облысында совхоз директоры
болып дүркіреп тұрса керек. Бір
күні əлгі бастық көбірек «ішіп-
жеп» қойған ба, істі болып, темір
торға қамалатын болады. Енді не
істеу керек? Алматыда тұратын,
əжептəуір лауазымы бар жазушы
інісі олай да, бұлай да шапқылайды,
бірақ ағасын құтқаратындай
қолдан келер қайран жоқ. Жаны
қысылған жазушы «бұл істі жабу
бір келсе, осы батыр кісінің ғана
қолынан келеді» деп, атақты
композитор Нұрғиса Тілендиевке
жата жабысып, қолқа салады.
Жан-жағына шарапатын шашып
жүретін кең қолтық Нұрағаң
жазушы інісінің сөзін жерге
тастамай, тас-түйін болып жолға
шығады.
Ж а м б ы л о б л ы с ы п а р т и я
комитетінің бірінші хатшысы сол
тұста Хасан Бектұрғанов екен.
Нұрағаң түкірігі жерге түспей
т ұ р ғ а н о бл ы с б а с ш ы с ы н ы ң
алдынан бір-ақ шығады.
Жастайынан ел билеп, əбден
ысылған Хасан Шаяхметұлы
Б е к т ұ р ғ а н ов к ө р н е к т і ө н е р
қ а й р ат ке рл е р і н б і р к і с і д е й
сыйлайтын сырбаз басшы екен.
Қазақтың əні мен күй өнерінің
киесі қонған атақты Нұрағаңның
өзі келіп қолқа с а лған соң,
бірінші басшының шегінер жері
қалмайды. Бірақ мемлекетке шын
берілген, тумысынан əділ кісі
адалдықтан аттай алмайды. Өзі
ерекше қадірлейтін кісі айтты
екен деп, қылмыстық істі жаба
салу партияның қылышынан
қан тамып тұрған кезде мүмкін
еме с. Құйт ақандай нəрс енің
бəрі Кремльдің бақылауында.
Қадалған жерінен қан алатын
Нұрағаң əйтеуір тілін тапса керек,
қайтпас қайсар облыс басшысы
ə л г і с о в хо з д и р е к т о р ы н ы ң
қ ы л м ы с т ы қ і с і н а л д ы р ы п ,
Нұрағаңа танысып шығуға береді.
Оған қоса, кабинетіне облсот пен
облпрокурорды қоса шақырады.
Лауазымды тұлғалар Нұрағаңа
совхоз директорының қылмыскер
екенін дəлелдеп, алған бетінен кері
қайтаруы керек қой.
Сонымен, Нұрағаң төрт көзі
түгел жиналған дөкейлердің қақ
ортасында көзіне көзілдірік іліп,
қылмыстық іс тізілген қобыраған
көп қағазға шұқшиып отырады. Бір
кезде қалтасынан «зажигалкасын»
шығарып, əлгі жазушыға ұстатып
қойған іс қағаздың бұрышына
жалма-жан от қояды. Сот пен
прокурордың көздері бақырайып
кетеді. Бектұрғанов не істерін
білмей, қолына қаламын алып,
үстелін тоқтаусыз тықылдата
береді. Барған сайын қаттырақ
тықылдатқаннан басқа қолынан
келер қайран жоқ. Тықылдаған
қаламды лап ете қалған от
тыңдай ма, қобыраған қағаз
лезде үлбіреген күлге айналып
барады. Жазушының қолы күйіп
барады. Облыс басшысының
кабинеті көк түтінге көміліп,
отырғандар қақалып-шашалып
жатыр. Қаламын əлі тықылдатып
отырған облыс басшысы жанған
қағаздың қалдығын «урнаға
таста» дегеннен басқа сөз айта
алмайды.
Апыр-ай десеңізші, көкбет
компартияның заманында бұл не
деген жүрек жұтқан ерлік десеңізші!
Мұндай ірілік тек Нұрағаңның
ғана қолынан келсе керек.
Тігінен: 1.Аспанда қалықтау. 3.Жыл атауы. 4.Ойын мұраты.
7.Мұғалім. 8.Байсалды. 9.Өлең шығарудың басты шарты. 13.Əнші
Қабаеваның есімі. 15.Қашық. 17.Оттан ұшқан шоқ. 19.Жақсы көру.
21.Ойын көрсеткіші. 24.Соғыс, майдан. 26.Бидайдың диірменнен кейінгі
түрі. 28.Мылтықтың бөлігі. 29.Қойма. 30.Мемлекеттің халқын білдіретін
ұғым. 31.Тұқым, əулет. 35.Құстардың үйі.
Көлденеңінен: 2.Əжелердің ойыншығы. 5.Құс. 6.Шебер. 10.«Бірдей»
сөзінің баламасы. 11.Уатылған. 12.Түр, тұрпат. 14.Үнемі. 16.Жеңіс.
18.Ар, ұят. 20.Майда. 22.Əйгілі өзбек астрономы, əрі математигі.
23.Қаңбақ. 25.Мамық. 27.Үндеу, шақыру. 32.Сұғанақ. 33.Ғұлама, дана
тұлға. 34.Ұлт. 36.Ғабит Мүсіреповтің романы. 37.Мінез.
СӨЗЖҰМБАҚ «Ұ»
СӨ
З
ЗЖ
Ұ
М
Б
А
Қ
Қ
«
Ұ
»
Бұл сөзжұмбақтың жауаптары
«Ұ» әрпінен басталады
Тігінен: 1.Уругвай. 3.Уақиға. 4.Уық. 5.Уыс. 7.Уайым. 9.Уран. 11.Урал.
13.Уəли. 14.Уолт.
Көлденеңінен: 2. Университет. 3.Уау. 5.Уыз. 6.Ура. 7.Уақ. 8.Уайс.
9.Уағыз. 10.Ушығу. 12.Уəкіл. 15.Уəлиханов.
Төменде газетіміздің өткен №9 санында
жарық көрген сөзжұмбақ «У»-дың жауабы беріліп отыр.
Сөзжұмбақты құрастырған Сахи ӘБДІРАЗАҚОВ.
О
Й
Л
А
Н
А
О
Т
ЫР
Ы
Ң
Ы
З
Топтаманы дайындаған Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Спорт
Спорт
Спорт
Спорт
Спорт
Спорт
Е
Л
А
У
ЗЫ
НД
АҒЫ ҚЫ
ЗЫ
Қ
Т
Ы
ХИКАЯЛАР
ЖҰРТ...
ЖҰРТ...
...ДЕП ЖҮР
...ДЕП ЖҮР
Облыста 2020 жыл а
дейін 4 су оймасы
салынып, бірнеше су
оймасы ке ейтіледі...
Тараз аласында ы
« ызыл сызы ты » стіне
салын ан базарлар ретке
келтіріледі...
«Бурыл» ал абыны
жолдары ж нделеді...
ордай ауылынан
«Батыс», «Шы ыс» ж не
«Солт стік» ша ын
аудандарыны
рылысы
басталады...
Жуалы ауданыны
Ша па ата ауылыны
ма ынан уран зауыты
салынады...
Шу ауданында ы
Д.А. онаев ауылынан
з улім мешіт ашылады...
й
Нұрғисаның мінезі
ӘД
ЕБИ
-МӘДЕНИ ӘЛЕМ
Б
І
Л
ГЕН
ГЕ М
А
РЖ
АН
Бұл оқиға бұдан мың жарым жылдай бұрын
болыпты. Үндістан патшасы Схерам өзінің
ешкімді тыңдамайтын қыңырлығымен елді
əбден күйзеліске ұшыратса керек. Сонда Сесса
деген ғұлама жан-жағындағылардың көмегінсіз
патшаның ештеңе істей алмайтындығын түсіндіру
мақсатымен əміршіге шахмат апарып, оған ойнау
ережесін баяндайды. Ғұламаның ойлап шығарған
ойынына көңілі толған əмірші оған қалаған
сыйлығын бермекші болады.
Сонда ғұлама шахмат тақтасындағы 64 тор
көздің біріншісіне бір, екіншісіне екі, үшіншісіне
2х2-4, төртіншісіне 4х2-8, осылай геометриялық
прогрессиямен өсіріп бидай дəнін беруді сұрайды.
Бірақ ғұламаның өтінішін
о р ы н д а у ү ш і н п а т ш а н ы ң
е сепшілері е септеп қарағанда
(1-2
1
-2
2
-2
3
-2
4
... Осылай 2
64
-ке дейін)
18446744073709511615 (18 квинтиллион,
446 квадриллион, 744 триллион 73 биллион
709 миллиард 551 миллион 615 мың)
шығады. Бұны 12 текшеге – 20, ал 13
13
текшеге
15 миллион дəннен келеді деп есептесек,
12 000 000 000 000 текше метр жерге сыятын
астық сұрапты. Осынша астықты орналастыру
үшін биіктігі 4 метр, ені 10 метр, ұзындығы
300 000 000 мың километр сарай салу керек екен.
Бұл жердің күнге қашықтығынан екі есе көп.
БУЙВОЛ МҮЙІЗІНЕН ЖАСАЛҒАН ШАХМАТ
БУЙ
Шахмат Арменияда бағзы
заманнан белгілі жəне онымен
əуестенушілер де көп болған.
Арменияның тарихи музейіндегі
сирек кездесетін мүйіз фигуралар
– осының айғағы.
Е ж е л г і ү н д і о й ы н ы н ы ң
фигураларын буйвол мүйізінен
1 8 8 0 ж ы л ы ат а қ т ы ш е б е р
Даниэл Сукасян жасаған. Музей
қызметкерлері бұл фигураларды
шебердің немере сі, Апаран
ауданы, Мелик селосында тұратын
қарт Геворк Товмасяннан алды.
1938 жылы белгілі ғалым Иосиф
Орбели қазір Эрмитажда сақтаулы
тұрған мүйіз фигураларды осы
Апаран ауданынан тауып алған
болатын.
Апаран ауданы тұрғындарынан
т а б ы л ғ а н б а й ы р ғ ы ш а х мат
фигуралары – бұл ойынның ежелгі
Армения тұрғындары арасында
кең тарағанын айқындай түседі.
* * *
А.С.Пушкин кітапханасында
атақты француз шахматшысы
А.Филидор мен Ресейдің бірінші
шебері А.Петровтың кітаптары
(ақынға арнайы сыйға тартылған)
сақталған.
И.С.Тургенев өз сөзімен
айтқанда, шахматқа бала жасынан
құмар екен. Ол Петербургтегі
ш а х м ат к л у б ы н ы ң м ү ш е с і
болыпты, ал Парижде тіпті
шахмат турнирлеріне қатысқан.
Пілмен жақсы ойнағаны үшін
француз шахматшылары оны
«піл рыцарі» деп атайды екен.
Л . Н . Тол с то й д а д е ма л ы с
сағаттарының көбін шахматқа
арнаған. Жазушының «Шахмат-
с ы з ж ə н е к і т ап с ы з ө м і рд і
түсінбеймін» деген сөзі «Соғыс
жəне бейбітшілік» романын жазу
үстінде айтылған көрінеді.
Сондай-ақ композиторлар:
А . К . Л я д о в , С . И . Т а н а е в ,
Н . Р и м с к и й - К о р с а к о в ,
С.С.Прокофьевтер де шахмат
ойынына аса мəн берген.
« Ш а х м ат, – д е п ж а з а д ы
Прокофьев, – мен үшін бір
ғажайып дүние, ол күрес пен талас,
шытырман жоспар дүниесі».
Ал орыс суретшілерінің ара-
сында шахмат ойынына И.Е.Репин,
М.А.Врубель, А.И.Куинджилер
е р е к ш е к ө ң і л қ о й ғ а н .
Л.Н.Толстойдың шахмат ойнап
отырған екі портретін Репин салған.
Дайындаған
Əділбек ЖҮНІС.
Табиғат АБАИЛДАЕВ,
«Ақ жол».
Ақын əдетте көкірегіне толған шер-
шеменін өлеңмен шығарады деп жатады.
Ал КСРО жəне Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі, облысымыздың
Құрметті азаматы Жақсылық Сəтібеков
– қара өлеңге қазығын байлап, сол
поэзия көкжиегінен бақытын тапқан
ақын. Балалар əлемінің бағбаны ретінде
де бүлдіршіндерге өлеңнен байғазы
сыйлаған жан.
«Ақынның аты, ғалымның хаты
өлмейді», демекші, алаштың аяулы ақынын
Байзақ ауданының өнер жанашырлары
қалтарыс қалдырған жоқ. Сарыкемер
ауылындағы Н.Киікбаев атындағы орта
мектепте «Маржан шашып жүректен...»
атты мектеп оқушыларының тұңғыш
көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын
ұйымдастырды.
Кеш ақынның сөзіне жазылған
Алтынбек Қоразбаевтың «Сағындым
Кенен атамды!» əнімен ашылды. Ақынын
сағынған жерле стері əнші Гүлназ
Əлімқұлова орындаған əнге ду қол
соқты. Іс-шараны аудан əкімдігінің бас
инспекторы Салтанат Иманова ашып,
ақынның азаматтық болмысына, асқақ
жырларына назар аударды. Мұнан соң
Жақсылық ақынның жары Əзиза, бірге
туған бауыры Жарқынбек Сəтібеков,
жазушы-драматург Елен Əлімжан сөз
сөйлеп, аяулы ақынның сан қыры туралы
əңгімеледі.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған
аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің
байқауына алпысқа жуық оқушы қатысты.
Байқау барысында ақынның «Атамекен»,
«Жартас», «Көшеней сарыны», «Ана»,
«Тасжарған», «Сына мені!», «Төрлетіңдер,
жолдастар!», «Борыш», «Мықтылық»
секілді үздік 15 өлеңі оқылды. Əр талапкер
байқау шарты бойынша ақынның билетте
көрсетілген екі өлеңін жатқа оқып беруі
тиіс жəне оқу шеберлігі, дауыс мəнері мен
тіл тазалығы жоғары деңгейде болуы шарт.
Байқау қорытындысында Н.Ақшабаев
атындағы орта мектептің оқушысы Абай
Якупов бас жүлдеге лайық деп табылса,
Сарыкемер орта мектебінің оқушысы
Ерасыл Орман жүлделі бірінші орыннан
көрінді. Сондай-ақ, Ақтоты Уалихан,
Бақытжан Рүстемов, Гүлсім Бейсембай,
Ақшуақ Қиялбек, Ілияс Бейісбай, Динара
Əлмахановалар да жүлделі орындардан
тыс қалған жоқ. Байқау жеңімпаздары
мен жүлдегерлерінің бəрі диплом жəне
бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Кешті ақын Қасқырбай Нарбатыр
жүргізіп отырды. Осылайша, Байзақ
жұртшылығы қара өлеңге айналып
кеткен ақынын еске алды.
Байзақ ауданы.
Облыс орталығындағы Ибн-Сина атындағы Тараз медициналық
колледжіне қала прокуратурасы тексеріс жүргізіп, Үкімет қаулысымен
бекітілген Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік
талаптарының нормаларына сəйкес еместігі анықталды.
Өткен жылдың қаңтар айында жауапқа тартылған «Ибн-Сина атындағы
Тараз медициналық колледжі» мекемесіне Əкімшілік құқық бұзушылық
кодексінің 357-2-бабының 1-бөлігі бойынша білім беру қызметін жүзеге
асыру құқығына берілген мемлекеттік лицензиясының қолданысын алты ай
мерзімге тоқтата тұру, айыппұл салу түріндегі жаза қолданылды. Оқу орнында
штаттағы оқытушылардың жалпы санының сəйкес еместігі, материалдық-
техникалық базамен қамтамасыз етілмегені, кабинеттердің, лабораториялық
зертханалардың болмауы, кітапхананың мүлде жоқтығы мəлім болды.
Колледж əкімшілігі белгіленген мерзімге дейін аталған кемшіліктерді
жоймады. Білім беру қызметін жүзеге асыруға қажетті материалдық-
техникалық базаны қамтамасыз етпей, Үкімет қаулысымен бекітілген
білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын
орындамады. Осыған байланысты, өткен жылдың қараша айында Тараз
қаласының мамандандырылған əкімшілік соты «Ибн-Сина атындағы Тараз
медициналық колледжі» мекемесін кінəлі деп танып, лицензиясынан айырып,
100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 185 200 теңге көлемінде
айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Апелляциялық сот алқасы бірінші
сатылы соттың қаулысын заңды деп санап, өз күшінде қалдырды.
Мадина БЕГЖАНОВА,
облыстық соттың Ақпараттық
қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
Тараз қаласы.
Словакия жолдары қазақ шаңғышыларына олжалы болып тұр. Жарыстың
кезекті күнінде Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты.
Бес шақырымдық спринт жарысында қазақстандық шаңғышы қыз Анастасия
Слонова күміс медаль еншіледі.Алтын жүлде ресейлік Оксана Усатованың
қанжығасына байланды. Слонова бұған дейінгі жарыс күндерінде де жақсы
қырынан көрініп, алтыннан алқа таққан болатын. Ақпан айында Универсиада
əрмен қарай Испания елінде жалғасын табады.
Бүгінгі күнге дейін талай кіл мықты саңлақтар топтасқан қысқы спорт
түрлерінің державасы саналатын елдерден қазақ елі алда тұр. Алдымызда –
Ресей Федерациясы. Екі алтын, бір күміс медальды иеленген қазақстандық
спортшылардың əлі де өздерін жақсы қырларынан көрсететін мүмкіндіктері мол.
Əзірге біздің елдің спортшыларынан биатлоншылар мен шаңғышылардың
жұлдызы жанып тұр. Словакиядан кейін Испанияның Гранада қаласына
аттанатын жерлестеріміз өзге спорт түрлерінен де медаль алады деген
сенім басым. Өйткені,Универсиада 14 ақпанға дейінгі аралықты қамтиды.
Бір сөзбен айтқанда, жарты айға жуық уақыт бар əлі.
Бүкілəлемдік бокс сериясының V маусымының үшінші кезеңінде«Астана
арландары» «Baku Fires» командасымен кездесу өткізеді. Сенбіге жоспарланған
матчқа қос команда да құрамын жариялап үлгерді.
СоныменƏзірбайжанның Губа қаласындағы «Олимпиадалық спорт»
кешенінде арқан бойы керілген шаршы рингке төмендегі жұптар
жұдырықтасады.
49 келі: Расул Салиев – Теміртас Жүсіпов;
56 келі: Могамед Гурбанов — Нұрсұлтан Көшеғұлов;
64 келі: Гайбатулла Гаджалиев — Асхат Уəлиханов;
75 келі: Жава Хостияшвили — Мейірім Нұрсұлтанов;
91 келі: Рахил Маммадали — Василий Левит;
Иə, «Арландар» үшін WSB аймақтық маусымындағы ең қиын əрі күрделі
кездесу болғалы тұр.«Астана арландарының» экс бапкері Сергей Корчинский
«Baku Fires» командасының тізгінін ұстады. Демек, ол біздің команданың
қыр-сырын бір кісідей біледі деген сөз. Дегенмен, «Астана арландары»
кəсіпқой бокс клубының жігіттері де ол бапкердің сырына қанық шығар. Қалай
болған күнде де 56 келідегі Нұрсұлтан Көшеғұловтан өзге боксшыларымыз
бүкілəлемдік бокс сериясының дəмін татқан саңлақтар. Василий Левит –
осы уақытқа дейін ешқандай қарсыласына есе жібермеген оғлан. Мейірім
Нұрсұлтанов та жыл өткен сайын өзінің мықтылығын дəлелдеумен келеді.
Биыл ел чемпионы атанғаны соның айғағы. Теміртас Жүсіпов тынымсыз
қимылымен, сансыз соққыларымен қарсыластарын тығырыққа тіреуге дайын.
Асхат Уəлихановтың да əзірбайжандық командада кеткен есесі бар. Нұрсұлтан
Көшеғұловқа да өз мүмкіндігін пайдаланып, мықтылығын дəлелдер сəт туды.
Тек сырт алаңда айқын басым болу қажет. Əйтпесе, жеңіс қолдан сусып кетуі
мүмкін. Оны «Арландар» жақсы біледі. Жігіттерге сəттілік!
А
қ
м
а
а
р
р
а
л
ы
м
м
б
а
р
м
м
е
ен
і
ң
Жел ызыңы хабар ма?
Тауға ұзақ қараймын.
Жүрегім жай табар ма,
Көрінгенше арайлым.
Нұрландырып жер төсін,
Көмкерілген гүлменен.
Келе жатыр еркешім,
Құшақтасып күнменен.
Мамық мінез таң керім,
Таңда салған əн керім.
Көп іздеген жалғаннан,
Жаралғандай арманнан,
Ақмаралым бар менің.
ҚАРА ӨЛЕҢГЕ
ҚАРА ӨЛЕҢГЕ
АЙНАЛЫП КЕТКЕН АҚЫН
АЙНАЛЫП КЕТКЕН АҚЫН
ЖАҚСЫЛЫҚ СӘТІБЕКОВТІҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ
А
т
а
м
е
ек
е
н
Жер артық па дейсің, досым, Көкшеден,
Білем, оған шығар еді ексе өлең...
Қанша мықты жырласа да Көкшені,
Оза қояр ма екен, сірə, тек сенен.
Қалың елге қасиетті Қарқара,
Алқа болып тағылғандай Арқаға.
Соны ғана сүйген жүрек болмаса,
Бөгде жүрек жырдың жүгін тарта ма?
Бар алашқа аялы ғой Баяны,
Бөтенсінбей алақанын жаяды.
Ару тауды тербей алмақ сөйтсе де,
Жолаушының қай өлеңі, қай əні?
Жатсынар кім оранған жарғақты,
Əлем кезіп, көрсе-дағы сан бақты.
Сыр ұлына Сыр бойының шеңгелі,
Жасыл шырша, ақ қайыңнан ардақты.
Т
ау
д
а
ғ
ғ
ы
қ
ы
с
қ
ы
ы
т
а
ң
Мен даладан сағым көргем,
Мен даланың шаңын көргем.
Мен даланың шағын белден,
Қарғып шыққан таңын көргем.
Жартас – ақпан, шатқал – ақпан,
Тау жотасын ақ қар жапқан.
Ақ қанат тал, ақ қанат таң,
Аумайды аспан ақ тамақтан.
Жылжи берді қалытқы бұлт,
Күн нұрына қарық қылып.
Таудың таңы – мамық тұнық,
Атады екен зарықтырып.
Жақсылық
СƏТІБЕКОВ
«
«
«
«
А
А
А
Р
Р
Л
Л
Л
А
А
А
А
Н
Н
Д
Д
Д
Д
А
АР
Р
Р
Р
Р
»
»
»
»
«АРЛАНДАР»
А
А
А
А
Й
Й
Й
Й
Қ
Қ
Қ
Қ
ҚА
А
А
С
С
С
Қ
Қ
А
А
А
А
Д
Д
Д
Д
А
А
Й
Й
Й
Й
Ы
Ы
Ы
Ы
Ы
Ы
Ы
Н
Н
Н
АЙҚАСҚА ДАЙЫН
«BAKU FIRES» КОМАНДАСЫНА ҚАРСЫ
ШЫҒАТЫН БОКСШЫЛАР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
ШАҢҒЫШЫ ҚЫЗ
АНАСТАСИЯ СЛОНОВА КҮМІС ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ
Газет аптасына үш рет шығады. Газет редакцияның компью терлік орталығында теріліп, беттелген. Қалыбы Жамбыл «Сенім» ЖШС баспа орталығында жасалып, көбейтілді. 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22-үй. тел.: 43-32-83. Тапсырыс 47
ДИРЕКТОР –
БАС РЕДАКТОР
Көсемәлі
СӘТТІБАЙҰЛЫ
Мекен-жайымыз:
080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 5, Баспасөз үйі.
Таралымы
22990
Телефондар/факс:
бас редактордың қабылдау бөлмесі – (қаланың коды – 8-726-2) 43-17-07.
Жарнама
– 43-32-50.
Электрондық пошта:
ak-jol-taraz@rambler.ru.
Газеттің сайты:
akjolgazet.kz
Меншік иесі:
«ЖАМБЫЛ
ОБЛЫСТЫҚ
«АҚ ЖОЛ»
ГАЗЕТІНІҢ
РЕДАКЦИЯСЫ»
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
ШЕКТЕУЛІ
СЕРІКТЕСТІГІ
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ
«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ»
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ.
ЖСК KZ04319E010000374569, БСК ABKZKZKX,
СТН 211500070391. КБЕ 17, КНП 851, БСН
030940003725, «БТА БАНК» АҚ ЖАМБЫЛ
ФИЛИАЛЫ. ИНДЕКСІ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫ
ҮШІН – 65457, МЕКЕМЕ ҮШІН – 15457.
Газетті есепке
алу туралы
№12327-Г
куәлікті
2012 жылғы
1 наурызда
Қазақстан
Республикасының
Мәдениет
және ақпарат
министрлігі
берген.
Нөмірдің кезекші
редакторы
Қанат ТІЛЕПБЕРГЕН
Бас редактордың бірінші орынбасары –
Ақылжан МАМЫТ – 43-17-08;
Бас редактордың орынбасары –
Фариза ӘБДІКЕРІМОВА – 43-33-08;
Жауапты хатшы –
Әділбек БАҚҚАРАҰЛЫ – 43-50-73;
БӨЛІМДЕР:
Саясат –
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ – 43-33-08;
Экономика –
Амангелді ӘБІЛ – 43-36-21;
Әлеумет –
Баймаханбет АХМЕТ – 43-31-62;
Мәдениет –
Табиғат АБАИЛДАЕВ – 43-11-13;
Жарнама –
Жүрсінгүл ЖАҚЫП – 43-32-50;
Компьютер орталығы –
Жанна БЕЙСЕНҚҰЛОВА – 43-26-90;
Заңгер –
Абай ШАҒАМБАЕВ – 45-15-26;
Бухгалтерия – 43-17-12.
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:
Талас, Сарысу –
Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ –
8 (726 44) 5-06-68, 87777590076;
Мойынқұм –
Байжан ЕМБЕРДІ –
87019632775;
Қордай –
Құрманбек ӘЛІМЖАН –
8 (72636) 4-74-34, 87016489927;
Шу –
Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА –
8 (726 38) 3-29-99, 87074228246.
Редакция авторлардың көзқарасы,
жарнама мазмұны үшін жауап
бермейді. Жарияланбаған хатқа
жауап қайтарылмайды.
А – материалдың
жариялану ақысы төленген.
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
ЛИЦЕНЗИЯСЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАМАН
Төреғали
ТƏШЕНОВ.