16. КІШІ ФОРМАТТЫ ОФСЕТТІК БАСУ МАШИНАЛАРЫМЕН ЖЕДЕЛ БАСЫП ШЫҒАРУ.
Жедел полиграфия - кіші таралымды, аз көлемді әр түрлі баспа өнімдерін қысқа мерзімде дайындап шығаруға арналған полиграфиялық өндірістің бір саласы. Қазіргі жедел полиграфияда сапалы түрлі-түсті өнімдерді дайындайтын (цифрлы) технологиялар кеңінен қолданылады. Сонымен бірге жедел полиграфияға арналып әр түрлі полиграфиялық техникалар: кіші форматты офсеттік басу машиналары, цифрлық басу машиналары, цифрлы көшіру аппараттары, дупликаторлар, ризографтар, принтерлер шығарылуда.
Офсеттік басу әдісі жайлы жалпы мәліметтер. Офсеттік басу әдісіне тән мынандай ерекшеліктер болады: біріншіден – басу формаларын дайындау барысында басу және ашық жол элементтерінің физико-химиялық ерекшеліктері. Басу элементтері майлы бояуды, ал ашық жол элементтері – ылғалды қабылдап алады да, майлы басу бояуын қабылдамайды. Себебі ашық жол элементтері гидрофильді, ал басу элементтері олеофильді (немесе гидрофобты болып келеді). Сондықтан басу процесінде, формаға алдымен ылғалды ертінді жағылады.
Басу процесі үздіксіз ылғал ерітіндісі жағылу арқылы жүреді. Офсеттік басу әдісіне тән, тағы бір ерекшелік – қағаз бен басу формасы бір-біріне түйіспейді. Басу формасындағы сурет немесе мәтін алдымен, аралық офсеттік резиналық материалға беріледі де, сонан кейін одан қағазға беріледі. Егер мәтін немесе бейне суреті басу пішінінен (формасынан), тікелей қағазға берілсе, қағаз ылғалданып басылған өнімнің сапасы төмендеп кететін еді.
Офсеттік резиналық материалдың майысқақтығы (эластичный), басу сапасын бір қалыптандырады және әр түрлі кедір-бұдыр қағаздарға да басу мүмкіндігін тудырады. Офсеттік басу–ротациялық басу әдісі, яғни формалық, офсеттік және басу цилиндрлері бар. Демек, әртүрлі мәтіндік, бейнелі суреттерді жоғары жылдамдықпен, сапалы дәлдікпен басып шығаруға болады. Бірақ, бұл әдістіңде, өзіне тән проблемалары да бар.
Басу пішініне (формасына) бірден ылғал (су) мен басу бояуының әсер етуі, ашық жол элементерінің беріктігін және су-бояу балансының дәл сақталын талап етеді. Тым жоғары жылдамдық барысында бояу сумен араласып кетуі мүмкін (эмульгирование краски с водой). Бұл эмульсия ашық жол элементтеріне түсіп, формадағы ашық жол элементтерінің орнына фон пайда болады, ал оттискідегі түрлі-түсті бояудың қанықтығы төмендейді.
Көп жылдар бойы, офсеттік басу әдісін қолдану барысында арнайы ылғалды ерітінділер, басу машинасында ылғал ерітіндісі мен бояудың қажетті параметрлерін сәйкес келтіріп, бақылап отыратын әдістер бар. Сондықтан да, офсеттік басу әдісімен қанық түсті, жоғары сапалы өнімдерді басып шығаруға болады. Басу процесінде, машина тоқтап, сақтау қажеттілігі болса, формадағы ашық жол элементтерінің гидрофильдігін қамтамасыз ету үшін, форманың бетіне гидрофильді полимер қабатын (мысалы, карбоксиметилцеллюлоза) жағып қояды. Басу формасы қайтадан қажет бола қалған жағдайда, гидрофильді полимер қабатын жуып тастаса, форма қайтадан өз қалпына келіп, онымен машинада жұмыс істей беруге болады.
Тағы бір офсеттік әдістің, бір түріне–құрғақ офсет әдісі жатады. Атына сәйкес бұл әдісте ылғал қолданбайды. Мұнда басу формасындағы ашық жол элементтерінде үстіңгі тарту энергиясы өте төмен болғандықтан, оларға бояу қонбайды. Бірақ үстіңгі бетінде тарту энергиясы өте төмен материалдар сирек кездеседі. Мысалы: ондай материалдарға тефлон және силикон полимерлері жатады. Құрғақ офсетте силикон полимерін қолданады. Силикон мен бояу біліктері түйіскен тұсында, бояу біліктерде қалып қояды. Ал басу элементтері, керісінше бояу біліктеріндегі бояуды жақсы қабылдап, алып қалады.
Офсеттік әдісін мынандай технологиялық процестерді қолданады.
1. Офсетті басу формасын машинадан тыс жерде дайындау
Computer-to-Film
Computer-to-Plate
Цифрлы файл
Фотоформа
Басу формасы
Басу процесі
2. Офсеттік басу формасын басу машинасының ішінде дайындау
Compute –to-Press
Computer-to-Cylinder
Цифрлы файл
Басу формасы ауысып, қайта жазыла беретін
Басу формасы
Басу процесі
Қазіргі заманғы жедел полиграфияда басу формасын дайындауда цифрлы әдістерді қолдана отырып, толығымен барлық мүмкіншіліктерін іске асыра алады.
Басу формасын дайындау уақыты және олардың өзіндік құны, таңдап алынған технология және қолданылатын жабдықтарға байланысты шығады. Басу формасының өзіндік құны, қолданылатын формалық материалдарға да байланысты.
Computer–to-Plate және Computer-to-Press жүйелерінің кеңінен дамып келе жатқанына қарамастан, фототеру автоматтары мен фотоформаларды сапалы түрлі-түсті өнімдерді басып шығаруда көптеп қолданады . Оның себебі:
– фототеру автоматтарының құны, металл негіздегі басу формаларын дайындайтын Computer–to-Plate технологиясы бойынша, металды басу формаларын дайындайтын формалық материалдардың қымбаттығы.
– толық түсті, түске бөлінген өнімді түзету барысындағы мүмкіншіліктердің көптігі.
– фототеру автоматтарында құрамына күміс кіретін полиэфирлі басу формаларын дайындау мүмкіншілігі.
Computer-to-Film технологиясы бойынша офсеттік басу формасын дайындау мынандай кезеңдерден тұрады:
Цифрлық файл
Фототеру автоматында фотоформа дайындау
Басу формасын дәстүрлі форма жасау жабдықтарында дайындау
Металды офсеттік басу формасы.
Достарыңызбен бөлісу: |