1.3 Сөйлеу тіліндегі дыбыс бұзылысы бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипатамасы
Ауыр сөйлеу бұзылыстары бар балаларда эмоциональды-ерік аймағының ауытқулары бақыланады. Оларға қызығушылықтарының тұрақсыздығы, байқағыштығының төмендеуі мотивация, келеңсіздіктер, өзіне сенімсіздік, жоғары тітіркенушілік, агрессивтілік, ашуланшақтылық, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсудегі қиындық тән болып келеді. Балалардың көбісінде мазасыздық, фобиялық бұзылыстар, икемсіздік, көіл-күйінің төмендеуі мен экспрессивтіліктің жеткіліксіздігі байқалады [27].
Олар өздеріне сенімсіз, ынтасы төмен, қарым-қатынасқа аз түседі және коммуникативті-сөйлеу дағдылары қалыптаспаған.
Балалардың сөйлеу бұзылысына тұлғалық реакциясы айқындалмайды. Балаларда байланысты сөйлеу құрылымы ерекше, жазу кезіндегі тұрақты спецификалық қателіктер, эмоциональды-ерік аймағының ауытқулары бақыланады. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар қоршаған ортадағы бейнелер мен заттарды көшіріп алуға дайын, өзінің суреттерін қайталап салады немесе тапсырмадан ауытқиды.
Жалпы тіл кемістігі бар балаларды арнайы зерттеу жалпы тіл кемістігінің пайда болуының клиникалық түрлерін көрсетті. Оларды үш негізгі топқа бөлуге болады [27,55б.].
Бірінші топтың балаларында жүйке психикалық бұзылуы жоқ, жалпы тіл кемістігінің белгілері орын алады. Жалпы тіл кемістігінің жеңіл түрі олардың анамнезінде жүктілік және туу кезінде айқындалған ауытқулар анық көрсетілмеген. Мұндай балалар бұлшықет тонусының бұзылуы қол саусақтарының ұсақ қимылдарының жетіспеушілігімен ерекшеленеді. Бұл жалпы тіл кемістігінің дизотогнетикалық түрі. Жүйке-психикалық бұзылуларының болмауына қарамастан бұл топтың балалары ұзақ логопедиялық түзету жұмысын қажетсінеді.
Екінші топтың балаларында неврологиялық және психопатологиялық синдромдар қатарымен бірігеді. Екінші топ балаларын мұқият неврологиялық тексеру кезінде орталық жүйке жүйесінің кешеуілдеуін, жеке ми құрылымының жеңіл зақымдануын куәландыратын неврологиялық белгілер анық байқалды. Неврологиялық синдромдардың ішінде келесілер: