Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар



бет10/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
Сараптама жауаптары

47-бап. Экологиялық таңбалау

      1. Экологиялық таңбалау деп ілеспе құжаттамада, техникалық сипаттамада, жарнамалық проспектіде, жұртшылыққа арналған ақпараттандыру парағында немесе басқа түрде өнімнің затбелгісінде немесе қаптамада мәтін, белгі немесе графикалық бейнелеу түріндегі өнімнің, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің экологиялық аспектілері туралы ақпарат беретін мәлімдеме түсініледі.

      Осы бапта экологиялық аспектілер деп ұйым қызметінің, өнімінің немесе көрсететін қызметтерінің қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін элементтері түсініледі.

      2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, экологиялық таңбалауды өнім өндіруші (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындаушы) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұлғалар сәйкестікті растағаннан кейін ерікті негізде жүзеге асырады.

      3. Ауыл шаруашылығы өнімін, аквадақыл және балық аулау өнімін, тамақ өнімін, жабайы өсетін өсімдіктерден жасалған өнім мен оларды қайта өңдеу өнімдерін өндірушілер "Органикалық өнім өндіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экологиялық таңбалауды ерікті негізде жүзеге асырады.

      4. Экологиялық таңбалау міндеттері:

      1) тұтынушыларға олар сатып алатын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экологиялық аспектілері туралы ақпарат беру;

      2) қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуді төмендету мақсатында экологиялық таза өнімді, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мен тұтынудың (пайдаланудың) көбеюін ынталандыру;

      3) өнімнің тіршілік циклі бойында қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуді болғызбау немесе барынша азайту;

      4) отандық өнімнің экспортына жәрдемдесу және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

      5. Экологиялық таңбалау кезінде өнімнің, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің тіршілік циклінің барлық аспектісі ескерілуге тиіс.


  1. Радиоактивті қалдықтардың түзілу көздері бойынша сыныпталуы.

Радиоактивті қалдықтар түзілу көздері бойынша былайша сыныпталады:

      1) тау-кен өнеркәсібінің қалдықтары;

      2) зерттеушілік және энергетикалық ядролық қондырғылардың қалдықтары;

      3) ядролық жарылыстардың қалдықтары;

      4) пайдаланылмайтын радиоактивті сәулелену көздері және қызмет мерзімі өткен көздер.

      6. Радиоактивті қатты қалдықтар радиоактивтілік деңгейі бойынша былайша сыныпталады:

      1) активтілігі төмен қалдықтар – үлестік активтілігі (килограмына килобеккерельден): бета-сәулеленетін радионуклидтер үшін – бір мыңнан кем; альфа-сәулеленетін радионуклидтер (трансурандықтарды қоспағанда) үшін – бір жүзден кем; трансурандық радионуклидтер үшін – оннан кем қалдықтар;

      2) активтілігі орташа қалдықтар – үлестік активтілігі (килограмына килобеккерельден): бета-сәулеленетін радионуклидтер үшін – бір мыңнан он миллионға дейінгі; альфа-сәулеленетін радионуклидтер (трансурандықтарды қоспағанда) үшін – бір жүзден бір миллионға дейінгі; трансурандық радионуклидтер үшін – оннан бір жүз мыңға дейінгі қалдықтар;

      3) активтілігі жоғары қалдықтар – үлестік активтілігі (килограмына килобеккерельден): бета-сәулеленетін радионуклидтер үшін – он миллионнан астам; альфа-сәулеленетін радионуклидтер (трансурандықтарды қоспағанда) үшін – бір миллионнан астам; трансурандық радионуклидтер үшін – бір жүз мыңнан астам қалдықтар.


  1. Қоршаған ортадағы электромагниттiк сәулелердi гигиеналық бағалау.

Электромагниттік өрістер жиілік деңгейі мен диапазонына қарамастан гигиеналық нормалауға жатады. Электромагниттік өрістердің әсер ету механизмі, әсіресе аз қарқынды сәулеленудің адам ағзасына ұзақ әсер етуі әлі толық зерттелген жоқ. Органдар мен жүйелердің радиосәулелерге сезімталдығы биофизикалық параметрлермен (абсорбция және шағылысу дәрежесі, ену тереңдігі), органдардың функционалдық мақсаттарымен, олардың куляризация дәрежесімен және т. б. анықталады. Жануарларға жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижелері электромагниттік өрістің әсері өрістің кернеуіне, әсер ету ұзақтығына, толқындардың тербеліс жиілігіне байланысты екенін көрсетеді. Сонымен, электромагниттік толқындардың тербеліс жиілігінің жоғарылауымен электромагниттік өрістің әсері күшейеді, яғни жоғары және ультра жоғары жиіліктер төмен жиіліктерге қарағанда биологиялық әсер етеді. Миллиметрлік диапазондағы электромагниттік толқындар теріге толығымен сіңіп, оның рецепторларына әсер ететіні анықталды;

  1. Электр қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтау. Электр тоғынан қорғану шаралары мен қорғаныс құралдары

Электр тоғының салдарынан болған жазатайым оқиғалардың себептері әртүрлі және сансыз көп, бірақ олардың ішінде 1000 В дейінгі кернеумен электр қондырғыларында жұмыс істеу кезіндегі негізгілері ретінде келесілерді атап өтуге болады:

кернеулі тоқ өтетін бөліктерге кездейсоқ жанасу; оқшаулаудың зақымдануы немесе басқа да ақаулардың салдарынан кездейсоқ кернеулі болған электр қондырғыларының тоқ өтпейтін бөліктеріне жанасу; сөндірілген электр қондырғысында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде оны қателесіп қосу салдарынан кернеудің әсеріне ұшырау; сымның жерге тұйықталуы және жер бетінде немесе адам тұрған негізде қадамдық кернеудің пайда болуы.

Электр қондырғылармен жұмыс барысындағы қауіпсіздік қолданыстағы нормативтік құжаттармен регламенттелген түрлі техникалық және ұйымдастыру шараларын қолданумен қамтамасыз етіледі. Тоқтың зақымдауынан қорғайтын техикалық құралдар кернеулі желі элементтеріне адамдардың жанасуын ескертетін және жанасу болған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құралдарға бөлінеді.

Электр қорғанысының негізгі тәсілдері мен құралдары – бұл тоқ өтетін бөліктерді оқшаулау және оны үздіксіз бақылау; қоршау құрылғыларын орнату; ескерту дабылы және бұғаттау; қауіпсіздік белгілері мен ескерту плакаттарын пайдалану; аз кернеуді пайдалану; желілердің электрлік бөлінуі; қорғаныстық жерлендіру; потенциалын теңестіру; нөлдеу; қорғаныстық ажырату; жеке электр қорғанысы.

Тоқ өтетін бөліктерді оқшаулау – электр қауіпсіздігінің негізгі шараларының бірі. Нормативтік құжаттарға сәйкес электр қондырғыларының тоқ өтетін бөліктерін оқшаулаудың кедергісі жерге қатысты 0,5-10 МОм кем болмауы тиіс. Жұмыс, екі еселік және күшейтілген жұмыс оқшаулауларына бөлінеді. Жұмыс оқшаулауы деп электр қондырғысының қалыпты жұмысын және қызметкерлер құрамын электр тоғының зақымдауынан қорғауды қамтамасыз ететін оқшаулау аталады. Екі еселік оқшаулау жұмыс және қосымша оқшаулаудан тұрады, бұл жоғары электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді (электр қол аспабы, тұрмыстық электр приборлар және т.б.). Екі еселік оқшаулау 5 МOм кем емес болуы тиіс, бұл қалыпты жұмыс кедергісінен 10 есе артық болады. Күшейтілген жұмыс оқшаулауы – бұл кедергісі 5МОм кем болмайтын сенімді орындалған жұмыс оқшаулауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет