақытта Жамбыл қонаққа келеді. - Әке-ау, кӛңіліңізге алмай-ақ қойыңыз, біздің Сәбит байқұлақтарға сәлем бермейді, - деп Сәкен әзіл айтқан екен («Сөз тапқанға қолқа жоқ»). Осы сөйлемдегі Жамбыл, Сәбит, Сәкен сөздері атау септік тұлғасының тұрып, келеді, бермейді, айтқан екен баяндауыштарымен байланысып, қимылдың иесін білдіріп, бастауыш қызметін атқарған. Сондықтан олар субстанттық, субъектілік қатыстағы сөздер саналады. Сол арқылы ол басқа септіктерден ерекшеленеді», - деп жазады.

Тілдің функционалды грамматикасын зерттеуші А. Тураева атау септігі туралы “Атау септіктің өзіне тән белгілі мағынасы бар, ол мағынаны септік парадигманың ешбір мүшесі білдіре алмайды, атау септіктің белгілі тұрақты қызметі бар, оны қалған септіктегі сөздердің ешқайсысы атқара алмайды, өйткені атау септік шартты түрде алынған, сөздің басқа септіктерге түрленбей тұрғандағы қалпы ғана емес.Ол септік парадигмасының бір мүшесі, септік жүйесіндегі сөз формаларының бірі, ол сөйлемдегі сөздермен белгілі қатысқа түседі, синтаксистік қызмет атқарады, тұрақты мағынасы бар. Атау септікте танылып жүрген түрлі мағыналардың біреуі ғана оған қатысты. Ол – атау септік сөйлемде кім және не туралы айтылатынын білдіреді. Бұл – атау септіктің бірден-бір мағынасы» деген пікір айтады.

Зерттеуші Г. Сәрсеке «Атау септігі осы грамматикалық мағынасында сөйлемнің бастауышы қызметін атқарады. Кез-келген сөз атау септігімен түрленіп келіп, сөйлемнің бастауышы болады»,- деп жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет