Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы



бет8/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
treatise96353

Макеттеу
Бұл бөлімде:

Макет сызбасы
Жақсы макет алу үшін, эскизден бастап, мысалы құжаттың соңғы түріне дейін. Алдымен дайын құжат қандай түрде болатынын елестетіп көріңіз де, бірнеше сызбасын қағазға түсіріңіз. Сіз 210 х 297 мм (формат А4) стандартты өлшемде 8 – беттен тұратын ақпараттық бюллитень жасағыңыз келеді. Сызба үшін 210 х 297 мм өлшемді екі ақ бет алыңыз. Бірінің үстіне бірін қойып оны ені бойынша бүктеңіз, осылайша сіз 8-бетті бюллитеннің кішірейген түрін аласыз. Қарындаш алып шапкасын және сыртқы түрін, сурет және мәтінді, жоғарғы және төменгі колонтитулды, іргедегі және төменгі өрістердің сызбасын түсіріңіз. Әрбір бетте сурет пен мәтінді белгілеңіз.
Өзгертуді құжатты дайындаудың ең соңғы сатысында да енгізуге болады. Егер сіз DTP программаларының бірімен жұмыс істеген болсаңыз, онда қарындашсыз бірден монитор экранында сызбасын дайындауға болады.
Формат таңдау
Европада өндірістерде форматты Халықаралық Стандарттау Ұйымы (ISO) анықтаған А-сериялы қағаздарды типографияда қолдануға шығарады. Германияда бұл стандарт басқа атпен белгілі - DIN (Deutsche Industrie-Norm) – Неміс өндіріс стандарты.
Барлық форматтар өлшемі 1189 мм х 841 мм DIN А0 форматынан тараған. Егер осы форматты тең екіге бөлсек, онда екі DIN A1 болады. Егер осы әрекетті қайталасақ, онда DIN А2 форматы және т.с.с. Ең кіші формат ол пошта карточкасының форматы А6. Ең кең тараған форматтар DIN A5, A4 и A3 (Кесте 1).
Кесте 1. Барлық форматтар өлшемі

Формат (DIN)

Миллиметр

Дюймы

A0

841 x 1198

33,1 х 46,8

A1

594 x 841

23,4 х 33,1

A2

420 x 594

16,5 х 23,4

A3

297 х 420

11,7 х 16,5

A4

210 x 297

8,3 х 11,7

A5

148 x 210

5,8 х 8,3

A6

105 x 148

4,1 х 5,8





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет