5. ҚАЗІРГІ БАСПАЛЫҚ ЖҮЙЕ.
Баспа жүйесі (үстелдік баспа жүйесі, компьютерлік баспа жүйесі) –сканерлейтін, шығарушы және суреттер шығарушы, мәтіндер теру мен(жазу) редакторлау (түзету), сызба-кескіндерді (графикалар) жасау мен өңдеу, орналастыру және түпнұсқалық үлгілерді (макет), түзетілетін парақтарды, фото нысандарды, түстерінің сынамаларын, баспа нұқсқаларын және т.б., яғни басылып шығу үрдерісі (процесс) деңгейіне дейін басылым өнімдерін басып шығаруға даярлық үшін керекті құрылғылардан тұратын дербес компьютерлерден тұратын бағдарламалық және жүйелік қамту кешені (комплексі).
«DeskTopPublishing» (үстелдік баспалық жүйе,компьютерлік баспа жүйесі) немесе (қысқаша атауы түрі– DTP (ҮБЖ).
Үстелдік баспа жүйесі (DTP) Компьютерлердің кең тарауымен пайда болды;
Аз тиражды басылымдарды жоғары сапамен және өте үлкен жылдамдықпен дайындайды;
Гуттенберг, Скорин, Федоров, Бодони, У. Блейк, Родченко, Эль Лисицк, Фаворск, «Әлем өнері» суретшілері, Библия, Құран және ұлы ақындар аттарының, каллиграфиялық үлгілері қазіргі заманғы дизайнерлер мен типографтарға маза берер емес.
1984 пен 1987 ж.ж. — жаңа концепциялар мен технологиялар пайда болды, оларды қазіргі күнге дейін практикада қолданады. Алдымен Adobe PostScript тілі пайда болды, оны Xerox инженерлері — Чак Гешке (Chuck Geschke) және Джон Уорнок (John Warnock) — InterScript негізінде құрастырған (Xerox принтерлерін қолдаушы тіл).
1985 жылы бірінші лазерлі принтер қолжетерлік бағада шықты (LaserWriter Plus).
1985 жылдың маусымында Пол Брейнард (Paul Brainard) Aldus компаниясының негізін қалаушы , Aldus PageMaker 1.0 for Apple Macintosh нұсқасын шығарды (495 долл.),
1985 жылы желтоқсанда, PageMaker 1.0 нұсқасы IBM үшін ойлап тапты, ол алғаш «desktop publishing» терминін енгізді.
Сол уақытта Microsoft (далее MS) Windows 1.0 және Word 1.0 for Windows & Macintosh шығарды.
1986 жылы қарашада атақты Manhattan Graphics' Ready.Set.Go! 3 — DTP-шықты, бұл программа бір уақытта бірнеше беттерді көрсете алды және бірнеше тілді қолданды, автоматты түрде тасымалдау және орфографияны тексеру мүмкіндіктері пайда болды.
Өте көп мөлшерде бірдей баспа жұмысын алу және тауардың баспа түрінде көбейту үшін техникалық құралдармен бірігуі.
Бұл жұмыстың түрлері:
визиткалар, бланкілер, жарнамалық беттер, буклеттерді, күнтізбелерді оперативті түрде жасау;
мерзімді басалымдарды шығару (газет, журнал),
кітаптарды көркемдеу.
Программалық жабдықталуы:
Adobe Photoshop, CorelDRAW компьютерлік графика программалары;
QuarkXPress, Adobe indesign компьютерлік верстканың арнайы программалары.
Классификациясы:
аз тиражды (оперативті);
көптиражды (профессионалды).
Үстелге қоятын баспа жүйелері
DTP (DeskTop Publishing System настольная издательская система) – баспаға арналған кескіндер мен мәтіндерді жариялау үшін алынған аппаратты және программалық жабдықталу комплексі.
Сонымен қатар құжаттарды жариялауда қатты көшірмеде емес, яғни электронды түрде PDF және HTML-форматтарында. Дәстүрлі типографияға қарағанда полиграфиялық жұмыстарды типографияда емес үйде немесе офистерде дайындауды айтады.
Классификация:
Полиграфиялық баспаларды дайындау үшін;
Электронды құжаттардың жүйелік версткалары.
Полиграфиялық баспаларды дайындау жүйесінің кең тараған түрлері:
QuarkXPress, Adobe PageMaker; Adobe InDesign
Электронды баспаларды дайындаудың кең тараған жүйелері:
Текстік редактордан айырмашылығы:
Верста құжаттарын жаңадан жасау емес, дайын құжатты өңдеуге арналған
Құжаттың верстка процессі иллюстрациялар мен текстерді сәйкесінше орналастыру, өңдеу.
Верстканың мақсаты полиграфиялық әдіспен көбейтуге болатын құжатттардың түпнұсқа-макетін (оригинал-макетін) дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |