Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар



бет20/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
Сараптама жауаптары

Қоғамдық экологиялық сараптама

      1. Қоғамдық экологиялық сараптаманы коммерциялық емес ұйымдар құратын сараптама комиссиялары ерікті негіздерде жүргізеді.

      2. Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген қызметті адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан қарайды.

      3. Жеке және заңды тұлғалар қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы бола алады



  1. Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидалары, жасыл технологиялардың қамтитын саласы.

"Жасыл" технологиялар деп қазіргі заманғы ғылым жетістіктерінің негізінде жасалған, орнықты дамудың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілерін ескеретін, өндірістің экологиялық қауіпсіз технологиялары түсініледі, олар мынадай салаларды қамтиды және:

      1) "өндіріс – кәдеге жарату – жаңа өндіріс" тұйық циклі бойынша уытты емес өнімдер өндірісіне;

      2) технологиялардағы және тұтыну құрылымындағы инновациялар есебінен қалдықтарды барынша қысқартуға;

      3) жаңартылмайтын табиғи ресурстарды баламалы жаңартылатын шикізат пен энергия көздеріне ауыстыруға;

      4) егіншілікте, мал шаруашылығында және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде биотехнологияларды ендіруге, ауыл шаруашылығы үшін биологиялық препараттар өндіруге;

      5) жаңартылатын энергия көздерінен (күн энергиясынан, жел энергиясынан, гидро-, геотермальдық энергиядан, биомассадан, сутегінен) энергия өндіруге, атмосфераға зиянды шығарындыларды төмендетуге, ғимараттар мен тұрмыстық аспаптардың отынды пайдалану тиімділігін, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыруға;

      6) климаттың өзгеру салдарларын бәсеңдетуге бағытталған, қоршаған ортадан парниктік газдарды жоғары сіңіргіш әсері бар орнықты жасыл желектерді шығаруға;

      7) өндірістік және тұтыну қалдықтарын пайдалана отырып, құрамында уытты және канцерогендік заттары жоқ құрылыс материалдарын өндіруге бағытталады.

      "Жасыл" технологиялардың сервистік операторы – "жасыл" технологиялар мен жобалардың тізілімін жүргізу, "жасыл" технологияларды коммерцияландыру және технологиялық бизнес-инкубациялау, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін "жасыл" қаржыландыруды, оның ішінде инвестициялар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу, "жасыл экономика" мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық, құқықтық, әдіснамалық, консультациялық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру, "Жасыл көпір" серіктестігі бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру бойынша кешенді қызметтер көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы.

      "Жасыл" технологиялардың жобаларын ендіру мен іске асыру үшін "жасыл" инвестициялар, оның ішінде ұлттық даму институттарының гранттары және (немесе) инвестициялары, жергілікті бюджеттердің қаражаты және басқа да ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздері есебінен тартылады.

      Технологияларды "жасыл" технологиялар ретінде тану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


  1. Мемлекеттік экологиялық сараптамашының құқықтары мен міндеттері.

92-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын бөлімшесінің мемлекеттік қызметшісі мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы болып табылады.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың объектісіне тапсырыс берушінің немесе оны әзірлеушінің басшыларымен жақын туыстық немесе жекжаттық қатынаста тұратын адам мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге тартыла алмайды.

      3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы өзі орындаған сараптама үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      4. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуға байланысты қызметіне мемлекеттік органдардың, жеке, заңды тұлғалар мен лауазымды адамдардың араласуына тыйым салынады.

      5. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының бұзылған құқықтары қорғалуға жатады, ал мұндай бұзушылыққа кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      6. Мемлекеттік экологиялық сараптама сарапшысының:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі шегінде оны жүргізу үшін қажетті, мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманы жан-жақты және объективті түрде бағалау мақсатында ұсынылуы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында регламенттелген қосымша материалдарды сұратуға;

      2) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу процесінде арнаулы зерттеулер жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды тартуға бастама жасауға;

      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын бөлімшенің басшысына мемлекеттік экологиялық сараптама жұмысын ұйымдастыруды, әдіснаманы, оны жүргізу тәртібі мен қағидаттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттама бойынша, мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоса берілетін ерекше пікір қалыптастыруға құқығы бар. Сарапшы қалыптастырған ерекше пікір тек ақпараттық сипатта болады және мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманы іске асыру кезінде сақтау үшін міндетті болып табылмайды.

      7. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптаманы кешенді, объективті және сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге;

      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізудің белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтауға;

      4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың аргументті қорытындыларын дайындауға және оларды мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманы іске асыру туралы шешім қабылдайтын органдарға және тапсырыс берушілерге уақтылы беруге;

      5) мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттарға жіберілетін ескертпелерді Қазақстан Республикасы экология заңнамасының нақты нормалары мен талаптарын және (немесе), егер осы Кодекске сәйкес қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау жүргізу талап етілетін болса, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындының тұжырымдарын көрсете отырып, дәлелді түрде негіздеуге;

      6) мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етуге және құпия құжаттарға қатысты өз әрекеттерін оларды ұсынған адаммен келісуге, өзіне сеніп тапсырылған мәліметтердің жария етілуіне жол бермеуге міндетті.




  1. Қазақстан Республикасының сақтық аймағында қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

226-бап. Қазақстан Республикасының сақтық аймағында қызметті жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар

      1. Қазақстан Республикасының сақтық аймағы – теңіздің жағалау сызығынан құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан, теңізге және ішкі су айдындарында мұнайдың төгілуі салдарынан ластануы немесе теңіздің ластану көзі болуы мүмкін құрлық аймағы.

      2. Қазақстан Республикасының сақтық аймағы шегінде қалдықтарды көму полигондарын салуға тыйым салынады.


  1. Қоршаған ортаға эмиссияларды басқарудың нарықтық тетіктері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет