«Ел тірегі елбасы»



бет2/4
Дата05.04.2023
өлшемі23,46 Kb.
#79764
1   2   3   4
Байланысты:
« Ел тірегі - елбасы»

Би: Қыздар орындауында

Суннатуллаева Насиба:


Шығындап қиыр шеттің танып бәрін,


Уа, жұртым, шартарапқа шарықтадың.
Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,
Қазақтай жер бетінде халық барын.
Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын,ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында


Тұлғасы Елбасының жеке дара,- дей келе, Тұңғыш президентіміздің өмір жолдарымен таныс болу үшін экранға назар аударайық.
Елбасының өмірбаяны және қызметтік жолы жайында бейнебаян

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туылды. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет