Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар


-бап. Су қорының жерлерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар



бет27/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
235-бап. Су қорының жерлерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

      1. Су қорының жерлерiн аймақтарға бөлу кезiнде су объектiлерiн қорғау қамтамасыз етiледi.

      2. Су қоры жерлерiнiң құрамындағы жер учаскелерiн жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсу бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл, орман, балық, аңшылық шаруашылықтардың мұқтаждықтары үшін және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн, жердiң ластануы мен тозуына және тиiсiнше, экологиялық ахуалдың нашарлауына алып келмейтін басқа да мақсатта уақытша жер пайдалануға беруi мүмкiн.

      3. Су қорының жерлерiн басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде:

      1) су объектiсiнiң жұмыс iстеуi тоқтатылған не оның экологиялық және гигиеналық көрсеткiштерi едәуiр өзгерген;

      2) олар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне жатқызылған;

      3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi) экологиялық ахуалдың өзгеруiне алып келетіндей өзгерген жағдайда жол берiледi.

      4. Су қорғау белдеулерiне бөлiп берiлген жерлер елдi мекендер мен өнеркәсiп жерлерiнiң санатына ауыстырылмайды, оларда судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгiленедi



  1. Экологиялық аудит түсінігі.

Экологиялық аудит қоршаған ортаның ластануын және радиацияның стандарттарына сәйкес келетін дәрежені анықтайтын тексерулерді жорамалдайды. Экологиялық аудит - бұл қоршаған ортаның нақты жағдайының ішкі және сыртқы экологиялық стандарттарының алғашқы берілгенінен ауытқуларын бағалаудың тәсілі. Бұл тәсіл бойынша кәсіпорынға қауіп төндіріп тұрған өмірдебар және болашақ экологиялық тәуекелдіктерді анықтауға болады. Қазіргі кезде экологиялық аудит ұйымдастыру бойынша нормативті-әдістемелік құжаттардың жобалары жасап шығарылған. Осы құжаттарға сәйкес экологиялық аудит міндетті және бастамашылық болып бөлінеді.

Бастамашылық экологиялық аудит жетекшілердің, сонымен қатар аудиттеліп отырған субъектінің шешімдерді қабылдайтын басқа да тұлғаларының шешімі бойынша жүргізіледі

Міндетті экологиялық аудит келесі жағдайларда жүргізіледі: - қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық міндеттемелерді іске асыруда; - банкротқа ұшырау процедураларын іске асыруда; - міндетті экологиялық сақтандыру жүргізу мақсатымен; - инвестициялаудың шарттары бойынша қарастырылғанда инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды дайындау мен негіздеу кезінде және т. б.

  1. Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық стандарттарды ендіру және қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет