Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Адам өзін өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс


Эксперименталды топтың құрамына жинаған балалардың барлығы алдын-ала. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) мамандарымен тексеріліп, сөйлеу тіліндің жүйелі кемістігі деген диагнозд



бет8/14
Дата20.06.2023
өлшемі186,24 Kb.
#102698
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Есқара Жансая Маратқызы

Эксперименталды топтың құрамына жинаған балалардың барлығы алдын-ала. Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) мамандарымен тексеріліп, сөйлеу тіліндің жүйелі кемістігі деген диагноздары қойылған.

Осылайша экспериментальды зерттеудің міндеттері мен мақсаттарына сәйкес, біз М.А Поваляеваның [34] балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейін зерттеуге бағытталған әдістемесіне сүйендік.

Зерттеу келесі бағыттар бойынша жүргізілді: сөйлеу коммуникациясының даму деңгейі, байланыстырып сөйлеу тілінің даму деңгейі, сөздік қорының даму деңгейі, грамматикалық құрылымының даму деңгейі, дыбыс айту қабілеті.

Бірінші әдіс - «Сөйлеу коммуникациясының дамуы» - коммуникативті сөйлеу тілін зерттеу үшін баланың белсенді қарым-қатынасында қолданатын сөйлеу тілін сыртынан бақылайды. Бақылау барысында қарым-қатынас сөйлеудің сипатына, диалогқа түсу ерекшеліктеріне, сөйлегенде екінші адамды түсінеді ме, тыңдай алады ма, өзінің ойлауын жеткізе алу деңгейіне көңіл аударады.

Екінші әдіс - «Байланыстырып сөйлеу тілінің дамуы» - байланыстырып сөйлеу тілін зерттеу үшін «мәтінді қайталап беру» деген әдісті қолданады. Баларлардың алдында үлкен емес бір мәтін оқылады, сонан сон оған сол мәтінді қайталауды сұрайды.

Келесі тапсырманы орындауды бағалау кезінде әңгіменің әр түрін құрастыруда бізге әңгіме айту дағдыларын меңгеру деңгейін сипаттайтын, жалпы көрсеткіштер қатары ескерілді. Анықталды: байланыстылығы, шығарманың жүйелілігі мен толыққандылығы, сөздік қордың ерекшелігі.

Үшінші әдіс - «Сөздік қорының дамуы» - сөздік қорды зерттеу барысында қоршаған орта туралы түсініктерді, сөздерді қолдана ала ма анықталады. Оны түрлі сөз топтарына зат есім, етістік, сын есім, үстеу қатысты сөздері. Заттардың бөліктерін көйлек пен жейденің-жеңі, жағасы, түймелері ажыратып атай білуге үйрету. Сөздік қорын адамдардың атын, мамандықтарын, заттардың бөліктері мен бөлшектерін білдіретін - зат есіммен, еңбек әрекетін білдіретін - етістікпен, үстеумен, шылаулармен байыту. Заттардың қасиеті мен сапасын көлем, түс, пішін білдіретін сөздерді пайдалана ма деген сұрақтар қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет