Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы



бет23/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Металданған бояулар
Олар соңғы кездері ғана пайда болас бастады. Әуелі металл пигменттерімен байланыстырғыштары жеке-жеке сатып әкелінді. Бояуларды өндірісте арнайы жабдыққта жасады, ол технологиялық процесті күрделі қылды, типография жұмысшыларынын үлкен тәжірибені талап етті.
Металданған бояулар жылдам басуда өздерін жақсы жағынан көріне бастады. Олар білікшелерден жақсы беріле алады, ылғалдандырғыш етітіндімен тұрақты балансқа тез жетеді және тез кебеді.
Металданған бояудың негізгі проблемаларының бірі – пигмент жылтырлығының жойылуы. Оны болдырмау үшін мынаны істеу қажет:
1. ылғалдандырғыш ерітіндіні беруін қадағалау керек. Оны минималды, металл пигменттер суда тотығу нәтижесінде өзінің жылтырлығын жоғалтпайтындай етіп ұсмтап отыру қажет.
2. ылғалдандырғыш ерітіндіге қышқыл қоспай керек, арнайы металданған бояуларға арналған қоспаларды ғана пайдалану керек,
2. жылтырлығы жоғары, борланған қағаздарды қолдану керек, баспа-таңбаның жылтырлығын жоғалтпау үшін қағаздың сутектік көрсеткіші 7-ден кем бролмау керек, (Рн>7),
4. бояу аппаратына металданған бояуды аз мөлшерде ғана жиі-жиі салып отыру керек, ондағы бояу ескірмеу керек,
5. кебуін тездететін қоспаларды қосуға болмайды, олар тотығуға соқтырады, баспа-таңбаның жылтырлығын төмендетеді. ИК кептіру бояу кебуін тездетеді және металл жылтырлығын сақтап қалуға көмектеседі.
Фоли бояулары
Пленка, өздігінен желімденетін материалдар, пластик, металданған қағаздар, ламинат, қосымша лакталған, боялған басылым материалдары сияқты өзіне бояуды сіңірмейтін материалдарда басу арнайы бояуды пайдалануға талап етеді. Өзіне сіңіретін материалдардан өзіне сіңірмейтін материалдардың айырмашылығы сол, онда бояу қабаты тотықты полимерлену жолымен кебу керек.
Әдетте, өзінек сіңіретін материалдарда басуға арналған бояулардың оған қабілеті жоқ – олар байланыстырғыштардың сіңуі есебінен кебеді немесе аралас тәсілмен кебеді, сондықтан ондай бояулар өзіне бояуды сіңірмейтін материалдарда басу үшін арнайы фоли бояулары қолданылады. Фоли бояуларында тотықты полимерленудың катализаторы –сиккатив өте көп мөлшерде бар. Тотығу жолымен бояу басылым материал бетіне тез кебеді, ал білікшелерде кеппейюі. Фоли бояулары офсет пен шығыңқы басулар үшін жарамды.
Триадты бояулардан басқа, фоли бояуларына Pantone бойынша негізгі және номерлік рңктер беріледі, басқа арнайы реңктер мен металл түстері беріледі.
Басылатын материалдар:
- полиэтилен, полипропилен;
- алюминий фольгасы, металданған қағаз
- полиэфир пленкасы;
- ацетил целлюлозасы;
- қатты ПВХ;
- өзіне бояуды сіңіру деңгейі төмен қағаздар мен қатырмалар.
Фоли бояуларымен басу процесі өте күрделі, сондықтан мұнда басу жұмыстарын біраз жеңілдететін кейбір нұсқаулар бар.
Азық-түлік оралымын басуға арналған бояулары
Иісі аз офсеттік бояулар азық-түлік және темекі өнімдерін орауға қажетті материалдарға басуға арналған. Парақтық офсеттік басуға арналған бояулардың құрамында иіс пен дәм сезімдерін тұғызатын материалдар бар. Кебу механизмі тотығуға негізделген бұл бояулар иіс пен дәмге қосымша әсер етеді.Әдетте, иіс пен дәмге әсер ету деңгейін төмендету бояудың басылым және басу нәтижесін де төмендетеді. Жоғарыда айтылған қағиданы ескере отырып, иіс пен дәмге әсер етуі минималды болатындай етіп шикізатттарды таңдауымыз керек, ондай бояулармен басу кәдімгі бояулармен басқандай болады. Ондай бояулар тез кебеді, тұтқырлығы мен жабысу дәрежесі кәдімгі бояулардікіндей. Бояу кебуі тез жүреді, бояу пленкасының жылтырлығы жоғары, қажалуға төзімділігі жоғары.
Ойыңқы және флексографиялық баспа бояулары
Оралым мен полиэтилен пакеттерін басу.
Оралым мен азық-түлік өнімдерін орау, жоғары және төменгі қысыммен алынған полиэтилен пакеттерін жасау өндірісінде флексографиялық және ойыңқы басудың нитроцеллюлоза негізінде спиртте еритін бояулар кенінен таралған. Бұл бояулардың отандық кәсіпкерлер арасында сұранысы көп.Олар техникалық сипаттамалары әр түрлі машиналарда, отандық үлгіден бастап, осы заманғы жылдамдығы жоғары жабдықтарда да жұмыс істеуге жарамды.
Гофратара мен қағаз пакеттерін басуға арналған бояулар
Осы таңда гофротара мен қағаз пакеттерін басу үшін суда еритін бояулар қолданылады. Бояуларының техникалық сипаттамалары әр түрлі, сондықтан олар жылдамдығы төмен және жоғары басылымға бейімделгенсинтетикалық, суда еритін бояу «су-пигмент» негізінде жасалынған. Гофрокартонда немесе қағазда флексографиялық басуға арнайы жасалынған. Олар табиғи жолмен кебеді, кебу жылдамдығы бояу еріткіштерінің сіңуі мен булануына байланысты. Бояулар борланған материалда басуға жарамды. Бояулар суға тұрақтылық пен қажалуға төзімділік қасиеттерін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет