Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар


-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері



бет8/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
Сараптама жауаптары

37-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері

      1. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері (бұдан әрі – сапаның нысаналы көрсеткіштері) деп қоршаған ортаның жекелеген құрамдастары жай-күйінің сандық және сапалық сипаттамаларының және қоршаған ортаны қорғау және белгілі бір уақыт кезеңінде қол жеткізілуге тиіс қалдықтарды тиімді басқару жөніндегі шаралардың қамтамасыз етілу деңгейін сипаттайтын өзге де көрсеткіштердің жиынтығы түсініледі.

      2. Сапаның нысаналы көрсеткіштері әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейінде белгіленеді.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әрбір бес жылдық кезеңге арналған сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуге міндетті.

      4. Әзірленген сапаның нысаналы көрсеткіштері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге жатады және оларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті өкілді органдары бекітеді.

      5. Әрбір облыс үшін әзірленетін және бекітілетін сапаның нысаналы көрсеткіштері тұтас облыс үшін де, облыс шегіндегі мына аумақтар:

      1) аудандар;

      2) халық саны 100 000 адамнан асатын елді мекендер;

      3) өздерінің шегінде қоршаған орта жай-күйінің мониторингі нәтижелері бойынша сапаның экологиялық нормативтерінің бұзылуы анықталған өзге де елді мекендер;

      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

      5) өздерінің шегінде қоршаған орта жай-күйінің мониторингі нәтижелері бойынша сапаның экологиялық нормативтерінің бұзылуы анықталған өзге де аумақтар (акваториялар) үшін де тиісті көрсеткіштерді қамтуға тиіс.

      6. Сапаның нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу қағидаларын, оның ішінде өздері үшін сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Экологиялық Кодекстің ережелерін ескере отырып бекітеді.

      7. Өздері үшін сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленетін ең төмен индикаторлар тізбесіне міндетті түрде:

      1) атмосфералық ауаның сапасы;

      2) жерүсті және жерасты суларының сапасы;

      3) жердің және топырақтың сапасы;

      4) әрбір жеке өңірдің климаты мен топырақ жағдайлары ескеріле отырып, ормандардың және жасыл екпелердің жиынтық алаңдары;

      5) жердің тозуын және шөлейттенуін қысқарту;

      6) ластағыш заттардың түрлері бойынша шығарындылардың жиынтық көлемі;

      7) ластағыш заттардың түрлері бойынша және әрбір жеке су объектісі мен бассейні бойынша төгінділердің жиынтық көлемі;

      8) коммуналдық қалдықтардың түрлері бойынша – оларды бөлек жинау, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және жою (құрту және (немесе) көму) үлесі;

      9) парниктік газдардың шығарылуын қысқартудың жиынтық көлемі енгізіледі.

      8. Сапаның экологиялық нормативтері сақталмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер, аумақтар (акваториялар) үшін сапаның нысаналы көрсеткіштері он жылдан аспайтын мерзімде сапаның экологиялық нормативтеріне кезең-кезеңмен қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей етіп белгіленуге тиіс.

      9. Сапаның экологиялық нормативтері сақталатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарында сапаның экологиялық нормативтерімен салыстырғанда қоршаған орта сапасының неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, оның ішінде өздері үшін сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленетін ең төмен индикаторлар тізбесіне кірмейтін индикаторлар үшін сапаның нысаналы көрсеткіштері белгіленуі мүмкін.



  1. Шаң және аэрозольдын тығыздығы және дисперстік құрамы.

Шаң - бұл …ауада қалқып жүретін қатты және сұйық заттардың өте ұсақ бөлшектері. Шаңның құрамында 10% (Si02) болады. Өндірістік шаңдар Қатты денені механикалық ұсақтау кезінде пайда болатын дисперсті бөлшек (бөлшектеу, кесу, тегістеу, жылтырату, тасымалдау, және басқа да химиялық процесстер).Шаңның адам ағзасына әсері: уландырғыш (марганец, свинец, мышьяк, хром және т.б.)түршіктендіретін (известь, щелочь, древесная және т.б.),аллергиялық ,канцерогенді (күйе және т.б

Дисперстігі бойынша шаңдарды былай ажыратады:

1. Ұсақ дисперсті және ультрамикроскопиялық (өлшемдері 0,25 мкм дейін);

2. Орташа дисперсті немесе микроскопиялық (өлшемдері 0,25 тен 10 мкм дейін);

3. Ірі дисперсті (өлшемдері 10 мкм жоғары).

Шаң, көптеген бөлшектерден тұратын жүйе ретінде, ең бірінші кезекте, дисперстік дәрежесімен сипатталады, яғни дисперстік фазадағы бөлшектердің өлшемдері мен аэрозольдің көлеміндегі олардың меншікті салмағымен. Шаңдардың дисперстік дәрежесі оларың құрамындағы бөлшектердің ауада өзін қалай ұстауын анықтайды


  1. Экологиялық сараптаманың объектілері.

 1. Экологиялық сараптама объектiлерi мыналар болып табылады:
      1) табиғат пайдалану мәселелерiне қатысты жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, шарттар, келiсiм-шарттар, соның iшiнде халықаралық шарттар мен келiсiм-шарттар;
      2) Қазақстан Республикасының қабылданбақ болып белгiленiп отырған, қоршаған орта мен халық денсаулығына ықпал жасайтын заң актiлерi мен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары;
      3) шаруашылық қызметтi жүзеге асыру кезiнде табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаны және халық денсаулығын қорғау жөнiндегi талаптарды (экологиялық аудиттi) сақтауын бағалау материалдары;
      4) табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында лицензиялар мен сертификаттарды алу кезiнде экологиялық негiздеме үшiн табыс етiлетiн құжаттама.
      2. Кейiннен ерекше құқықтық мәртебе (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық апат аймақтары және басқалар) беру мақсатында аумақтарды кешендi зерттеу материалдары да экологиялық сараптама объектiлерi болып табылады.

  1. Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу міндетті болып табылатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет