Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Адам өзін өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс



бет9/14
Дата20.06.2023
өлшемі186,24 Kb.
#102698
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Есқара Жансая Маратқызы

Төртінші әдіс - «Грамматикалық құрылымының дамуы» - осы әдістеменің барысында келесі бағыттармен тексеріледі: грамматикалық құрылымын түсіну, зат есімдік сөздерді құрастыру, сөйлемдрді құрастыру болып табылады. Сюжетті суреттердің сериясы бойынша әңгіме құрастыру, жалпы тіл дамымауы бар балаларда монологялық сөйлеу тілінің көрінуінде спецификалық ерекшеліктер қатарын анықтауға мүмкіндік берді.

Мағынасы түсіндірілген 6 суреттің әрбірінің мазмұны алдын ала өңдеуге қарамастан барлық балалар үшін қолайлы болған жоқ. Көмекті талап етті: көмекші сұрақтар, сәйкес суретке немесе нақты детальға көрсету. Барлық балаларға бір суретті екінші суретке ауыстыру кезінде қиындық тудырды.

Көп балалар әңгімелеу кезінде суретте көрсетілген іс-әрекет сәттерін тастап кету байқалады: бейнеленген сюжеттік әңгімеде мағыналық сәйкестік жиі бұзылды. Жеті балада кейіпкер әрекетін қарапайым атаумен шатастырды, мысалы:

Бесінші әдіс - «Дыбыс айту қабілеті» - балалардың дыбыс айту қабілетін анықтау ушін стандатты әдістемесін қолдануға болады: дыбысты жеке, сөйлемнің ішінде, сөздің алдында, сөздің арасында, сөздің аяғында және дауыссыз дыбыстарымен бірге қайтып айтылатын анықтайды. Дыбысты бұрмалайды ма, немесе алмастырады ма, немесе сол дыбысты мүлдем айтпайды ма деген көрсеткіштер бойынша анықталынады.


Барлық тапсырмалар 3 балдық жүйемен бағаланады.
0 балл - тапсырманы мүлдем орындай алмады.
1 балл - тапсырманы жартылай орындады.
2 балл - тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындады.
3 балл - тапсырманы өз бетінше дұрыс орындады.
Осы топтың балаларының көбісі тапсырманы орындай алмады немесе қойылған мақсатқа сай емес орындады.
Сөйлеу тілінде жүйелі кемістігі бар балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейі, компонент бойынша (1 – кестеде) көрсетілген.


1 – кесте
Сөйлеу тілінде жүйелі кемістігі бар балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейі. Анықтау эксперименті





Сөйлеу тілі дамуының деңгейлері

Орташа көрсеткіш бал

Орташа көрсеткіш %

1

Сөйлеу коммуникациясының даму деңгейі

1,4

46,6

2

Байланыстырып сөйлеу тілінің даму деңгейі

1,3

43,3

3

Сөздік қорының даму деңгейі

1,2

40

4

Грамматикалық құрылымының даму деңгейі

1,2

40

5

Дыбыс айту қабілеті

1,6

53,3

Жалпы орташа көрсеткіштері

1,34

44,6

Бізбен жүргізілген зерттеу негізінде келесідегідей қорытынды жасалды. Балалардың сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары қалыпты дамитын балалармен салыстырғанда біршама артта қалушылық байқалды. Бұл сөйлеу әрекетінің осы түрін дамыту бойынша мақсатқа бағытталған түзету жұмысының қажеттілігін көрсетеді.
Сабақтың әр түрлерін қолдану арқылы жүргізілген зерттеу жұмысы балалардың сөйлеу тілі дамуының жағдайын сипаттайтын, түзету жұмысын жүргізу кезінде ескеруді қажет ететін, ерекшеліктер қатарын анықтады. Эксперименталды топтың анықтау эксперимент барысында келесі нәтижелерді көрсетті. Сөйлеу коммуникациясының дамуын тексеру әдіс бойынша 1,4 балы 46,6% көрсетті, байланыстырып сөйлеу тілінің дамуын тексеру әдісі бойынша 1,3 балы 43,3% көрсетті, сөздік қорының дамуын және грамматикалық құрылымының даму деңгейін тексеру әдіс бойынша 1,2 балдары 40% көрсетті, дыбыс айту қабілетін зерттеу бойынша 1,6 балы 53,3 % көрсетті.
Анықтау зерттеу нәтижелері сөйлеу тілі дамуының деңгейлері туралы қосымша мәліметтерді алуға мүмкіндік берді. Өздеріңіз байқап отырғандай бұл кестеде анықтау экспериментінде жүргзілген тапсырмалардың қорытындылары көрсетілген. Балаларға дайындалып алынған бес тапсырма эксперименталды тобының балаларына ауыр тиді.
Осылайша біз жүргізілген барлық тапсырмалардың көрсеткіштеріне тоқталдық. Енді осы тапсырмалардың толық қалай орындалғандығын келесі диаграммадан, оның толық анықтамаларынан көруге мүмкіндік аласыздар.
Балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгеін компоненттері бойынша келесі суретте байқау болады (Сурет – 1).

Сурет – 1.


Сөйлеу тілінде жүйелі кемістігі бар балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейі. (Анықтау эксперименті)
Біздің таңдап алынған бес тапсырмамыз балалардың сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтауға бағытталды, жоғарыда айтылып кеткендей әр тапсырмаға балалардың шығармашылық іскерліктері мен сөйлеу әрекетінің қалай жүзеге асқандығы айтылды. Балалардың сөйлеу тілінің дамуы деңгейін келесі көрсеткіштерге сүйеніп қарастырдық.
0-1 бал жинаса - сөйлеу тілінің дамуы төмен деңгейіне жатады;
1-2 бал жинаса - сөйлеу тілінің дамуы орта деңгейіне жатады;
2-3 бал жинаса - сөйлеу тілінің дамуы жоғары деңгейіне жатады.
Зерттеген балаларды осы топтарға бөлінуы екінші кестеден көруге болады: сөйлеу тілінің дамуы жоғары деңгейне бірде бір бала кірген жоқ, орташа деңгейіне екі бала кірді, олар 22,2% құрды, ал төмен деңгейіне қалған жеті бала кірген, олар 77,7% құрды.
2 - кесте
Балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгей реттілігі. Анықтау эксперименті



р/с

Деңгейлері

Орташа көрсеткіштері

Сандық көрсеткіш

Пайыздық көрсеткіш



1

Жоғары деңгей

0

0

2

Орта деңгей

2

22,2

3

Төмен деңгей

7

77,7






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет