229-бап. Топырақ сапасының экологиялық нормативтері
1. Топырақ сапасының экологиялық нормативтері химиялық көрсеткіштер үшін топырақтағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы түрінде белгіленеді.
2. Топырақтағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы деп осы Кодекске сәйкес ластағыш деп танылған химиялық заттың ең көп көлемі (массасы) түсініледі, одан асып кеткен кезде топырақ жер пайдаланудың бір немесе бірнеше түрі үшін жарамсыз болып, табиғи орта құрамдастарының тозуын туғызады немесе экологиялық жүйелердің орнықтылығы мен биоәртүрлілікті бұзады.
3. Топырақ сапасының нормативтері аумақтардың табиғи ерекшеліктері және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес белгіленген жер санаттары ескеріле отырып әзірленеді және белгіленеді.
4. Заттың топырақта табиғи фондық қамтылуы – топырақтың табиғи (әдеттегі) құрамына сәйкес келетін заттың топырақта қамтылуы.
5. Егер топырақ сапасының белгіленген экологиялық нормативтері сақталған кезде табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің кемінде бес жылдық кезең ішіндегі ғылыми зерттеулермен расталған нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде топырақ сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын топырақ сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін белгілеуге міндетті.
Авариялар кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар
211-бап. Авариялар кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар
1. Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың авариялық шығарылуынан туындаған және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төнетін атмосфералық ауа сапасы нашарлаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес халықты қорғау жөніндегі шұғыл шаралар қабылданады.
2. І және ІІ санаттағы объектілерде авариялық жағдай туындап, соның салдарынан белгіленген экологиялық нормативтертің бұзылуы орын алған немесе орын алуы мүмкін болған кезде объектінің операторы кейінге қалдырмай, бірақ кез келген жағдайда, авариялық жағдай анықталған кезден бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауға және тіпті, тиісті стационарлық көздерді немесе тұтас объектіні пайдалануды ішінара немесе толық тоқтатуға дейін атмосфералық ауаның ластануын болғызбау бойынша, сондай-ақ осындай авариялық жағдайдан туындаған қоршаған ортаға жағымсыз салдарларды жою бойынша барлық қажетті шараны қабылдауға міндетті.
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пунктін салуға жер учаскесін таңдау кезінде сақталуға тиіс шарттар.
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пунктін салуға жер учаскесін таңдау кезінде мынадай шарттар сақталуға тиіс:
1) ауызсу, бальнеологиялық және техникалық мұқтаждықтарға жарамды ызасудың болмауы;
2) жанасқан жыныстардың жоғары сорбциялық-сыйымдылық қасиеттері;
3) жерасты суының айтарлықтай тереңдікте (алпыс және одан көп метрде) жатуы;
4) ызасу деңгейінің радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пунктінің түбінен төрт метрден жақын болмауы;
5) сулы белдеулер болып табылмайтын және төмен жатқан сулы белдеулермен гидравликалық байланысы жоқ геологиялық қабаттардың болуы;
6) опырылым тектоникасының және қарқынды жарықшақтықтың болмауы, сейсмикалық қауіпті опырылуға дейінгі арақашықтық қырық километрден асуға тиіс;
7) төгінділер түзуге, шөгуге, құлауға сезімталдықтың өте төмен болуы;
8) эрозияның болмауы;
9) геоморфологиялық тұрақтылық;
10) іргетас топырағы мен жынысының қатты және өте тығыз болуы;
11) іргетастың мықтылығы он метрден асатын су өткізбейтін жыныстан болуы;
12) жергілікті жердің еңістілігі бес пайыздан аспайтын шағын төбелі болуы;
13) жақын жердегі жерасты суы мен ызасу су тартқышқа дейін немесе жер бетіндегі су көздерінен арақашықтықтың төрт километрден жақын болмауы;
14) жерді іс жүзінде пайдаланудың айтарлықтай экономикалық тиімділік бермеуі және оны әлеуетті пайдаланудың да танылған бағалауының болмауы;
15) төрт километр арақашықтықта мәдени және ұлттық маңызы бар құндылықтардың болмауы;
16) жергілікті жердің туристік құндылығының болмауы және оған жақын маңдағы елді мекендер тұрғындарының сирек келуі.
Елдi мекендер үшiн суды шаруашылық-тұрмыста пайдалану мөлшерi.
1. Су объектілерінде ортақ су пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Жеке және заңды тұлғалар ортақ су пайдалануды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды, Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ортақ су пайдалану қағидаларын сақтауға міндетті.
3. Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес берілетін арнайы су пайдалануға арналған рұқсат негізінде беріледі.
4. I санаттағы объектіні пайдалануға технологиялық тұрғыдан тікелей байланысты арнайы су пайдалану құқығы осы Кодекске сәйкес берілетін кешенді экологиялық рұқсат негізінде беріледі және арнайы су пайдалануға жеке рұқсат алуды талап етпейді.
5. Қызметі су объектілерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын туындататын немесе туындатуы мүмкін жеке және заңды тұлғалар осындай зардаптарды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
6. Су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін, сулар мен ауызсумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленеді.
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар
Достарыңызбен бөлісу: |