Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата03.03.2017
өлшемі8,13 Mb.
#6748
1   2   3   4   5   6

Әлеуметтік  сектор.  2014  жылғы  сәуірде 

негізгі  азық-түліктерді  тұтынудың  ең  төмен 

нормалары  негізінде  есептелген  күнкөрістің 

ең  төмен  деңгейінің  шамасы  15357  теңгені 

құрады  (аудан  бойынша),  бұл  орташа  облыс 

бойынша  (16492  теңге)  98,8%-ға  төмен 

көрсеткіш.   

2014  жылғы  наурызда  қызметкерлерге 

есептелген  орташа  айлық  атаулы  жалақы 

(кәсіпкерлікпен 

айналысатын 

шағын 


кәсіпорындар 

жұмыскерлерін 

есепке 

алмағанда)  57078  теңгені  құрап,  2013 



жылғы  наурыз  айымен  салыстырғанда  0,6%-

ға  көбейді.  Нақты  жалақы  индексі  95,3% 

құрады.

2014  жылғы  1  сәуірге  аудан  халқының 



есепті саны 13402 адамды құрады және 2013 

жылғы  сәйкес  кезеңмен  салыстырғанда  316 

адамға азайды. 

  С.Садакова,

Лебяжі ауданы статистика 

басқармасының басшысы.     

Құттықтаймыз!

Аққу  ауылының  тұрғыны,  сүйікті  ұлымыз  

Мұхтарәлем  1    -  маусымда  16  жасқа  толған  туған 

күнімен  шын  жүректен  құттықтаймыз.  Ұлымызға 

қыстай  мықты  денсаулық,  көктемдей  көтеріңкі 

көңіл, жаздай жайдарлы сезім, әрбір күнің шуақты, 

думанды болсын деп тілейміз.    

16 – жас күнің құтты болсын!

Әрдайым денсаулығың мықты болсын!

Жүре бер ортамызда ойнап күліп,

Әр күнің шаттық пен нұрға толсын.



Тілек  білдірушілер:    әкесі  –  Төлеген,  анасы  – 

Гүлсім. 


Құттықтаймыз!

Қарақала  ауылының  кішкентай  тұрғыны,  аяулы 

немереміз,  Момытова  Дина  Қуандыққызын    31 

мамырда 5 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз. 

Сүйікті немеремізге зор денсаулық, бақытты балалық 

шақ тілейміз. 

Құтты болсын туған күнің немерем,

Нұрлы болсын шуақ шашқан әр күнің.

Туыстарды әрқашанда қуантып,

Ұзақ болсын деп     тілейміз ғұмырың. 



Тілек    білдірушілер:  нағашы  атасы  Жәнібек, 

Ғалымбек – Шынар, Индира, Искандер.      



«Бұзушылықтарға нөлдік шыдамдылық» жедел-

алдын алу іс шарасының өту барысы туралы

Ағымдағы  жылғы  мамыр  айының  16-

20  күндері  аралығында  Лебяжі  ауданының 

аумағында 

«Бұзу-шылықтарға 

нөлдік 


шыдамдылық»  жедел-  алдын  алу  іс  шарасы 

өткізілді.

Аталмыш  шараны  өткізу  барысында 

оған  ішкі  істер  бөлімінің  жеке  құрамы 

жұмылдырылды. 

Жалпы  53  әкімшілік  тәртіп  бзушылық 

анықталды, оның ішінде: 

ҚР  ӘҚБтК-нің  79-1б.  (соққыға  жығу)  –  1; 

ҚР  ӘҚБтК-нің  79-5б.  (тұрмыстық-отбасылық 

қатынас) – 1;

ҚР  ӘҚБтК-нің  333  б.  (тыныштықты  бұзу) 

–  16;  ҚР  ӘҚБтК-нің  311  б.  (иттерді  ұстау 

ережесін  бұзу)  –  21;  ҚР  ӘҚБтК-нің  336  б. 

(спирттік  ішімдіктерді  ішу  немесе  қоғамдық 

орындарға мас күйінде келу) – 4; ҚР ӘҚБтК-

нің  336-1  б.  (қоғамдық  орындарда  шылым 

шегу)  –  9;  ҚР  ӘҚБтК-нің  330  б.  (ұсақ  тәртіп 

бұзушылықтар) – 1.

Полицияның  қоғамдық  көмек-шілерінің 

қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 336 бабы бойынша 

Аққу  ауылдық  әкімшілік  учаскесінде  2 

тәртіп  бұзушылық  анықталды.  Ювеналдық 

полиция  тобының  инспекторлары  мен  білім 

саласының өкілдері бірлесіп, кәмелеттік жасқа 

толмағандардың  көңіл  көтеру  орындарында 

жүру  фактісі  және  олардың  үйде  болмауын 

анықтау  бойынша  рейдтік  іс  шараларды 

өткізді.  Жедел-  алдын  алу  іс  шарасын  өткізу 

барысында  ҚР  ӘҚБтК-нің  336-3,  ҚР  ӘҚБтК-

нің 336-4 баптары бойынша заң бұзушылықтар 

анықталған жоқ. 

Учаскелік  полиция  инспек-торларымен 

аумақты  абаттандыру  бойынша  тұрғындарға 

түсіндіру  жұмыстары  жүргізілуде,  ауызша 

ескертулер шығарылуда.

Лебяжі ауданы ІІБ 

әкімшілік полиция бөлімшесі.

Құқықтық тәртіп

Бесқарағай ауылының тұрғыны болған, аяулы анамыз, қымбатты әжеміз Айткожинова 

Рыстының фәниден бақиға өткеніне 10 жыл толды. Анамыздың қайталанбас тұлғасы . 

мейірімге толы жүрегі мен жүзі, асыл бейнесі жүрегімізде мәңгілік сақталады. Еске ала 

отырып, жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы саламат 

болсын деп тілейміз.

Сағынамыз өзіңді, ана, толғанып,

Өмір жолы тұрмайды екен қолда нық.

Жатқан жерің жарық болсын деп біздер,

Жаратқанға үлкен сәлем жолдадық.

Нұрға толып қабірің, жарық болсын,

Жер-Ананың белгісі мамық болсын.

Рухыңды аят оқып тербетейік,

Иманың жолдас, жәннатта жаның болсын.



Еске 

алушылар: 

жолдасы, 

ұл-қыздары, 

күйеу 


балалары,келіндері,немерелері, жиендері.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Аққу  ауылы  Амангелді  көшесі,  43  орналасқан  «Қазақстан  Республикасы 

Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  агенттігінің  Павлодар  облысы 

тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  департаментінің  Лебяжі  аудандық  

тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттікк 

мекемесі тарапынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-

намыс  кодексін,  Казақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  қызмет  туралы» 

және  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  Заңдарының  талабын 

орындамауы туралы мәліметтерді хабарлауға арналған – 21-2-99, сенім телефоны 

жұмыс істейді.



Алғыс білдіру

Ұлымыз Оспанов Еркін Жексенұлының қайғысына ортақтасып, өлшеусіз 

көмек  көрсеткен  Лебяжі  ауданының  білім  бөлімінің  ұжымына,  ауданның 

білім  мекемелерінің  мектеп  директорларына  басымызға  түскен  ауыр 

қайғыны  бөлісіп,  қолдау  көрсеткендері  үшін  алғысымызды  айтып,  көңіл-

ізетімізді білдіреміз. 

                                                                       Ата-анасы.

Ағымдағы жылғы 25 - 26 мамырдан бастап Аққу ауылы тұрғындарына жазғы 

су берілді. Су берілген күннен бастап «Аққу –сервис» кәсіпорынының арнайы 

жұмыс  тобымен  су  құбырларына  жөндеу  жұмыстары  қатар  жүргізілуде. 

Істен шыққан немесе су болмаған жағдайда мына телефондарға хабарласуға 

болады:   21 238, 21 066, 21 844.



Лебяжі ауылдық округінің әкімі.

Ауыл тұрғындары назарына!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет