Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар


-бап. Жол берілетін шығарындылар нормативтері және шығарындылардың технологиялық нормативтері



бет26/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
202-бап. Жол берілетін шығарындылар нормативтері және шығарындылардың технологиялық нормативтері

      1. Жол берілетін шығарынды нормативі – экологиялық рұқсатта белгіленетін және атмосфералық ауаға шығару үшін жол берілетін (рұқсат етілген) ластағыш заттың немесе ластағыш заттар қоспасының ең жоғары массасы ретінде айқындалатын экологиялық норматив.

      2. Жеке стационарлық көз және (немесе) І немесе ІІ санаттағы объектінің құрамына кіретін стационарлық көздердің жиынтығы үшін жол берілетін шығарындылар нормативтері әсер ету саласы шегіндегі атмосфералық ауаға жалпы жүктеме қоршаған орта сапасының белгіленген экологиялық нормативтерін немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бұзуға алып келмейтіндей етіп ластағыш заттардың жерге жақын концентрацияларын сейілтуді модельдеу әдісі қолданыла отырып, есептеу арқылы айқындалады.

      Ластағыш заттардың жерге жақын концентрацияларын сейілтуді модельдеу арқылы айқындалған аумақ (акватория) әсер ету саласы деп есептеледі.

      Стационарлық көздердің жиынтығы үшін әсер ету саласы шығарындылардың жекелеген стационарлық көздерінің әсер ету салаларының жиынтығы ретінде есептеледі.

      3. Атмосфералық ауаға жалпы жүктеме деп:

      1) қазіргі әсер ету деңгейлері (жұмыс істеп тұрған шығарынды көздері үшін) немесе негізделген болжамды әсер ету деңгейі (жаңа және реконструкцияланатын шығарынды көздері үшін) ескеріле отырып, жол берілетін шығарынды нормативтері әзірленетін І немесе ІІ санаттағы объект шығарындыларының;

      2) әдеттегі табиғи процестер нәтижесінде атмосфералық ауаға босап шығуына немесе онда ластағыш заттардың түзілуіне байланысты атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың массалық концентрациясы деп түсінілетін атмосфералық ауаның табиғи фонының;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектіге қатысты жол берілетін шығарынды нормативтерін айқындау кезінде жүзеге асырылатын басқа да стационарлық және жылжымалы көздердің шығарындыларына байланысты атмосфералық ауадағы ластағыш заттардың массалық концентрациясы деп түсінілетін атмосфералық ауаның базалық антропогендік фонының жиынтық әсер етуі түсініледі.

      4. Атмосфералық ауаға жалпы жүктеме аумақтар мен акваториялардың өздеріне қатысты экологиялық нормалау жүзеге асырылатын географиялық, климаттық және өзге де табиғи жағдайлары мен ерекшеліктері ескеріле отырып айқындалады. Атмосфералық ауаға жалпы жүктемені айқындау кезінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген әсер етудің күнтізбелік жыл ішіндегі тұрақсыздығы (маусымдылығы) да ескеріледі.

      5. Жол берілетін шығарындылардың нормативтері әрбір ластағыш зат үшін:

      1) бөлінетін құрғақ газдар көлемінің бірлігіндегі ластағыш заттың массасы деп түсінілетін және миллиграмның текше метрге арақатынасы ретінде көрсетілетін ластағыш заттың массалық концентрациясы;

      2) уақыт бірлігінде шығарылатын ластағыш заттың массасы деп түсінілетін және грамның секундқа арақатынасы ретінде көрсетілетін ластағыш заттың массалық ағынының жылдамдығы түрінде белгіленеді.

      Бөлінетін газдардың массалық ағынының көлемі мен жылдамдығына қатысты көрсеткіштер стандартты 293.15 К және 101.3 кПа жағдайларда және егер Қазақстан Республикасының экология заңнамасында өзгеше тікелей көзделмесе, су буының құрамы шегерілгеннен кейін айқындалады.

      Ластағыш заттың массалық концентрациясының көрсеткіштері шығарындылардың стационарлық көзінің атмосфералық ауаны қорғау тұрғысынан неғұрлым қолайсыз жағдайларда пайдаланылуы кезінде қалыпты (регламенттік) жұмысының күнтізбелік бір тәулік ішіндегі шығарындының тиісті көрсеткіштерін орташалау арқылы айқындалады.

      Ластағыш заттың массалық ағыны жылдамдығының көрсеткіштері шығарындылар көзінің атмосфералық ауаны қорғау тұрғысынан неғұрлым қолайсыз жағдайда пайдаланылуы кезінде қалыпты (регламенттік) жұмысының бір сағат ішіндегі шығарындының тиісті көрсеткіштерін орташалау арқылы айқындалады.

      6. Шығарындылар, егер:

      1) жаппай концентрациялардың күнтізбелік тәуліктегі орташаланған көрсеткіштері жаппай концентрациялардың белгіленген мәнінен асып түсетін болса;

      2) массалық концентрациялардың отыз минуттағы орташаланған көрсеткіштері массалық концентрациялардың белгіленген мәнінен екі және одан көп есе асып түсетін болса, нормативтен жоғары болып есептеледі.

      7. Атмосфералық ауаға жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеменің белгіленген нормативтерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында экологиялық рұқсатта жол берілетін шығарындылар нормативтерімен қатар әрбір стационарлық көз бен І және ІІ санаттағы тұтас объектілер үшін жылына тоннамен көрсетілген шығарындыларға арналған жылдық лимиттер белгіленеді



  1. ҚОӘЕБ мақсаты, міндеттері, принциптері, мәні, пайдалану аумағы.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау міндеттілігi

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін болатын кез келген шаруашылық және өзге де қызмет түрлері үшін міндетті болып табылады.

2. Қоршаған ортаға әсер ететін шаруашылық және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға әсерін бағаламай әзірлеуге және іске асыруға тыйым салынады. Әсерді бағалау нәтижелерін жоспарлау алдындағы, жоспарлау құжаттамасының, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу тәртібi

1. Қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыруды жоспарланып отырған қызметтің тапсырыс берушісі (бастамашысы) қамтамасыз етеді.

3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау әзірленімін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар шартқа сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізуден алынған нәтижелердің дұрыстығы, толықтығы мен сапасы үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады.

4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін орындау кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.


  1. Су қорының жерлерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет