Қызметкерлер бір-бірімен өзара қимыл жұмыс жасауға ұмтылады, бір-біріне көмек көрсетеді, бір-бірінің және Бағдарлама орталығының мүдделерін құрметтейді;
Қызметкерлерді өзара көмек, қолдау, ашықтық пен сенім біріктіреді;
Қызметкердің өз әріптестерінің жұмысы жөнінде өз пікірін ашық білдіруге құқығы бар, басқа қызметкердің атына айтылған кез келген сын әділ және негізді болуы тиіс;
Бағдарлама орталығы қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты емес жеке өмірі туралы ақпаратты талап ете алмайды немесе жинай алмайды;
Қызметкердің Бағдарлама орталығынан жұмыс үшін маңызы бар ақпаратты алуға құқығы бар. Бағдарлама орталығы қызметкерлерінің жұмысы мен еңбек сапасына әсер етуі мүмкін ақпаратты жасыруға құқығы жоқ;
Қызметкер Бағдарламаны іске асыру барысында Бағдарлама орталығының қызметкерлерімен, ата-аналармен жеке тұлғаны дамыту және қатысушылардың психикалық, психологиялық және физикалық денсаулығын сақтау үшін белсенді ынтымақтасуы тиіс.