Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Адам өзін өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс



бет6/14
Дата20.06.2023
өлшемі186,24 Kb.
#102698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Есқара Жансая Маратқызы

Сөйлеу тілі дамуының III деңгейінде - сөйлем құрылысында лексико-грамматикалық және фонематико-фонематикалық элементтердің жетілмейтіндігін сипаттайды. Осындай дәрежедегі, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті, бала дұрыс айта алады-ау деген кейбір дыбыстардың өзі де өз бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде айқын шықпайды.
Тап осы фонематикалық топтағы екі немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс немесе бірнеше дыбыстарды бір дыбыс бір мезгілде алмастырған кезде дифференцияланбаған дыбыстардың айтылуы өзгеше болады негізінде ысқырып және ызыңдап шығатын, эффрикат, мұрын дыбыстары. Мысалы: сәй-шай, сәнә-шана, қал-қар.
Сонымен бірге балалар барлық сөз таптарын пайдалануды, грамматикалық құрылымның қарапайым түрлерін қолдануды үйренеді, салалас құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады. Баланың тілі жетіліп жаңа дыбыстармен толықтырылған әр түрлі буындары бар сөздердің айтылғанда сөздегі дыбыстардың дұрыс, дұрыс емесін және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға болады, сөз тіркесін байланыстырып сөйлеу мүмкіншілігі артады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс болып қалған заттың атын, түсін, тұлғасын, сапасын, белгісін және хал-жайын сөйлеп беруге енді бұрынғыдай қиналмайды. Олар өздерінің үй-іші туралы, өзі және достары туралы, айналасында болып жатқан тіршілік туралы емін-еркін әңгімелеп бере алады, қысқа әңгіме де құрастырады [29,87б.].
Алайда сөйлеу тілінің хал-жайын жан-жақты мұқият тексерген кезде тілге қатысты жүйенің лексиканың, грамматиканың, фонематиканың бір бөлігінің толық дамымауын айқындайтын көріністі көруге мүмкіндік туады.
Бала ауызекі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөзді, нақышты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер сондай балалардың алдарына шарт қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді.
Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған қатарластарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді. Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын аграмматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлемнен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сипат бермейді; грамматикалық тұлғалардың немесе категориялардың әр түрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолданылуы мүмкін.
Құрмалас сөйлемді жалғаулығымен және жалғаулықты сөзімен құрастырған кезде қателер жіберілетіні байқалады. Бала сурет бойынша сөйлем құрастыру кезінде қатынасушы кісіні және қимыл іс-әрекеттің өзін жиі көрсетіп дұрыс атап отырса да , сөйлем құрамына қатынасушы кісінің пайдаланған затының атын кіргізбейді.
Сөздік қорының едәуір өскеніне қарамастан, лексикалық мағынасын толық білмейді шынтақ, білек, өзен, көл, бұлақ, бірсыпыра сөздерді дәл түсінбейді және дәл қолданбайды кесу, қиюу, пішу. Лексикалық қателердің ішіндегі көзге түсетіндері төмендегідей:
а) заттың атын сол заттың бөлшегінің атымен алмастыруы құлақ - «бас», дөңгелек - «машина»;
б) мамандықтың атын сол маманның істейтің кәсібімен ауыстырады
әнші - тәте өлең айтады;
в) тектес заттардың меншікті аттарын атамай олардың сыртқы түрлерінің ұқсастығына және тұрмыстағы қолдануларына қарап жалпы атауларымен атайды қарға - «құс», қарағай - «ағаш»;
г) көлемін білдіретін белгілерінің орын алмастыруы биік, кең, ұзын -
«үлкен», «қысқа», «кішкентай».
Бала өз бетінше еркін сөйлесіп отырған кезде заттың белгілерін, күйін, қимыл іс-әрекетін білдіретін сын есім мен үстеу сөз таптарын аз қолданады [31].
Бала жаңа сөздерді сөйлеп дағдыланбағандықтан іс жүзінде көп қолданбай сөздік қоры тоқырап, кедейленіп қалудың әсерінен оған сөздің морфологиялық элементтерін айыруға мүмкіншілік бермейді. Көп балалар жаңа сөздерді қолданған кезде қателерді жиі-жиі жібереді. Шынында да, дұрыс сөздердің жасалуымен қатар кемшіліктері де болады. Мысалы: көрпе - көрпешелік.
Осыған ұқсас қателер бірлі жарымдап тілдері жаңа шығып келе жатқан дендері сау балаларда кездесуі мүмкін, бірақ олар тез арада жоғалып кетеді.
Қазақ тілінде қателердің көпшілігі тамақтардың, заттардың, өсімдіктердің мағыналарын білдіріп ара қатынасын белгілейтін қатыстық сын есімінің жасалуы кезінде болады. Мысалы: стекловый стакан.
Қазақ тіліндегі зерттеулердің нәтижесіне қарағанда сөйлеу тіліндегі грамматикалық қателердің ішіндегі ең ерекшеліктері төмендегідей:
а) сын есімнен зат есім сөздердің жекеше, көпше түрлерінде және септіктерде дұрыс қиылыспайды. Мысалы: кітаптар үстелдің үстімен жатыр;
б) сан есім зат есіммен дұрыс қиылыспайды, Мысалы: бес саусақпен - бес саусақ;
в) жалғаулықтарды қолданғанда кететін қателер: түсіріп қалдырады, алмастырады, толық айтпайды. Мысалы: доп сөреден құлап түсті - доп сөренің үстімен құлады;
г) сөздің көпше түріне септік тұлғаларды қолданғанда кететін қателер.
Мысалы: көп ағаштар - көбірек ағаш.
III деңгейде сөйлеу тілі дамуы бойынша баланың фонематикалық тілінің жасалуы жасының мөлшерімен салыстырғанда артта қалуы айтарлықтай шамада: олардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың барлық түрлерінің дұрыс айтылмауы әлі де байқалады сигматизм, ротацизм, ломбдацизм, үндестік ақаулығы, ұяңдануы. Сөздегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, ең қиын сөздердегі буындардың бұзылуы байқалады. Мысалы: велосипед - сипед, милиционер мисонел.
Фонематикалық есту және түйсіну қабілетінің нашар дамуының салдарынан баланың сөзді дыбыстарға талдау және топтау дайындығы өз бетінше қалыптастыруының нәтижесінде оларға логопедтің жәрдемінсіз мектепте сауатын ойдағыдай меңгеруге мүмкіндік бермейді.
Сонымен, сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі мынандай кемшіліктермен сипатталады:
1.Бала ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейдір сөздерді білмейтіндігі және дұрыс қолдана алмайтындығы байқалады. Сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік көп кездеседі де сын есім, үстеу таптары аз кездеседі.
2.Тілдің грамматикалық жағының дамығаны байқалады. Балалар септік жалғауларды, жұрнақтарды қолдануда қате жібереді. Сөз өзгерту қабілеті мүлдем дамымаған.
3.Сөйлегенде көбінесе тек жәй сөйлемдерді қолданады, құрмалас сөйлемдер сирек кездеседі.
4.Бұл деңгейдегі көптеген балаларда сөздің буындарын дұрыс айтпау кемшіліктері сақталады да дыбыстың талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиындық туғызады [31,34б.]
Т.Б. Филичеваның ғылыми зерттеулері жалпы тіл кемістігінің төртінші деңгейін анықтауға көмектесті. Оған сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық жағының анық емес қалдықты дамымауы бар балалар жатады [32].
Сонымен қатар фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілігімен қоса бұл балаларда мағыналы сөйлеуінің жеке бұзылыстары көрінеді. Жеткілікті әр түрлі заттық сөздік кезінде кейбір жануарлар мен құстарды (пингвин, страус), өсімдіктерді (кактус), түрлі мамандық адамдарын (фотограф, кітапханашы), дене мүшелерін (иек, қас, өкше) білдіретін сөздерді айтпайды.
Төртінші деңгейде жай шылауларды қолданғанда қателіктер жоқ, сын есімді зат есіммен біріктіргенде қиындықтар көрінеді. Алайда күрделі шылауларды қолданғанда сан есім мен зат есімді біріктіргенде қиындықтары қалады.
Төртінші деңгейдегі балалардың ерекшеліктері олардың байланыстырып сөйлеуі болып табылады.
1.Әңгіме кезінде, белгілі тақырып, сурет, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру кезінде логикалық жүйеліліктің бұзылуы байқалады.
2.Өз өмірінің оқиғалары туралы айтатын кезде, кез-келген тақырыпта әңгіме құрастыруда, олар жай сөйлемдерді қолданады. Өз ойын айту кезінде қиындықтар болады [52, 87с].
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді терең талдау мынадай қорытындыға келуге мүмкіндік берді, жалпы тіл кемістігі - бұл есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әр түрлі тіл кемістіктері.
ЖТК-ң III деңгейіндегі балалар сөзжасамның кең тараған түрлерімен жаңа сөздерді өз бетінше құрап, оларды түсінеді. Сондай-ақ бала сөздің негізгі мағынасын таңдауда қиналады үй салатын адамды - «үйшік» дұрыс емес элементтерді қолданады. Бұл деңгейдегі балалар жалпы түсініктерді түсінбейді, дұрыс қолданбайды. Күнделікті тұрмыстық өмірде сөздік қоры жеткілікті болуы мүмкін, бірақ зерттеу барысында баланың білмейтін шынтақ, кеңсірік, қас дене мүшелері анықталады. Балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін талдау сөздер мен күрделі құрылымдық буындарды айтудың қиындықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Есту арқылы дыбыстарды дифференциялануының жетіспеушілігі дыбыс шығаруды жақсарту кезінде көрініп бақыланады: балалар сөздегі бірінші және екінші дыбысты бөлу тапсырмасын қиындықпен, берілген дыбысты суреттен таңдап атайтын болады. Осылайша сөйлеу дамуының үшінші деңгейіндегі баланың буындық дыбыстарды талдау және жинақтау процесі жеткіліксіз, ол оқу мен жазуға өз әсерін тигізіп отырады [33].
Логика-уақыттық байланыстың бұзылуы байланыстырып сөйлеу мен әңгімелеуде көрінеді: балалар әңгіменің бөліктерін алмастырады, сюжеттің маңызды элементтерін тастап кететін болады.
Қорыта айтқанда жоғарыдағы айтылғандар бойынша:
1.Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖТД) - бұл сөйлеу жүйесінің барлық компонеттерінің қалыптасуындағы бұзылыс дыбыстық құрылымының, фонематикалық үрдістердің, лексика, грамматикалық қатардың, сөйлеу тілінің мағыналық жақтарының.
3.Сөйлеу тілі бұзылыстарының айқындалу құрылымы мен деңгейі бас миының зақымдалу күрделілігі мен оқшаулануына тәуелді. Сонымен, бас миының жатырішілік зақымдалуы кезіндегі сөйлеу бұзылыстары басқа да полиморфты даму бұзылыстарымен байланысады есту, көру, тірек-қимыл аппараты, интеллект. Сөйлеудің сөйлеу-қозғалыс механизмін қамтамасыз ететін құрылым аймағында бас миының зақымдалу локализазиясы кезінде сөйлеудің дыбыс айту жақтарының бұзылысы-дизартрия пайда болады. Ең ауыр және тұрақты түрі жалпы сөйлеу тілінің дамымауы болып табылады. Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу секілді психикалық үрдістердің түрлі ауытқушылықтары жалпы сөйлеу тілінің дамымауының функционалды себептері болып келеді.
4.Оқыту сапасы мен тиімділігінің жоғарылауы ауызша және жазбаша сөйлеу тілі кемістісіктерін алдын-алу мен жоюға қазіргі заманғы болжамдар жасауға мүмкіндлік береді. Неғұрлым түзету жұмыстары ертерек басталса, соғұрлым сөйлеу тілі кемістіктерін жою педагогикалық қараудан тыс қалуға алып келетін салдарджың алдын-алуына алып келеді. Міне сондықтан да жалпы білім беретін мұғалім-логопеді балаларын үлкен көңіл бөлу керек.
Сөйлеу кемістіктері дұрыс анықтау, ауызша сөйлеу тілі кемістіктерін дұрыс топтастыру, адекватты түзету жұмыстарын ұйымдастыру, оқу мен жазудың бұзылуын алдын-алып қоймай, ана тілі бойынша оқу бағдарламасын меңгеруге артта қалуға жол бермейді.
Жоғары айтылғандарға негізделе отырып, түзете әсер берудің тиісділігі барлық сөйлеу тілі кемішілктерінің сонымен қатар оқудың бұзылуын етре диагностикалау деңгейімен анықталады. Сондықтан мұғалім-логопедьтің негізгі міндеті әр баланың сөйлеу кемістіктерін дұрыс бағалау болып табылады.
5.Ана тілі өзінің құрылымы бойынша өте күрделі. Неғұрлым баланың ауызша және жазбаша сөйлеуін ерте анықтап, жойсақ, соғұрлым балаға мектепте оқуға жеңіл болады.
6.Тіл кемістігі бар балаларды нәтижелі түзету мақсатында оқыту мен тәрбиелеуге қол жеткізу үшін:
- Балалардың жеке басының ерекшеліктерін ескеру қажет;
- Баланың психикалық-физиологиялық және бірдей жас ерекшеліктерін ескере отырып, тіл кемістігін бағындыруға болатындығын дәлелдеуге жағдай тудыру керек;
- Тіл кемістігін түзетудің әсерлі жолдарын орнату үшін дәрігермен, психологтармен, педагогтармен және ата-аналармен біріккен ұжымдық қарым-қатынас жасау қажет. Логопедтік түзету әсері бұл кешенді психологиялық-медициналық-педагогтық сипатта болады.
7. Ауыр сөйлеу бұзылыстары бар балаларда эмоциональды-ерік аймағының ауытқулары бақыланады. Оларға қызығушылықтарының тұрақсыздығы, байқағыштығының төмендеуі мотивация, келеңсіздіктер, өзіне сенімсіздік, жоғары тітіркенушілік, агрессивтілік, ашуланшақтылық, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсудегі қиындық тән болып келеді. Балалардың көбісінде мазасыздық, фобиялық бұзылыстар, икемсіздік, көіл-күйінің төмендеуі мен экспрессивтіліктің жеткіліксіздігі байқалады. Олар өздеріне сенімсіз, ынтасы төмен, қарым-қатынасқа аз түседі және коммуникативті-сөйлеу дағдылары қалыптаспаған.
8.Балалардың сөйлеу бұзылысына тұлғалық реакциясы айқындалмайды. Балаларда байланысты сөйлеу құрылымы ерекше, жазу кезіндегі тұрақты спецификалық қателіктер, эмоциональды-ерік аймағының ауытқулары бақыланады. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар қоршаған ортадағы бейнелер мен заттарды көшіріп алуға дайын, өзінің суреттерінқайталап салады немесе тапсырмадан ауытқиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет