Әл-Фараби атындағы ҚазҰу журналистика факультеті Құрманбаева А. А. Баспа өнімдерін дайындау технологиясы


БАСПА ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУ МӘЛІМЕТТЕРІ



бет10/45
Дата03.04.2023
өлшемі2 Mb.
#78862
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
treatise96353

7. БАСПА ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУ МӘЛІМЕТТЕРІ.

«Баспа өніміде шығару мәліметтерін берудің республика аралық техникалық шарттары» (МРТУ-29, 2601-66) 1967 жылдан қолданылып келеді. Сол техникалық шарттарда басылымның негізгі түрлері мен салаларында жариялануы міндетті деректердің шегі белгіленген. Ол мынадай екі топқа бөлінеді:


1) жалпы библиографиялық шығару мәліметтері;
2) баспалық-тіркеп шығару мәліметтері.
Техникалық шарттарға сәйкес жалпы библиографиялық шығару мәліметтерінде басылымға сипаттама беріледі. Бұл деректерде көрсетілетіндер: автордың аты-жөні, шығарманың аты, оны түсіндіріп, толықтыратын мәліметтер, бұл шығарманың теріліп, басылып шыққан қаласының аты, жылы, баспаның аты. Кітаптың аты мұқабасы мен титулында қандай болса, шығару мәліметінде де тура солай болуы керек. шығару мәліметтері басылымның соңында беріледі. Бірақ қажет деп тапса оны басқа орындарға да орналастыруға болады.
Шығару мәліметтеріне ӘОЖ (УДК) индексі де кіреді. Ғылыми-техникалық баспа шығарған басылымда ол жоғары оң жақ бұрышқа қойылады. Кітап саудасының индексі беріледі. Бұл баспаның тақырыптық жоспарындағы позицияның нөмірі мен сол жоспардың басылып шыққан жылын қосап, беттің төменгі сол жақ бұрышына орналастырылады.
Көпшілік кітапханаға арналып шығарылатын басылымдардың титулының екінші бетіне корпустық кегльді (10 кегль) қалың қаріппен теріліп шығарманың кітапханалық шифры беріледі. Ондай шифр кітапханалық жіктеме бойынша белгіленген индекстен және авторлық кесте негізінде тағайындалған авторлық белгіден құралады.
Баспалық-тіркеп шығару мәліметтері негізінен шығарманың соңғы бетінің ең аяғында беріледі. Және олардың берілуі әр басылымда әр түрлі болып келеді.
Тұтас алғанда қай басылым түрінде болмасын баспалық тіркеп шығару мәліметтерінде кітаптың аты, оның қай тілде екені авторлар ұжымының, құрастырушының, аудармашы мен редактордың толық жазылған фамилиясы, өз аты мен әкесінің аты, сондай-ақ шығарма редакторы мен жауапты шығарушының, суретші редактор мен техникалық редактордың және корректордың аты-жөндері, фамилиялары көрсетіледі.
Баспалық-тіркеп шығару мәліметтерінде әлгілерге қоса түпнұсқаның өндіріске теругеа тапсырылған датасы – күні, айы, жылы, басуға қол қойылған датасы, қағаздың көлемі мен бөлшені (мысалы, 60 х 90/16, 70 х 108/32); қағаздың сорты мен нөмірі; басылымның шартты баспа табақпен, есептік-баспалық табақпен көрсетілген көлемі, таралымы, баспаның аты мен мекен-жайы, баспахана тапсырының нөмірі,, баспахананың аты мен мекен-жайы, кітаптың бағасы жазылады.
Техникалық суреттер, чертеж, диаграмма, техникалық және құжаттық фото берілген басылымда суретшінің, фотографтың аты-жөні берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет