Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясы


«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәдени-философиялық негіздері



бет2/4
Дата03.11.2023
өлшемі287,09 Kb.
#121651
1   2   3   4
Байланысты:
АЛЬ ФАРАБИ

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәдени-философиялық негіздері
Біріншіден, қандай да болмасын идея, оның ішінде Қазақстан жағдайындағы ұлттық идея халықты біріктіретін, бір мақсатқа жұмылдыратын, тұтастыққа негізделген, қоғам дамуында шешуші рөлге ие қозғаушы күш болуы керек. Онда тек өткенмен қатар қоғам дамуының бүгіні, ертеңгі болашағы көрініс табуы тиіс. Осындай сипаттарға «Мәңгілік Ел» идеясы лайық екені сөзсіз. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға, біріншіден, мемлекеттің басқару жүйесі ынталы, құлықты болуы тиіс. Себебі, ол мемлекеттің ішкі және сыртқы қажеттілігін қанағаттандырудан туындап қана қоймайды, сонымен бірге, ол мемлекет құраушы ұлт алдында тұрған басты мақсат пен шешуші міндеттердің жиынтығы ретінде өмір сүреді. «Мәңгілік Ел» идеясын философиялық тұрғыдан талдаудың өзіндік ерекшелігі бар екендігін айта кеткен жөн. Ең басты философиялық ұстаным - ол қазақ халқының осы идеямен бірге өмір сүріп келе жатқандығында, оған үнемі оралып, оны сана мен ойдың пәні ретінде сезінуінде, тіршіліктің басты бағыты ретінде қабылдап, оны үнемі білім және рухани құндылықтармен толықтырып, өмір сүру философиясының өзегі деп қабылдауында болса керек. «Мәңгілік Ел» - ұлттық дүниетанымның басты бағыты және қайнар көзі. Оның ішкі мазмұны үнемі даму, өзгеру, жаңғыру арқылы жүріп отырады. Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы, кейбіреулер айтқандай, ойдан шыққан адам қиялы жетпейтін ұғым жиынтығы емес. Ол - Қазақстанның дамуына бағыт-бағдар беретін, сан ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырудағы рухани-саяси ұстаным. «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идеологияның негізгі факторы ретінде қарай отырып, оны барлық қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік, этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз ететін басты ұстанымға айналдыру қазіргі кезеңнің басты міндеті болмақшы. Сонымен бірге, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік - ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс. Тек тату, бірлігі жарасқан ел ғана алға қойған мақсат-мұраттарына жете алады. Сондықтан ел ішіндегі татулық пен тұрақтылық «Мәңгілік Ел» жолындағы басты ұстаным болып қала бермекші. Білім беру жүйесі мәдениетпен тікелей байланысты. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін білім беру жүйесінің мақсатын өзгерту керек. Ол креативті, шығармашылық сипатта ойлайтын «мәдениетті тұлғаны» қалыптастыру. «Мәңгілік Ел» идеясының философиялық мәдени астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат ретінде ұстануы керек. Отбасы болашақ жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелей отырып, олардың санасына патриоттық сезім ұялатуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет