Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Адам өзін өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс


Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс бұзылысын түзетудегі логопедиялық жұмыстардың бағыты



бет10/14
Дата20.06.2023
өлшемі186,24 Kb.
#102698
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс бұзылысын түзетудегі логопедиялық жұмыстардың бағыты


Жүргізілген зерттеу негізінде біз логопат балалармен жұмыс жоспарын құрдық. Біздің бақылаулар кемістігі бар балалардың сөйлеу тілдің барлық компонентерін қалыптастыру кезінде көмекші құралдарды қажетсінетінін көрсетті. Мұндай құралдарды таңдау кезінде сөйлеу тілдің жүйелі бұзылыстарын жою процесін жеңілдететін және бағыттайтын факторларға негізделдік. Мұндай факторлардың біреуі С.Л.Рубинштейннің [35], Л.В.Элькониннің [36], А.М.Леушинаның [37] пікірлері бойынша көрнекілік болып табылады.


Түзету-дамыту жұмысында жақсы нәтижеге жету педагогикалық процестің барлық мүшелерінің қатысуымен педагог, логопед, ата-аналары да іске асады. Педагог әрекеті жалпылықты иеленеді және білім беру, тәрбие және түзету тапсырмаларын шешуге бағытталған. Логопедиялық және түзету жұмысында ойын әрекеті логопедиялық жұмыс нәтижелігінің кепілі.
Бұл процесті былай анықтауға болады: бір жағынан, оптималды «логопедизация» педагог жүргізетін сабақ, екінші жағынан - логопедиялық сабақтың жалпы дамытушы материалмен толығуы, оның «психологизациясы». Бұл педагогикалық жұмыста түрлі аспектілердің орындалуына логопед пен педагогтің дайындық жағдайында ғана орындалады.
Логопед бала тілін дамытудың жалпы және жеке тапсырмасын педагог бірге анықтайды, тілдік жұмыстың мазмұнын және көлемін белгілейді. Тілді дамыту мәселесіне орай логопедтің педагогпен жылдық әдістемелік жұмыс жоспары ұйымдастырылған.
Түзету жұмыстың негізгі бағыттары:
- дыбыс айту қабілетін қалпына келтіру;
- сөйлеу коммуникациясының даму;
- байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру;
- сөздік қорының дамыту;
- грамматикалық құрылымының қалыптастыру.
Жазбаша және ауызша тіл бұзылысын жоюдағы жұмыстың, түзету-дамыту жұмысының жүйелілігімен, педагог әрекетінің мазмұнын анықтаушы негізгі идеялар келесілер:
- түзету, білім беру, тәрбиелеу тапсырмаларының бірлігі;
- жалпы білім беру тапсырмаларының және күнтізбелік сәттердің түзету бағытының негізі;
- жұмыстың дамыту сипаты және баланың жеке санасының қалыптасуы.
- баланың сабаққа қызығушылығын, танымдық белсенділігін және өзбетінше әрекет етуін тәрбиелеу;
- әр сабақта жетістікке жету, баланың танымдық әрекетінің стимуляциясы ретінде;
- баланың ойлау әрекетін белсендіру, назар және есте сақтауды дамыту балаларды тиімді және жан-жақты оқыту жағдайына қажет;
-дамытудың комплексті диагностикасы негізінде оқытудың индивидуализация және дифференциация принципі;
- оқытудағы бірізділік принципі және қалыптасқан дағды мен ептіліктің бекітілуі;
- логопед пен тәрбиешінің түзету жұмысының және дидактикалық материалдың түрлілігі және мәні.
Логопедиялық топта түзету-тәрбиелеу жұмысының сәттілігі қатаң, ұйымдастырылған жүйемен анықталады.
Логопедизацияның іске асуының бірден бір жолы-бұл логопед пен педагогтың өзара тығыз әрекеті. Логопед балалардың сөйлеуінің дамуының жалпы және жеке міндеттерін анықтайды, тәрбиешімен бірге барлық тіл жұмысының мазмұны мен көлемін белгілейді. Түзету міндеттерінің көбісі бірге шешілген болатын.
Түзетіп оқыту методикасын өңдеу кезінде логопед пен тәрбиешінің балалармен жұмыс жоспарының жүйесіне аса мән берілген.
Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары бар балалармен түзетіп оқытудың негізгі міндеттері:
1) есту зейінін, естіп есте сақтауы мен фонематикалық қабылдауын дамыту мен қалыптастыру;
2) дыбысшығаруын қалыптастыру;
3) дыбыстардың дифференциациялық дағдыларын қалыптастыру;
4) сөздің дыбыстық құрылымы мен буынның дыбыстық толығуын қалыптастыру;
5) дыбысты буындық анализ бен сөз синтезін қалыптастыру;
6) лексика, грамматикалық қатары мен ауызша сөйлеуін дамыту;
7) буын бойынша оқуға оқыту;
8) жазуға оқытуға және баспа әріптермен жазуға оқытуға дайындау;
9) орфографиялық білімі мен дағдысына дайындығын қалыптастыру;
10) танымдық процестерін дамыту (ойлау, көрнекі, оперативті есте сақтауды, есту және көру зейіні, сонымен қатар топтастыруға, бөлуге және зейіннің ауысуға қабілеті);
11) кеңестік-уақытты бағдарлауын қалыптастыру;
12) қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
14) конструкциялық ойлауын дамыту;
15) бейнелі-графикалық қабілеттерін дамыту.
Балаларды оқыту кезінде қолданылған өз бетінше әңгіме айту түрлерін талдап, әңгіме айту түрлерін орналастырдық.
Келесі тәртіп бойынша анықталынды;
- демонстрациялық әрекет бойынша әңгіменің мазмұнын айту;
- демонстрациялық әрекет бойынша әңгіме құрастыру;
- сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру;
Әңгіме айту түрлерін біз оқытудың бірінші жылдарында байланыстырып сөйлеу тілімен жұмыс істеуді шектедік.
Заттар мен құбылыстарды суреттеу ретіндегі әңгіме айтудың мұндай түрлері, оқытудың екінші жылында келесі себептер бойынша қарастырылды: заттар мен нысаналарды суреттеу мен салыстыру кезінде балаларда қиындықтар байқалады:
- заттарды қорғау кезінде өз бетінше анықтаумен оның басты белгілері мен қасиеттері;
- анықталған белгілерді жүйелілікпен орнату;
- осы жүйелілікпен бала есте сақтауды ұстауы;
Айтылғандарды ескере отырып, біз ойыншық, киім, жануарлар, ыдыс - аяқ заттарын суреттеу мен салыстыру әңгімесін құруға схемаларды өңдедік.
Заттарды суреттеу дағдыларын меңгеру маңыздылығын оқытуға дайындау жоспарында әңгіме айтуды меңгеру қиындығы жалпы тіл кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің дағдыларын қалыптастыру жолдары мен тәсілдерінің қажеттілігін анықтады.
Суреттеме әңгімелерді құрастыру бойынша сабақтар жалпы тіл кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Осы кезде келесі міндеттер қойылды:
- заттардың негізгі белгілері мен бөліктерін бөліп алу іскерлігін қалыптастыру;
- заттарды сипаттау құрылымы туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
- сипаттау түріндегі әңгіме айтуды құрастыруға қажетті тілдік құралдарды меңгеру;
- жаттығулар жолымен заттарды сипаттау дағдыларын тәжірибелік меңгеру.
Оқыту кезең бойынша жүзеге асырылды және жұмыстың келесі негізгі түрлерін енгізілді:
- заттарды сипаттауға дайындық жаттығулар;
- өз бетінше суреттеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру;
- заттарды негізгі белгілері бойынша суреттеу;
- затты кеңінен сипаттауға үйрету;
- суреттеу дағдыларын сонымен қоса ойын және заттық - тәжірибелік іс - әрекет процесінде бекіту;
- заттарды салыстырмалы сипаттауға оқытуға дайындау;
- заттарды салыстырмалы суреттеуге үйрету.
Заттарды суреттеуге үйрету балалардың грамматикалық дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша жұмыспен байланысты келесі бағыттарда жүргізілді:
- сөз түрлерін дұрыс қолданудағы жүйелі жаттығулар зат есімнің, сын есімнің, етістік түрлерінің септік жалғаулары
- балалардың сөз өзгертудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру;
- сөз тіркесін дұрыс құрастыру жаттығулары;
- сөздік қорын белсендендіру мен байыту.
Заттарды суреттеу сабағында балалардың бір топқа жататын заттардың қатары анықталынды. Осы кезде оларды сыртқы көрінісі бойынша ажыратуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл балаларға сипаттау нысанасының негізгі белгілерін бөлуді жүзеге асыруға көмектесті.
Оқыту барысында көмекші тәсілдер қатары қолданылды: заттың тілін ымдап көрсету; суретке сүйене отырып сипаттау.
ЖТК балаларды оқыту кезінде біздің бақылауымызша логопед пен баланың екі бірдей ойындық заттарды қатарласып суреттеу тәсілі нәтижелі болып табылады.
Орындалған сурет бойынша затты суреттеу тәсілі ЖТК балалардың өз бетінше суреттеу дағдыларын меңгеру үшін тиімді болып табылады. Қандай-да бір затты немесе ойыншықтың суретін орындағаннан кейін балаға оны белгілі бір жоспар бойынша суреттеу ұсынылды. Суреттер түсті бекіту мақсатында түрлі-түсті қарындаштарымен немесе фломастермен орындалды. Сосын олар кезекпен бейнеленген зат туралы айтып шықты. Педагог балалардың айтқандарына қысқаша талдау берді.
Байланыстырып суреттеу сөйлеу тілін оқыту процесінде заттық-тәжірибелік іс-әрекетті қосу, біздің көзқарасымызша заттардың негізгі қасиеттері туралы түсініктерді бекітуге, сонымен бірге баланың сабаққа қызығушлығын арттыруға сәйкес келеді. Суретті балалармен орындау тәрбиесінің жетекшілігімен жүргізілді.
Есте сақтау бойынша заттарды суреттеу тақырып бойынша жеке сабақтарда жүргізілді: «Менің сүйікті ойыншығым», «Біздің сенімді достарымыз».
Есте сақтау бойынша заттарды суреттеу тәрбиелеу сабақтарында да жүргізуге болады. Мысалы: хайуанаттар бағына барғаннан кейін табиғатпен танысу сабағынан кейін. Жұмыстың қолданылған ойын түрлерін суреттеп оқыту процесінде қалыптасқан сөйлеу дағдыларын бекіту мен дамытуды қарастырды. Олар заттарды суреттеу бойынша тану, заттарды салыстыру, заттарды өз бетінше суреттеу жаттығуларын қосты. Жеке ойын сабақтарының қысқаша мазмұнын келтірейік.
Екі затты салыстыру бойынша суреттеу келесі жаттығу түрлерін қолданудан басталды: педагогтың бастаған сөйлемін толықтыру, заттың белгісін білдіретін мағынасы бойынша сөздер, тип сұрағы бойынша сөйлем құрастыру: «лимон мен апельсиннің дәмі қандай?», кеңістіктік сипаттамаға байланысты екі заттың белгіленуі бойынша жаттығулар апельсин үлкен, мандарин кішкентай, ағаш биік, ал гүл аласа.
Суреттеу әңгімелерін құрастыру кезінде схемаларды қолдану жақсы нәтижеге жетуге көмектесті. Әңгіменің мазмұнын айту кезінде сөйлем құрылымы, оның мәнерлілігі, айтылуы жүзеге асырылады, сөйлем құрау іскерлігі тереңдетілді.
Мазмұнын айтуды - үйрету бойынша сабақтарды ұйымдастыра отырып, қатаң жоспарда құрылды.
1.Ұйымдастыру бөлімі (мақсаты - балаларға зейінін шоғырлануға) мәтінді қабылдауға, дайындауға көмектесу керек);
2.Мәтінді оқу; (мазмұнын айтуды орнату);
3.Сұрақ - жауап түрінде мәтінді өңдеу;
4.Балалармен бірге мәтінді қайталап оқыту;
5.Баланың мәтіннің түсінігін айту (көрнекілікке сүйене отырып);
6.Тілдік материалды бекітуге жаттығулар;
7.Балалар әңгімелерін талдау;
Байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысында маңызды
орынды күрделі сюжетті әңгімелерді өз тәжірибесінен әңгіме құрастыру бойынша жаттығуларды жүргізу болып табылады. Сабаққа тапсырмалар енді.
Сабақты жүргізу кезінде келесі міндеттер қойылды:
- Балалардың сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын бекіту мен дамыту;
- Байланысты монологиялық қарым-қатынас құрылымының дағдыларын қалыптастыру;
- Байланыстырып айту құрылымын бақылау және өз бтінше дағдыларын дамыту;
- Ауызша сөйлеу тілін қалыптастырумен тығыз байланысты психикалық процестер қатарын (қабылдау, есте сақтау, елестету, ойлау операциялары) белсендендіруге мақсатты түрде әсер ету.
Әңгіме айту дағдыларын қалыптастыру бойынша түзету жұмысын оқытудың тематикалық принциптерін ескерумен және логопедиялық топтың логопедтері мен тәрбиешілерінің жұмысының тығыз байланысы негізінде құрылды. Біз балалардың байланстырып әңгіме айту дағдыларын меңгеруге көңіл бөлдік.
Өз бетінше әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында келесі жұмыстың түрлері қолданылды: аналогия бойынша әңгіме құрастыру, аяқталмаған әңгімеге сөйлем ойлап табу, ойыншықтар жиынтығы бойынша әңгіме құрастыру, бірнеше тірек сөздері бойынша әңгіме ойлап табу, берілген тақырыпқа әңгіме құрастыру. Осы кезде келесі тәжірибелік тапсырма көзделді:
- балалардың мәтін мен көрнекілік материалда бағдарлану іскерлігін дамыту;
- қоршаған орта туралы білімдері мен түсініктерін белсендендіру;
- кеңістіктік және уақыт түсініктерін анықтау және дамыту;
- өз бетінше дағдыларын қалыптастыру;
- әңгіме айтуға үйрету бойынша арнайы сабақтар негізінде түзету жұмысының соңғы кезеңінде жүргізіледі.
Өз шығармасынан әңгіме құрастыруға үйрету кезінде біз ойыншықтар
жиынтығы бойынша үш тірек сөздер бойынша суретке сәйкес иллюстрация әңгіме құрастыру әдістерін қолдандық. Мысалы: «бала» - «тор», - «өзен»; «балалар» - «орман», - «кірпі».
Әңгімені құрастыру суретте бейнеленген заттарды атаумен және оған
қысқаша сипаттама берумен жүзеге асырылды. Содан кейін балаларға оқиғаның негізгі мүмкіндігін анықтайтын әңгіменің тақырыбы ұсынылды: «Балық аулауда», «Ормандағы оқиға», және т.б. Тапсырманы орындау кезінде жеңілдік болу үшін 3-4 сұрақтан тұратын қысқа жоспарлар қолданылды (Мысалы: «Бала балық аулауға барғанда өзімен бірге не алды?», «Өзен бойында кімді кездестірді?», «Бала үйге не әкелді?» және т.б.) Балалар қиналған кезде логопед әңгіменің үлгісін берді.
Өз шығармасының элементімен әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру үшін заттық-тәжірибелік сабақтар - сурет салу, жапсыру, құрастыру қолданылды. Ауызша және көрнекі құралдарды қолданбай – ақ тақырыпқа әңгіме құрастыруды үйрету жұмыстың соңғы кезеңінде жүргізілді.
Сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық дамымаушылығы жеңіп шығу дыбысты шығаруын түзету мен фонематикалық қабылдауын дамыту бойынша логопедиялық жұмыстардың мақсатты бағытталуымен жүзеге асады. Мұндай балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесіне сөйлеу кемістігін түзету мен сауаттылықты толық меңгеру дайындығы кіреді.
Түзетіп оқыту осы жасарлық этапта балалар меңгеретін сөйлеу дағдыларын, дыбыстық анализ бен синтездің, сөздік қорының дамуы, қоршаған орта жайлы көрінісі мен білім шеңберінің дамуын қарастырады.
Логопед-балалармен түзету жұмысы олардың сөйлеу және психофизикалық бұзылыстарын индивидуальды, шағын топтар мен фронтальды сабақтарды жүргізу жолымен жеңіп шығуға бағытталған.
Индивидуальды сабақтарда әрбір баланың мүмкіндіктерін ескеріп бұзылған қызметтерді түзету, фонематикалық қабылдауын дамыту, дыбыстарды қою, артикуляционды моторикасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілген. Артикуляционды жаттығулар ойынмен және белгілі бір тақырыппен, мысалы, «Құстар», «Аңдар». Буындағы дыбыс автоматизациясы этабында кешенді тәсіл жүзеге асады, өйткені просодия және мимикамен бір уақытта жұмыс жүргізіледі. Балалар жат елден келгендердің, ертегі батырларының, жануарлар кйіпіне түседі және т.б., сонымен елестету, шығармашылық фантазиясы дамиды, мәнерлі, интонациясы бекітіледі.
Шағын топтармен сабақтарда сөйлеу бұзылыстары ұқсас балалар бірігеді. Олармен ауызша сөйлеуін дамыту, сөздік қорын кеңейту, дыбыс автоматизациясы бойынша жұмыстар жүргізілген. Әрбір сабаққа тілдің лексико-грамматикалық формасын дамытуға балалардың психофизикалық өрісін қалыптастыруға тапсырмалар енгізілген. Бұл психогимнастика, релаксация, ұсақ және жалпы моториканы дамытуға арналған ойындар, дауыс және дем шығару жаттығулары, зейінге арналған жаттығулар.
Барлық тапсырмалар сабақ барысында балалардың өздері құрастырған әңгіме, ертегі сюжетімен немесе қандай да бір лексикалық тақырыппен бірігеді.
Дыбысты шығаруды түзету фронтальды сабақтың жүйесі оқу-дисциплинарлық моделінен ерекшеленеді. Негізінде кешенділік және ойын тәсілдері жатыр. Кешенді бағытпен ойын тәсілдерін қолданумен О.С.Ушакова [38], Ф.А.Сохина [39], Г.А.Тумакова [40], Г.А.Каше [41] айналысқан. Тұтығуды жою кезінде (Г.А.Волкова [42], М.Г.Выгодская [43]), балабақшадағы балалардың дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу кезінде (М.Г.Генинг [44], Г.А.Тумакова [40], Г.С.Швайко [45] ойын тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Берілген жұмыста қолданылатын негізгі құжаттарға мыналар жатады:
-Сөйлеуінің фонемалық қатары дамымаған балаларды оқыту бағдарламасы.
-Фонетикалық-фонематикалық сөйлеу кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасының жобасы.
-Фонетикалық-фонематикалық сөйлеу кемістігі бар балалардытәрбиелеу мен оқыту бағдарламасының жобасы.
- Білім беру мекемелеріндегі (ФФНР, ЖТК) дайындық тобында логопедтің жұмысын перспективті жоспарлау.
- Жалпы тіл кемістігі мектепке дейінгі балалар тобын мектепке дайындауда логопедтің жұмысын перспективті жоспарлау.
- Сауаттылыққа оқыту мен дыбыстық анализ дағдыларын қалыптастыру бойынша сабақтық перспективті тақырыптық жоспары.
- Фонетикалық-фонемалық сөйлеу кемістігі бар балаларға арналған дайындық тобында түзету жұмысының күнтізбелік жоспары т.б. авторлық еңбектер қолданылады.
Сабақ жүйесінде арнайы білім беру принципі іске асады - үштік міндетті сақтау кезіндегі түзету принципі, дәлірек айтсақ, түзете тәрбиелеу, түзете дамыту, түзете оқыту.
Түзете дамыту мынандай түрлі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- есту зейінін дамыту;
- сенсорлы және моторлы қызметін дамыту;
- артикуляторлы қозғалыстың кинестетикалық негізін қалыптастыру;
- мимикалық мускулатурасын дамыту;
- интеллектуалды қызметін дамыту ойлау, кеңістікте және уақытта бағдарлануы;
- эмоциональды ерік-сферасы мен ойын әрекетін дамыту;
- үйлесімді қасиеттерін қалыптастыру; достық, махаббат, сыйластық және өзін-өзі сыйлау, сыншылдық және өзін-өзі сынау, бағалау және өзін-өзі бағалауы және т.б.
Барлық сабақтар баланың психикалық қамқорлығына, оның комфорттылығы мен мұғаліммен эмоциональды қарым-қатынастың қажеттілігіне бағытталған.
Бағдарламадағы талаптар логопедиялық топтағы барлық фронтальды және шағын топтардың сабақтарында қолданылады:
1.Сабақтың мақсаты мен тақырыбы жұмыстың барлық этаптары мен барлық түрлеріне енеді.
2.Меңгерілетін дыбыстың лексикалық және грамматикалық материалмен максимальды толыққандығы.
3.Оқу және ойын формаларының үйлесімділігі, интегралды, аралас сабақтар.
4.Балалардың жасына, жұмыстың этабы мен мазмұнына байланысты көрнекіліктер.
5.Ойлау, зейін, есте сақтауды дамыту бойынша жүйелі жұмыс.
6.Әрдайым дыбыстық-әріптік анализ бен синтез.
7.Жазу мен оқу дағдыларын күнделікті бекіту.
8.Қиындықтың ұлғаюы бойынша ауызша сөйлеудің дамуы.
9.Кемістігі бар дыбыстарды қолдануға жол бермеу.
Фронтальды логопедиялық сабақтарды ұйымдастыруда мектеп жасына дейінгі балалардың дыбысты шығаруын түзетуде кешенді-ойын әдісі қолданылады. Сабақтың сюжетті-тақырыптық ұйымдастырылуы сөйлеудің белсенділігі, таным процестернің дамуы үшін біршама мақсатқа лайықты және балалардың психофизикалық жағына сәйкес келеді, өйткені ойын кезінде балалардың потенциалды мүмкіндіктері максимальды түрде іске асады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін дамыту сипатын иеленетін әр түрлі методикалық тәсілдер қолданылған.
Дыбыстармен танысу жүйелігі, негізінен, Г.А.Кашенің [41] ұсыныстарына сәйкес дыбыстарды меңгеру жүйелігінің түрленуі де қатысады.
Бағдарламада сөйлеудің барлық жақтарын түзету талаптары ескерілген: фонетика, лексика, грамматика, сематика мен просодия.
Сөйлеуді дамытуға бағытталған міндеттерден басқа, сабақтарда тілдік анализ бен синтез қызметін дамыту үшін тапсырмалар қарастырылған, яғни сауаттылыққа оқытуға дайындық жүргізілген. Мұның барлығы бала ағзасының ерекшелігіне орай ертегі, саяхат жасау, шытырман оқиға, ойын сюжеті немесче қандай да бір лексикалық тақырып шеңберінде оңай меңгеріледі. Балалар сюжеттегі әрекеттің жазылуына орай ойнап, «дыбыс», «буын», «сөз», «сөйлем», «әріп» ұғымын түсінеді, мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштарды айтуда дыбыстарды дұрыс қолдануды бекітеді, ертегі, өлең шығаруға ат салысады.
Фронтальды сабақтардың ұйымдастырушылық-сюжеттік негізі шексіз әр түрлі болуы мүмкін. Сабақты ұйымдастырудың кейбір нұсқалары келесілерді қолданумен жүзеге асады:
- ертегі сюжеттерін;
- фольклор элементтерін;
- саяхатқа шығу, экскурсия, шытырман оқиғаларды елестетуін;
- әдебиет кейіпкерлерін;
- танымалы және ойлап табылған ойындарды;
- сюжетті және пейзажды картиналарды;
- арнайы жасалған көрнекілік-суреттер, коллаждар, мозайкалар, панно;
- үстел-баспа ойындарын,
- сюжеттер мен мультфилм батырларын.
Бірыңғай тақырып немесе сюжет бойынша ұйымдастырылған және жүргізілген сабақтар негізделеді:
- сөйлеудің барлық компоненттерінің дамуы;
- дыбыс-буындық анализ бен синтез дағдыларын қалыптастыру;
- таным процестерінің дамуы;
- балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- өнегелі-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Фронтальды сабақтардың құрылымы дыбыс шығарудың автоматизациясы мен дыбыстардың дифференциациясы бойынша мынандай міндетті элементтерді енгізеді:
1. ұйымдастыру кезең;
2. сабақтың тақырыбын хабарлау;
3. дыбыстың артикуляциялық және акустикалық белгілері бойынша мінездеме;
4.меңгерілетін дыбыстың буын және буындық үйлесімділігімен айтылуы;
5.дыбыстардың сөздерде айтылуы;
6.физминутка;
7.сөйлеммен жұмыс;
8.сауаттылық элементтеріне оқыту;
9.сабақ қортындысы.
Міндетті элементтерден басқа қосымша элементтер кіреді:
- тіл қызметінің анализ бен синтезінің дамуына тапсырмалар;
- сауаттылыққа оқытуға дайындау;
- лексико-грамматикалық тапсырмалар;
- физ.үзілістер (сөйлеу мен қимылдың өзара әрекеті).
- дауыс, дем шығару, мимикалық жаттығулар;
- қимыл мен әрекеттің имитациясы;
- шығармашылық тапсырмалар;
- сөз шығармасы;
- таным процестерінің дамуына тапсырмалар;
- өлеңдер, диалогтар.
Бұл элементтер сабақтың мазмұнын толықтырады және баланың жан-жақты және үйлесімді дамуына бағытталған.
Логопедиялық сабақтарда балалардың тиімді оқу әрекеті дағдыланады, фонетико-фонематикалық кемістігі жойылады, ауызша сөйлеуі қалыптасады, дыбыстық талдау мен буындап оқу дағдысы қалыптасады.
Сөздік қорларын молайту кезінде, тіл дамыту сауат ашу, айналаны қоршаған орта сабақтарының дайындығын белсендіруге арнайы жұмыстар жүргізу қажет.
Басты мақсат - балалардың заттық-тәжірибелік әрекетіне негізделе отырып, көлем, түрі, сөздің мағыналығы, сурет бойынша әңгіме құрау, сөздерді жеке және көпше түрге айналдыру сонымен қатар, уақыт және кеңістік туралы түсініктерін толықтыру болып табылады. Балалардың әртүрлі заттармен әрекет жасауы кезінде, олардың қоршаған орта туралы түсініктері кеңейеді, нәтижелі сабақ оқытудың жалпы және жеке түсініктер игеріледі, сөзік қордың молайуы ретінде өмірлік тәжірибесі толығады.Баланың сөздік қорын молайту, нақтылау үшін, күнделікті өмірді орынды пайдалана білуі үшін жаңа сөздің мән, мағынасын жете түсіндіріп, белсенді сөздік қорын арттыру қажет.
Қоршаған заттармен құбылыстардың барлығы сөз арқылы жеткізіледі. Зат есім, сын есім сан есімді етістікпен байланыстыра білу білу дағдылары қалыптастырылады. Айша екі алма алды,т.б.
Ауыз әдебиеті үлгілері: мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілерді,сюжетті суреттерді ойын, ертегілерді қайта жаңғырту ондағы кейіпкерлерді сынау, сипаттау, сұраққа жауап беру әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сөз туындату, сөйлем құрау шғармашылықпен қысқаша әңгіме құрастыру арқылы баланың сөздіқ қоры дамиды.
Балалардың бақылауы, сөздік жұмыстармен қатар, әртүрлі дидактикалық материалдармен жүгізілетін тәжірибелік жұмыстар, жұмыстың негізгі құрамы болып табылады. Бiлiм беру мекемесiнде оқитын психикалық дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Педагог, логопед, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргiзiлетiн жұмыс нәтижелi болады, яғни баланың өз өзiне деген сенiмдiлiгiн арттыру арқылы түзете-дамыту жұмыстарын жүргiзу тиiмдi.
Сөйлеу тілінде бірнеше анықтамалар бар яғни грамматикалық, лексикалық, фонетикалық формалары арқылы жүзеге асырылады.
Балалардың сөздік қорын дамыту келесі талаптарға сүйенеді: сабақ барысында лингвистикалық сөйлеу тілін пайдаланып, сөздерді қолдана отырып жұмыс жүргізу; дидактикалық сабақ барысында логопед әлем туралы, өздері туралы жайттарды балаларға түсіндіру.
Базалық грамматикалық түсінік балаларға сөздің морфологиясын және құрылымын, оның сөйлмдегі синтаксистикалық байланысын түсіндіріеді. Балаларға келесі грамматикалық түсініктерді меңгерту қажет:
- сөздің бөлгі, түбір, жұрнақ, жалғау, қосымша, күрделі сөз, қүрделі қысқартылған сөз, бір түбірлі сөз;
- морфология: сөйлемнің бөлімі, сөйлем бөлігінің мағынасы, абстрактілі және нақтылы сөз. Балалардың сөздік қорын молайту жұмысында келесі грамматмкалық дағдыға сүйенеді:
а) сөздің құрылымын анықтау;
ә) бір түбірлі сөздерді жинау;
б) сөздерді мағынасына қарай топтау.
Балалардың сөздік қорын молайту сөзердің грамматикалық және лексикалық мағынасын түсінуді, сөздік форманы құрастыруды, сонымен қатар олардың стистилистикалық ерекшеліктерін, сөздерді дұрыс қолдана білуді дамытады. Отандық әдістердің жоспарында мектеп жасындағы балалардың сөздік қорын дамыту жұмысында келесідегілерді бөліп көрсетті:
- сөздікпен жұмыс;
- балалардың грамматикалық сөйлеу тіл қатарын молайту жұмысы;
Балалардың сөздік қорын молайту-бұл:
а) тіл дамыту сабағында әдіс-тәсілдерді пайдалану;
ә) алынған бір бағытты балалардың сөздік қорын дамыту жұмысында пайдалану;
б) тіл дамыту сабағында қажетті тапсырмалырды қолдану.
Балалардың сөздік қорын молайтудың мақсаты-бұл:
1) сөздің санын көбейту және сапалы сөзік қордың шыңына жету;
2) сөзерді дұрыс пайдалануға үйрету.
Мектепке дейінгі жастығы ПДТ балалардың сөздік қорды молайту жұмысы екі бағытта жүзеге асырылады: грамматика-орфографиялық және семантикалық бағыт.
Грамматика-орфографиялық бағыттың сөздікпен жұмыс жасауы келесідегідей:
сөздік-морфология;
сөздік-орфоэпия;
сөздік-морфема;
сөздік-орфографиямен;
Семантикалық бағыт сөздікпен жұмыс жасауда келесі жұмыстардың түрін біріктіреді:
сөздік -семантика;
сөздік-стилистика.
Балалардың сөздік қорын молайтуда қимыл іс әрекетті қабылдау арқылы жүзеге асырса болады.
Бейнелік сөздік қорды молайту бірнеше бағытта қарастырылады: балалардың тілдің барлық жақтарын меңгеруі (фонетикалық, лексикалық, емілелік); әдеби және фольклорлық шығармалардың әр түрлі жанрларын қабылдау (танысу), өзіндік дербес әңгімелеудің қалыптасуы.
Балалардың тілінің байлығы тек қажетті сөздік қор ған емес, әр түрлі сөз тіркестерін, сөйлемдік құрылымдарды, мәнерлікті пайдалануды талап етеді. Сюжетті суреттер бойынша әңгімелеуде осы баладарды қиялдауға, сонымен бірге суретегі табиғат, жыл мезгідері, негізгі түс, көлемі және пішіні туралы түсініктері қалыптасады.
Балалардың сөздік қорын - транспорт құралдары (машина, автобус), автомобиль бөліктері (кабина, рөл, дөңгелек), өсімдіктер (ағаш, шөп, гүл), жемістер (алма, алмұрт), көкөністер (сәбіз, қызанақ, қияр), үй жануарлары (қой, ешкі, тауық) мен олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімдермен;
- кейбір еңбек әрекеттерін (жуу, сүрту, үтіктеу, емдеу), өзара қарым-қатынасты (беру, көмектесу, жаны ашу) білдіретін етістікпен;
- заттардың көлемін, түсін, дәмін (үлкен, қысқа, қызыл, көк, тәтті, ащы) білдіретін сын есіммен;
- үстеумен (қазір, жақын, алыс, төмен, жоғары, жылдам, баяу, қарашы) молайту. Балаларды осы сөздерді қолдануға үйрету.
Балаларды суреттің мазмұны бойынша, серуенде көргендері туралы логопедттің қойған сұрақтарына жауап беруге, тақпақтар айтуға, салынған суреттер туралы әңгімелеуге, кітаптағы суреттерді қарауға, ол жайында екі-үш сөйлеммен әңгімелеуге үйрету.
Суреттегі үй жануарлары қой, сиыр, тауық және т.б. мен оның төлдерін қой - қозы, сиыр - бұзау, тауық - балапанды танып, атауға үйрету. Өсімдіктерді шөп, ағаш, гүл ажыратып, дұрыс атауға және гүлдің, шөптің, жапырақтарының түсін атауға, сыртқы түріне қарай ажыратуға, кейбір жемістер мен көкөністердің сәбіз, қияр, алма, алмұрт және т.б. дәміне қарай атауға үйрету. Балаларды отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі ересек адамдардың кейбір еңбек әрекеттерімен таныстырып, оларды атау күтуші ыдыс-аяқтарды жуып, сүртеді, анам киім тігеді, кір жуады, үтіктейді, аспазшы асханада ас әзірлейді, дәрігер балаларды емдейді, шашатаразшы шаш үлгісін жасайды, жүргізуші көлік жүргізеді және т.б.
Айналадағы кейбір транспорт түрлерін жеңіл және жүк автомобильдері, автобус, трамвай, троллейбус сыртқы түріне қарап және бөлшектерін кабина, рөл, дөңгелек, терезе, есік ажырату.
Логопед балалармен бірге нысананы қарап, заттың бөлшектерінің бөліктерінің отыратын орындықтың аяқтары, арқасы атауларын, кейбір қасиеттерін түс, мөлшер, түр анықтайды, заттардың маңызы туралы сұрайды. Балалар өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісінің аты және әкесінің атымен атай білу керек; тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді дұрыс қолдану киім, жиһаз, ыдыс-аяқ, ойыншықтар және олардың қолданылуын төсекте ұйықтауды, үстел басында тамақтанады және сабаққа дайындалады, шкаф пен сөреде - кітаптар мен ойыншықтар орналасады, тостағанға қымыз, шыныаяққа сүт, шай құяды, қасықпен тамақ ішеді білу керек.
Балалардың заттардың санын біреу, көп, аз, бір-бірден, олардың кеңістікте орналасуын биік - аласа, алыс - жақын, астында, үстінде, жанында, қозғалу бағыттарын алға - артқа сипаттау білуді жетілдіру. Өз тілінде үстеу мен сын есімді үйлестіріп қолдану.
Қоршаған орта тралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны түрлі сөз таптарына зат есім, етістік, сын есім, үстеу қатысты сөздермен байыту. Заттардың бөліктерін көйлек пен жейденің - жеңі, жағасы, түймелері ажыратып, атай білуге үйрету.
Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі білдіретін сөздермен толықтыру.
Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т.б., киімдер: жейде, шалбар, тон және т.б, ыдыс-аяқтар: кесе, қасық, тостаған және т.б.
Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер - антонимдерді үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын енгізу. Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауларымен толықтыру: кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар.
Балалардың сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген «таңқаларлық» заттардың атауларымен (желпуіш, теңге) толықтырып, аттары мен қызметтерін түсіндіру.
Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді жалғастыру.
Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету үстелдің астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында, есіктің артында, айнаның алдында және т.б.
Жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы-жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету. Өздері білетін заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын жалғап, көпше түрде айтуға үйрету доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда, т.б..
Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын) қолдана білуге үйрету. Сөздерді септік, көпше және жекеше түрлерінде дұрыс айта білуге үйретуді жалғастыру.
Сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету. Мысалы, ілік септігіндегі зат есімнің көпше түрі (ойыншықтардың, адамдардың, боталардың, қонжықтардың), етістіктің бұйрық райына (сурет сал, секір, биле, ән сал, жат), етістіктің түрлері (жату, жүру, жүгіру).
Жан-жануарларды, олардың төлдерін (үйрек - үйректер - үйректің балапаны, түйе - түйелер - бота - боталар) білдіретін сөздерді зат есімнің көпше және жекеше түрінде айту іскерліктерін дамыту.
Салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануға мүмкіндік туғызу және жай сөйлемнің құрылымын жетілдіру.
Сан есімдерді ретімен айтуға, оларды саналатын заттармен тектік, сан-мөлшерлік, есептік жағынан байланыстыруға үйрету. Баланың сөздік қорын дамытуда тапсырмаларды түрлендіріп пайдаланудың маңызы зор. Жалпы және жеке ұғымдарды бекітуге арналған дидактикалық ойындарды пайдалану қажет. Әрбір сабақты өткен материалдар негізінде бала күн сайын жаңа сөздерді менгереді.
Ойын және ойыншықтарға байланысты сөздерді күнделікті тұрмыста пайдаланады. Логопедпен бірлескен ойында балалардың заттар және ойыншықтармен әрекет жасау біліктерін бекіту. Ойын әрекеттерін қалыптастыру, оларды қарапайым сюжеттерге «Қажетті суретті тап», «Кімде мына түстес зат бар», «Нені қайдан алуға болады?» біріктіруге үйрету. Рөлдік ойындарда балалардың мінез-құлың мәдениетінің қарапайым түрлерін қалыптастыру: белгілі рөлге сай әрекет жасауға талпындыру (ана, жүргізуші, дәрігер. Баланың жас ерекшелігіне сай келетін ойыншықтар, атрибуттар ұсына отырып, екі-үш бөлімдік ойын әрекеттерін қалыптастыру. Әрекетті ойыншықтың бірінен екіншісіне ауыстырып, ойында 2-3 біртінді эпизодты орындауға үйретуді жалғастыру «Қуыршақ ұйықтап жатыр, серуендеп жүр, тамақтанып отыр».
Ойынға ойыншықтар мен атрибуттар таңдап алуға, ойыншықты өзімен бірге ойнайтын серіктесі ретінде қолдануға үйрету. Рөлдік ойынға ауысқанда, әрекеті тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге серіктес ойыншығы үшін де бейнелеуге, әңгіме жүргізе білуге үйрету.
Балалардың бастамасы бойынша туындаған ойынды қолдау. Ойында орынбасар-заттар қолдануға, бірлесіп, бірігіп ойнауға (2-3 баладан) ынталандыру.
Ойында балалардың қатар отырып ойнауы, бірге ойнауы, жолдастарына мейірбанды болуы: бірге ойнай білу, басқа балаға кедергі жасамау керектігін түсіну біліктерін қалыптастыру. Балалардың бір-бірімен жағымды эмоционалды қатынасын дамыту.
Балалардың қуыршақтармен сахналау, сюжетті-рөлдік ойындарын молайту. Балаларды осындай ойындарға белсенді қатыстыру: логопедтің тапсырмасы бойынша белгілі әрекеттерді орындау, сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу. Қарапайым ойындарға - ертегілерді драмалауға үйрету. Осы ойындарды қолдау, бастама көтеру, балаға театрландырылған, драмалау ойын тәжірибесін өздері ойлап шығаратын ойындарға ауыстыруға көмектесу.
Балалардың белсенділігіне сүйене отырып, бөлме, жиһаз, үйі құрастыратын құрылыс ойындарына қатыстыру. Балаларды ойынның сюжетін дамыту үшін құрылыс материалдарынан кірпіштер, кубиктер, пластиналар құрылыс салуға ниеттендіру. Балаға орынбасар зат ретінде қолданатын материалдарды пайдалануға беру. Пікір айтуларын мадақтау.
Балаларды логопедпен бірге қарапайым мазмұнды, күрделі емес қимылды ойындар ойнауға қызығушылығын тудыру. Оларды түрлі ойын жаттығуларының көмегімен жандандыру. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, шағын топпен, содан соң барлық балаларды қатыстырып, ойнауға үйрету. Біртіндеп ережесі күрделірек және қимыл түрлерін алмастыратын, рөлдерді орындайтын ойындар енгізу.
Қимылдарды жетілдіретін (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) ойындарды қолдау. Балаларды кейбір кейіпкерлердің қарапайым бейнелі әрекетін (қоян сияқты секіру, балапан сияқты дән шоқу, су ішу және т.б.) көрсете білуге үйрету. Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін жинақтауға бағытталған дидактикалық ойындар ойнауға үйрету. Заттарды сыртқы белгілеріне қарай үйрету.
Заттардың функционалды қызметтеріне қарай заттарды топтастыру іскерліктерін дамыту: ыдыс-аяқ-шай, асхана, асүй; жазғы және қысқы аяқ киім. Бірдей заттар мен әртүрлі заттарды іріктеу, заттарды өсу, кему ретімен орналастыру іскерліктерін дамыту. Ойынға жүргізуші ретінде қатысуға ынталандыру.Ойын барысында танымдық есептерді шешу арқылы зейін қоя білу, есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін дамыту. Балалардың дидактикалық ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын арттыру.
Балалардың зейінін, ойлау қабілетін, толық түрде қабылдауын, қиялын, ұсақ қол моторикасын дамытуға мүмкіндік беретін және заттардың түсін, түрін, көлемін бағдарлауын дамытуға арналған ойындар жүргізу қажет Мысалы: қуыршақ, доп, көлік.
Біз балалардың сөйлеу тіліндегі жүйелі бұзылыстарын жою бойынша бірнеше тапсырмаларды пайдаландық. Айта кететіндігі осы тапсырмалар арқылы біз балалардың белсенділігінің жоғары екедігін байқадық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет