Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар


Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу міндетті болып табылатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілердің тізбесі



бет9/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
Сараптама жауаптары

Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу міндетті болып табылатын белгіленіп отырған қызмет түрлері мен объектілердің тізбесі

      1. Энергетика:

      1.1. мұнай өңдеу зауыттары (шикі мұнайдан жағармай материалдарын ғана өндіру жөніндегі кәсіпорындарды қоспағанда);

      1.2. газ өңдеу зауыттары;

      1.3. өнімділігі тәулігіне 500 тонна және одан көп болатын газдандыруға және көмір мен битумдық тақтатастарды сұйылтуға арналған қондырғылар;

      1.4 атом электр станциялары және басқа да атом реакторлары, оларға осындай электр станцияларын немесе реакторларды бөлшектеу немесе пайдаланудан шығару (барынша қуаттылығы 1 киловатт (кВт) тұрақты жылу жүктемесінен аспайтын, бөлінетін және жаңартылатын материалдарды өндіруге және конверсиялауға арналған зерттеу қондырғыларын қоспағанда) кіреді;

      1.7. сәулеленген ядролық отынды қайта өңдеуге арналған қондырғылар;

      2. Жер қойнауын пайдалану:

      2.1. мұнай мен табиғи газды коммерциялық мақсаттарда өндіру, бұл ретте алынатын көлемі мұнайға қатысты тәулігіне 500 тоннадан және газға қатысты тәулігіне 500 мың м3 асады;

      2.2. карьерлер және 25 га асатын аумақта пайдалы қатты қазбаларды ашық өндіру немесе 150 га асатын аумақта шымтезек алу;

      2.3. жер қойнауынан алынған пайдалы қатты қазбаларды бастапқы қайта өңдеу (байыту);

      2.4. асбест өндіру жөніндегі объектілер;

      2.5. бүлінген жерлерді және жер қойнауын пайдаланудың басқа да объектілерін рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізу.

      3. Металдарды өндіру және өңдеу:

      3.1. металл кендерін (сульфидті кенді қоса алғанда) күйдіруге немесе агломерациялауға арналған қондырғылар;

      3.2. шойын мен болатты бастапқы балқыту жөніндегі интеграцияланған кәсіпорындар (комбинаттар);

      3.3. металлургиялық, химиялық немесе электролиттiк процестер арқылы кеннен қышқылданбаған түсті металдарды, концентраттарды немесе қайталама шикiзат материалдарын өндiру жөніндегі қондырғылар.

      4. Кендік емес минералдық заттарды қайта өңдеу:

      4.1. асбестті және құрамында асбест бар бұйымдарды өңдеуге және түрлендіруге арналған объектілер:

      4.1.1. асбест-цемент бұйымдары үшін – жылдық өндірісі 20 мың тонна дайын өнімнен көп;

      4.1.2. фрикциялық материалдар үшін – жылдық өндірісі 50 тонна дайын өнімнен көп;

      4.1.3. асбестті өзге де пайдалану үшін – жылына 200 тоннадан көп тұтыну.

      5. Химия өнеркәсібі:

      5.1. интеграцияланған химиялық кәсіпорындар (зауыттар) – бірнеше технологиялық кезеңдер қосылған және химиялық өзгерту процестерін қолдана отырып, мынадай заттарды өнеркәсіптік ауқымда өндіру үшін бір-бірімен функционалды байланысқан технологиялық қондырғылардың жиынтығы:

      5.1.1. негiзгi органикалық химиялық заттар, олар:

      қарапайым көмiрсутектер (желілік немесе циклдiк, қаныққан немесе қанықпаған, алифаттық немесе хош иісті);

      құрамында оттегі бар көмірсутектер: спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары, күрделi эфирлер, ацетаттар, қарапайым эфирлер, асқын тотықтар, эпоксидтi шайырлар;

      күкiрттi көмiрсутектер;

      азотты көмірсутектер: аминдер, амидтер, азот қосылыстары, нитро қосылыстар немесе нитратты қосылыстар, нитрилдер, цианаттар, изоцианаттар;

      құрамында фосфор бар көмірсутектер;

      галогенделген көмiрсутектер;

      органометал қосылыстар;

      негiзгi пластикалық материалдар (полимерлер, синтетикалық талшықтар және целлюлоза базасындағы талшықтар);

      синтетикалық каучук;

      бояулар мен пигменттер;

      беткi-белсенді заттар;

      5.1.2. негізгі органикалық емес химиялық заттар, олар:

      газдар: аммиак, хлор немесе хлорлы сутек, фтор немесе фторлы сутек, көмiртегі оксидтері, күкiрт қосылыстары, азот оксидтері, сутегі, күкiрт диоксиді, көмiртегінің хлор тотығы;

      қышқылдар: хром қышқыл, фторлы сутек қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы, хлорлы сутек қышқылы, күкiрт қышқылы, олеум, күкiртті қышқыл;

      сiлтiлер: аммоний гидрототығы, калий гидрототығы, натрий гидрототығы;

      тұздар: хлорлы аммоний, хлор қышқылды калий, көмiрқышқылды калий, көмiрқышқылды натрий, перборат, азотқышқылды күмiс;

      бейметалдар, металл оксидтері немесе басқа органикалық емес қосылыстар: кальций карбиді, кремний карбиді;

      5.1.3. фосфор, азот немесе калий минералдық тыңайтқыштар (қарапайым немесе күрделi тыңайтқыштар);

      5.1.4. пестицидтер мен биоцидтер;

      5.1.5. биологиялық немесе химиялық процестер қолданылатын негізгі фармацевтикалық өнімдер;

      5.1.6. жарылғыш заттар;

      6. Қалдықтарды басқару:

      6.1. өртеу (инсинерациялау), химиялық өңдеу немесе полигонда көму арқылы қауіпті қалдықтарды жою жөніндегі объектілер;

      6.2. өнімділігі тәулігіне 100 тоннадан асатын, өртеу (инсинерациялау) немесе химиялық өңдеу арқылы қауіпті емес қалдықтарды жою жөніндегі объектілер.

      7. Целлюлоза-қағаз өндірісі:

      7.1. өнеркәсіптік қондырғылар, олар:

      7.1.1. ағаштан немесе соған ұқсас талшықты материалдардан целлюлоза өндiруге;

      7.1.2. өндiрiстiк қуаттылығы тәулігіне 200 тонна және одан көп болатын қағаз және картон өндiруге арналған.

      8. Автомобиль, теміржол және әуе көлігі:

      8.1. алыс қатынастағы теміржол желілерін салу;

      8.2. негiзгi ұшу-қону жолағының ұзындығы 2100 м немесе одан көп болатын әуежайлар салу;

      8.3. үздіксіз ұзындығы 10 км және одан көп болатын, І техникалық санаттағы ортақ пайдаланылатын жаңа автомобиль жолдарын салу және (немесе) қолданыстағыларын реконструкциялау


  1. Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық стандарттарды ендіру және қолдану

46-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық стандарттарды ендіру және қолдану

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық стандарттарды ендіру және қолдану Экологиялық Кодекстің талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.

      3. Жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын ендіруі:

      1) Қазақстан Республикасында қолданылатын қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттары туралы ақпарат тарату;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын ендірген және осындай ендіруді растайтын құжаты бар тұлғалар үшін мемлекеттік экологиялық бақылау шеңберінде тәуекел дәрежесін азайту;

      3) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын ендіруді экономикалық ынталандырудың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларын қолдануы арқылы ынталандырылады


  1. Экологиялық таңбалау, міндеттері,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет