Ел тілЕгі Шіркін, Ұланның қымыз-ай! Шорабек алпыстың асқарында



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата06.03.2017
өлшемі5,83 Mb.
#8099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Айсана НҰРБАп

Қалың оқырмандарға берері мол жаңа ғылыми  

кітапта  батыр  бауыржан  момышұлының 

мыңбұлақтан  мәскеуге,  Орта  азия,  Европа 

елдеріне  дейінгі жүріп өткен жолынан 1000-нан 

астам  топонимикалық  атауларға  түсініктеме 

берілген. Екі бөлімнен тұратын кітап бауыржан 

момышұлының табаны тиген жер-су атаулары 

жайлы мәлімет беруімен қатар, оның  азаматтық 

қырын, әскери стратегияның асқан білгірі және 

ұлт жанашыры ретіндегі болмысын суреттейді. 

Салтанатты тұсаукесер рәсіміне қатысқан ТармУ-

дің бірінші проректоры  асқар абдуалы бастаған 

бір топ ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері де бұл 

кітаптың бауыржан момышұлы шығармашылығын 

топонимикалық  бағытта  зерттеуге  арналған  

тұңғыш еңбек екендігін баса айтып өтті. Шара 

барысында сөз алған жазушы-драматург Елен 

Әлімжан жаңа кітаптың  бауыржан момышұлы 

шығармашылығын  дәріптеуде  жасалынған 

жұмыстың ауқымдысы екендігін тілге тиек етіп, 

кітап авторларының ізденісіне өз ризашылығын 

білдірді. Кітапқа алғы сөз жазған ф.ғ.д., профессор 

мекемтас мырзахметұлы айтқандай, б.момышұлы 

шығармашылығының  ішкі  логикасындағы 

философиялық  сарынды  бір  қырынан,  ал 

топонимдерін екінші қырынан шығарма арқауы 

етіп    алған  кітаптың  өскелең  ұрпақ  бойына 

«мәңгілік ел» идеясын сіңіріп, ұлттық идеологияны 

қалыптастырудағы маңызы айрықша. Себебі, бұл 

кітапта б.момышұлы шығармашылығындағы 

топонимикалық атаулар тарихи-лингвистикалық, 

лексика-семантикалық бірізділікке келтірілген. 

Әрі кітаптың құндылығы сол б.момышұлының 

30 томдық шығармаларындағы топонимдердің 

жинақталып, сөздік жасалуында жатыр. мысалы, 

осы оқулықтағы б.момышұлының туған жер мен 

балалық шақ, есею жылдарына қатысты топонимдер 

тарауында Әулиеата, мыңбұлақ, Евгеньевка, 

бурное сынды жер-су аттарын кездестіруге болады. 

Осыған орай, жиын барысында  өз пікірін білдірген 

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту 

басқармасының терминология және ономастика 

бөлімінің  басшысы  мөлдір  абашова  да  бұл 

еңбектің біздің өңірдің топонимдеріне тарихи 

сипаттама берудегі мол дерек көзі екендігін айтты. 

ал өз кезегінде б.момышұлы шығармаларының 

философиялық  сарыны туралы ой қозғаған кітап 

авторы,  философия ғылымдарының кандидаты, 

профессор  Тәуекел  Жаңақұлов  фашистік 

Германиямен  Кеңес Одағы арасындағы шешуші 

ұрыстың бірі де бірегейі москва үшін шайқаста 

көзсіз ерлік көрсеткен батыр  б.момышұлының 

терең әскери білімі мен майдан даласындағы 

айлакерлігімен қатар, қазақ тілінің тағдырына 

алаңдаушылық білдірген тұлға ретіндегі қасиетіне 

баса назар  аударды.  аталған кітаптың тағы бір 

авторы зиба Құламанованың айтуынша, бұл еңбекте 

бауыржан момышұлының жүріп өткен жолдарына 

топонимикалық  зерттеу жүргізудің астарында  

қазақ баласының майдан даласындағы шешуші 

ұрыстағы ерен ерлігін көрсету  арқылы келер 

ұрпақтың бойына патриоттық  сана сезімін арттыру  

сынды мәселелер жатқан көрінеді. Сонымен қатар 

жиын барысында зиба абдуллақызы  бұл кітаптың 

осы бағытта ізденіс жүргізуді мақсат тұтқан 

жастар үшін бағыт беруші құрал екендігін тілге 

тиек етіп, кітаптың  әлі де толықтырылып, ондағы 

мәселелердің толыққанды зерттеліп қайта жарық 

көретіндігін баса айтты.  



Орта

14

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №20  (1255),  13  мамыр  2015 Жыл 



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

бақтияр жеті қызын аялап өсірген ардақты әке. бұл 

шаңырақтан түлеп ұшқан қыздар бүгінде жеті үйдің 

түтінін түтетіп отыр. Солардың бірі Нақтыгүл апайдың 

жолдасы мүбәрхан ақсақал өзінің алты бажасын мақтан 

тұтады. «Төрт аяқтыда бота, екі аяқтыда бажа» тату сөзінің 

айғағындай болып, әсіресе өзімен тетелес Құрманқұл 

бажасының мүбәрхан десе шығарға жаны бөлек. 

бүгін де «Жамбыл-Тараз» редакциясының ал-

дында темір тұлпарымен тілшілерді тосып алып, 

бажасының үйіне тартты. Оның себебі мүбәрхан 

бажасы  жетпістің  бесеуіне  келген  шағында 

ерлік жасап, көрші-қолаңға батыр атанған бажа-

сын  тілшілермен таныстырмақ. бәрін басынан 

бастайық. 

Нұрекеевтер ұлын ұяға, қызын қияға қондырған 

үлгілі отбасы. Отағасы мүбәрхан мен отанасы 

Нақтыгүл әжей екеуі мамыражай тыныштыққа 

бөленіп, ішкі бөлмеде теледидар көріп, дастар-

бейбіт күннің батырлары

 

„



 Жиырманың бесеуіне  жете қабыл, тепсе темір үзетін қос жігіттің бетпердесін сыпырған қос қария 

жедел жәрдем шақырып, ұл-қызына қоңырау шалып, болған істі тәртіп сақшыларына жеткізеді. 

хан басында шәй ішіп отырған. Есігі 

көшеге  қараған  бөлмені  азын-аулақ 

азық-түлік, тәттілер сататын кішігірім 

дүкен жасағандарына көп бола қойған 

жоқ еді. Кенет сол дүкен жақтағы темір 

есік сықырлап қоя береді. мүбәрхан атай 

көріп келмекке беттегені сол, іштен ілінген 

есіктің ілгішін сырттан ашып, ішке енте-

лей енген екеу қарсы алдынан шығады. 

Қалың қара шұлықты бастарына  киіп, қол 

көтеруді талап етіп, қос  мылтықпен баса 

көктеп кіріп келген екі жігітті көргенде, 

мүбәрхан қарттың есіне бірден аяулы 

жары Нақтыгүл әжей түсіп, оны жазым-

нан қалай қорғап қалатыны жайлы ойға 

шомып үлгереді.

 –  «Стоять! Стоять!»,- деп сайраған 

екеудің даусын естігенде, ең бірінші есіме 

ішкі бөлмеде қаннен қаперсіз отырған 

жұбайым  түсті.  Сол  қорқып  қалатын 

болды ғой, деген ызалы ойдан бойымды 

ашу кернеді. «Әйелім мыналарды көрмесе 

екен, ол келгенше тындырып тастайын» 

деген ниетпен алдаусыратып «Жігіттер 

сендерге не керек?» деп жақындап барып, 

алдындағысына  қалай  атылғанымды 

өзім де білмей қалдым. Көкірегіне тиген 

соққыдан есеңгіреп барып, қолындағы 

шолақ мылтығын көтеріп қалғанда оны-

сы аспанға ұшып кетті. Қайта ұшып келе 

жатқан мылтығын қолтығымен қысып, 

тосып алды. Иығынан қос қолыммен 

қапсыра құшақтаған күйі жұтқыншағынан 

дәлдеп тұрып тағы да соққы бердім де 

астыма мытып ұстап, тырп еткізбедім. 

Не бері қарай өте алмай, не маған қолы 

жетпей, әріде досы тұр.  Екеуімен  екі 

жақтан арпалысып жатқанда,  әрідегісі 

қаруымен  басымнан періп жіберді. ар 

жақта тасұр-тұсыр құлаған ыдыстардың 

дыбысы естіліп жатты. Осы сәтте іштен 

әйелім жүгіріп шықты. Өзімде осы сәттен 

қорқып едім. «Жүрегі шайлығып қалатын 

болды ғой» деп ойлап үлгергенім сол, мен 

қорқақ деп жүрген әйелім мен ойлағандай 

қорқақ  емес  екен.  «Оңбағандар! зей-

неткер кісіні қорлап не істеп жатсыңдар 

сендер? мен танып қойдым сендерді!» 

деп өктем сөйлеп жүгіріп кірді. арғы 

жақтағысы әйелімді ұруға ұмтылғанын 

көрдім де бұрышта тұрған балғаны көтере 

бергенім сол еді, сабы қолымда қалып 

қойды да, балғаның басы ұшып кетті.  

«мүбархан, масканы шешейік» деп әйелім 

мен  ұстап  отырған  балаға  ұмтылды. 

мен де бір қолыммен маскасынан ұстай 

алдым. Екеулеп тартып капюшонымен 

бірге бет пердесін жұлып алдық. Жап 

жас, сүйкімді қазақ жігіт екен. Осы кезде 

арпалысып жатқанда бірнеше рет тиген 

соққыдан басымды қан жауып кетті де, 

әлгіні қоя бердім. Ол басын салбыратып, 

жұтқыншағына тиген бірнеше соққыдан 

тік жүре алмай, еңкейген күйі тәлтіректеп 

шығып бара жатты. Досы да безіп шықты. 

балғаның ұшып кеткені дұрыс болды, 

әйтпесе өліп қалатын еді бейшара бала,- 

дейді ақсақал.

- бойыңызды үрей билеген шығар, қап-

қара бетперде киген әлгі қарулыларды 

көргенде?,- дедім осы тұста Нақтыгүл 

әжейге.


-мен алғашында туыстар келіп қалған 

екен  деп  асүйден  бері  өтуге  асыға 

қоймадым. Тарс-гүрс еткен дыбыстарды 

естігенде барып жүгіріп келсем, бірін 

күйеуім жығып алып төмпештеп жатыр 

да, екіншісі ар жағында кептеліп, бергі 

жаққа өте алмай жолдасыма пистолетін 

сермеп тұр екен. бұл көріністі көргенде 

ешқандай қорықпадым. Қайта жолдасы-

ма қол жұмсап, одыраңдап тұрғандарға 

жыным ұстап, бойымды ыза кернеді. 

арғы жақтағысы күйеуімді қойып, енді 

мені ұрмаққа қаруымен ұмтыла бергенде, 

қолын қағып жібердім. Қолындағысы 

ұшып кетті. Осы сәтте «бетін ашайық» 

деп біреуінің басындағы маскасына жар-

мастым. Сөйтіп, бетпердесін сыпырып 

алдық. бәрінен де жуырда ғана жүрегіне 

ота жасалған жолдасымның аман- сау 

қалғанына қуандым,- дейді Нақтыгүл апай 

жанарына келген жасын іркіп.

Жиырманың  бесеуіне    жете  қабыл, 

тепсе темір үзетін қос жігіттің бетпердесін 

сыпырған  қос  қария  жедел  жәрдем 

шақырып, ұл-қызына қоңырау шалып, 

болған істі тәртіп сақшыларына жеткізеді. 

алайда, әлгі қос қарақшыны іздеп, бай-

балам жасаудан аулақ.  айдың күннің 

аманында қару асынып, күш көрсетіп, 

ұрлық жасап күнелтуді көздегендерден 

өш алуды мақсат тұтпайтынын жеткізді. 

«Жанымыздың садағасы. бас жарылса, 

бөрік ішінде»,- деп, шүкіршілік етті бір-

бірінің амандығын ойлаған қос батыр.



Арсен БАЙЗАҚ

Он жеті жасында осындағы ФзУ-ға қабылданады. бұл кез Түркісіб 

темір жолы салынып, бүкіл елді дүрліктірген мезгіл болатын. 

Училищені бітірген соң жолдамамен аягөз станциясына келіп, 

жұмысқа орналасады. бұл Ошақбайдың алғашқы еңбек қадамы еді. 

бір айда Әулиеатадағы техникалық мектепке оқуға жіберіледі. Одан 

соң қайтадан аягөзге келіп, вагон қараушы мамандығы бойынша 

қызметін жалғастырады. Өз құрдастарымен бірге әскери борышын 

өтеуге аттанады. Қолына қару ұстап, Отан қорғау ісін күн санап 

үйреніп машықтанғалы бір жыл сырғып өте шығады. 1939 жылдың 

күзінде фин соғысы басталады. Ошақбайдың ұрысқа әлденеше рет 

кіріп, оны жеңіспен аяқтаған кездері аз болған жоқ.

1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталып 

көпшілік тағы да қиындықты бастан кешіреді. Нақ осы сәтте 

Ошақбай Сатыбалдиев  Псков қаласы маңында болатын. алғашқы 

рет жаумен 3 шілде күні бетпе-бет кездесті. Қиян-кесті шайқастар 

көп күнге созылды. бақайшағына дейін қаруланған гитлершіл 

фашистер кеңес әскерлерін кейін қарай тықсырта берді. Полк май-

дан шебін Старорусь, ленинград  бағытына қарай бұрып, осында 

қорғаныста болды. Осы жылы Ошақбай бір топ жауынгермен Қазан 

қаласында үш айлық әскери курстан өтеді. Оны бітірісімен жауын-

герлер Горький қаласына келіп түседі. 1942 жылдың наурызында  

осында 11-танк корпусы жасақталады. О.Сатыбалдиев 160-танк 

бригадасына Т-34 маркалы танктің аға механигі болып бекітіледі. 

Көп кешікпей бригада ұрысқа шығу туралы бұйрық алады. Воронеж 

қаласы түбінде неміс-фашистеріне қарсы тұтқұйылдан шабуыл 

жасау танк полкына  жүктеледі.  Қан төгіскен шайқастар бірнеше 

тәулікке созылады. Жауынгерлер бір адым кейін шегінбей, табан 

тіресіп шайқасады. аға механик О.Сатыбалдиев осы шайқаста 

асқан ерлігімен көзге түседі. Үш рет жарақат алады. Сөйтседе 

ұрыс даласын тастамайды. Сөйтіп қала жау қолынан азат етіледі. 

бұдан кейін полк Орел, Невель, Елец, брянск қалалары маңындағы 

ұрыстарға қатысады. Сосын оңтүстік майдан құрамында запо-

рожье, Ворошиловград қалаларын жаудан боса-

тады. О.Сатыбалдиев бұл ұрыстарда дұшпанның 

бірнеше техникасын жойып, көптеген солдаттарды 

мерт етеді. майдангер төртінші Украина, бірінші 

белорусь майдандарында болып, талай-талай ірі 

шайқастарды бастан кешіреді. Оқ пен оттың ара-

сында жүріп, жауына қырғидай тиеді. Совет жері 

жаудан азат етіліп, ұрыстар ендігі жерде Польша 

жерінде жалғасады. Кеңес әскерлері берлинге 

қарай бағыт түзейді. 1945 жылдын сәуір айының 

аяғына таман берлин үшін бұрын –соңды болмаған 

айқас басталады. бұл шайқаста Кеңес Одағының 

жеңісімен аяқталды. Жеңісті тойлағандардың 

ішінде танкист О.Сатыбалдиев те бар еді.  

Иә,  төрт  жыл  бойына  темір  құрсаулы 

танкіні меңгеріп, жауына арыстанша атылған 

О.Сатыбалдиевтың жүріп өткен жолында ерлікке 

бергісіз оқиғалар аз емес-ті. Еліміздің әр сүйем 

жері үшін қаншама қан төгілмеді десеңізші. бұл 

ретте Ошақбай Курск ішіндегі қырғын шайқасты 

әсте ұмыта алмайды. 

1943  жылы  қақаған  қыс  суығында  мечта 

биіктігін жау әскерлері кешке қарай басып алады. 

Осы биіктіктен небәрі бес-алты шақырым жерде тұрған орман 

арасындағы танк отрядына таң атқанға дейін қалайда жаудан мечта 

биіктігін қайтарып алуға тапсырма берілді. Түн ішінде танкілермен 

шабуыл жасалады. бұл шабуылға неміс солдаттары төтеп бере ал-

май, биіктікті тастап қашуға мәжбүр болады. Жаудың қару-жарақ 

қоймасы жойылып,  170 солдаты тұтқынға алынады. 

Осы  жолғы  шайқаста  О.Сатыбалдиев  «Қызыл  Жұлдыз» 

орденімен, ал Ковель қаласын алғаны үшін екінші «Қызыл Жұлдыз» 

орденімен, Варшаваны алғаны үшін  ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, 

Орелды алғаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен, берлинді алғаны 

үшін үшінші рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградталады. 

Соғыстан соң туған еліне оралған Ошақбай Сатыбалдиев 

бейбіт еңбекке араласып, 1981 жылы құрметті еңбек демалы-

сына шықты.

Ошекең бейбіт өмірде де майдандағыдай еңбек ерлігін жасап, 

тамаша істер атқарды. Оның омырауындағы наградаларды бейбіт 

заманда алған медальдар толықтыра түсті. Сөйтіп, Ошекеңнің 

медальдарының саны 22-ге жетті. Ошекең бақытты отбасы болды. 

Жұбайы Надуева Шырын екеуі  11 ұл мен қызды тәрбиелеп өсіріп, 

солардың қуанышын көрді. ардагер азамат, ержүрек жауынгер 

1993 жылы қайтыс болды.

Даңқты танкист

 

„

Ошақбай ата-анасының ыстық бауырында балалықтың ерке дәуірін, бал қызығын емін-еркін өткізе алмады. Екі жасында әке-



шешесінен жетім қалды. Нағашысы оны қолына алып, жетімдік тақсіретін сездірмей өсірді. бұл алты жасқа толғанда нағашысы 

дүниеден қайтты. бұдан кейін Әулиеатадағы балалар үйінде тәлім-тәрбие алады. Оңы мен солын таныды. Өмір мәніне ой жүгіртіп, 

болашағына талпынады. 

тағдыр сыны  сындырмаған.

  


тіршіліК

15

   //    «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №20 (1255),  13 МАМЫр  2015 ЖЫл   //



g

 Қамшының сабындай ғана өмірін ел мен ұрпақтың 

игілігіне арнаған жандардың қашан да рухы биікте, абы-

ройы асқақ. Ондай азаматтарды ұмыттыруға уақыттың 

да құдіреті жете бермейді. Арамызда жүрген жақсы 

адам өмірден өтіп кетсе де, көңілден ешқашан өшпек 

емес. Оның артында ұстамы жақсы ұрпақ, қабырғаны 

қайыстырған қимастық пен Алатаудай сағыныш 

қалатыны сөзсіз. Ал егер ондай жан өзіңнің әкең болса 

және дәл қазір бұл дүниеде жоқ болса,  сөзсіз асқар 

тауынан айрылған даладай күйде  қаласың.  Дегенмен, 

өзінің жастық шағынан бастап өмірінің ақырына дейін 

абыройлы еңбек етіп, ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, 

Қр еңбек сіңірген педагогі, елдегі білім беру жүйесінің 

талантты қызметкері болған, бар ғұмырын халықтың ба-

ласын тәрбиелеуге арнаған әкенің  ұрпағы болудың өзі 

де мақтаныш. Әкеміз марқұм Омаралы Іңкәрбекұлының 

рухына тағзым ете отырып, ол туралы жазылған 

естелігімізді оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік. 

САғынып ЕСКЕ АлАМыЗ

Әкеміз – Омаралы Іңкәрбеков 1932 жылы 5 

каңтарда луговой ауданы (қазіргі Т.рысқұлов) 

Жамбыл  атындағы  колхозда  дүниеге  келеді. 

1949 жылы ақыртөбе орта мектебін, 1953 жылы 

ҚазПИ-дің физика-математика факультетін үздік 

бітіреді. 1953 жылдан 1996 жылға дейін ақыртөбе 

орта мектебінде математика пәнінен сабақ береді. 

Еңбек жолының 30 жылға жуық уақытын мектеп 

директоры қызметінде өткізеді. білім саласында 

болашақ ұрпақты тәрбиелеуге қосқан көп жылдық 

жемісті еңбегі үшін «Қазақ ССр оқу ағарту iciнің 

үздігі» (1968), «лениннің 100 жылдығы» (1970),  

«Еңбек Қызыл Ту» (1971), «Еңбек ардагері» (1984) 

сияқты марапаттарға ие болған, сонымен қатар Т. 

рысқұлов ауданының Құрметті азаматы (2001ж.).

Иә, бүкіл саналы ғұмырын болашақ ұрпаққа 

тәрбие  беру  жолына  сарп  еткен  әкемізді  еске 

алғанда көз алдымызға тек оның жақсылықты 

жар  салып  жүретін  ақпейіл  мінезі  мен  әкелік 

қамқорлығы  келеді.  Еңбегімен  елінің  есінде 

қалған,  тумысынан  тәрбиеші,  тәлімгер  әкеміз 

қаншама шәкіртті қанаттандырып, үлкен өмірге 

жолдама берді.

Әкеміз өмір бойы өздерінің қолдарына оқудың 

қандай  қиыншылықпен  келгенін  еш  ұмытқан 

емес.  Күні  бойы  қызметте  шаршап  жүрсе  де, 

немқұрайлыққа салмай, кешкілік «Сабақтарың 

қалай, үй тапсырмасын орындадыңдар ма?» деп, 

үнемі бақылап отыратын. Әрине, бала тәрбиесі тек 

сабақ орындаумен шектеледі десек қателескеніміз.  

Әкеміз  бен  анамыздың  балаларының  рухани 

байлығын,  танымын  дамытуға,  жан-дүниесін 

оятуға себеп болған бойларындағы туа біткен 

қасиеттері еді. Сөз таныған кезден бастап абай, 

а. байтұрсынұлы, ы.алтынсарин әңгімелерін, 

толассыз ғажайып ертегілер мен батырлар жыр-

ларын естіп өстік. 

адамның  асыл  қасиеті,  ақыл-парасаты  көзі 

тірісінде емес, өзі өмірден озғанда айқынырақ 

бағалана  ма  деп  ойлайсың.  Қазір  сенің  айтар 

ақылың, әрбір істі шешердегі сабырлылығың, 

турасын кесіп айтар нақтылығың жетіспей, орның 

үңірейіп, ойсырап тұрғандай. Кез келген қиын 

жағдайда тығырықтан шығар жолды ойланып, 

толғанып, ақыл таразысына салып, ең соңында 

кесімді пікіріңді қысқа ғана тұжырымдау – саған 

ғана тән асыл қасиет еді. адамдарға ұдайы шапағат 

нұрын шашып, әркімнің жетістігін іштей бағалап 

әрі байсалды мінезбен ақырын ғана мынаны былай 

ету керек еді деген ықыласын білдіруші еді.

Әке-асқар тау деп бекер айтылмаған, басыңа 

қиын іс түскенде демеу беріп, әкелік күш қайрат 

беретін адамың болса қандай жақсы. Қиналған 

сәттеріңде,  жаның  аналық  мейірімділікпен 

қоса әкелік қамқорлықты да іздейді екен. бірақ, 

амал  қанша  қолда  бар  алтынның  қадірі  жоқ 

деген.  Әкеміз  жарықтық  өмірінің  ақтық  демі 

таусылғанша бейнетшілікпен кетті. балаларына 

деген қамқорлығы аса биік, қолы ашық жомарт 

кісі еді. Қазіргі заманда әке тәрбиесіне мұқтаж, 

перзентке қорған, жарға сүйеніш болар әкенің 

жоқтығы жанымызды қынжылтады...

Қуантарлығы сол, әкеден алған өнегелі істі 

қолымыздан келгенше өзіміздің балаларымызға 

баулып, жақсы білім беруге, адал еңбек етуге 

тәрбиеледік.  бұл күндері немерелері де әр алуан 

мамандық иелері болып отыр. Әкеміздің өмірлік 

жолы, жеткен жетістіктері болашақ ұрпақтары 

үшін үлкен мақтаныш пен үлгі-өнеге болатынына 

сенеміз.

«Жақсының  аты  өлмейді»  –  деген  шындық 

шығар, сірә. Шәкәрім Құдайбердіұлы:   «Өткен 

адам  болады  көзден  таса,  өлді,  өшті  болады 

көзден  таса,  ол  кетсе  де  белгісі  жоғалмайды, 

керектісін  ескеріп    ұмытпаса»,  –  демекші, 

әкеміздің  жақсылықтары өшпейді, рухы біздің 

арамызда мәңгі бірге жасай бермек.

асқар  таудай  болған  әкеміз  ортамыздан 

кеткеніне де бір жылға жуық уақыт өтіпті. ар-

тында қалған ұрпақтары сағынышпен еске ала 

отырып, үлкенге деген құрмет, ізет ретінде аз 

да болса шексіз алғысымызды білдіріп, естелік 

әңгімемізді жазып отырмыз.  Оқыған дұғамыз 

қабыл болып, әкеміздің жаны  жұмақта болғай!

СаҒыНыШ


Әкем менің! айбынды едің, асқар ең,

бауырына алды сені басқа әлем.

Көзімде – жас, жүрегімде – сағыныш,

Сағынышты құстар, көкке алып ұш.

Ұлдарыңды желбіретіп жалаудай,

Қыздарыңа құшағыңды ашқан ең.

Жаның — көкте, мекен етті аспанды,

Сені іздеген көңілдерден жас тамды.

Сағыныш пен өкініші астасқан,

Әке, сенсіз күндер енді басталды!

Жаратылған қонақ болып өмірге,

Істеген ісің, ақылың үлгі өнеге.

Қимаймыз, амал бар ма тағдырға!

Өтіп жатыр өмірдің жаз, көктемі,

біздер үшін күніміз ең көктегі

Тағдырға қайткенде де бағынамыз,

Еске алып айтылады лағыл аңыз.

Дүние жалған біреуге ерте, біреуге кеш

Өмір заңы солай болса қайтеміз...

Еске алушылар: Жұбайы, ұл-қыздары 

және немере-шөберелері

Әрдайым 


жадымызда...

 

„



Аса ауылының тұрғыны 

болған марқұм әпкеміз 

Есдәулетқызы Қыздаркүлдің 

рухына  арнаймыз

Жалғандығы өмірдің міне, тағы сезілді,

Телефоннан ұялы суық хабар естілді.

Тұрып қалдық  сілейіп, көтере алмай еңсені

Суық хабар әсері түршіктіріп денені.

мейірімі алланың болғаннан соң жүректе,

Көз жасына еріксіз жол бересің көлікте.

Өз – өзіңе тоқтау сап сабыр, сабыр десеңде

мұң  торлаған  көңілде  сағыныш  қалар 

мәңгіге.

Әрі сыйлас, әрі сырлас әпкеміз,

Сырымызды енді кімге шертеміз.

барса келмес-жұмбақ әлем белгісіз

арамыздан алып кетсе қайтеміз?

Ұл – қыздарың бір-бір үй өз алдына,

Немерелер есейді көз алдыңда,

бақытты жан болғансыз бұл жалғанда

Суын ішкен шөбере қолынан да.

Той дейміз ғой қарт адам өтіп жатса,

Өмір бірақ өтпесін бостан-босқа.

Иман керек әуелі адамзатқа

Имандыны ұнатар Хақ Тағала.

бақұл бол деп айтамыз көзжұмғанға,

адам қонақ өмірге бұл жалғанда.

Соңғы шақта бола алмадық қасыңда

біздегі бір өкініш тек сол ғана

Еске алушылар: інісі-Мырзабай, 

келіні-Мырзагүл 

Ғылымда бар қолтаңбасы...

 

„

Күні кеше ғана ортамызда жүрген жасы жайсаң, талай игі істердің 



ұйытқысы болып жүрген  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 

университеті «Экономика және бизнес» факультетінің деканы

«Менеджмент» кафедрасының профессоры Ерғали Меркебекұлы 

Үркіншиевтің де өмірден өткеніне жыл толыпты-ау.

Үркіншиев  Ерғали  меркебекұлы  1977 

жылы    Жамбыл      жеңіл    және      тамақ   

өнеркәсібі   технологиялық   институтын 

(ЖЖТӨТИ) «Кең қолданыстағы тауарлар-

ды өндіру өнеркәсібін ұйымдастыру және 

оның экономикасы» мамандығы бойынша 

үздік бітіріп, институтта оқытушы болып 

қалады.  1979-1984  жылдар  аралығында 

Ерекең  москваның  жеңіл  өнеркәсіп  тех-

нологиясы институтында ғылыми-зерттеу 

тәжірибеден өтіп, аспирантурада оқыған. 

Сол  жерде  1984  жылы  кандидаттық  дис-

сертацияны  сәтті  қорғайды.  1985  жылы 

ЖЖТӨТИ-дің  инженерлік-экономикалық 

факультеті деканының орынбасары, кейін 

1992  жылы  сол  факультеттің  деканы 

қызметтеріне  тағайындалады.  1994-1998 

жылдар аралығында, м.Х. Дулати атындағы 

Тараз мемлекеттік университеті (ТармУ) 

құрылғанға дейін ЖЖТӨТИ-дің оқу істері 

бойынша проректоры қызметін атқарды. 1988 

жылдан бері доцент. 

Е.Үркіншиев ТармУ-де 2000-2010 жылдар 

аралығында «Жалпы экономикалық пәндер», 

«Қаржы», «менеджмент» кафедраларының 

меңгерушісі  болды.  2010  жылы  «Эконо-

мика  және  бизнес»  факультетінің  деканы 

қызметіне тағайындалды. 2005 жылдан м.Х. 

Дулати атындағы ТармУ-дың академиялық 

профессоры.  Өзінің  ұзақ  жылдар  бойғы 

педагогикалық  қызметінде  ол  көптеген 

экономикалық  пәндерден  лекциялық, 

практикалық  және  лабораториялық 

сабақтарды  жоғары  ғылыми-теориялық 

деңгейде  практикалық  материалдарды, 

оқытудың инновациялық технологияларының 

әр  түрлі  формаларын  пайдалана  отырып 

жүргізді.  Е.Үркіншиевтің  жетекшілігімен 

15  магистрлік  диссертация  дайындалып, 

қорғалды.  

Е.Үркіншиевтің 142 ғылыми-әдістемелік 

жұмыстары жарық көрген, соның ішінде 8 

оқу құралы, 14 электрондық оқу құралы, 3 мо-

нография, алыс шетелдерде жарық көрген 8 

ғылыми мақалалар бар. Оның жетекшілігімен 

халықаралық, республикалық және аймақтық 

бағдарламаларға сәйкес 8 ғылыми-зерттеу 

жұмыстары орындалған. Көзі тірісінде ғалым 

«Қазақстан экономикасындағы құрылымдық 

ығысулар» және «Қазақстанның Кедендік 

одаққа мүше болуының оның экономикалық 

дамуына әсері» тақырыптарында ғылыми-

зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Сондай-

ақ,  Е.Үркіншиев  Қр  білім  және  Ғылым 

министрлігінің  жоғары  оқу  орындарын 

аттестациялау,  ҰбТ  өткізу  бойынша 

комиссияларының құрамында мүше ретінде 

қатысқан, алғыс хаттарға ие болды. Өмірінің 

соңына  дейін  университет  Ғылыми  және 

Ғылыми-әдістемелік  кеңестерінің  мүшесі 

болды. 

2006  жылы  ол  «Қр  білім  беру  ісінің 



құрметті  қызметкері»  атағына  ие  болып, 

2009  жылы  республикалық  «Жоғары  оқу 

орынының үздік оқытушысы» конкурсының 

жеңімпазы атанды. 

Е.Үркіншиев қала, облыс деңгейлерінде 

өткізілетін қоғамдық іс-шаралар өткізуде, Қр 

Президентінің жылдағы Қазақстан халқына 

арнаған Жолдауларының негізгі қағидаларын 

Жамбыл облысы халқына түсіндіруде тұрақты 

түрде әлеуметтік белсенділік танытып отыра-

тын. Ол сайлау науқандарын өткізу кезінде 

танытқан белсенділігі үшін Қазақстан респу-

бликасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005, 

2012  жылғы  алғыс  хаттарына  ие  болған. 

Университеттің де, қоғамдық өмірінде де 

белсенді  болды.    Осындай  жаны  жайсаң, 

көпшіл,  өзінің  білгенін  кейінгі  ұрпаққа 

үйретуге асығатын азаматтың жарқын бейнесі 

біздің жадымызда мәңгі сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет