«Ел тірегі елбасы»


Елбасы туралы сұрақ жауап жүргізу сынып жетекшісі



бет4/4
Дата05.04.2023
өлшемі23,46 Kb.
#79764
1   2   3   4
Байланысты:
« Ел тірегі - елбасы»

Елбасы туралы сұрақ жауап жүргізу сынып жетекшісі
Енді Елбасына арналған жыр-шумақтарға кезек берейік.

Бекмуратова Жасмина:


Сан ұлттың басын қосып Қазақстан,


Бекемдеп саясатын іш пен тыстан.
Елбасы,алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан.
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа,
Әр қазақ берік болсын намысына.
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына.
Бар әлемге шын танылдық міне,біз.
Елін сүйген Елбасы деп бьілеміз.
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаханға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше,
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Абдуллаева Интизор:


Ауыр күнді артымызға тастауы-


Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, ділім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім»,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз, саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар-бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де әніміз.
Халқым айтқан «Жер көтерер ел даңқын».
Президентім Елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!


Ендігі кезекте Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.

Режепбаев Ш:


Тәуелсіздік-ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

Отабек:
Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды.


Айбек:
Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.


Давлат: Менің атам да, анам да-қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл,өмір, тіршілік сыйлаған туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.


Рамазан: Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.




Би: «Қаражорға»

« Мен президент болсам» тақырыбында жазылған эссе жеңімпазын анықтау. Комиссия мүшелері.




Хор « Мен Қазақпын» сынып оқушылары


Осымен 1 желтоқсан елбасы күніне арналған « Ел тірегі - елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымыз мәресіне жетті. Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет