Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі8,13 Mb.
#6748
  1   2   3   4   5   6

31.05.2014ж.  № 21 /7697/

А ќ ќ у   ‰ н і



Елбасы  Н.Назарбаев  «Қазақстан  –  2050:Бір  мақсат,  бір 

мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында 

шағын  және  орта  кәсіпкерлікті,  ауылдағы  бизнесті  да-

мытудың жаңа идеологиясын құру керек екенін баса айтқан 

болатын. Бұл көптеген кәсіпкерлеріміздің кәсібін дөңгелетуі-

не үлкен жол ашты. Осы бағыттағы тапсырмаларды жүзеге 

асырушы басты құрылымдардың бірі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер 

палатасы және оның өңірлік палаталары болып табылады. 

Аталған құрылымның негізгі жұмыс мақсаттары туралы Павлодар 

облыстық  Кәсіпкерлер  палатасы  Лебяжі  аудандық  филиалының 

директоры Дастан Серікұлы Бесйсембаев әңгімелейді. 



-  Дастан  Серікұлы,  ұлттық  кәсіпкерлер  палатасын  құру 

қандай қажеттіліктерден туындады? 

- Еліміздің экономикалық әл-ауқаты шағын және орта бизнестің 

дамуына  тікелей  байланысты.  Кәсіпкерлік  саласы  неғұрлым 

қарқынды дамыса, халықтың тұрмысы да соғұрлым жақсара түсетіні 

заңдылық.  Елбасымыз  осы  мәселелерге  ерекше  мән  беретіні 

белгілі.  Мысалы,  Мемлекет  басшысы  биылғы  Жолдауында  2050 

жылға дейін еліміздің ішкі жалпы өніміндегі (ІЖӨ) шағын және орта 

бизнестің  үлесін  50  пайызға  жеткізуді  тапсырды.  Бұл  мақсатты 

жүзеге  асыруға  болады.  Тек  ол  үшін  бизнеске  жан-жақты  қолайлы 

жағдайлар жасалуы тиіс. Осы күнге дейін мемлекет тарапынан еш 

көмек болмады деген сөз емес әрине. Дегенмен, кей жағдайларда 

кәсіпкерлердің  өтініш-тілектері  тиісті  деңгейде  «жоғары  жақтарға» 

жете бермейді.

Елбасы  өзі  бастамашы  болып,  2013  жылдың  4  шілдесінде 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 

Заңына қол қойды. Осылайша, бизнес өкілдерінің мүддесін қорғауға 

бағытталған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды.

Өздеріңізге белгілі, бүгінде шағын және орта бизнестің дамуына 

қолбайлау  болып    отырған  бірқатар  мәселелер  бар.  Мысалы, 

әкімшілік  кедергілер,  несие  беру  талаптарының  тым  қатаңдығы, 

заңнамадағы  олқы  тұстар  және  тағы  басқалар.  Осы  түйткілді 

мәселелерді  кәсіпкерлерге  қолайлы  етіп  шешу  Ұлттық  кәсіпкерлер 

палатасының негізгі мақсаты болып табылады.

- Жоғарыда аталған заңда кәсіпкерлер үшін ұйымға тіркелу 

міндетті екені айтылған. Жалпы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 

мүшелік бизнес өкілдері үшін нақты не береді? 

-  Палатадағы  мүшелік  жоғарыда  аталған  заңға  сәйкес  бизнес 

құрылымдары  үшін  міндетті  болып  табылады.  Соның  арқасында 

кәсіпкерлер өз мәселелерін ашық айтып және оның тиісті органдар-

дың «құлағына» жететініне сенімді бола алады. Құқығы жан-жақты 

қорғалады. Бұған дейін бизнес өкілдерінде билік деңгейіне шығып, 

мүдделерін толыққанды қорғай алатындай жағдай болған жоқ. 

Барлық  кәсіпкерлерді  бір  ұйымға  біріктіру  тәжірибесі  шетелдің 

дамыған елдерінде көп жылдар бойы қолданылып келеді. Атап өтер 

болсақ,    Германия,  Франция,  Түркия,  Венгрия,  Италия,  Испания 

сияқты басқа да мемлекеттерде қолға алынып, оң нәтижесін берді. 

Елімізде  де  бұл  бастама  сәтті  жүзеге  асады  деген  сенімдеміз. 

Себебі, кәсіпкерлік құрылымдарының өз құқықтары мен мүдделерін 

тиісті деңгейде қорғай алмай келгенін мойындауымыз қажет.



-  Облыстық  кәсіпкерлер  палатасының  құрылғанына  көп 

уақыт  өте  қойған  жоқ.  Осы  кезеңде  нендей  шаралар  атқарып 

үлгердіңіздер?

- ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткен жылдың 9 қыркүйегінде 

құрылды.  Сол  кезден  бері  ауыз  толтырып  айтарлықтай  жұмыстар 

атқарылғандығы белгілі. Атап айтсақ, бүгінгі күнге дейін Палатаның 

күш  салуымен  кәсіпкерлік  мәселелеріне  қатысты  заңнамаларға 

270  өзгеріс  енгізілді.  Кедендік  одақ  аясында  химиялық  сала 

кәсіпкерлерінің  мүддесі  қорғалды.  Жүйелі  проблемаларын  еркін 

түрде  жеткізуге  арналған  мәселелер  реестрі  іске  қосылды. 

Мемлекеттік  органдар  тарапынан  зардап  шеккен  30-дан  астам 

кәсіпкердің  құқықтары  қорғалып,  мемлекеттік  қызмет  сапасына 

қатысты мониторинг жүргізілді. 

Облыстық  Палатаның  қызметі  ресми  түрде  өткен  жылдың  18 

қазанында  басталды.  Алғашқы  күннен  бастап  палата  басшылығы 

облысымыздың  аудан,  қалаларында  болып,  кәсіпкерлермен 

жолығып  қайтты.  Біздің  де  ауданымызға  атбасын  бұрғаны  белгілі. 

Нәтижесінде, жергілікті жердегі бизнес өкілдерінің жүйелі, әрі жекелей 

мәселелері  анықталды.  Ауыл  кәсіпкерлері  үшін  несиелендіру,  жер 

учаскелерін  алу,  жаңа  кәсіп  ашу,  техникалық,  кәсіби  білім  беру 

сапасын  арттыру,  маман  тапшылығы  мәселесі  өзекті  тұр.  Көп 

жағдайда кәсіпкерлер өздерінің заңдық құқықтарын біле бермейтіні 

де анықталды. Осылайша, Палата аталған мәселелерді ескере келе 

нақты  мақсаттарды  анықтады.  Және  аймақтағы  бизнес  ахуалды 

жақсарту үшін қарқынды жұмыс істеп келеді. 

- Қандайда бір нәтижелер жайында айту ертерек болар...

-  Республикада  алғашқы  болып  аймақ  кәсіпкерлерінің  кейбір 

мәселелерін Үкімет деңгейінде көтере білдік. Бұл айтарлықтай жетістік. 

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 

облысымызға сапары барысында Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік 

кеңесі өкілдерімен жүздесіп, күн тәртібінде тұрған проблемалармен 

танысқан болатын. Біздің тарапымыздан бірқатар түйткілді жайттар, 

соның ішінде жергілікті кәсіпкерлердің «бас ауруына» айналған POS-

терминалдарды  міндетті  орнату  мерзімдеріне  қатысты  мәселе  де 

көтерілді. Артынша Астана қаласында осыған байланысты жоғары 

деңгейде  арнайы  жиын  ұйымдастырылып,  POS-терминалдарды 

орнату мерзімі ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне дейін шегерілді. 

Сондай-ақ,  жиын  барысында  салықтық,  кедендік  реттеу,  еңбек 

заңнамасы,  жерді  пайдалану  құқығын  рәсімдеу,  мемлекеттік  сатып 

алуларға қатысу, энергоаудит мәселелері қозғалды.

-Жоғарыда  аталған  Өңірлік  кеңестің  жұмысына  тоқталып 

өтсеңіз…

- Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі – бірегей ұйым.  Оның 

құрамына  тек  кәсіпкерлер  ғана  кіреді.  Өңірлік  кеңес  мүшелері  бізге 

шешімін күткен мәселелерді, бизнесті қолдаудың ұтымды жолдарын  

анықтауға  көмектеседі.  Аталған  ұйымның  да  құзыреті  жоғары.  Өз 

отырыстарына  түрлі  мемлекеттік  орган  басшыларын  шақырып, 

белгілі  бір  мәселелер  бойынша  түсініктерін  талап  ете  алады.  Бұл 

заңда айқын көрсетілген. Соның арқасында еліміздің шағын және орта 

бизнес саласында игі өзгерістер орын алады деген сенім басым.

-Елбасының 

кәсіпкерлікті 

дамыту 

бағытындағы 

тапсырмаларын  орындау  бойынша  қандай  шаралар  қолға 

алынбақ? Аудан, қалалық деңгейде қандай бағыттарға ерекше 

мән беріледі?

-Біздің  алдымызға  шағын  және  орта  бизнес  өндірісін  дамыту 

бойынша нақты тапсырма қойылды. Аянып қалмасымыз анық. Осы 

ретте,  ауылдағы  бизнесті  дамытуға  көп  көңіл  бөлінеді.  Бүгінде  ең 

бастысы әкімшілік кедергілерді жойып, кәсіпкерлердің құқықтарының 

қорғалуын  қамтамасыз  ету.  Облысымыздың  әрбір  қала,  ауданында 

Кәсіпкерлер  палатасының  өкілдіктері  құрылуының  да  басты  себебі 

осы.  Біз  бизнесті  дұрыс  ұйымдастыруға,  әрі  қарай  дамытуға 

көмектесеміз. Кәсібінің әр кезеңінде бізге иек артса болады. Ауылдағы 

бизнестің  жағдайы  қалалық  жердегіден  кем  болмауы  тиіс.  Ол  үшін 

сапалы инфрақұрылым қажет. Осы жұмыстармен айналысамыз. 

Атап  өтерлігі,  облыстық  Кәсіпкерлер  палатасының  жанынан 

Кәсіпкерлердің  құқығын  қорғау  кеңесі  құрылды.  Оның  құрамына 

мемлекеттік  органдардың,  қоғамдық  ұйымдар,  ғылым  саласының 

өкілдері,  тәжірибелі  заңгерлер  кіреді.  Құқығы  бұзылған,  шектелген 

бизнес өкілдері аталған Кеңестен көмек сұрай алады. 

Жоғарыда атап өткендей, кәсіпкерлер үшін «Мәселелер реестрі» 

жобасы  жұмыс  істейді.  Оған  әрбір  кәсіпкер  кез-келген  мәселесін 

жазып  қалдыра  алады.  Бірде-бір  өтініш-тілек,  шағым  назардан  тыс 

қалмайтынын  атап  өткен  жөн.  Ол  үшін  www.palata.kz  сайтына  кіру 

қажет.

Бір сөзбен айтқанда, алда көптеген ауқымды мақсат-міндеттер, 



бастамалар  тұр.  Мақсат  бір  -  Елбасы  атап  өткендей,  шағын  және 

орта  бизнестің  қарқынды  дамуына  мықты  экономикалық  негіз 

қалыптастыру.

- Әңгімеңізге рахмет! Іске сәт демекпіз!

- Сіздерге де рахмет!

Біздің тілші.

2014 ж.


№21 (7697)

ГАЗЕТ 1940 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН ШЫҒАДЫ

БЕРЕКЕ. БІРЛІК. ЫНТЫМАҚ.



31

Еркін баға

мамыр

сенбі

БИЗНЕСТІҢ КҮШІ – БІРЛІКТЕ

Апта сұхбаты

Қазақ халқы қашанда онсаусағынан өнер тамған ісмер жандарға 

кенде  болған  емес.  «Жігітке  жеті  өнер  аз,  жетпіс  өнер  көп  емес» 

демекші, қолы біліп, ісмер атанып жүрген жандар Аққулы мекенде 

де  баршылық.  Күшіне  емес,  өзінің    ісіне  сенетін  шебердің  бірі, 

жерлесіміз, Бейбіт Хадысұлы. 

«Шебердің  қолы  ортақ»  дейді  дана  халқымыз.  Бейбіт  ағаның 

ағаштан  жасаған  жиһаздары  мен  сапалы  тігілген  аяқ  киімдері 

бүгіндері  көздің  жауын  алып  халықтың  көзайымына  айналған. 

Мұндай  өнерден  басқа,  суретшілік  қасиеті  өз  алдына  бір  төбе. 

Ата  өнері  -  балаға  мұра  дегендей  жерлесіміздің  айтуынша  бұл 

өнері бабалардан дарыған көрінеді. Өзі көпбалалы отбасынан. Он 

баланың  ортаншысы.  Әулеттегі  ағайындарының  барлығы  жоғары 

қызметтегі,  білікті  мамандар.  Бірақ,  арғы  бабалардан  қалған  бұл 

талант  біздің    кейіпкеріміздің  еншісінде  қалған  сияқты.  Еліміз 

егемендікке ие болмаған сонау шақтарда Монголияда мекен еткен 

кездердің өзінде суретшілікпен айналысып жүрген екен. Атажұртқа 

қоныс  аударғаннан  кейін  біртіндеп  шеберлігін  шыңдай  бастайды. 

2002-2004  жылдары  аудандық  әкімшілікте    ауылды  көркейту 

жолында  суретші  қызметін  абыроймен  атқарған.    Қазір  Бейбіт 

ағаның  аяқ  киім  жөндеп,  жиһаз  жасайтын  кішігірім  шеберханасы 

бар.  Осы  шеберханада  тапсырыспен  ағаштан  үй  жиһаздарын 

жасайды, аяқ киім де тігеді. Алдағы уақытта кішігірім  аяқ киім жөндеу 

орнын  үлкен  цехқа  айналдыруды  мақсат  етеді.  Арнайы  шеберлік 

кластарын оқымаса да,  асқан талантымен өз ісін жетік меңгерген 

жан.  Біраз  сыр  тартып  көргенімізде  алдағы  уақытта  облыстық 

шеберлерге  арналған  конкурста  өз  жобасымен  бағын  сынамақ. 

Бейбіт  Хадысұлы  қиыннан  қиыстырып  небір  керемет  дүниелерді 

таңдай  қақтырардай  етіп  сапалы  жасаумен  қоса  адамгершілік, 

имандылық, кішіпейілділік сынды  адами құндылықтарын өз алдына 

бір әңгіме етуге болады. Жұртының жағдайына қарай зейнеткерлер 

мен  мүгедек  жандарға  жеңілдіктер  жасай  отырып,  жетім  немесе 

балалар  үйінің  тәрбиеленушілеріне  қамқорлық  ретінде  тегін 

қызмет  көрсетеді.  «Еңбек  еткің  келсе,  ерінбе»  деген  даналықты 

басты ұстаным еткен жерлесіміздің айтуынша, бос қарап отыратын 

уақыт жоқ, еңбек етіп нәпақа табам деген жанға жұмыс жеткілікті. 

Қазіргі күннің өзінде еңбекқор күніне 6-7 дана аяқ киім жөндейді, ал 

жылына бұл көрсеткіш 200-300-ге жетеді. Одан басқа  жиһаздарға 

деген  тапсырыс  баршылық.  Халықтан  қанша  тапсырыс  түссе  де, 

Бейбіт аға ешбір тапсырысты уақытынан кешіктірген емес.  Жұмыс 

барысында  қиындықтар  да    болатыны  белгілі,  бірақ  сабырлы 

жан кез келген адамнан көмек қолын созуын сұраған емес. Барға 

қанағат етіп, халық игілігі үшін адал қызмет етіп жатқан жандардың 

бірі.  Ғұмыры  ғибратқа  толы  азамат  қалт  еткен  бос  уақытында 

ғаламтордан  аспан  әлеміндегі  ғаламаттарды  тамашалағанды 

және  шынайы  өмірден  алынған  құдіреті  күшті  Аллахтың  небір 

тылсым  дүниелерінен  хабардар  болғанды  жаны  сүйетін  адам. 

Мұндай кереметтерді тамашалаудан ғанибет алумен қатар, күйбең 

тіршіліктен болған шаршауды басатынын да тілге тиек қылды. 

 Әңгіме барысында да кейіпкеріміз бос отырмай ісін жалғастыру 

үстінде болды. Уақыт аз болса да, отбасы жайлы аз- кем тоқталуын 

сұрағанымызда: « Жанұяда жеті адамбыз. Жарым Күнтуған екеуіміз 

бес  перзент  тәрбиелеп  отырған  ата-анамыз.  Үлкен  ұлым  Расул 

Орал  облыстық  ішкі  әскери  бөлімінде  Отан  алдындағы  борышын 

өтеп жүр. Екінші ұлым Елдос компьютер техника саласы бойынша 

оқуын  тәмамдап,  қазіргі  таңда  аудандық  «Аққу  үні  –  Вести  Акку» 

газетінің  редакциясында  оператор-дизайнері  қызметін  атқаруда. 

Қызым Құралай өзі қалаған медицина мамандғы бойынша Павлодар 

қаласында  білімін  жалғастыруда.  Қуаныш  3-сынып  оқушысы,  ал 

кішкентай Нұрай биыл мектеп табалдырығын аттамақ» - деп бөлісті 

ол.

  Бейбіт  ағаның  айтуынша,    ол  өзінің  бұл  өнерін  кенже  ұлынан 



байқайды.  Қуаныш  қазір  бар  болғаны  үшінші  сыныпта  болса  да, 

ағаштан ойып әр түрлі бұйымдар жасайтынын тілге тиек етті.

Қазақ елі, темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойған өнерпаздарды 

қолдап, таланттарды демеп отыратын халық. Ендеше, болат біз қап 

түбінде қалмас,  жантақтан ине, жаңқадан түйме жасап,  темірге тіл, 

жаңқаға жан бітіретін, қазақ шеберлерінің қатары көп болсын.



Әсемгүл БЕРДЕЛХАНҚЫЗЫ.

Шеберді шеге қағысынан таны



31.05.2014ж.  № 21 /7697/

А ќ ќ у   ‰ н і

2

Қазақтың 

салт-

дәстүрлері

Өткен 


аптада 

аудандық 

орталық 

кітапханасында  жанға  жылулық  ұялататын 

мәні зор «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының  

қатысушыларымен кездесу шарасы өтті.  

Ел Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсанда-

ғы  №250  “Мерейлі  отбасы”  Ұлттық  конкурсын 

өткізу  туралы  өкімін  орындау  мақсатында 

облыс  қалалары  мен  аудандарында  “Мерейлі 

отбасы”  ұлттық  конкурсының  іріктеу  кезеңінің 

басталып  кеткендігі  белгілі.  Осы  шара  біздің 

ауданда  да  өткен  болатын.  Ауданға  қарасты 

барлық ауылдық округтерде «Мерейлі отбасы» 

байқауының  іріктеу  кезеңдері  өтті.  Мұның  

нәтижесінде 

аталмыш 

байқаудың 

екінші 

(аудандық)  деңгейінде  6  отбасы  бақ  сынасты. 



Атап айтқанда, Аққу ауылынан Оразалиновтар, 

Қызылқоғам  ауылынан  Иманкуловтар,  бес-

қарағайлық  Ақатаевтар,  Жамбыл  ауылынан 

Балгиндер, Баймолдиннен Ахтановтар, Тілектес 

ауылынан Бекпауов әулеттері қатысты. 

Елбасы жарлығымен “Мерейлі отбасы” ұлттық 

конкурсы  өнегелі  отбасылық  құндылықтарды 

жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды 

үлгісін  таратуға,  отбасы  мәртебесін  арттыруға 

бағытталған  болатын.  Міне  осы  қағидаларды 

қатаң ұстанған шаңырақтар  «Мерейлі отбасы» 

ұлттық конкурсының екінші (аудандық) кезеңінің 

аудан 

әкімінің 



орынбасары 

А.Қасымова 

төрағалық  еткен  әділқазы  алқасының  шешімі 

бойынша  келесідей  орындарды  бөлісті.  1-

орынды  Оразалиновтар  әулеті  иеленсе,  2-

орынға, Иманкуловтар, ал 3-орын Ақатаевтарға 

тиесілі болды.  

Мерейді  тасытып,  ән  мен  күйдің  сазды 

әуеніне  бөлеген  тамаша  мерекелік  кездесуде 

аты  аталған  өнегелі  жанұялар  сый-құрметке 

бөленіп,  тиісінше  марапатталды.    Аталмыш 

байқаудың  жеңімпазы  атанған  Оразалиновтар 

әулетін  40  жыл  бірге  тату-тәтті  тұрып,  өнегелі 

отбасы  бола  білген  Смағұловтар  жанұясы 

аудан  әкімінің  алғыс  хаты  мен  сыйлықтармен 

марапаттау  құрметіне  ие  болды.  Ал  2-орынға 

ие  болған  Иманкуловтар  әулетін  көңілге 

қуаныш сыйлайтын, жанды ізгілендіретін өнерлі 

Мұқашевтар шаңырағы марапаттаса, 3-орынды 

қанағат  тұтқан  Ақатаевтар  жанұясын  «Ел 

үміті»  қоғамдық  бірлестігінің  төрайымы  Айдана 

Балғабаева  сәйкесінше  аудан  әкімінің  алғыс 

хаты мен сыйлықтар табыстаған еді.

«Мерейлі  отабасы»  байқауында  белсенділік 

танытқан 

Балгиндер, 

Бекпауовтар 

мен 


Ахтановтар  жанұялары  да  марапатсыз  қалған 

жоқ.  Аты  аталған  отбасыларды  аудандық 

ардагерлер 

Кеңесінің 

төрағасы 

Т.Макин, 

Лебяжі  ауылдық  округі  ардагерлер  кеңесінің 

төрайымы  С.Бектауова  және  балалар  және 

жасөспірімдер  спорт  мектебінің  басшысы 

Д,Әбетжановтар аудан әкімінің алғыс хаты мен 

сыйлықтарды  табыс  ету  құрметіне  ие  болды. 

Халық  алдына  шыққан  өнегелі  шаңырақтар 

өздерін  таныстырып,  отбасыдағы  жетістіктерін 

айтып,  ұйымдастырушылар  тарапынан  түскен 

сұрақтарға  тұшымды  жауап  беруге  тырысты. 

Оразалиновтар әулеті бақытты отбасын құрудың 

құпиясымен  бөліссе,  қазақтың  әдет-ғұрыптары 

мен  салт  –дәстүрлерін  ұрпақ  сабақтастығы 

деп  білген  Иманкуловтар  отбасының  әдет-

ғұрпы туралы түсінік берді. Кездесу барысында 

мерейлі отбасылар «отбасы», «отау», «отағасы», 

«отау  иесі»  ұғымдарын  түсіндіріп,  жанұядағы 

басшы  мәселесіне  тоқталып,  отбасының 

берекелі болуы, ондағы тәрбие  тақырыптарын 

талқылады.  Марапаттау  құрметіне  ие  болған 

халқына  сыйлы  азаматтар  мен  азаматшалар 

мұндай тамаша мерекелік жиында ақ тілектерін 

ақтарудан жан салмады. 

Атам  қазақ  мереке  мен  тойға  қашанда 

шашумен  келеді  емес  пе.  Осы  игі  дәстүрді 

ұстанған отбасылар кездесуге өздерінің өнерімен 

өрнектелген  шашуларын  халық  назарына  паш 

етті.  Ақатаевтар  ағаштан  жасалған  қолөнер 

бұйымдарын  көрмеге  қатыстырса,  Балгиндер 

мың  бұралып  би  билеп,  Бекпауовтар  мен 

Ахтановтар жанұялары отбасы тақырыбындағы 

әндерін қалықтатты. Ал Иманкуловтар әулетінің 

тұңғышы,  мақтанышы  Аманжол  өз  шы-

ғармашылығынан    Елбасына  арнаған  өлеңін 

оқыды.


Әрбір  жанға  жылулық  пен  шаттық  сыйлаған 

шара  соңы  естелік  суретке  түсумен  және  әр 

әулеттің ағаш отырғызу рәсімімен аяқталды.

«Отбасы  қуатты  болса,  ел  қуатты  болады» 

демекші  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

бастамасымен былтырғы жылдан бастау алған 

«Мерейлі  отбасы»  ұлттық  байқауы  жұрттан 

қолдау тапқандай. «Ағашты қалай ексең, жемісін 

де  солай  береді»  деп  дана  халқымыз  бекер 

айтпаса  керек.  Барлық  ұлттық  құндылығымыз-

ды  жастайынан  өскелең  ұрпақтың  бойына 

сіңіріп,  білім  алуға  мүмкіндік  жасап,  қоғамда 

өзіндік  орны  болатын  тұлға  тәрбиелейтін,  

отбасы  институттарының  маңыздылығы  мен 

құндылығын  дұрыс  ұғындыратын  өнегелі, 

мерейлі шаңырақтар көбейсе екен дейміз.  



Ә.Өмірзақ,

Фото С.Равдал.

Мерейді тасытқан кездесу

Ұ л т т ы қ   б а й қ а у

Әлқисса, биылғы оқу жылының басты да жауапты сынағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді 

лебяжілік  түлектер  маусым  айының  екінші  жұлдызында  Павлодар  мемлекеттік 

педагогикалы институты ғимаратында тапсыратын болды. 

Сонда  орналасқан  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  өткізу  пунктіне  сонау  Астанадан  келіп 

түскен  рұқсатамаларда  тест  тапсыруға  өтініш  білдірген  әрбір  түлектің  тапсыратын  легі 

һәм отыратын аудиториясы көрсетілген екен. Осы құжатта көрсетілген ережелермен әр 

түлек оқып танысты. Сонымен тест тапсыру кезінде мектеп бітірушіге:

1. Аудиториядан рұқсатсыз шығуға;

2. Орын ауыстыруға, сөйлесуге;

3. Емтихан материалдарын ауыстыруға, көшіруге;

4.  Шпаргалкаларды,  оқулықтарды  және  басқа  да  әдістемелік  әдебиеттермен  қатар 

тест  мазмұнын  және  олардың  дұрыс  жауабын  ашатын  кодтар  туралы  мәліметтерді 

пайдалануға;

5.  Калькуляторды,  фотоаппаратты,  мобильді  байланыс  құралдарын  (пейджер,  ұялы 

телефондар,  планшеттер,  iPad,  iPod,  iPhone,  SmartPhone),  ноутбуктарды,  плейерлерді 

аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді. 

Егер  тестілеу  уақытында  бітірушіден  шпаргалкаларды,  оқулықтарды  және  басқа  оқу-

әдістемелік  әдебиеттер  мен  калькулятор,  фотоаппарат,  мобильді  байланыс  құралдары 

(пейджер,  ұялы  телефондар,  планшеттер,  iPad,  iPod,  iPhone,  SmartPhone),  ноутбуктар, 

плейерлер  табылған  жағдайда,  Министрлік  өкілі  және  аудитория  кезекшісі  мектеп 

бітірушінің  қатысуымен  «Аудиторияда  тыйым  салынған  заттың  тәркіленуі  және  тәртіп 

сақтау ережесін бұзған мектеп бітірушіні аудиториядан шығару акт» жасайды. Министрлік 

өкілінің  шешімімен  мектеп  бітіруші  аудиториядан  шығарылады  және  тест  нәтижесі 

жойылады. Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші емтихан материалдарын 

тапсырудан бас тартқан жағдайда оның тестілеу нәтижесі өңделмейді.

Міне  осындай  мазмұндағы  рұқсаттамамен  жіті  оқып  танысқан  әрбір  түлек  өз  қолын 

қойып,  танысқандығын  дәлелдеп  те  қойды.  Бұл  ережелер  ҰБТ-ны  ұйымдастыру  мен 

өткізу  нұсқаулығында  да  егжей-тегжейлі  айқындалған  және  оқу  жылы  барысында  әр 

түлекке түсіндірілген. 

Күні кеше ПМПИ-де осымен үшінші рет болған лебяжілік тест тапсыруға өтініш білдірген 

биылғы  түлектерге  ҰБТ  тапсыратын  аудиториялары  көрсетілді.  ҰБТ  өткізу  пунктінде 

осымен оныншы жыл қатарынан қызмет істеп келе жатқан, осынау сынақты өткізу мен 

ұйымдастырудың  жілігін  шағып,  майын  ішкен  жетекші  маман  Н.Жүсіпова  төртеуі  түгел 

жиналған  түлектерге  сынақ  алынатын  аудиторилар  жайында  ақпарат  берді.  Олардың 

қанша  тапсырушыға  шақталғанын,  ай  қабаттарда  орналасқандығын  түсінікті  тілмен 

жеткізді. 

Нағима  Мәжитқызының  айтуынша,  биылғы  ҰБТ  да  қатайтылған  тәртіп  түрінде 

өткізіледі.  Оқу  ғимаратына  кіреберісте  тест  тапсыратын  түлектерді  арнайы  құрал-

құрылғы арқылы тексерістен өткізеді. ҰҚК һәм ІІМ өкілдері күшейтілген бақылау жүргізеді. 

Әр аудиторияға ұялы байланыс толқындарын өшіріп-шектейтін арнайы құрылғылар және 

тест тапсыру сынағының ашық түрде өтуін бақылайтын бейнекамералар толық түрде іске 

қосылады.  Соңғы  жылдардағы  дәстүр  бойынша  көрші  көшеде  орналасан  ғимараттың 

жоғары  қабатындағы  кең  залда  онлайн  түрінде  аудиториялардан  бейнекөрсетілімдер 

ұйымдастырылады. Сонымен қатар аудиторияларда талапқа сай кезекшілікті Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері және білім саласын қадағалау мен 

бақылау Департаментінің өкілдері жіті бақылайды. 

Не де болса ҰБТ сынағын тапсыруға өтініш беріп, бап пен баққа үміттенген, тәуекелге 

бел буған түлектерге сын сынағы сәтімен сабақталсын дейміз.  




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет