Елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластануын есептеу үшін пайдаланылатын бастапқы деректер ретіндегі материалдар



бет6/33
Дата07.01.2022
өлшемі196,94 Kb.
#19221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
232-бап. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлерін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерді аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

      1. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердi аймақтарға бөлу кезiнде экологиялық қауiпсiздiк қамтамасыз етiледi.

      2. Экологиялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету және өнеркәсiптік, көлiктік және өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдай жасау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға ықпал ететiн, көрсетілген жерлердi пайдаланудың ерекше жағдайларын жасау ескерiле отырып, аймақтар белгiленедi.

      3. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерін және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердi басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезiнде олардың шегінде аймақтарды белгiлеу мақсатына үйлеспейтін қызмет түрлерiне шектеу қойылатын немесе тыйым салынатын аймақтар ескерiледi.

      4. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлерінің және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің химиялық заттармен жерді бағалаудың экологиялық өлшемшарттарында белгіленген деңгейлерден астам ластануы оларды басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезінде қосымша экологиялық өлшемшарт болып табылады. Ластанудың жоғары деңгейіне жатқызылған жерлер консервациялауға жатады және босалқы жерлер құрамына ауыстырылады


  1. Жол берілетін төгінділер нормативтері

216-бап. Жол берілетін төгінділер нормативтері

      1. Жол берілетін төгінді нормативі – экологиялық рұқсатта белгіленетін және уақыт бірлігінде төгуге барынша жол берілетін (рұқсат етілетін) сарқынды сулардағы ластағыш заттың не ластағыш заттар қоспасының көлемі (массасы) ретінде айқындалатын экологиялық норматив.

      2. Жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасын әзірлеу тазартылған сарқынды суларды су объектісіне немесе жергілікті жер бедеріне төгуді жүзеге асыратын объектілер үшін міндетті болып табылады.

      Жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды су объектісіне немесе жергілікті жер бедеріне төгуге тыйым салынады.

      3. Жол берілетін төгінді нормативі әрбір ластағыш зат үшін сарқынды сулар шығарылған сайын белгіленуге тиіс.

      4. Жол берілетін төгінді нормативінің шамасы судағы ластағыш заттардың базалық антропогендік фондық концентрациясы ескеріле отырып, бақылау тұстамасындағы су сапасының тиісті экологиялық нормативтерінің сақталуы қамтамасыз етілетін деңгейлерде айқындалады.

      Судағы ластағыш заттардың базалық антропогендік фондық концентрациясы деп жол берілетін төгінді нормативтерін айқындау кезінде жүзеге асырылатын басқа көздердің төгінділеріне байланысты қолайсыз жағдайларда су объектісінің нақты бақылау тұстамасындағы ластағыш зат концентрациясының мәні түсініледі.

      Жол берілетін төгінді нормативтерін белгілеу кезінде бақылау тұстамасы деп осы Кодекске сәйкес айқындалатын, су сапасының экологиялық нормативтерінің сақталуына мониторинг және бақылау жүзеге асырылатын жерүсті су объектісінің учаскесін түсінген жөн.

      5. Жерасты сулары ауызсу, бальнеологиялық, техникалық мұқтаждықтар, ирригация және мал шаруашылығы мұқтаждықтары үшін пайдаланылмайтын оқшауланған суландырылмаған жерасты белдеулеріне және жерасты су тұтқыш белдеулеріне тазартылған сарқынды суларды айдау жағдайларын қоспағанда, сарқынды суларды жер қойнауына төгуге тыйым салынады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда сарқынды суларды тазарту мұнай өнімдері, қалқымалы заттар және күкіртсутек бойынша бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Сарқынды суларды жер қойнауына айдау кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілмеген өзге де ластағыш заттарды төгу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес ластағыш заттар концентрациясының ең жоғары көрсеткіштері бойынша нормаланады. Ластағыш заттар концентрациясының ең жоғары көрсеткіштері қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу кезінде немесе ластағыш заттардың жол берілетін төгінділері нормативтерінің жобасында негізделеді. Осындай заттарды ластағыш заттар концентрациясының белгіленген ең жоғары көрсеткіштерінен асырып төгу нормативтен жоғары эмиссия болып есептелмейді.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес мұнай өнімдері, қалқымалы заттар мен күкіртсутек бойынша тазартылмаған сарқынды суларды жерасты белдеулеріне айдауға тыйым салынады



  1. Су сапасының экологиялық нормативтері .Судағы зиянды заттарды нормалау.

214-бап. Су сапасының экологиялық нормативтері

      1. Су сапасының экологиялық нормативтері:

      1) химиялық көрсеткіштер үшін – судағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы түрінде;

      2) физикалық көрсеткіштер үшін – суға физикалық әсер етудің (жылу, радиоактивті) шекті жол берілетін деңгейлері түрінде;

      3) биологиялық көрсеткіштер үшін су сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобы жай-күйінің көрсеткіштері түрінде белгіленеді.

      2. Судағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы деп осы Кодекске сәйкес ластағыш деп танылған химиялық заттың ең жоғары көлемі (массасы) түсініледі, одан асып кеткен кезде су бір немесе бірнеше су пайдалану түрі үшін жарамсыз болып, табиғи орта объектілерінің тозуын туғызады немесе экологиялық жүйелердің орнықтылығы мен биоәртүрлілікті бұзады.

      3. Жерүсті су объектілері суы сапасының экологиялық нормативтері мемлекеттік су кадастрында ескерілген өзен бассейні немесе оның бөлігі, су объектісі немесе оның бөлігі үшін, ішкі теңіз сулары мен аумақтық теңіз учаскелері үшін олардың табиғи ерекшеліктері, сондай-ақ су объектілерін нысаналы пайдалану шарттары ескеріле отырып белгіленеді.

      4. Ауызсумен, шаруашылық-ауызсумен жабдықтау және (немесе) мәдени-тұрмыстық су пайдалану мақсатында пайдаланылатын жерүсті су объектілері немесе олардың бөліктері (су жинау орындарының) суы сапасының экологиялық нормативтері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен бекітілетін гигиеналық нормативтер (бұдан әрі – гигиеналық нормативтер) деңгейінде химиялық және биологиялық (микробиологиялық) көрсеткіштер бойынша белгіленеді.

      5. Балық шаруашылығы маңызы бар жерүсті су объектілері немесе олардың бөліктері суы сапасының экологиялық нормативтері (балық шаруашылығы нормативтері) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      6. Ауызсумен, шаруашылық-ауызсумен жабдықтау және (немесе) мәдени-тұрмыстық су пайдалану мақсатында бір мезгілде пайдаланылатын балық шаруашылығы маңызы бар жерүсті су объектілері суы сапасының экологиялық нормативтері гигиеналық немесе балық шаруашылығы нормативінен неғұрлым қатаң көрсеткіштер (ең аз концентрациясы) деңгейінде белгіленеді.

      7. Егер табиғи факторлардың әсерінен қалыптасқан және нақты өзен бассейніне немесе оның бөлігіне, су объектісіне немесе оның бөлігіне тән жерүсті су объектілері суларындағы химиялық заттардың табиғи фондық концентрациясы гигиеналық немесе балық шаруашылығы нормативтерінің мәндерінен асып кеткен жағдайларда, су сапасының экологиялық нормативтерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы өзен бассейніндегі немесе оның бөлігіндегі, су объектісіндегі немесе оның бөлігіндегі химиялық заттардың табиғи фондық концентрациясы көрсеткіштерінің мәндері деңгейінде (мәндерден жол берілетін ауытқу интервалында) әзірлейді және бекітеді.

      8. Ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылатын немесе көрсетілген мақсаттар үшін жарамдылығы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар негізінде айқындалған жерасты су объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес ауызсумен жабдықтаудың резервтік көздері ретінде айқындалған жерасты су объектілері суы сапасының экологиялық нормативтері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен әзірленетін және бекітілетін тиісті гигиеналық нормативтер деңгейінде белгіленеді.

      9. Егер су сапасының белгіленген экологиялық нормативтері сақталған кезде табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің кемінде бес жыл кезең ішінде ғылыми зерттеулермен расталған нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде су сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын су сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін белгілеуге міндетті.

      10. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта трансшекаралық су айдындары мен су ағындары суы сапасының нормативтеріне қатысты өзге талаптар белгіленсе, онда осындай халықаралық шарттың талаптары қолданылуға тиіс.




  1. Орман қорының жерлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

234-бап. Орман қорының жерлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

     1. Орман қорының жерлерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының Орман кодексінде реттеледi.

2. Аумақтың экологиялық жай-күйiнiң индикаторы ретiндегі өсiмдiктердiң жай-күйiн жердi орман қоры санатына жатқызу кезiндегі экологиялық өлшемшарт деп есептеген жөн.

     3. Орман қорының жерлерiндегi орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер санатына ауыстырылуы мүмкiн.

     4. Орман қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жол беріледі.

   5. Орман қорының жерлерiн басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру кезiнде жердi бағалаудың экологиялық өлшемшарттарына сәйкес жердiң жай-күйiнiң шөптi және сүректi өсiмдiктерге ықпалын көрсететiн экологиялық көрсеткiштер ескерілгені жөн.




  1. Қалдықтардың жинақталу лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері

Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтеріне:

1) эмиссиялар нормативтері;

2) технологиялық нормативтер;

3) қалдықтардың жинақталу лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері;

4) табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері;

5) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері;

6) қоршаған ортаға жол берілетін жиынтық антропогендік жүктеме нормативтері жатады.

41-бап. Қалдықтардың жинақталу лимиттері, қалдықтарды көму лимиттері

      1. Қоршаған ортаның қорғалуын және адамның өміріне және (немесе) денсаулығына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, көмілетін қалдықтардың санын азайту және оларды қайта пайдалануға, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға дайындауға ынталандыру мақсатында:

      1) қалдықтардың жинақталу лимиттері;

      2) қалдықтарды көму лимиттері белгіленеді.

      2. Қалдықтардың жинақталу лимиттері І және ІІ санаттағы объектілердің құрамына кіретін қалдықтардың әрбір нақты жинақтау орны үшін қалдықтардың осы Кодекске сәйкес белгіленген мерзім шегінде тиісті жинақтау орнында қоймаға орналастыруға рұқсат етілген түрлері бойынша олардың шекті мөлшері (массасы) түрінде белгіленеді.

      3. Қалдықтарды көму лимиттері І және ІІ санаттағы объектілердің құрамына кіретін қалдықтардың әрбір нақты полигоны үшін қалдықтардың тиісті полигонда көмуге рұқсат етілген түрлері бойынша олардың шекті мөлшері (массасы) түрінде белгіленеді.

      4. Қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттері экологиялық рұқсатта белгіленеді. Қалдықтарды көму лимиті тиісті полигонның өндірістік қуатына сәйкес әрбір күнтізбелік жылға белгіленеді.

      5. Қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін I және II санаттағы объектілердің операторлары осы Кодекске сәйкес экологиялық рұқсат алған кезде қалдықтарды басқару бағдарламасында негіздейді.

      6. I санаттағы объектілер үшін қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар тұлға жүзеге асырады.

      7. Қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттерін есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      8. III және IV санаттағы объектілер үшін қалдықтардың жинақталу лимиттері мен қалдықтарды көму лимиттері белгіленбейді.

      ІІІ санаттағы объектілердің операторлары осы Кодекске сәйкес берілетін қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияның құрамында қалдықтар туралы ақпарат беруге міндетті.


  1. Ауа ортасының газ құрамы және негізгі ластаушы компоненттері.

Ауа — жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%). Тығыздығы 1,2928 г/л, суда ерігіштігі 29,18 см3/л. Ауа – адамның, жануар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасы.[1] Ауаның құрамында басқа инертті газдардың, сутектің, азот оксидтерінің, көміртек оксидтерінің, аммиактың, метанның, күкіртті газдың және тағы да басқалары мөлшері бар. Жердің ендігіне байланысты ауадағы су буының орташа мөлшері 0,2-ден 2,6%-ға дейін барады. Ауа массасының 4/5-іне жуығы тропосферада шоғырланады; атмосфераның жоғары қабаттарында гелий мен сутек басым болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет