Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар


-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері



бет21/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
128-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері

      1. Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоршаған ортаға эмиссиялардың лимиттерін белгілеу, қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квоталарды бөлу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту бойынша квоталар мен міндеттемелердің саудасы тәртібін бекіту арқылы нарықтық тетіктерді енгізуі мүмкін.

      2. Қоршаған ортаға эмиссиялардың лимиттері – белгілі бір аумақ (акватория) шегінде күнтізбелік жылға белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың жиынтық нормативтік көлемі, оны сақтаған кезде сапаның экологиялық нормативтерін бұзу орын алмайды.

      3. Қоршаған ортаға эмиссияларға арналған квота – нақты тұлғаға күнтізбелік бір жылға ақылы немесе тегін негізде бөлінетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бір бөлігі.




  1. Қоршаған ортаға әсер ету бағалау.Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде ескерілуге жататын әсер етудің түрлері мен объектілері. Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары

66-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде ескерілуге жататын әсер етудің түрлері мен объектілері

      1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде әсер етудің мынадай түрлері:

      1) тікелей әсер ету – белгіленіп отырған қызметтің негізгі және ілеспе түрлері тікелей болатын әсер ету;

      2) жанама әсер ету – қоршаған орта мен халықтың денсаулығына белгіленіп отырған қызметті жүзеге асыру салдарынан туындауы мүмкін жанама (қайталама) факторлардан туындайтын әсер ету;

      3) кумулятивтік әсер ету – қоршаған ортадағы бұрынғы және қазір бар антропогендік немесе табиғи сипаттағы әсер етудің жиынтығынан, сондай-ақ белгіленіп отырған қызметті жүзеге асырумен ілесіп жүретін негізді түрде болжанатын болашақ әсер етуден туындайтын тұрақты түрде ұлғаятын жағымсыз өзгерістердің нәтижесінде туындауы мүмкін әсер ету ескерілуге тиіс.

      2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде мына объектілерге, оның ішінде олардың өзара байланысы мен өзара іс-қимылы кезінде:

      1) атмосфералық ауаға;

      2) жерүсті және жерасты суларына;

      3) су айдындары түбінің бетіне;

      4) ландшафтарға;

      5) жер және топырақ жамылғысына;

      6) өсімдіктер әлеміне;

      7) жануарлар дүниесіне;

      8) экологиялық жүйелердің және экожүйенің көрсетілетін қызметтерінің жай-күйіне;

      9) биоәртүрлілікке;

      10) халық денсаулығының жай-күйі мен өмір сүру жағдайына;

      11) ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты білдіретін объектілерге әсерді бағалау жүргізіледі.

      3. Белгіленіп отырған қызмет ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға әсер ете аталатын жағдайларда, қоршаған ортаға әсерді бағалау процесінде тиісті табиғи кешендерге, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне де әсерді бағалау жүргізіледі.

      4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу кезінде антропогендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың, қоршаған ортаның авариялық ластануының туындауынан пайда болуы мүмкін қоршаған ортаға басқа да әсер ету де бағалануға жатады, белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға зиянды әсер етуін болғызбау және азайту жөніндегі ықтимал шаралар мен әдістер, сондай-ақ өндірістік экологиялық мониторингтің қажетті көлемі айқындалады.

      5. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу процесінде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер етудің теріс және оң әсерлері есепке алынуға жатады.

      6. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу процесінде парниктік газдардың шығарылуынан туындайтын әсер ету есепке алынуға жатпайды.

67-бап. Қоршаған ортаға әсерді бағалау сатылары

      Қоршаған ортаға әсерді бағалау өзіне мынадай:

      1) белгіленіп отырған қызметтің осы Кодекс талаптарына сәйкестігін айқындау, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізу мақсатында белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштерді қарау;

      2) қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау;

      3) ықтимал әсер ету туралы есеп дайындау;

      4) ықтимал әсер ету туралы есептің сапасын бағалау;

      5) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды шығару және оны есепке алу;

      6) егер осы Кодекске сәйкес жүргізілу қажеттігі айқындалса, белгіленіп отырған қызметті іске асырудың іс жүзіндегі әсер етуіне жобадан кейін талдау жасау сатыларын қамтиды.


  1. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет