Бет ориентациясы
Беттегі жолдар әртүрлі орналасуы мүмкін. Олар кітапша (книжной или портретной - от англ. portrait) бет ориентациясы, керісінше альбомды бет ориентациясы болып бөлінеді (альбомды немесе ландшафты - ағыл. landscape).
Өрістер
Бетте мәтіндер мен өріс өлшемдері белгілі бір гормониямен орналасулары керек. Осыған байланысты нақты ереже бар. Өріс ені, яғни мәтінді беттің шекарасынан алшақтату, бір бетте әртүрлі болуы мүмкін, ол мәтінді бетте беттеуге байланысты.
Дизайн элементі
Болашақ жарияланымның дизайнын жасауда әртүрлі элементтер көп мөлшерде қолдануға болады. Олардың кең тараған бірнешеуі төменде келтірілген.
Би әріп (буквица -drop cap)
Абзацтың басындағы әріпті үлкен етіп жазу үшін қолданады, ол бірнеше жолды төмен түсіреді. Сонымен бірге мәтін оны қоршай орналасады. Тарау немесе бөлімнің басталуы және әсемдеу элементі ретінде қолданылады.
Рамка (printing rule)
Иллюстрацияны, мәтін бөлігін, фонды қоршап тұрған сызық.
Модульдік тор
Макет дайындауда модульдік тор көп көмектеседі. Модульдік тор болашақ жарияланымның дизайнын анықтайды және колонцифр, текст, иллюстрация, тақырып және бастапқы немесе соңғы стадиядағы автор фамилиясы тұрған жолды т.с.с. орналасырады. Торды суретші өңдейді. Оларды шаблон немесе трафарет деп атайды.
Макеттеуге арналған бес кеңес
Үлгілер банкісін жасаңыз. Газет, журнал, кітап, жылдық есеп оқығанда, жарнамалық беттер және брошюралар қарағанда солардың ішіндегі өте жақсы шыққан және кемшіліктері барын жинаңыз. Оларды «жақсылар» және «жамандар» деп екі топқа бөліп, несімен жақсы, несімен жаман екенін белгілеп папкада жинастырыңыз. Жеткілікті материал жинаған соң сіз өзіңізді техникалық және көркемдік редактор ретінде еркін сезінесіз.
Болашақ құжатыңыздың жоспарын құрыңыз. Неғұрлым қарапайым болса, солғұрлым жақсы. Осы ережелерді сақтай отырып, сіз аз қателесесіз. Қарапайым макеттер анық, жақсы оқылады және оқырмандардың көңілін аударады.
Құжатқа сыймайтынды қысуға тырыспаңыз. Мысалы, сіз бір бетті 30 колонка орналастыра аласыз, бірақ оны кім оқиды? Жалпы ереже: қос бетте үш арнайы типографиялық эффектіден артық қолданбаңыз. Сіздің макетіңіз сіздің құжатыңыз туралы нақты түсінік беруі керек. Егер сіз қандайда бір өнім туралы жарнама жасасаңыз, онда ғылыми түрде емес, сіздің макетіңіз жарнама түрінде болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |