шіркін, ұланның
қыМызы-ай!
мерекелік жексенбі. айтекең көптен бері
уәде етіп жүрген қымызына шақырды. айтекең
деп отырғаным айтқұл Үскенбаев – Жамбыл
локомотив пайдалану депосы ардагерлер
кеңесінің төрағасы. Екеуміздің бағытымыз – қала
маңындағы Қызылдихан ауылы. Көздегеніміз –
осындағы Салымбай құдасының бал қымызы!
Пайғамбар жасынан асқан айтекең әңгімешіл.
Әңгімесін әсірелеп айтады. Өмір бойы
тепловозды тізгіндеген айтекең көлік тізгінінде
де қырағы...
жарықтық! Төрт түліктің тазасы – осы жылқы
малы. менің әкем Әлімбек жылқы ұстаған.
Әке өнегесін біз алдық. Енді, міне біздің
өнегені балалар ұстады. балаларымның ішінде
үлкен ұлым – Ұланымның қыры жақсы. бұл өзі
атадан балаға мирас болып келе жатқан дүние
ғой. Шындығында, қымызды баптаудың еш
құпиясы жоқ. Жылқы малының бабы келіссе,
қымыздың да бабы келеді. Емдікке ішетін
қымыз ол «тәтті қымыз» деп аталады. Ол
қымызға сүт қосылғаннан кейін он сағаттың
ішінде ішілетін қымыз. бұл аралықта сүттің
құрамы ашып, қызбайды. Күшін алмайды.
ал, бір тәуліктен асыра сүт қоспай ұстасаңыз
ол ащырақ қымыз болады. Енді, осы бір
тәуліктен кейін әбден пісіп алсаңыз, ол қымыз
ұзақ жолға жарайтын қымыз болып шығады.
бұл кезде көбігі қайтып, бабына келеді.
Яғни, қымыздың ашуы қайтқан соң, құйған
ыдысыңызды семдірмейді. Сондай-ақ, биені
сауып алған кездегі жылы сүті «саумалдың»
өзін ішкен әр адамға әр түрлі әсер етеді. Негізі
саумалға қымызды қосып араластырып ішкен
ем болады. Ол әрі сіңімді болады.
Жылқының тағы бір қасиеті – бұл жануар
көп ауыра бермейді. Үш-ақ ауруы бар. Оның
бірі – сақау, екіншісі – шегі түйіледі, үшіншісі –
шеміршегі өсіп кетеді. Тағы бір қасиеті жылқы
малы денесін жырып немесе кесіп алса – ол
жарасы құрттамайды. бруцелез ауруы жылқы
малында жоқ. Өзіңіз ойлаңызшы жылқының
сүтін ешқашан қайнатпай қымыз дайындайды.
Яғни, қымыз шикі сүттен дайындалады ғой.
Жалпы, қымызға бір тамшы су қосылса да
дәмі кетеді. Кейде осы бие сауғандар шелегінің
түбінде қалған қымызды рәсуа болмасын деп
сумен шайып, қымызға қосып жатады. бұл
мүлдем дұрыс емес. бөлек жинау керек оны.
Неге десеңіз жылқының қымызы пісірілмейді.
Сиырдың сүтін қайнатасыз. Ондай жағдайда
ол білінбей кетеді. Көнекөз қариялар күзде
биең семіз болса, таза қымыз жылқының бой-
ына жинаған қазысы арқылы шығады дегенді
айтады. расында, қымыздың жақсы болуы
биенің бабына көп тәуелді. Жоғарыда айттым
ғой, жылқыны таза жануар деп. айғырдың
өзі өзінен туған байталға шаппайды. бұдан
артық не айтасың қасиетті жылқы жайын-
да, - деп бір қайырды Сәкең. бүгінде екі жүз
түтіні бар қызылдихандықтардың қатарында
он шақты ағайын жылқы ұстап отыр екен.
баптағаны қымыз. Ортақ өріс, ортақ үйір,
ортақ берекелі іс! Тіпті, ел сүйсінерлік іс!
Ұланның қымызына құда түсушілер қатары
көп. Тіпті, ол батыстағы ақтау мен мына көрші
жатқан Қырғызға да жөнелтіп отыр қымызын.
«Қымыз ішіп қызарып, мастанып қызып
терлейсің» (бұхар жырау) демекші бал қымыз
бойды алды. балбырап, біраз әңгіме тізгінін
тарқаттық. Ортаға алған шарадағы қымыз да
түгесілді. Ұланның баптаған қымызы.
- Құдеке! айғырға ер сал! – деді айтқұл
ағам.
- Ұлан, «Кобраны» ертте! – деді Салым-
бай. Сыртқа шықтық. ауыздығымен алысқан
«Кобраны» Ұлан алдыға тартты. «Қонақсың.
Тізгінді ал!» - деді отағасы. «Кобра» десе,
«Кобра-ау!». мойны ұзын, денесі тік. Сусып
тұр жануар! Сұлу тұлпарды алдыңа тартып
тұрғанда неге мінбеске. Сонау бала кез еске
түсті. Әкем Әбдінің күреңін талай мінген
едім... Енді, міне тыпыршып тұрған тұлпар са-
малды төске ұрып, тартты алдыға. Қымыздың
қызуы бойда. ауылдың етегін ала ағып жатқан
Таласты жағалай шауып келем, шауып келем...
Құлашын кеңінен алған жануардың тыпырши-
тындай жөні бар екен. мақтауы да кем емес...
Күн бесін ауа айтқұл аға екеуміз Салымбай
ағамен, Ұланмен қоштасып жолға шықтық.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
бір-біріне деген ілтипат, сөз
саптауы мен көзқарасынан бұл
кісілердің өзара жақындығы
білінді. аяқ киім жөндеу
дүңгіршегіне емес, жылы ұяға
енгендей ерекше күй кештім.
бұл Қырымбаевтардың аяқ
киім жөндейтін шеберханасы
еді. Осынау жылы жүзді от-
басын, ерлі зайыпты аяқ киім
тігіншілерін осы аймақта та-
нымайтындар кемде кем екен.
Төрде отағасы жайғасса, оған
қарама-қарсы жұбайы отыр.
1963 жылы Нұрлан аға
атырау қаласынан, Таразға
көшіп келеді. Сөйтіп, 1982
жылы 1 сәуірде Шымкент
қаласындағы медициналық
у ч и л и щ е н і т ә м а м д а ғ а н
бойжеткенді туған жеңгесі
бөле інісімен таныстырады
да, араға 3 ай салып, құда
бала мен құдаша отау құрады.
Нұрлан кожкомбинаттың аяқ
киім өндірісінде жұмыс жа-
сайды да, жұбайы облыстық
балалар ауруханасының жан
сақтау бөлімінде медбике
қызметін атқарады. Жас
отбасының шаңырағына араға
жыл салып балым есімді қыз
дүниеге келеді.балымның
соңынан төрт сіңілісі ілеседі.
Кейін аяқ киім фабрикасы
өз жұмысын тоқтатады. бұл
кезде бес балалы болған от-
басына қиын қыстау кезеңі
басталады. алғаш Нұрланға
көршілері, туыстары аяқ
киімдерін алып келе бастай-
ды. Сол жылдарды еске алған
отағасы:
- Елде қиын кезең басталған
еді. Ешкімде ақша жоқ. ба-
сында тегін тігіп беретінмін.
Кейін елдердің өзі еңбегіме
ақша төлемесе де, азын аулақ
азық-түлік беріп жүрді. бес
баланы сөйтіп асырадым.
Кейін елден көптеп ұсыныс
түсе бастаған соң, есіктің
алдындағы кішілеу үйімді аяқ
киім жөндейтін бөлмеге ай-
налдырып алдым. Сөйтіп, бұл
істі табыс көзіне айналдырып,
дәл осы салада еңбек еткеніме
30 жылдың жүзі болды,- дейді
Нұрлан. Келіншегі де мед-
бике мамандығын тастап,
аяқ киім тігуге көшкеніне
өкінбейді.
- м е н е ң а л ғ а ш
қыздарыммен үйде отырғанда
күйеуімнің қасында жүріп
үйрене бастадым. Ең бірінші
ескі пальтолардан қиып,
қыздарымның аяғына жылы
байпақ тігіп бердім. Сөйтіп,
алғаш рет аяқ киім тігуді мен
де меңгере бастадым. Кейін
ескі машинка сатып алдық.
Етіктің сырмақтарын қалпына
Еңбектің білген қадірін...
Екі кісі қарама-қарсы орындықта әрқайсысы өз ісімен айналысып
отыр. Олардың ортасындағы үстелдің үстінде желім, қайшы, ине-жіп, біз,
қайыстың қиындысы, майда темір тістеуіктердің түр-түрі толып тұр. мұнда
бас сұққаннан екі адамды тек шаруа ісі, жұмыс қана жалғап тұрмағанын
байқадым.
келтіру немесе ауыстыру, жамау,
айналдырып тігу менің жұмысым.
Кейде машинкамен, кейде қолмен
де тіге беремін. міне, 22 жылдың
жүзі болды аяқ киім тіккеніме. ал
күйеуім өкше тағалайды, егейді,
қағады. бұл дүңгіршекті 2004
жылы 26 тамыз күні алғаш жалға
алдық. Кейін сатып алып, заңды
түрде кішігірім аяқ киім жөндейтін
шеберхана етіп жасап алдық.
Қыздарымыздың үшеуі өз аяқ
киімдерін өздері тігіп алады. ал
екеуі басқа салада,- деді әйелі.
бұл отбасының үш қызы, расын-
да, он саусағынан өнер тамып, тігін
саласынан хабары бар болып өсті.
Әсіресе тұңғыштары балым аста-
на қаласынан «балым» ательесін
ашып, дизайнмен айналысып жүр.
мінсең - көлік, жесең - ет, ішсең - қымыз.
руханият
12
// «Жамбыл - Тараз» // №20 (1255), 13 мамыр 2015 Жыл
сарғайған хаттар.
Әр өнердің жарқырап биікке көтерілетін сәті болады. Жалпы,
еліміздегі айтыс өнері кейбір кезеңде бәсеңдеп, кейбір кезеңде едәуір
жоғарылап, биіктеп отырған. Сондай бір құлдыраудан кейін, айтыс
өткен ғасырдың 1980 жылдарының басында «жарқ» етіп көрініп,
өз биігіне көтеріле бастады. Сол жылдардан бастап айтыспен бірге
есімі қатар аталатын, айтыспен бірге биіктеген айтыскер – Шорабек
Айдаров.
Айтыстағы ұстазым
алпыс жасқа толған мерейлі
күніңмен шын жүректен
құттықтаймын! алпыс – аға жас.
аға жасқа әркім әрқалай келеді.
Сен алпысыңа үлкен абыроймен
келдің. ақындық дара болмысың
мен адамшылық сара қасиетің
Сені өмірдің алпысқа дейінгі
қиын да қилы кезеңдерінен ада-
стырмай, тура алып шықты. Сол
кезеңдердің көгінде құс жолын-
дай болып ақындық өнеріңнің
үлгісі мен өнегесі жатыр.
ақындық – қиын және
қ а с и е т т і ө н е р . а қ ы л ғ а
бағынбаған ақындық та бір,
ескен жел де бір. ақылға
бағынған ақындық ақын үшін
де, ел үшін де, елдің өсер өркені
үшін де игілікті: шөлдегеннің
шөлін қандыратын Таластың
таңғажайып тамаша тұнығы
сияқты; күннің ыстығында сая
болатын, суығында пана бо-
латын қайран Талды ауылдың
нұр жамылған қалың орманы
сияқты; алыстан бойы сорай-
ып, түсі қарайып көрінсе де,
қойны қоншы қазына-байлыққа
толы қасиетті Қаратау сияқты.
Сен, Шорабегім, ақындығыңды
ақылға бағындырдың. Сенің
ақындығың өзің үшін де, елің
үшін де, елдің өсер өркені үшін
де игілікті болды.
ардақты ақын інім, алпыс
жасқа толған мерейтойыңмен
шын жүректен құттықтай оты-
рып, өзіңе, отбасыңа, туған-
туыст арыңа, ел-жұртыңа
амандық, құт-береке тілеймін.
ақындық пен азаматтықтың
ашық аспанында самғай бер,
қанатың талмасын!
Жанғара ДӘДЕБАЕВ,
әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті
жанындағы Абай
ғылыми-зерттеу
институтының
директоры, филология
ғылымдарының докторы,
профессор
«Кеше бала ек, келдік қой талай жасқа» - деп ақын Абай атамыз айтпақшы, біз де «Ел ағасы»
деген жасты еңсеріп тастаппыз. Әбекең екеуміз бозбала кезімізден бастап құлын тайдай тебісіп
қатар өстік. Дос болдық. Достығымыз ерекше еді. Екеуміз де бір-бірімізді «№1 досым» деп
таныдық» - деп жазыпты Шорабек, 2007 жылы шыққан менің «Сібедегі сойқан» атты кішкентай
кітабыма.
СыР АйттыҢ МАғАн
БіРДЕ ЕптЕп...
Әбиірбек ҚОНЫСБАЕВ,
прокуратура ардагері
...бірде ол маған өлең оқыды.
«Достық!
Қасиетті достық!
махаббаттан жоғары.
(Тұрақсыздар татымайды дос деуге),
Нағыз достық-бір жүрекпен соғады,
бірақ жүрек қос кеуде».
- Не деген керемет, шынымен өзің
жаздың ба? - деппін.
- Өй, бізге бұлай жазу қайда-а,
мұқағалидың «маврынан» ғой,
екеуміздің достығымыз тап осындай
ғой-ә - деді.
Ол кезде мавр-маркс туралы ауыл
мектебінің 8-10 сынып балалары
біле бермейтін. ал Шорабек – ол
поэманы бірінші оқығандардың бірі.
мен де оқыдым, бірақ түсінбедім.
мен бар болғаны сегізінші сыныпта
оқитынмын.
«мен оның жазған хаттарының
қайда қалғанын білмеймін, ал ол менің
хаттарымды қаттап жинай беріпті.
Соншама уақыттан бері сары алтын-
дай сақтап келіпті. атадан қалған асыл
мұраны да бүйтіп қастерлемейтіндер
де бар»- деп сүйсінген екен досым.
мүмкін мен сенің осы мерейтойыңа
тосын сый жасау үшін жинаған бо-
лармын. Ендеше Шорабектің 35 жыл
бұрынғы өлеңдерінің бірқатарын
оқырмандарына ұсынып көрейік.
Сыралғы оқырман оның жан дүниесі
мен ұстанымдарының уақыт тезіне
қарамастан өзгермегенін байқар.
№ 1 досыма
Сыр айттың маған бірде ептеп:
«бітпестен үлес-сыйымды ап,
арманым менен үркектеп,
алыстап кетті қиындап.
Келіппін бар деп, жоқты айтып,
Шешілмес енді бұл түйін.
Қалыпты тіпті бет қайтып,
Өйткені, бұл іс тым қиын.
Әлде осы жеткен шегім бе?» -
Деп маған сен мұң шағасың.
Оңайды бірақ тегінде,
Қиыннан ғана табасың.
Қиын деп достым қол үзбе,
Өнерге болсаң шын ғашық.
Жетерсің салқын теңізге,
Жалаңаяқ ыстық құм басып.
арманы асқақ Толағай,
Тауды да алған арқалап.
болсыншы десең бәрі оңай,
Қиындықты ғана ал қалап!
Жалғандық туралы жыр
Кейбіреуді көз танғыш түндей көрем,
бой жасыртқан бүкпесін білмей келем.
Қарау жандар не деген қатпарлы еді,
Кір көңілін күлкімен күргейлеген.
Күргейлейді… күлкімен кір көңілін,
Сыртқа шашпай, сырының бірде бірін.
Жақсылықтың жабуын жамылған соң,
Жалғандығы білінбей жүр көбінің.
айналған соң көңілі қамал-жарға,
Жасырғанын сезбейсің амал бар ма?
Жымиған боп жылмиып жүргеннен
соң,
Жылы жүзден түңілмес адамдар да.
ақиқаттың алайда сесі бар-ды,
Жалғандықтың жақсылық есін алды.
Жүре алмаса жасанды жамылғысыз,
Жамандықтың жеңілмей несі қалды?
Есет ДОСАЛЫ, ақын
Шорабек ақын айтыстағы тапқырлығымен,
ш е ш е н д і г і м е н , т е р е ң д і г м е н қ а т а р
қарапайымдылығымен де ерекшеленді. Тала-
ста туылды, ұзақ жыл Таласта тұрды. Сахна
таңдамайтын айтыскер болды. республикалық,
халықаралық айтыстан бас жүлде алып келіп,
бір аптадан кейін аудандық айтыста айтысып
жүре беретін. «мен алматыны, астананы шула-
тып келдім, енді ауылдағы кішкентай айтысқа
қатыспаймын» деп кеуде көтеруді ойламайтын
да. Шерханның шекпенінен шыққан жазушылар
секілді Шөкеңнің шапанынан шыққан айтыскер-
лер де өте көп болды. Солардың алдында ерлі
-зайыпты Ербол Қамбатыров пен Үміт битенова
тұрады. Одан әрі шәкірттерінің тізімін ұзақ
жалғауға болады. Шорабек ағаның шәкірттері
де ұстаз үмітін ақтап, айтыстың биіктерінен
көріне білді.
бір сөзбен айтқанда, Шорабек бәтейұлы
нағыз айтыскер, нағыз психолог ұстаз, айтыстың
нағыз жанашыры болды. Ол кісі үшін айтыстың
үлкен-кішісі болмайтын. Қандай айтысқа болса
да барын, барлық шеберлігін салып дайында-
латын. Шәкірттерін де солай шыңдады. Өзі
халық ақыны атанбаса да, айтыстарда халық
ақындарының барлығын жеңді.бір жолы бекжан
Әшірбаевпен республикалық айтыста айтысып,
қарсыласының бойдақтығын былай образға
орап жеткізді:
Айналайын,
інім
Шорабек!
- бекжан-ау, сен өзіңе бекемсің ғой,
Демеймін Шорабекке бөтенсің ғой.
балаң қай тілде сөйлейді деп сұрар едім,
айтпақшы үйленбеген екенсің ғой,- деп
бойдақтығын жалаң айтпай, сол жерде төл
тіліміздің шұбарланып бара жатқанын қосып
кеткен шеберлігін қалай аңғармай қаларсың.
Өзінің домбыраға онша шебер емес екенін,
айтыста кейбір ақындардан жеңілгенін ашық
мойындап:
- Қазаққа аты мәлім Шорабекпін,
Жырымда дауылпаздай болар екпін.
Әттең-ай домбыраны мандыртпаймын,
Не түрін көрсетер ем кереметтің.
айтысып талай-талай додаларда,
Жадыра, Әсияны орап өттім.
Әнеу жылы жеңдім де Қонысбайды,
Үстіне бардым- дағы қона кеттім.
Дегенмен мықтымын деп айта алмаймын,
Әселхан жеңешемнен сораң еттім,- деп
толғайтын кезі де бар.
Шорабек елдің сөзін сөйледі, елмен етене
бірге болды. Өткен ғасырдың 90 жылдары
аумалы-төкпелі күндерде халық қиналғанда, сол
кездері Премьер министр қызметінен кетіп,
шетел асқан қайраткерге назын айтып:
- Әкежан әкеміздей қуанып ек,
мәскеуден келген кезде баяғы да.
Сол Әкежан халықты аяды ма,
аяса шетеліне таяды ма.
Қазынасын ортайтқан Қазақстан,
Сүйеніп қала берді таяғына,- деп ащы
шындықты айтты.
1997 жылы Талас ауданының орталығы
ақкөлден Қартауға көшкенде, аққөлде босып,
жұмыссыз қалған жүздеген жұртпен бірге Шора-
бек айдаров та қиналды.«ақкөлім реперессияға
ұшырады» деп шырылдады.
Шорабек ақын соңғы 15 жылдай Таразда
тұрды. Таразда да ол кісі қарап жүрген жоқ.
Таластан тәрбиелеген студент шәкірттері
Шырынбек Қойлыбаев, біржан Сөктайлардың
өнерінің одан әрі шыңдалуына үлес қосты.
Облыс орталығындағы Төле би атындағы №8
мектеп-гимназиясында айтыс үйірмесін ашып,
жас балғындарды ақындық өнерге баулыды.
Сол кездері ақпарат айдынында болған «Дүние-
дастан» газетінің жарық көруіне күш салып,
журналистік қырынан да танылды. мұхамеджан
Тазабеков, айтмұхамет Исақов, Серік Қалиев
секілді облыстың азулы айтыскерлерімен бірге
біздің аймақтағы айтыстың дамуына өлшеусіз
көп еңбек сіңірді.
Шорабек айдаров ағамызды балғынбек
Имашев, айнұр Тұрсынбаева, ахметжан
Өзбеков, Оразалы Досбосынов (марқұм) секілді
жаңа ғасырдың басында қазақ айтысының
алдыңғы легінде болған жас буын, жүйрік буын
өкілдері де өздеріне рухани ұстаз санады.
Қазақ айтысына сіңірген еңбегі орасан Шо-
рабек айдаров ағай өнердің нағыз патриоты.
Құрметтеуге лайық адам. Ол кісінің кісілік,
адамгершілік болмысы, ақындық парасаты өте
жоғары.
жаназық
13
// «Жамбыл - Тараз» // №20 (1255), 13 мамыр 2015 Жыл
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Облыс әкімдігінің ішкі саясат
басқармасының ұйымдастыруымен
өткен республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференцияға об-
лыс әкімінің орынбасары Ерқанат
мәнжуов, Қазақстан тарихшыла-
ры қауымдастығының төрағасы
мәмбет Қойгелдиев, белгілі жур-
налист Қасым аманжол, абай
атындағы ҚазҰПУ-дың профес-
сор, доценттері, жергілікті ЖОО
тарихшылары, ҰОС ардагерлері,
үкіметтік емес ұйым жетекшілері
мен мәдени орталықтардың өкілдері
және жамбылдық жастар қатысты.
Шараны ТармПИ ректоры Дария
Қожамжарова жүргізіп отырды.
–Жеңіс бізге оңай келген жоқ. 15
мыңға жуық жерлесіміз майдан да-
ласында қаза тапса, 17 мыңға жуығы
хабар ошарсыз кетті. мыңдаған
жерлесіміз әр түрлі жарақат алып
еліне оралған болатын. Оны біз
ешқашан ұмытпаймыз. бүгінгі
күні ардагерлеріміздің қатары си-
реп, арамызда азайып бара жа-
тыр. былтырғы тізім бойынша 265
ардагер болса, бүгінгі күні 237
қалып отыр. мемлекет, қоғам ар-
дагерлерге қамқорлығын ешуақыт
аянбай көрсетуде. Тарихқа тек қана
идеология жағынан ғана емес, терең
ғылыми ізденіспен қарау қажет.
Ұрпақтарымыз соғыс дегеннің не
екенін тек қана деректі фильмдер
мен кітаптардан ғана білсін. Еліміз,
ұрпағымыз, ардагерлеріміз аман
болсын,-деп Ерқанат Нұрбапаұлы
шараны ашып берді. бұдан әрі облыс
әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тікелей
қолдауымен жарыққа шыққан та-
рихи жинақтың салтанатты түрде
тұсауы кесіліп, оқырмандарға та-
ратылды. айта өтсек, «Жамбыл
облысы Ұлы Отан соғысы жылда-
рында (1941-1945)» атты кітапта
облыс халқының сол кезеңдегі
тыныс-тіршілігі баяндалыпты.
Еңбек архивтік құжаттарда, соғыс
жылдарындағы мерзімді басы-
лымдарда, сондай-ақ көзі тірі май-
дангер және тыл ардагерлерінің
көрсетулерінде берілген фактілік
материалдарға негізделген.
абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің
жанындағы «айтылған тарих»
ғылыми-зерттеу орталығы даярлаған
жинақта арамызда жүрген май-
дангерлер мен тыл ардагерлерінен
алынған сұхбаттардың мәтіні де
берілген. «майданға аттанған
жерлестеріміз жаумен арыстандай
алысып, ерлік пен азаматтықтың
биік үлгісін танытты. Соғыс
басталғаннан 1943 жылдың жазына
дейін жамбылдықтар майданға 77
вагон астық, ет, май, жылы киім және
басқа да ең қажетті деген азық-түлік
пен бұйымдарды жөнелтті. майдан
қажеттілігін өтеуге байланысты
облыстан майданға жөнелтілген
вагондардың саны 1944 жылы 118-
ге жетті. Ұлы Отан соғысындағы
жеңіске облыстағы идеология,
мәдениет, дәрігерлік және білім
саласындағы қызметкерлердің,
зиялылардың қосқан үлесі әр уақытта
жоғары бағаланған. Кенен Әзірбаев,
Жақсыбай Жантөбетов және басқа
руханият саласында жемісті еңбек
еткен аға буын өкілдерінің есімі еш
уақытта ұмытылмақ емес. Облыста
мерейтойлық медальдарымен 8712
адам марапатталды. бұған дейін
ҰОС қатысушыларына арналған
«боздақтар» және «ардагерлер»
атты кітаптар, «Ерлер есімі – ел
есінде» аталатын зерде кітабы ба-
спадан шыққан болатын. «Жам-
был облысы Ұлы Отан соғысы
жылдарында. 1941-1945жж.»
атты ұжымдық зерттеу жұмысы
жоғарыда аталған кітаптардың
логикалық жалғасы болып табы-
Батырдың ғұмыры ғибратты
м.Х.Дулати атындағы ТармУ-де ономаст-ғалым зиба Құламанова мен философ Тәуекел Жаңақұловтың «бауыржан момышұлы
шығармашылығындағы топонимикалық атаулар» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
тарихтан алсақ тағылыМ
Жеңістің 70 жылдық айтулы мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы Жамбыл облысының тағдыр-шежіресінен сыр шерткен қалың
кітап жарыққа шықты. ТармПИ-да аталмыш өңір халқының сол кезеңдегі
күнделікті өмір тарихы негізделген жинақтың тұсауы кесілді.
лады. Облыс еңбекшілерінің соғыс
жылдарындағы жүріп өткен тари-
хи жолын жаңа көзқарас биігінен
қорыту тұрғысынан жазылған кітап
оқырман жүрегінен орын алады
деп ойлаймын», - дейді облыс әкімі
Кәрім Нәсбекұлы кітаптың алғы
сөзінде. Кітап «Жамбыл облы-
сы соғыс қарсаңында», «Соғыс
жылдарындағы идеологиялық
жұмыс», «Облыс өмірін соғыс
жағдайына бейімдеу», «Жеңіске
жұмыс істеген экономика», «Соғыс
жылдарындағы әлеуметтік өмір»
және «Соғыс жылдарындағы білім
және мәдениет» атты 6 тараудан
тұрады. бұл жинақтың бірінші
бөліміндегі деректер. ал екінші
бөлімінде майдан және тыл
ардагерлерінен алынған сұхбаттар
берілген.
– Ұ л ы
Ж е ң і с т е г і
қазақстандықтардың, соның ішінде
жамбылдық жауынгерлердің ерлік-
үлесі орасан. мәселен, ыбырай-
ым Сүлейменов Кеңестер Одағы
әскерінің ішіндегі ең үздік мерген
деп мойындалды. Ол дәлелді ерлік.
бұл кітаптың ішінде осы уақытқа
дейін жабық күйде жатқан ма-
териалдар бар. алғашқы бөлімі
монография. Екінші бөлімінде біз
облыстағы 40-қа жуық ардагерден
сұхбат алып, енгіздік. барлығы
тоқсаннан асып, ғасырға арқа тіреген
жандар. Қазақстанда бір жеке
облыс бойынша мұндай кітап әлі
шыққан жоқ. бауыржан момышұлы
«Соғыста мен адам өлімін көрдім.
Сол қаза тапқандардың ішінде
менен де анағұрлым мықты аза-
маттарды көрдім» деп айтқаны
бар. расында, әлі күнге дейін ерлік
жасап, еленбей қалған батырлары-
мыз аз емес. Соғыста көп жағдайда
жастар, содан кейін жігерлілер,
патриодтар көз жұмады. бұл астар-
лы шындық. Соғыс тақырыбы енді
ғана зерттеле бастады. Әлі талай
қырлары ашылады. Сол кездері
сонау Украина, белорусия сынды
ресейдің батыс бөлігіндегі елдер,
оның ішінде Донбас сынды ірі
өнеркәсіп орындары фашистердің
қолында қалды. Сол кезде майданға
металын, мұнайын, азық-түлігін
беріп, бар ауыртпалықты көтерген
санаулы ғана ел болды. Соның
бірегейі Қазақстан. Сондықтан
Қазақстанның байлығы, батырлары,
тылдағы еңбеккерлері болмаса Кеңес
үкіметінің соғыста жеңіске жетуі
екіталай еді. Оны ашық айту керек,-
деді жиын барысында сөз алған
тарих ғылымдарының докторы,
профессор мәмбет Құлжабайұлы.
Сондай-ақ, жиын барысында
журналист Қасым аманжолдың
режиссерлігімен дайындалған
«Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы
жылдарында» атты деректі фильм
көрсетілді. Жиын соңында, арнайы
шақыртылған қонақтар мен қатар
түйгені мол, көзкөрген жергілікті ел
ағалары мен ғасыр жасаған, кешегі
ашаршылық пен қара жұмыстың
жетегіне жегілген, соғыс көрген
райхан Шомаева, мәрзия Ибраги-
мова аналарымыз сөз алып, өскелең
ұрпаққа ақылын айтып, батасын
берді.
Достарыңызбен бөлісу: |