Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы


КІТАП –ЖУРНАЛ БАСЫЛЫМДАРЫН БЕКІТУ ӘДІСТЕРІ



бет28/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
18. КІТАП –ЖУРНАЛ БАСЫЛЫМДАРЫН БЕКІТУ ӘДІСТЕРІ

Полиграфия бекіту әдстерінің бірнеше түрлері әдістері бар:


1. Бүктелген дәптерлерді кесіп, желіммен бекіту
2. Бүктелген дәптерлерді кеспей желіммен бекіту
3. Терможіптермен бекіту
4. Сыммен блоктың шетін қапсыра тігу (втачку)
5. Сыммен бірден блокты тігу (внакидку)
6. Сыммен блоктың ішінен сыртына қарай тігу (вразъем)
7. Жіппен тігу
8. Дәкемен бекітілген басылым блогын жағалай жіппен тігу (впросочку)
1. Желіммен бекіту (тігусіз) қазіргі таңда кітап пен кітапшаларды кәсіпорындарда жасап шығаруда кеңінен қолданылуда. Бұған себеп – сол тәсілдің үлкен экономикалық тиімділігі. Мұндай тәсіл жоғарғы өнімді ағында желілерді пайдалануға мүмкіндік береді. Желіммен бекітудің қағидалары: а) Желіммен бекіту/ түбін фрезерлеу (жоңғылау) қағидасы. Пышақ немесе фреза (жоңғы) көмегімен кітап түбін фрезерлеу қағидасын пайдалану кезінде дәптерлер блогының түптік аясы алынады. Нәтижесінде парақтардан тұратын блок алынады. Парақ шет жағына желім жағылады. Желім көмкеру матералының таспасымен жабылады.
б) Желіммен бекіту (парақтарды тарқату қағидасы). Желімдеу алдында парақтар тарқатылады. Одан кейін блок түбіне желім жағылады. Желім парақтар арасына сіңіп, кеткеннен кейін блокта сенімді бекітіледі.
Желімдеп бекіту нұсқалары. Төрт беттік дәптерлерді бекіту. Жеке дәптерлерді бекітумен салыстырғанда адгезиялық ауданда екі есе үлкейту жолымен бекіту беріктігі жоғары. Кәсіпорындарда бұл тәсілді мүлде пайдалануға болмайды. Өйткені бұл тәсіл тиімсіз.
Түптер бүгілімдерін ойып, желімдеп бекіту. Бұл тәсілді Perfo бекіту тәсілі деп те атайды.Түптеу кезеңі екі кезеңнен тұрады. Әуелі арнайы пышақ көмегімен дәптер түбінде ойықтар тесіледі. Одан кейін блок түбі желімделеді. Желім ойықтарға кіріп, берік бекітіледі. Одан кейін блок түбі көмкеру материалымен желімделеді.
Flexstabil тәсілімен бекіту. Блок түбіне киіздің таспасы желімделіп жапсарылады. Одан кейін оның үстіне көмкеру материалы желімдеп жапсарылады
Блок түбін фрезерлеу қазіргі уақытта жілімдеп бекітудің көптеген машиналарында іске асырылған. Блок түбін берік бекіту үшін оны мұқият желімдеу керек те желімді дұрыс таңдау қажет.
2. Бүктелген дәптер түптерін кеспей, желіммен бекіту әдісінде блок түбіндегі бүктелген дәптерлердің бүгілген тұстарында желім сіңуі үшін, теседі немесе кескілейді (перфорация, продольные надрезы). Бұл бекіту әдісін жұмсақ мұқабамен немесе қатты түптеу қабымен қапталған, жиі қолданылған жағдайда, қолдану мерзімі 4 жыл, жамалап қолданылатын жағдайда қолдану мерзімі 10 жылдан көп басылымдары дайындауда қолданылады. Бұл әдісте 8 және 16 беттік дәптерлерден жинақталған блоктарда қолданған жөн (бұл жағдайда 4 мм сайын 10-11 мм тесіліп отырады). Ал кітап-журнал басатын рулонды басу машиналарында басылған 32 бетті дәптерлерден жинақталған блоктарды бекітуге жарамайды.

3. Терможіптермен бекіту әдісі – бір-бірінің үстіне қойылып жинақталған кітап блоктарын бекіту үшін қолданылады. Бұл әдіс бүктемелеу барысында терможіптердің бір шеті дәптердің түбіне бекітіледі де, жинақтау барысында блоктың дәптерлері өз-ара желімденетін қалыдыда, блоктың түбін талшықты материалмен қаптайды. (Бұл материалдың шетін форзацты немеес басқа бекітуге арналған материалмен желімдеуге арнап, шығарып қояды). Блоктың түбі талшықты материалмен қапталған жағдайда, жұмсақ мұқабаменн қапталады. (түптеу қабы емес).


4. Сыммен блоктың шетінен қапсыра тігіп бекіту әдісі бүктемеленген дәптерлер бірінің үстіне бірі қойылып жинақталған әдісте (комплектовка подборкой), блок бірден тігіледі. Бұл бекіту әдісі кіші және орташа өндірістерде кеңінен тараған. Орындалуы қарапайым және экономикалық өте ұтымды. Бұл әдістің басты кемшілігіне - басылымның нашар ашылуы жатады. Сондықтан бұл әдісті сурет салатын альбомдарды, сапасы орташа, кітап беті 160 беттен аспайтын, кіші көлемді басылымдарды бекітуде қолданылады.

Мұқабамен қапталған кітаптарды шығару технологиясы мынандай негізгі даярлық процестерін қамтиды:


Басылған парақтардан кітап блоктарын жасау, кітап блоктарын өңдеу, мұқаба қаптамасын жасау және түрлендіру, блоктарды қаптамалармен біріктіру және кітапты түпкілікті өңдеу.
Мұқаба қаптамалы кітаптар үшін блоктар даярлау технологиясының негізгі ерекшелігі - бұл жай дәптерлерге өңірбеттерді (кейде басқа да қосымша элементтерді)қосу, яғни күрделі дәптерлер даярлау. Оның үстіне тыстамалы кітаптардың блоктарынан өзгешелігі, блокты бекітудің негізгі тәсілі ретінде оларды түптеу материалына дәптерлер бойынша жіппен тігу қолданылады.
Кітап блоктарының бірінші және соңғы дәптерлері мұқаба қаптамаларымен біріктіріледі, олар күрделі болып келеді, өйткені құрамдарында қосымша материалдар - безендірілуі, құрылысы және дәптерлерге бекіту тәсілдері жақтарынан әртүрлі өңірбеттер бар. Безендірілуіне қарай өңірбеттер ақ немесе түсті жай қағаздан жасалынған қарапайым, тақырыптары бойынша кітап мазмұнымен байланысы жоқ ою-өрнектер немесе сурет басылған сәнді-өрнекті, кітаптың негізгі мазмұнын бейнелеуші бейнелер басылған бейнелеуші-тақырыптық болып бөлінеді. Ең жиірек қолданылатындары қарапайым өңірбеттер. Сәндік-өрнекті және бейнелік-тақырыптық өңірбеттер жоғарғы көркемдік және балалар басылымдарында, бастауыш мектеп үшін дайындалатын оқулықтарды қолданылады.
Кітап блоктарын жинақтау және бекіту. Кітап блоктарын жинақтау көпшілігінде тыстамалы кітаптарды шығару кезіндегідей әдетте секцияларының саны (12 ден 36 дейін) баратын парақ сұрыптаушы машиналарда іске асырылады. Дәптерлерінің саны машина секцияларының санынан көп блоктар болек жинақталынып, кейінірек қолмен өзара біріктіріледі.
Кітап блоктарын бекіту басылымның көлеміне, форматына, қызметіне, кәсіпорынның техникалық жабдықталу және басқа да жағдайларына қарай тігу, желімдеу және тігіп-желімдеу тәсілдерімен іске асырылады. Операциялық құрал-жабдықта даярланатын кітаптар үшін бекітудің төмендегідей тәсілдері қолданылады. Әрбір дәптерді жіппен түптеу материалына тігу бекітудің ең берік түрі, бірақ ол тиімсіз. Оны ұзақ және жиі паидаланады және көлемі үлкен кітаптар үшін қолданады. Дәптерлер бойынша тігу арнайы және әмбебап жіппен тігу машиналарында орындалады. Арнайы жіппен тігу машиналары блоктарды дәкесіз қарапайым кітапшалық сырып тігуге арналған, бұл тігіс блоктары кейіннен автоматты ағынды желілер мен агрегаттарды өңделінетін өңдеу процесінде мұқаба қаптамасының блокпен берік байланысуын қамтамасыз етуші, түптеу материалы тігілмей, желімделінетін көлемі үлкен кітап басылымдарын орташа және көп таралыммен шығаруда қолданылады. Мұндай автоматтар қағаз бергіштен, шынжырлы транспортерлі және итергіш полимері бар ершік тәріздес қозғалмайтын үстелден, ине мен шиберлерді шаншитын механизмдері бар тербелгіш үстелден, тігін инелері мен ілгектер салатын күймешеден, жіп беруші құрылғыдан және итергіш планкалы қабылдау үстелінен құралады.

Әмбебап жіппен тігуші жартылай автоматтар мен автоматтар блоктарды тігістің екі түрімен - дәкеде және дәкесіз қарапайым және айқас кітапшалық сырып қолдану арқылы бекітуге мүмкіндік береді.


Дәкеде түптеу тігісінің ерекшелігі блокты түбірге дәптерлер бойынша бекіту процесінде мұқаба қаптамасын блокпен мықтап бекітуге арналған түптеу материалы (полиграфиялық дәке немесе тоқылмаған материал) түпке тігіледі: осыған байланысты әмбебап жіппен тігу машинасы дәке бергіш механизммен және дәке қақпақшаларын жасау үшін қажет блок араларында дәке тұзақтарын жасау үшін құрылғымен жабдықталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет