Ел тілЕгі Шіркін, Ұланның қымыз-ай! Шорабек алпыстың асқарында


Абылай заманында қазақ шекарасы қазіргіден де үлкен болған



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата06.03.2017
өлшемі5,83 Mb.
#8099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Абылай заманында қазақ шекарасы қазіргіден де үлкен болған

1738-1741  ж.  абылай  бастаған  қазақ  қолы  жоңғар 

басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. абылай 

тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға 

түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең 

белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған абылайдың 

жау  қолына  түсуі  қазақ  қоғамында  абыржушылық  туғызып, 

абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи 

жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр 

хан Орынбор әкімшілігінен абылайды тұтқыннан босатып алуда 

ара түсуге өтініш жасайды. бұл деректің шындық екенін осы 

кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың 

өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен 

Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 

қыркүйекте абылайды тұтқыннан шығарып алады. бұл жөнінде 

Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар 

мен  қалмақтар  бітімге  келіп,  бірігіп  кете  ме  деген  қауіп  те 

білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта азия хандықтарына 

қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. абылай қолының 

Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, 

Сайрам,  Шымкент  қалалары  қайтадан  қазақтар  иелігіне  өтті. 

Ташкент алым төлеп тұратын болды. Тарихшылардың пікірінше 

абылай  хан  болған  уақытта  қазақ  даласының  шекара  аумағы 

қазіргі кезбен салыстырғанда едәуір үлкен болған екен. бұның өзі 

абылайдың кемеңгер басшы болғандығын айғақтайды.

Шаңды жорық...

Екі  жүз  жылға  созылған  қазақ  халқының  жоңғар 

шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы 

алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. 

бұл  1771  ж.  Еділ  қалмақтарының  (170  —  180  мың  адам;  40 

мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі 

еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында 

қалмақтарға алғашқы соққы береді. балқашқа жақындаған кезде 

абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға 

алды.  абылай  билігінің  күшейе  түсуінің  жаңа  кезеңі  1744ж. 

Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. абылай 

көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр 

соғыстардан  қалжыраған  елінің  есін  жиғызу  үшін  дипломат 

жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз 

ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға 

келіп,  орыс  өкіметінің  «қамқорына»  кіруге  келісім  білдіреді. 

Сонымен  бір  мезгілде  қазақ  халқының  тұтастығын  сақтау 

мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. 

Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол ресей мен 

Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы 

мүддесіне пайдаланып отырды. абылай 1745 ж. Қалдан Серен 

дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ 

таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастау-

ын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес 

өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін 

қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану 

үшін барынша күш салды. абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне 

нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы 

саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, абылай 

және барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай 

мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде 

Жәнібек  тархан:  «бұрын  Орта  жүзде  Әбілмәмбет  хан  болған, 

бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан 

қалған. бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз 

абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті. Жазба 

деректерде абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табан-

ды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған 

қазақ  әскері  шамасы  15-20  мың  адамдай  ойраттар  қолының 

шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда абылай 5 мың 

жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ 

жерін азат етті. 1754ж. сәуірде абылай бастаған 1700 қазақ әскері 

10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде-

тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 

қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. абылайдың бастауымен 

қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет 

шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 

1757ж. абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен 

шайқасынан соң, қытайлар абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 

жылдардағы шайқастарға Қабанбай, бөгенбай, Жанатай, Керей 

Жәнібек,  Өтеген  батырлар  қысы  –  жазы  үзбестен  қатысады. 

абылай бірде Қалдан Серенмен  бітімге келсе, бірде Дабашыны 

шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп, 

Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери 

қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері 

абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. 

Осының нәтижесінде абылай әскері 1771ж. мойынты өзенінің 

бойында  болған  қалмақтармен  ауыр  шайқаста  жаңа  жеңіске 

жетті.  Саяси  ахуал  тұрақталған  шақта абылай  қазақ  жерінің 

бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 

1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды ша-



зЕрдЕ

7

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №20  (1255),  13  мамыр  2015 Жыл 



уып, Жауғаш, Көкжал барақ пен Шынқожа батырлар бастаған 

әскерлерді  ақсу,  Көксу және  Шу  бойында  талқандайды. Осы 

себепті абылай  1755,  1765  жылдары  Қырғыз  ұлысына  қарсы 

жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ 

пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге 

дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.  Осы кезде қалмақ 

басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен 

бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты 

талқылау  үшін  шақырылған  әскери  кеңесте  абылай  тағы  да 

көрегендік  танытып,  жеңілген  жауды  қырып–жоюдың  қажеті 

жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен 

келіссөзге  келіп,  тым  құрыса  олардың  Жоңғарға  еркін  өтіп 

кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі абылай түйінінің аржағында 

шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау 

жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауыл-

дарын апарып түпкілікті қоныстандыру да абылай саясатының 

тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті 

қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға 

бағытталды. билікке таласқан барақ сұлтан Әбілқайыр ханды 

өлтіргенде де абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен 

тізе  қоса  қимылдап,  бұзық  сұлтанды  жазаға  тарту  жағында 

болады.  абылай  соғыс  жағдайына  сай  қол  астындағы  елде, 

әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан 

бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы 

жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні 

қатты  болған. абылай  сан  жағынан  әлдеқайда  басым  жаумен 

шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. 

абылай  қазақ  хандығының  күшін  біріктіріп,  әскери  жағынан 

қуатты  мемлекетке  айналдырды.  1771  жылы  жасы  жеткен 

Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта 

жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен 

ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. алайда басты сұлтандардың, 

старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы 

өкілдері Түркістанда абылайды хан көтерді. абылай іс жүзінде 

жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы 

болды.  абылай  ресей  мен  Қытай  империяларының  арасында 

орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат 

жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта азия мен 

Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға 

ұмтылып,  ауған  шаһы  ахмад  Дурранимен  келіссөз  жүргізді. 

Түркияға  елшілік  жіберу  ниеті  де  болды.  Қытаймен  қатынас 

жақсара  бастаған  кезде  орыс  бодандығынан  бойын  тартып, 

патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау 

үшін  1779  жылы  қазан  айында  Петропавл  бекінісіне  барудан 

бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет 

белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты. абылай қаһарлы 

хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін 

сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «ақ толқын», 

«ала  байрақ»,  «бұлан  жігіт»,  «Дүние  қалды»,  «Жетім  торы», 

«Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «майда жел», 

«Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы. абылай 

өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, арыс өзені жағасында 

қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа ахмет Ясауи 

кесенесінің ішінде Қабырхана мен ақсарай арасындағы дәлізде 

жерленген. абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. 

Қазақ халқының жадына абылай қажырлы мемлекет қайраткері, 

батыл  қолбасшы,  дарынды  дипломат  ретінде  сақталып  келді. 

Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.



«...Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау»

абылай  дарынды  хан,  аса  ірі  қайраткер,  қолбасшы  бол-

ды.  Әбілмәмбет  ханның  тірі  кезінде  қазақ  халқы  оны 

өзінің  қорғаушысы,  көсемі  санады.  Ол  патша  өкіметінің 

губернаторларының  ыңғайына  жүрмеді.  Елінің  еркіндігін, 

бостандығын қорғай білді. абылай сұлтан өзінің ақылды, сабыр-

лы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш 

орданың сыйлы ханы атанды. 

Қазақ халқының аса көрнекті ақыны мағжан Жұмабаев «батыр 

баянда» абылайдың саясаткерлігін былай суреттепті:

«алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ.

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.

артында ор, алдында көр, жан-жағы жау

Сол кезде елге қорған болған абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап».

абылай  ханның  ғажап  дипломат  екендігі  қалмақтың  ханы 

Қалдан Серен өлгеннен кейін ерекше белгілі болды.

Жоңғарлардың ханы Қалдан Серен өлген соң, оның балалары 

таққа таласып, бір-бірін өлтірді. Ең соңында күңнен туған ұлы 

лама Дорчжи қулық-сұмдық жолмен тақты басып алды. Оның 

Даваци, амурсана атты інілері абылай ханның ордасына қашып 

келді.  Осы  кезде  Әбілмәмбет  хан,  атақты  малайсары  билер 

абылайға  қысым  жасап,  ол  екеуі  лама  Дорчжиге  қайтарып 

беруді талап етті. бұл абылай ханның ел басқарып жүргендегі 

өте ауыр кезеңі еді.

ауыр  сыннан  шығу  кезіндегі  абылайдың  табандылығын, 

тапқырлығын,  жігерлілігін  көрсететін  деректерді  Санкт-

Петербургтің орталық кітапханасынан алған В.В.Вельяминов-

зерновтың: «Тарихи хабарлама. Қырғыз-қайсақтар туралы және 

Әбілқайыр хан өлгеннен кейінгі ресейдің Орта азиямен қарым-

қатынасы» атты кітабында жақсы көрсетілген. Онда былай деген: 

«лама Дорчжи 1750 жылы мамыр айында өкіметті өз қолына 

басып алды. бір інісін соқыр қылып, жер аударды. бадемирдің бес 

ұлын тұншықтырып, өлтірді. Одан басқа да көптеген туыстарын 

сол әдіспен құртты.

Ұрыс-керіс  және  келіспеушіліктер  тез  арада  оның  сөзсіз 

құритындығының  белгісі  еді.  мемлекет  үшке  бөлінді.  бір 

бөлігі  лама  Дорчжиге  қалды.  Екіншісі  Қытайға  көшті, 

үшіншісі Сібірге, Ертіс өзеніне қарай ығысты. Енді елдің иесі 

жауыздықтың  жаңа  түрін  қолдануға  көшті.  Даваци  ең  жақын 

таққа таласатын ізбасар болғандықтан, оны бақталас деп есептеп 

тұншықтырып өлтірмекші болды. Оған мазасызданған Даваци 

өзінің жиендерімен, амурсана мен Сібір шекарасына кетуді ой-

лады да Орта Орданың қырғыздарына қашып барды. Даваци екі 

адамын абылай сұлтанға жіберді. Одан рұқсат талап етті. Осы 

жерде қалайын ба, жоқ басқа жаққа барайын ба?» - деді. Осы 

екі арада айлакер абылай сақтық шарасын қолданып үлгерген 

болатын». міне, абылай осылай болмаса, абылай бола ма?

1757  жылы  абылай  10  мың  сарбазбен  Қашқария  жерінде 

(1,0 млн. қалмақтарды қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған 

торғауыттарды  қырды  (басқарған  батырлар:  арғын  -  атығай 

- Күлеке батыр - 2000 сарбазбен; Керей  мерген батыр - 2000 

сарбазбен,  Көкжал  барақ  батыр  (Найман)  -  2000  сарбазбен; 

абылай сұлтан - 2000 сарбазбен; Қаракерей Қабанбай батыр - 

2000 сарбазбен), қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай 

тұтқындап, қазақ жеріне құлдыққа таратты. 1760-1764 жылдар 

аралығында Қабанбай батырды абылай сұлтан зенгор жеріне 

бас қолбасшы етіп тағайындады. Қабанбай ба¬тыр Қаракерей 

наймандарды, Төлеңгіт  райымбек батыр (албан  райымбекпен 

шатастырмайық) Уақ, Керейлерді зенгор жеріне көшірді. бұл 

тек қана абылай сұлтанның талабымен іске асты (қор 1, тізбе 1, 

іс 88, 1760 жыл, Омбы мұрағаты).



Хандық дәуірдің хаттары

1760 жылы 20 мамырда князь поручик Иван Ораков генерал-

майор  және  Сібірдің  шекаралық  әскери  бас  командирі  Иван 

Иовемарнға жазған хатында былай депті:

«19 ақпан күні абылай сұлтанның төлеңгіт қырғызы райымбек 

былай деді: «Өткен күзде абылай сұлтан өз атынан мені Орданың 

Қаракерей Найман руына жіберді. Олар звенигорск қамалының 

жанында  Қарата  атты  жайлаудағы  көштермен  бірге  жүр». 

Кейін қайтар кезде сол рудың бас старшыны Қабанбай абылай 

сұлтанның атынан райымбекке бұйрық береді. Ол райымбекке 

өзінің ұлыстарын түгелімен алдағы жазда зенгор хандығының 

жеріне көшуін, ондағы зенгор ханы Қалдан Серен Урғаның тұрған 

жеріне барып тұруын бұйырды».

абылай  ханның  батыл  әрі  ғажап  қимылынан  кейін  Орск 

бағытының қолбас-шысы, полковник  родестен генерал-майор 

Фонвейнмарнға  1760  жылы  22  қыркүйекте  (№315)  мынадай 

баянат келіпті:

«...20 шілдедегі хатты абылайға оқып берген. Онда зенгор-

дан  Тарбағатайға  дейінгі  жерлер  барабы  татарларының  жері, 

Уранхаевтардың  қонысы  деген.  абылай:  «Ешқандай  барабы 

татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі», - деп жа-

уап береді. Жер дауын шешу үшін абылай өзі шілдеде барып 

қайтамын, содан кейін жауабын генерал-майорға жазамын дейді.

Поручик Гуляев абылаймен кездескені туралы жоғарыдағы 

хатын былай жалғапты:

... «абылай мені 22-сі күні жібермекші болды.  мен жердің 

алыстығына байланысты өтірік ауырған болып, бармай қалдым. 

Қытайдың елшісі келе жатқанын да естідім. абылай: «Олармен 

таяу арада кездесе алмаймын. Уақытым жоқ», - депті. аз уақыт 

өткен  соң,  23-і  күні  Қытай  елшісі  абылайдың  ордасына  30 

адаммен келді. Олар абылайға кісі жіберіп, бүгін кездесуді талап 

етеді.  абылайдан сескеніп, басқа қырғыздар да (қазақ - б.Н.) 

кездескілері келмепті. Қытайлықтар қырғыздардың аудармашы-

сына риза болмай, хатты бермей, тек ауызша ғана өз талабын ай-

тады. абылай мен Жолбарыс сұлтан парсы тілі араласқан қалмақ 

тілінде жазылған хатты түсінбейді. «Қырғыздар уранхай және 

торғауыттардың  жерлерін  басып  алған.  Олардың  тұтқындағы 

адамдары мен малдарын қайтарып беруге уәде беріңдер», - депті 

қытайлықтар хатында. Егер қайтармасаңдар, әскер жіберемін деп 

қорқытыпты.  Олар  абылайды  сыйлағандықтан  ғана  жіберген 

жоқпыз деді. міне, осындай жүздеген хаттар мұрағаттарда жатыр. 

бұл сол заманның дипломатиясы. 1738-1781 жылдар арасында 

Қызылжар,  Көкшетау,  Кереку,  зайсан,  Семей,  Өскемен,  тағы 

басқа да солтүстік, шығыс шекараларын қорғап, еліміздің бүгінгі 

күнге жетуін қамтамасыз етіп, оңтүстікте Төле би, Шапырашты 

Наурызбайдың сарбаздарымен қарым-қатынаста болып, оларға 

да қорған бола білгендігін дәлелдейтін хаттар бар. абылай бастап 

барған жорықтар туралы да құжаттар жеткілікті. Әбілқайыр тірі 

тұрған кезінде абылаймен қарым-қатынас жасаған. Әбілқайырды 

өлтіргенде оның балаларын аман алып қалған абылай сұлтан. 

Ол туралы Әбілқайырдың зайыбы бопай ханымның канцлерге, 

генерал-губернаторға  жазған  хаттарында:  «абылай  сұлтанға 

көп рахмет. балаларымды ажалдан құтқарды», депті. абылай 

ханның ресейге тәуелді болмай, олармен тең дәрежедегі одақтас 

мемлекеттің ханымын дегенін дәлелдейтін тағы да генерал-по-

ручик Иван Деколонгке, одан кейін генерал-поручик және гу-

бернатор Иван реннедорфке жазған (1772 жылы 19 қыркүйекте) 

хатын мысалға келтірейік:

«...Генерал мырза, сізге айтарым, біздің Орда сіздің ресейдей 

емес, өте шашыраңқы жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау 

тез арада қолдан келмейді. Жеріміз өте үлкен. Сол себепті кімнің 

қайда көшіп жүргенін білу мүмкін емес.

Қытайдың богдо ханына мен өз талабымды айтып былай дедім: 

«Қандай күші бар мемлекет болса да, егер бізге қарсы шықса 

немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тұра аламыз». 

Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ, ол ешуақытта көмек беруге 

дайын еместігін білдірді.

Осыған  байланысты,  егер  де  бізге  біреулер  көз  алартып, 

соғыс ашу қаупі бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге 

дайынсыз ба? Осы туралы императорға жеткізіп, маған жауабын 

хабарласаңыз.

Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 

әскери  адамдарды  уақытша  беруіңізді  сұраймын.  Ол  біздің 

ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек.

Ұрыларды ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге 

де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге 

келуіміз керек (байқадыңыз ба? Екі мемлекеттің генералитеті 

деген мағынада - б.Н.).

мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. бес күн ұрылармен 

бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның 

біреуін  жіберемін.  Содан  кейін  оларды  қару-жарақтарымен, 

киімдерімен  өз  елдеріне  апарып  саламыз.  бұл  мәселені 

императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой (Өз күшімізбен 

орындау мүмкін болмады. Қайда барса да қазақ «қарын бөле» бо-

лып шығады дегенді аңғартқан сияқты - б.Н.). Әскер берсеңіздер 

де, бермесеңіздер де маған хабар беріңіздер. Соңында сізге көп 

жыл денсаушылық тілеуші - абылай хан. Сенімді болу үшін өз 

мөріммен растаймын».

Елде  тәртіп  орнатпаса,  старшындардың  өзара  бейбіт  өмір 

сүрулері мүмкін еместігін абылай хан түсінді.

абылай ханға ресейдің канцлері, Орынбор және Сібір губерна-

торлары сенімсіздік білдіріп, үнемі оның ордасына жансыздарын 

жіберіп, бақылап отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар 

айының 20-сы күні Омбыдан брегадир Фонфрауендорфтан пол-

ковник лестокқа жіберілген хатпен таныссақ, көп құпияға қанық 

боларымыз анық.

«Құпия хат.

Қырғыз-қайсақтың жерінде мына жағдайларды барлап білу 

қажет:

1.  Олардың  жасырын  әскерлері  қай  жерлерде  орналасқан, 



қандай мекенде, саны қанша, ресей жерінен қашықтығы қанша?

2. Оның тұрақты әскері бар ма? Қанша, қай жерде? Оның бас 

старшындары кім?

3. абылай сұлтанның негізгі мақсаты не? Негізгі басшылары 

кім? менің жіберген хатыма жауап болмады. Ол хат кімнің қолына 

берілген?

4. ресейге шабуыл жасайтын әскерлері бар ма? Шабуыл жасау 

ойлары бар ма? Егер болса, не үшін?

5.  Қытайды  жақтайтын  қырғыз-қайсақтар  немесе  басқа 

халықтар бар ма? Қанша?

6. Қырғыздардың басқадай бөтен ойлары бар ма? Көрші ел-

дермен қарым-қатынастары бар ма? Соғыс қаупі туып тұрған 

жерлері жоқ па?

7. бұқара, Қашғар, Жәркент, Ташкент, Түркістан, тағы басқа 

да жерлермен ұрыс-керістері бар ма? Олар өзара тату болса, тез 

арада олармен ымыраласуға ниеттері бар ма?

8. Жазда абылай сұлтан сырт жаққа, Көкшетау жағына көшіп 

бармақшы. Ол қайда барады, әрі қарай басқа жерге бармай ма?

9. батырларды сыртынан бақылау керек.

10. Қабылан сұлтан Орынбордан жіберілген аудармашы Гуля-

евты қысымға алыпты. ресей туралы ойын білу керек. Олардың 

қулықтарын ешкім байқамады ма? абылай сұлтан, Күлсары ба-

тыр, тағы басқаларды бақылауды өте құпия түрде жүргізу керек».

міне, жоғарыдағы тапсырманы оқып отырып абылай ханның 

ресейліктердің  айдауымен  жүрген  адам  еместігіне  анық  көз 

жеткіземіз. абылай ханның билік жүргізу жүгі аса ауыр болғанын 

байқаймыз.

Дайындаған  Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ


дін

8

//    «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №20 (1255), 13  МАМЫр  2015 ЖЫл   //



Қазіргі таңда Елбасының діни саясатын жүзеге 

асыру,  жастар  арасында  дәстүрлі  діни  танымды 

қалыптастыру,  қазақ  жеріне  ислам  дінінің  келуі 

және  оның  қалыптасу  ерекшеліктерін  түсіндіру 

жұмыстарын жаңғыртуымыз керек. Ислам дінінің 

қазақ  жеріне  келіп  орналасуы  да  өзі  тарихи 

кезеңдерден тұрады:

 751 жылы Талас шайқасы деп аталатын арабтар 

түріктермен қарақытайлар әскерін талқандауы;

- 999-1212 жылдары Қараханидтер хандығы 200 

жылдай қазақ жеріндегі Ислам мемлекетінің болуы.

- 1312 жылы алтын Орданың Исламды қабылдауы: 

1.Исламды қабылдаған алғашқы алтын Орда ханы 

– берке (1257-1266). Ол бату ханның інісі еді. Жаңа 

хан жас кезінен мұсылмандықты қабылдады. Ол 

хан болған кезде Исламды мемлекеттік дін ретінде 

жариялады. Әйтсе де, ұлы даланың көшпенді халқы 

мұсылмандыққа тек Өзбек хан (1312-1342) тұсында 

толықтай  өтті.  2.  Өзбек  хан  мен  оның  ұлы  әз  - 

Жәнібек ханның (1342-1357) тұсы алтын Орданың 

көркейіп, гүлденуінің ең жоғарғы сатысы болып 

саналады. Өзбек хан Исламды екінші рет  алтын 

Орда империясының мемлекеттік діні деп жарияла-

ды. Ол өз патшалығының аумағында мешіттер мен 

медреселерді көптеп салдырды. 

- 1460 жылдары құрылған Қазақ хандығы өзінің 

400  жылдық  тарихында  қазақ  халқының  бойы-

на  мұсылман  дінін  берік  орнатты.  Демек,  ата-

бабаларымыздың  жүріп  өткен  жолы  исламмен 

байланысын ешқашан да үзген емес, тіпті ислам 

дәстүрлерінсіз қазақ мәдениетін елестету де мүмкін 

емес. 


Қазіргі уақытта еліміздегі дін мәселесінің күн 

тәртібінде тұруына бір ғана себеп бар. Ол сенім мен 

танымға байланысты. Сенім Исламда бір ол барлық 

әлемдегі мұсылмандарға ортақ. Яғни, аллаһ бір, 

құран шын, пайғамбар хаһ. ал танымға келсек, әрбір 

мұсылман адам болсын, халық болсын өзінің ұлттық 

дүниетанымдық көзқарастарымен таниды. біздің ата-

бабаларымыз да осы әдістерді қолданған. 

Осы дәстүрлі діни таным дегенде - бұл қазақ 

халқының ғасырлар бойы өзінің болмысына сай 

қалыптастырған рухани құндылық. Оның өзегінде 

Ислам діні жатыр. Өйткені дін халықтың мәдени, 

рухани  болмысы  мен  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрін 

қалыптастыратын негізгі қайнар көзі. 

Жалпы дінге қатысты төрт мәселе бар: діни таным, 

діни сана бұларды қамтамасыз ететін діни сенім мен 

діни тәжірибе. Осы төртеуі де қазақта бар. біздің діни 

танымымыз фиқһта Әбу Ханифа мәзһабына, діни 

сенімде матуриди ақидасына және діни тәжірибеде 

Ясауи хәл ілімінің қабаттарына негізделген. Осы 

негіз  біздің  ойлау  жүйемізден,  дүниетанымдық 

қабаттарымыздан,  әдет-ғұрпымыздан,  салт-

дәстүрімізден көруге болады. 

Ясауидің  хәл  ілімі  дегеніміз  -  адам  туралы 

ілім, адамның ар-ожданы, жеке тұлғаның өз жан 

дүниесіне  үңіліп, өз бойының мінін түзететін ар 

ілімін қалыптастыруымен ерекшеленді. Сондай-ақ, 

адамның  кемелдікке  жетуі  теориялық  (шариғат) 

және практикалық (тариқат) таныммен өлшеніп қана 

қоймай, оны басынан өткеріп, өзінің хәлі арқылы ру-

хында сезініп, ол үшін адамның Жаратушыға махаб-

бат арқылы жетуге міндетті. Қоғамдағы моральдық-

этикалық нормалардың бұзылуы – иманның әлсіздігі 

мен нәпсінің үстемдігінің көрінісі, ал оны қалпына 

келтірудің негізгі жолы – махаббат. “Ғашықсыздардың 

иманы да, жаны да жоқ, олар–хайуан,” - деген Ясауи 

адамды тікелей рухани құндылықтарымен тәрбиелеу 

арқылы иман нұрымен ақиқатқа жетелеу керектігін 

уағыздайды. 

Өкінішке  орай,  қазіргі  таңда  Ислам  дінінің 

құндылықт арын  насихатт ауда  көптеген 

методологиялық  қайшылықтар  болғандықтан 

көпшілік  арасында  дінді  түсіну  қиынға  соғуда. 

Әсіресе жастар арасында дәстүрлі діни танымынан 

ауытқып, дінді дәстүрден алшақтап, өз тарихы мен 

мәдениетін терістеу «бидғат», «ширк» деген сөздерді 

жиі естиміз. Діни танымды анықтайтындар, әрине – 

жастар. Жастар дінге бет бұрып жатса, онда мемлекет 

тарапынан кері ағымдардың жетегіне кетпеуінің 

алдын алып, дұрыс және тиісті бағыт-бағдар беру 

керек. бұл тек жастар емес, тұтас ұлттың проблемасы 

деп қараған жөн.

Шәкәрім атамыздың сөзімен айтқанда: «Жаман 

тәпсір жайылып жер жүзіне, дін десе тұра қашты есті 

азамат» кейпінде қалмауымыз керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзіңде: «Қазақ дала-

сында ислам дінін орнықтырғандардың бірі – да-

нышпан бабамыз ахмет Ясауи осы жағдайларды 

ескере отырып, түркі жұртындағы ислам дәстүрлерін 

қалыптастырды.  Осы  дәстүрмен,  мінеки,  ата-

бабаларымыз  ғасырлар  бойы  өздерінің  ұлттық 

сана-сезімдерін  қалыптастырып  келеді»  -  дей 

келе, халықтың мәдениеті қай бағытта дамитынын 

айқындайтын – осы діни таным мен діни тәжірибесі. 

Егерде кез-келген халық өзінің дәстүрлі діни таным 

мен діни тәжірибе негіздерінен ажырайтын болса, 

онда ол халық өзінің рухани мәдени болмысынан 

ажырайды. Дін мен дәстүр үндескенде ғана дін да-

мып, дәстүр байиды. 

Түрік ғалымы, профессор Исмайыл Жақұттың: 

“Қожа ахмет Ясауи болмағанда, бүгінгі түркілердің 

нендей дінге ие болып, қандай сопылық жолдың 

ізбасары болатындығын елестетудің өзі қиын”, – деп 

жазғанындай, сопылық ілімінің арқасында түркілер 

бір тариқаттың жолына негізделді.

Қазақ  халқының  мұсылмандық  діни  түсінігі, 

шешендік сөздері, діни-дастандары, мақал-мәтелдері, 

кешегі жыраулар  поэзиясы мен би-шешендердің 

нақыл сөздерінің мазмұнына да көз жүгіртсек, әрине, 

аят-хадистерге  барып  тірелетініне  және  рухани 

құндылықтарымен негізделуіне куә боламыз. Қазақ 

даласында қиссашылдық дәстүр тамыр жайып, Кеңес 

өкіметі орнағанға дейін қазақтардың интеллектуалдық 

танымына  қатты  ықпал  етіп  келді.  Ғалым  алма 

Қыраубаева  қиссаларға  «Қазақ  ренессансының 

қайнары» деген баға берген. мәселен, алтын Орда 

кезеңінде араб, парсы мәдениетінің тасқыны түркінің 

төл дәстүрін, менталитетін айтарлықтай әлсіретті. 

бұл кезде түркі тілі шеттетіліп, «поэзия тек парсы 

тілінде жазылады», «ғылым тек араб тілінде орын-

далады» деген пікір қалыптасты. Сол дәуірде ең 

алғаш Әли есімді ақын «Жүсіп – зылиха» қиссасын 

түркі тілінде жырлайды. Оған басқа шайырлар үн 

қосып, пайғамбарлар қиссасын ана тілінде жырлауды 

дәстүрге айналдырды. Содан бастап, жойылуға шақ 

қалған түркі тілі жанданып, көркем сөз жанры қайта 

өрлейді. Жалпы қиссалар – адамды дін догмасына 

ұрынудан сақтайтын бірден-бір рухани иммунитет. 

Түрік халықтары рухани мәдениетінің қалыптасу, 

даму  тарихының  көрнекті  тұлғалары  махмұд 

Қашқаридың  “Диуани  лұғат  ат-түрк”,  Жүсіп 

баласағұнның “Құтты білік”, ахмет Ясауидің “Диу-

ани хикмет”, Сүлеймен бақырғанидың “ақыр заман 

кітабы”, ахмет Йугнекидің “ақиқат сыйы”, бурхануд-

дин рабғұзидың “Қиссасул әнбия”, Сейф Сарайдың 

“Гулистан  бит-түрки”  сияқты  Қарахандықтар 

билігі  мен  алтын  Орда  тұсында  дүниеге  келген 

жәдігерлердің шығармалары соның жарқын дәлелі. 

бұл шығармалары қазақ поэзиясының исламдық-

эстетикалық негіздері болып саналады. Ислам тари-

хына байланысты жырланған жыр-дастандар ұлттық 

әдебиетіміздің нағыз халық табиғатын танытатын 

маңызды шығармалар болып табылады. 

б.Әзібаеваның пікірі бойынша “біріншісі, Ислам 

дінін таратушылардың іс жүзіндегі (мешіт, медресе) 

үгіт-насихат жүргізуі арқылы жүзеге асса, екіншісі—

ақынжанды дала тұрғындарының жан-жүрегіне тасқа 

басылған жыр сөздермен (діни дастандар) әсер ету 

арқылы орындалған тәрізді”, сенім екі жол арқылы 

халықтың көкейіне қонып отырды. Әсіресе, соңғы 

“жол” қазақтың иманының күшейуіне қатты әсер 

етті. Себебі, бұл аталмыш діни дастандар, қисса, 

жыраулық  дәстүрі  қазақтың  рухани  сұранысын 

қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге сырт-

тан  келген діни миссионерлерге, рухани экспанцияға 

да қарсы тосқауыл бола білді. алайда, Кеңес үкіметі 

кезеңіндегі қазақ зиялылардың діни-рухани мәндегі 

туындылары жарық көрмей және рухани мұраларын 

жою, құрту қатігездікпен іске асырылған. Дегенменде, 

қазақ дүниетанымындағы исламды түп тамырын жоя 

алмады, сол үшін ұлттық дүниетанымды сақтап қалу 

үшін қайта жаңдандыру қажет. 

Сан ғасырлар бойы халық көкірегінде жатталып, 

біздің дәуірімізге дейін жетіп қазақ топырағында 

қалыптасқан жыраулық дәстүрдің үлкен екі мектебі 

болған. Олар ХV ғ. бастап, ХХ ғ. дейін маңғыстау 

өңірінде  «Тіл  таңбалы  адайдың  ақындары» 

(абыл  Тілеуұлы,  Қалнияз  Шопықұлы,  Нұрым 

Шыршығұлұлы,  т.б.) және Сыр бойындағы «Сыр 

сүлейлері»  (асан,  бұхар,  Қарасақал  Ерімбет, 

Шал  ақын,  Шалкиіз,  мәшһүр  Жүсіп,  Кердері 

Әбубәкір  т.б.)  қазақ  халқының  мұсылмандық 

дүниетанымын таратқан тұлғалары. Дәстүрлі діннің 

негізгі қағидаларын ашып көрсететін Құран аяттары 

мен Хз. Пайғамбардың хадис құпияларынан сыр 

шертетін, әрі танымдық тұрғыда жазылған еңбектер 

де жеткілікті. Халқымыздың рухани мұрасы дастан-

дар  мен  жырлар  діни  құндылықтардың  далалық 

философия мен ұлттық тәрбиенің негізіне айналып, 

ұлт мүддесіне қызмет етті. Хз. Пайғамбардың (с.а.с.)  

“Дін – насихат” деген қағидасын еске алсақ, онда 

қазақ ақындары бұл өсиетті өз деңгейінде орындаған. 

Сонымен,  Ислам  діні  негізінде  пайда  болған 

сопылық VІІІ ғасырда өмірге келе отырып, қазірге 

дейін қазақ поэзиясына өзіндік әсерін тигізіп келеді. 

Сыр  бойындағы  ақын-жырауларының  сопылық 

поэзиясына әсері болған. Сондықтан олардың жыр-

дастандарында  сопылық  сарындар  көрініс  беріп 

отырған.  Сопылық  поэзияны  айта  кету  -  біздің 

қазақ әдебиеттану ғылымы үшін де мәні бар. Себебі 

ортағасырдағы әдебиеттің үлкен бағыты - сопылық 

поэзия болып есептеледі. 

Қазақ даласында пайда болған сопылық әдебиет 

дегеніміз  - адамзаттың дүниетанымын тәрбиелеу, 

аллаға деген ғашықтық және ішкі-сезімді жырлау. 

мұнда шартты түрде берілетін сопылық тіркестер 

мен символдар (нәпіс, зікір, шариғат, тариқат, ақиқат, 

мағрифат, мағшұқ, пірмұған, сұхбат, фәнәфилла және 

т.б.) кездескенімен де, терминдер ұшыраспайды, әрі 

сопылық жолға үгіттемейді. Осы негізгі тіркестер 

мен символдық атаулардың шығарма ішінде көрініс 

беруі - сопылық әдебиеттің алғышарты деуге болады. 

Сондай-ақ,  шығарма  мазмұны  жағынан  айтылар 

негізгі ой астарланып, тұспалданып беріледі. Оны ал-

легория, метафора, теңеу сияқты әдеби терминдермен 

байланыстыруға негіз бар. Кез келген ақындардың ой-

лары барынша жұмбақтала түседі. мысалы, Шәкәрім 

қажының түсінігінде, Хақты көру үшін пенде зікірге 

мас болып, жүректі тазалау керек:

Көрем десең Жарымды, мас бол, жүрек тазала.

Өртеп  жібер  барыңды,  Қарсы  ұмтыл  қазаға. 

Шәкәрім қажы бұл өлеңінде Жаратушыны - Жар деп 

алған. ал, Ясауи оны көбінесе, Хақ атауымен берген.

Хақ жамалин курай десаң фана болғыл,

Фана болып, хақ жамалан курдим ман-а. Сондай-

ақ Әбубәкір Кердерінің төмендегі өлең жолдарынан 

байқай аламыз:

Сопылық деген ауыр жол,

Пендеге зарар етпеген,

Ұстап жүрсең тәуір жол

Сопылықты іздесең

Дүние қуып кетпеген...

Оқыған көп ғалым бол.

аллаға ғашық дос болған,

атқан оққа төзгендей,

Шайтанменен қас болған,

Қара  тастан  қалың  бол.  -  деген  екен.  Осыған 

ұқсас  өлең  тармақтары  бірнеше  ақын-жырау 

шығармаларында кездеседі.  Әрине, жыраулардың 

барлығы бірдей сопылық жолда болған, пірге қол 

беріп,  зікір  салған  деп  айта  алмаймыз.  бірақта 

олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар 

көрінісі байқалады.  Қасиетті Құранның «Ниса» 

сүресі 103-аятында «Намаздарыңды өтегеннен кейін, 

алланы тұрып та, отырып та, жантайып та еске 

алыңдар (зікір етіндер)» осындай аяттарға байланы-

сты ақын-жырау ақтан Керейұлы:

Шариғат шамын жандырған,

Кәләмға көңіл қандырған.

Жамағат жиған алқалап,

Салауат айтқан аллалап.

зікірмен зарлап түн қатып,

Нәпсісін шапқан балталап.

Шайтанды сеспен қашырған,

Көкірек көзі ашылған, - деп қазақ халқының діни 

танымы сопылық арқылы қалыптасқандығы белгілі. 

Демек, сопылық танымды жоққа шығару деген сөз, 

бүкіл  қазақ  халқының  дүниетанымын,  тарихын, 

мәдениетін және діни тәжірибесін жоққа шығарумен 

тең  болады.  «Сыр  сүлейлері»  деп  аталатын  сыр 

бойы ақын-жырауларының бірі болған Қарасақал 

Ерімбеттің:

Әуелі сұра,тілім медет Хақтан.

Талайлар медет тілеп жәрдем тапқан

Сен кімге Хақтан өзге сиынасың,

Халық еткен бұл әлемді бар мен жоқтан – деп 

жырлаған. Қазақ поэзиясында шығыстық сарындағы 

ақын жыраулардың ішінде Сыр өңірі жырауларының 

алатын орнына көптеген зерттеушілер де жоғары 

баға берген.

мәселен, а. байтұрсынұлының пікірі бойынша: 

«Қазақтың өлеңді сөзді сүйетін мінезін біліп, дінді 

халыққа молдалар өлеңмен үйреткен. Дін шартта-

рын, шариғат бұйрықтарын өлеңді хикая, өлеңді 

әңгіме түрінде айтып, халықтың құлағына сіңіріп, 

көңілдеріне қондырған», 

м.Әуезовтың: «Ол замандағы сұлу-сымбатты өнер, 

өлең, жыр түгелімен құдай жолына істеген мінәжат 

сияқты жүрек қанын ағызған өлеңмен, күңіренген 

бәйітпен жаратқан иесіне дұға оқитын. Ол кездегі 

ақындық өнерінің өзі де құдайға істеген құлшылық 

болатын. Жақын күншығыста әдебиет өнерінің бір 

ұзақ дәуірі осы бәйітпен өтеді. бұның мысалы, Физу-

ли, Қожа Хафиз, мағари, Қожа ахмет Яссауи, Сопы 

аллаяр», «Қазақ ортасына Ислам дінінің тарауына 

көбінесе қазақтың ақындықты сүюі себеп болды деген 

дұрыс пікір. Елге не жайылса да, әдебиет өлшеуінің 

біріне түскен соң ғана жайылатын болған. Өлеңсіз, 

әңгімесіз, сұлу сөзсіз келген құрғақ үгіт болса, он-

дайды ел тыңдамаған да ұқпаған, ықылас қоймайтын 

болған. Сондықтан мұсылманшылық дін де қазақ 

елінің табиғатына, ыңғайына қарай ұйысып келген», 

Өзбек ғалымы Х.Кароматовтың: «Ислам дінін 

қабылдаған халықтардың тарихы өзгергенімен де, 

Құранның мәтіні өзгермеген. Құран мәтіні мезгіл 

және мекенмен үндес жүріп, әр халық дамуының 

белгілі бір кезеңдерінде одан үнемді пайдаланып 

отырған әрі құрани дүниелерді әдеби шығармаларға 

алып  келген.  Сондай,  ұлттық  әдебиеттің  Құран 

мәтінімен синтезі нәтижесінде көркем және діни-

дидактикалық  шығармалар  жаратылған»,  -  деп 

жазғанында  қазақ  даласында  пайда  болған  діни 

қисса-дастандарды меңзеген.

Қазақ әдебиеті тарихының X-XІ ғасырлардағы 

кезеңі «Ислам дәуіріндегі әдебиет» деп аталынады. 

бұл  кезеңдегі  қазақ  әдебиеті  тарихын  құрайтын 

ақындардың мұралары түрік халықтарына ортақ 

болғанымен, біздің төл әдебиетіміздің кейінгі даму-

ына жалғасқан исламдық дүниетанымның негіздері 

сол кезеңде қалыптасты. Ислами әдебиетті жүйелеуде 

ғалымдар төртке бөліп қарастырған: дәстүрлі ислами 

әдебиет, ислами астар алған әдебиет, сопылық әдебиет 

және сопылық астар алған әдебиет.

мәселен,  Хз.  Пайғамбардың  (с.ғ.с)  «Құлдың 

жүрегі түзелмейінше, иманы түзелмек емес. ал тілі 

түзелмейінше, жүрегі түзелмейді» өсиеттеріне сай, 

қазақ зиялылардың бойындағы мұсылманшылық 

парыздарын тілімен де, жүрегімен де насихаттағанын 

байқауға қиын емес. мұсылманшылықтың абзалы 

жүректегі  иманның  дүние  тіршілігінде  көрініс 

табуында екендігін жақсы түсінгендіктен Әбубәкір 

Кердері: 

«мұсылманшылық кімде жоқ

Тілде барда, ділде жоқ»  - деп, ар тазалығына 

негізделген имани іліміне адал болған. Демек, адамның 

ішкі жан-дүниесі сыртқы дүниенің негізі және сыртқы 

дененің әрекетінің қозғаушы күші болып табылады. 

Жаратушының негізгі талаптары – білім үйреніп, 

өмірдің рухани және материалдық заңдылықтарын 

игеру,  соның  негізінде  өзіңді  жетілдіре  отырып, 

ақиқатты танып білу. абай атамыздың айтқанындай: 

«Жүректiң көзi ашылса, Хақтықтың түсер сәулесi. 

Iштегi кiрдi қашырса, адамның хикмет кеудесi»,- 

дегендей  осының  бәрін  орындауда  білімділікті, 

сабырлықты, еңбексүйгіштікті қамтамасыз етіп және 

қоғамға қызмет етуді талап етеді.  

Қоғамдағы  жат  ағымдардың  идеологиясына 

қарсы  «Уды  у  қайтарады»  дегендей,  алдын  алу 

жұмыстарының  ең  белсенді,  әрі  ықпалдысы  – 

дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғырту керек. 

Жан тазалығына, ар тазалығына негізделген, сыртқы 

көріністегі емес, жүректегі иманды қасиет тұтқан 

ұлттық рухани құндылықтарымызға оралу, оларды 

кеңінен насихаттау арқылы жат ағымдардың идео-

логиясына тосқауыл қоюға болады.

Қазіргі таңда жастарымыздың жадында дәстүрлі 

діни сана мен ұлттық идеологияның қалыптасуына, 

діни  таным  мен  ғылыми  таным  арасындағы 

үйлесімділік пен тепе-теңдікті жаңғыртуына байла-

нысты күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет