ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 12 (193),
маусым, 2015 жыл
Ұлттық
біліктілік деңгейі
СЕМИНАР
Редакциядан: «Әдебиеттанудың теориялық мәселелері және Рымғали Нұрғали зерттеулері»
атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияны ұйымдастыру жұмыстарына белсенділікпен
қатысып, оның табысты өтуіне атсалысқан Сейіт Қасқабасов басқарған қазақ әдебиеті кафедрасының
ұжымына, ғылым докторлары: Құныпия Алпысбаев, Серікқали Бәйменше, Дүкен Мәсімхан, Сәуле
Тоқанова, Сәмен Құлбарақ, Аманжол Әлтаев, Жансая Жарылғапов, Жанат Аймұхамбет, Әсима
Есжановаларға және ғылым кандидаттары: Ермек Аманшаев, Меңдігүл Шындалиева, Балғынбек
Имашев, Айбек Қалиев, Серікзат Дүйсенғазин, Қуаныш Сейітжанов, Айтбай Жұмағұлов, Қарлығаш
Байтанасова, Сәулеш Айтуғанова, Лилия Серғазы, Розалина Шаханова, Ақылбек Шаяхметов, Бизар
Рахметова, Назым Нәсиева, Жамал Боранбаева, Мұхаббат Беретова, Жұмажан Бектасоваларға
университет ректоры атынан және марқұм Рымғали Нұрғалиевтің отбасы атынан шынайы
ризашылығымызды білдіреміз.
қайраткер ұл
жұртшылықты толғандыра қоймаған. Бүгінде сол азғантай некен саяқтың біреуі Рымғали Нұрғалидың
болғанына көзіміз жетіп отыр.
Филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасы ұйымдастырған халықаралық шараны ҚР ҰҒА
академигі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
Сейіт Қасқабасов жалғады.
« – Рымғали туралы менің сағаттап айтуыма болады. Бүгін тек бір қызық-қызық жайттарды еске алғым
келіп тұр. Біз Рымғали екеуміз аталас, рулас қазақтармыз. Ол Абыралы ауданында Қайнар деген жерінен, мен
Зайсанда туғанмын. Таныстығымыз бен табысуымыз 1970 жылдан басталды. Мен КазПИ-де оқимын. 1960
жылдары институтты жақсы оқып, көріне батаған жігіттеріміз болды. Соның ішінде аспирант болып бізге
Зейнолла Серікқалиев келді, Асқар Сүлейменов, Қуандық Мәшhүр Жүсіп, Едіге Тұрсынов, Қаз МУ-ден
сол кезде көрінген Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, Рымғали Нұрғали сияқты бір топ шоғыр жігіттер бір
үлкен жаңа леп, жаңа бір үрдіспен келді. Өйткені 60-жылдары бізде үлкен бетбұрыс болды. Сәл еркіндік ой
пайда болды. Ізденудің өзін бұрынғыдай тек марксизм-ленинизм классикасынан емес, басқа да жақтан бізге
іздеуге ой салды. Әдебиетімізге жаңа ғана ақталған Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров
келді. Соларды оқып біздің сана сезіміміз бен ойлауымыз еркіндеу болды да, ойды еркіндеу айта бастадық.
Осы аттары аталған жігіттер газет-журналдарда әдебиет туралы таластар туғызды.
1982 жылы февраль айында екеуміз Мәскеу түбінде жазушылардың демалыс үйінде бір ай бірге
болдық.Қасымызда одақтың әр түкпірінен келген небір ғұлама ғалымдар мен қоғам қайраткерлері. Бір
қызығы Рымғалидың әлгілердің бәрін танитындығында. Мен болсам тек ғалымдардың ғана бірен-саранын
танимын. Сен бұлардың бәрін қайдан танисың деп сұраймын, таңданып. Жазушылардың съездері мен
жиналыстарында жиі кездесеміз, содан білемін деп қояды жай ғана. Содан бір күні Рымғали: "Мен ауылдан
қазы-қарта алып келдім, Сейіт мына кісілерді қонаққа шақырайық", – деді. Сол күні аттары әлемге белгілі
журналистер, жазушылар, ғалымдар Новиков, Корякин, Овчаренко бізден дәм ауыз тиіп әдебиет жөнінде
әңгіме дүкен құрдық. Овчаренко Лермонтовты зерттеушілер саусақпен санарлықтай-ақ аз қалғанын айтып
қынжылды. Солардың біреуі әрі бірегейі Заки Ахметов. Сендер қазақтар осы кісімен мақтануларың керек
деді. Овчаренко деген жылына екі рет америкаға барып лекция оқитын, көпшілікті менсіне бермейтін
адам еді. Біз сол жерде қазақ ғылымы мен әдебиетін орыс ғалымының мойындағаны үшін Рымғали екеуміз
төбеміз көкке жеткендей бір қуанғанбыз».
Халықаралық ғылыми конференция барысында «Еуразия-ақпарат» орталығы дайындаған Рымғали
Нұрғали туралы бейнефильм де ешкімді бейжай қалдырмады: балалық балғын кез, студенттік шырын шақ,
білім-ғылым қуған жылдар, ұстаздық тәлімі бейнебаян тілімен шынайы жеткізілді. Оның ішінде Қазақстан
Республикасы Президентінің кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің салмақты пікірі бір баяндаманың жүгін
арқалап тұрғандай болды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург, қазақ телевидениесінің негізін
қалаушылардың бірі Сұлтан Оразалин ғалымның жан-жақты қырларына тоқталды. «Рымғали Нұрғалиұлы
ҚазМУ-де сабақ беріп жүргенде мен одан қазақ телевидениесін көтеру үшін жақсы шәкірттерін сұрадым,
сонда бес-алты жігіттің аты-жөнін атады. Солардың ішінде қазіргі Қазақстан Жазушылар одағының
төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лаураеты Нұрлан Оразалин
бар», – деді ол.
Басқосуда М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология
ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижан, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев,
сонымен қатар алыс-жақын шетелден келген ғалымдар – Қазан Федералды университеті филология
және өнер институтының профессоры, ф.ғ.д., Ресей Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі
Х.Ю. Миннегулов (Ресей, Қазан), Мугла Сыткы Кочман университеті әдебиет факультеті қазіргі түркі
тілдері және әдебиет бөлімінің меңгерушісі, профессор A.A.Çinar (Түркия, Мугла) Рымғали Нұрғали
шығармашылығы туралы кеңінен ой қозғады.
Конференцияға қатысушылар Р.Нұрғали қоғамдық-әлеуметтік өмірге де белсене қатысқанын, тіл
мәселесіне жете көңіл бөлгенін, Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитет отырысында әділдікке
жүгінгенін, жалпы, қазақ әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан үлесіне, Қазақстан жоғары мектебінің
ғылыми-педагогикалық әлеуетін көтеруге сіңірген еңбегіне тоқталды.
Жүніс ОРМАШҰЛЫ
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы Эразмус+
ұлттық офис бағдарламасымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінде "Ұлттық біліктілік шеңбері: сәулет
әдіснамасынан қолдану дағдысына дейін" атты семинар өткізді.
Семинарға ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары
Тахир Балықбаев, ЕҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан
Сыдықов қатысып, жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шарада Еуропалық Одақтың 2007-2013 жылдары
Қазақстанда енгізілген Темпус IV көрмесіндегі жобалардың
нәтижелері көрсетілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша,
жобалардың көмегі көп болған, бірақ оның аяқталғанына
қарамастан Қазақстандағы жоғары білім беруді жетілдіру
жүйесінде институционалды және ұлттық деңгейде өз үлесін
қоса бермек. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз
брифингінде ҚР БҒМ-нің жоғары және жоғары оқудан кейінгі
білім мен халықаралық ынтымақтастық департаментінің
директоры Ақерке Абылайхан, Болон үдерісі мен академиялық
ұтқырлық орталығы директорының кеңесшісі Серік Өмірбаев,
Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ үкіметінің
техникалық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Жан-Луи
Лаврофф және Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының
үйлестірушісі Шайзада Тасболатова айтты.
Семинарға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім
және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет
және спорт министрліктерінің, Қазақстандағы Еуропалық Одақ
және әр түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындарының басшылары,
оқытушылары мен студенттері және т.б. қатысты.
Жиында Қазақстандағы жоғары білімнің қазіргі халі мен
алдағы даму келешегі туралы ҚР БҒМ өкілі Ақерке Абылайхан
арнайы баяндама жасады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігіне қарасты ғылым және адами ресурстар
департаментінің директоры Алма Сыздықова медициналық
білімнің бес институционалды реформалар жайы, ҚР Мәдениет
және спорт министрлігіне қарасты білім, ғылым, шығармашылық
және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
Дінислам Болатханұлы мәдениет пен өнерге қатысты сөз
сөйледі.
Еуропалық сарапшы Брайн Магуайэрдің ұйымдастыруымен
өткен жиында ҚР ұлттық біліктілік деңгейін еуропалық ұлттық
шеңберімен салыстыру, жоғары оқу орындарының кадрларын
даярлау, елдегі ұлттық және салалық біліктілік жиектемелерді
құру, студенттерді оқыту мен оларға бағдарламалар жасау,
кәсіпорындармен тығыз байланыста болу және бітіруші
түлектердің біліктілігін шыңдау мен болашақта жұмыспен қамту,
білім алу бағдарламаларын жасау, олардың сапасын бақылау
секілді мәселелер қамтылды.
Салтанат БЕЙСЕНОВА
студент
8
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 12 (193),
маусым, 2015 жыл
Әз Тәуке ханның ордасы Күйгенжар маңында болды
деген әңгіме ел арасында ертеден бар. Бірақ ел аузында
жүрген мәлімет газет бетінде алғаш рет 1994 жылы
жарияланыпты. Авторы Р.Нуртазина: «Близ озера Есил,
в частности, где он умер в народе называют Куйгенжар,
которое находится в 5 километрах от центра совхоза
п.Мичурино, это ныне Акмолинская область», – дейді.
Бұл мәлімет жұртқа белгісіз болып қала берер ме
еді, бірақ Ақмола өңіріне белгілі өлкетанушы Клара
Әмірқызының назарына ілігіп, ол кісі 1997 жылы Ақмолада
шыққан «Қиылған ғұмырлар» кітабында «Жаугершілік
күшейіп кеткен заманда Тәуке ханның Күйгенжарда
жерленуі күмән туғызбайтын тәрізді» деген пікір білдірді
(2, 24-25 бб).
Осыдан кейін Әз Тәуке ханның Күйгенжарда ордасы
болды деген пікірлер аздап салмақты кітаптарға да
ене бастады. 2008 жылы жарыққа шыққан «Астана»
энциклопедиясында Ресей елшілері Ф.Скибин мен
М.Трошиннің жазбаларына сүйене отырып «онда Тәуке
ханның өзен жағасында тұрған ордасына жету үшін
Нұраны кешіп өткендері, Қорғалжың көлі мен хан ордасы
аралығындағы Нұра өзені жағасында Ботағай атты қаланың
қанат жайғаны баяндалады. Тәуке ханның қалаға жасаған
қамқорлығын айтып, елшілер дінге сенушілерге арнап
салынған керемет үйлердің көптігіне қызығады» деген
суреттеме жасайды (1, 35 б.).
Бұл жерде асыра сілтеу бар. Біздің қолымыздағы мұрағат
дерегі: «Статейный список пребывания в Туркестане,
в Хиве и в Бухаре казаков Федора Скибина и Матвея
Трошина, посланных из Тобольска для переговоров с
Тевкиханом» деп басталады. Одан әрі екі елшінің өз
қолжазбасынан үзінді келтірейік: «В прошлом 202 году
(орыстың ескі жыл есептеу дәстүрі бойынша жазылған,
қазіргі есеппен 1692 жыл - Ж.А.), апреля в 4 день, по
наказной памяти ближнего столника и воевод Андрея
Федоровича Нарышкина с товарыщи, посланы они Федка
и Матюшка из Тоболска в Казазчью Орду к Тевки хану с
его Тевкихановым посланцом Такомурком Аталыковым
(дұрысы Тайкоңыр Құлтабай Аталыкұлы - Қазақ ордасының
сол замандағы бас елшілерінің бірі, қазақ хандарына
кеңесші, тәрбиеші болған аталық әулетінің өкілі - Ж.А.), да с
ними же отпущен Килдей мурза, который взят был в полон
у Ямыш озера в прошлом во 199 году и держан в Тоболску;
да с ними же Федкою и Матюшкою посланы Тоболские же
для толмачества (тілмаш деген мағынада-Ж.А.): Юртовской
служилой татарин Уразайка Чачканов, да в вожи (жолбасшы
деген мағынада - Ж.А.) ясашной татарин Таушко, с ними
два человека кашеваров татар же» (4, с.285) .
Бұлар «Тобольскіден (Бұл қала Сібір хандығының
астанасы болған Ескер қаласының орнына салынды -
Ж.А.) шығып, Адбаш острогы (бекінісі бар қалашық
осылай аталады-Ж.А.) арқылы Кокоркина слабодкасының
жанында» Есілден бірінші рет өтеді. Одан Шәмші Қарағайға
жетеді. Мамырдың 20-нда елшілер өзіміздің Қараөткелге
келді, оны орыс деректері «дальный Ишимский брод»
деп атайды. Елшілердің жолжазбаларында Қараөткел
маңында олардың қазақтың жортуылда жүрген жігіттерімен
кездескені айтылады «у того броду объявились воинские
люди Казачьей Орды и Каракалпаки, и шли за ними четыре
дня». Бұдан әрі елшілердің Нұра өзеніне келетіні жазылған,
мәтінде «Нор Ишим река» деп аталады.
– Міне осы жерде олар ертеде салынған құрылыстарды
көрді: «у Нор Ишиму реки знать было прежде сего
каменное строение две полаты». Бұл біздің ойымызша
Қорғалжыңға іліге бергенде, Нұра өзенінен өтетін өткелдің
аузында тұрған Бытығай қаласы. Елшілікпен бірге келе
жатқан Келдей мырза бұл қаланы ертедегі хандардың мекені
деп түсінік береді, бірақ қалашықта адам болды, тіршілік
іздері бар деген деректі жолжазба атамайды. Ендеше ХVІІ
ғасырдың соңында Есіл-Нұра бойындағы орта ғасырлық
қалашықтар отырықшы мәдениеттің орталығы есебінде
өмір сүруін тоқтатқан деп есептеуге болады.
Елшілік бұдан
әрі Сарысуға, одан
Бетпақ даламен төрт
күн бойы жүріп Созақ
арқылы Түркістанға
келдік дейді. Жазбада
Қаратаудың терістік
жағындағы Ақсүмбені
«Казачьи караул» деп
атайды: «через Чюю
речку, мимо казачьего
караула Аксубы
камень на Калмыцкую
дорогу по Сауранской
дороге». Елшіліктің
ұзақ жолын, сол жолда
көрген мехнатын бір
мақалада
суреттеп
беру мүмкін емес. Тек
бір ескеретін мәселе –
Сарысудың бойында
қазақпен аралас
қалмақ ауылдарының
болуы. Сібір өлкесінің
халықтарымен жақсы
аралас елшілердің
қазақ пен қалмақты шатастыруы мүмкін емес сияқты,
деректерде «и те калмыки говорили нам: мурза Келдейко
им свойственный человек. И учали звать к себе в деревню, и
хотели везти в Тургустан к Тевкихану с честию» дейді.
Бірталай қиындықтармен Түркістанға жеткен елшілікті
алдымен аталық Барқы батыр қабылдады. Әз Тәуке ханның
заманында Орда жұмысын жоғарыда Ресей елшілері
жазатын аталық Барқы батыр ұйымдастырып отырғаны
белгілі. Қазіргі тілмен айтқанда аталық ханның әкімшілік
қызметінің басшысы және ақылшысы. Оның мөрі ханның
мөрімен қатар жүре береді. Ташкенттік сарт саудагері
Нұрмұхамбет Әлімұлы орыстарға айтқан әңгімесінде:
«Ұлы жүздің ханының Тәшкент, Орта жүздің ханының
Түркістан сияқты басты қалаларда ерекше сарайлары бар,
бірақ өздері қырда елмен бірге көшіп жүреді, олар жоқта
хан сарайларында аталықтар тұрады және елді басқарады»
дейді (3, с.56). Елшілік қағаздарының бір тұсында
Барқы аталықтың аты ерекше аталады: «Осы мезетте
Тобылдың татары Тәуішке Мерген де ханға келіп, Бұхарға
жолдастарымен сауда жасауға жіберуін өтінді. Андрей
Неприпасов Тәуішке Мергенге айтты:
– Сен Бұқарға баруға өтінесің, ал сол кезде қазақтар
слабодаларға, бекіністерге барады, қазақ ордасының
адамдары ұлы ағзамның құзырындағы слабодаларға
жасырын барып тонап кетпесіне сен жауап бере аласың ба?
Тәуішке Мерген айтты:
– Ұлы ағзамның слабодаларында біздің жұмысымыз
қанша? Бізге салса бәрін қиратсын, өртеп жіберсін мейлі, біз
әскери адамдар емеспіз, біз бар жоғы саудагерлерміз.
Тәуке ханның басты адамы Аталық Барқы батыр келеңсіз
сөздері үшін Тәуішкеге қатты ұрысты».
Елшілік жазбаларынан жортуылдың иісі сезіліп тұрады.
Бұл ахуалды Қытайдың «Шилу» жазбасында Сыбан-
Рабданның император Кансиге жазған хатынан да
сеземіз: «Цыван Алабудан (Рабдан) жазады: Өзіңіздің
құлдығыңызға бас июші қызметшіңіз қазақтармен соғысты
әлі тәмамдай алатын емес. Бұрынырақта Қалдан қазақ ханы
Тәукенің ұлын тұтқынға алып, оны Далай-Ламаға жіберген.
Бұл іске байланысты Тәуке бұрынғы реніштерін ұмытып,
ұлын қайтаруға көмектесуін өтініп, маған өз адамдарын
жіберді.
Мен Далай-Ламаға елшілер жіберіп, Тәукенің ұлын
қайтаруын өтіндім, оны еліне жеткізіп салу үшін күзетке
500 адам бөлдім. Тәуке хан болса, 500 адамды түгел қырып,
менің қол астымдағы Уэрхудэ батырды да өлтіріп, адамдарын
тұтқынға алған. Істің соңында ол 100-ден аса менің
адамдарымды тонап, отбасылармен тұтқынға түсірген.
Менің қайын атам Аюци (Аюка) қызын – менің зайыбымды
маған жіберіп, қауіпсіздік үшін қасына әйелімнің үлкен ағасы
Саньци Чжабуды қоса жіберген. Жолда оларға да қазақтар
қарулы шабуыл жасаған.
Өткен жылдың күзінде Олостан (Ресей) келе жатқан
менің саудагерлерім де тоналған. Қазақтар маған қарсы
бірнеше мәрте қылмыс жасады. Осы жасаған барлық
қиянаттары үшін оларды жазалау мақсатымен қалың
әскермен соғыс ашуға мәжбүрмін» (6, с.70-71).
Әрине Сыбан Рабдан өз саясатын ақтап отыр,
дегенмен қазақ даласында жаугершіліктің үдеп кетуіне
қалмақ-қазақ арасындағы шиеленісті жағдай әсер еткені
сөзсіз. Жоңғардың жаулап алу саясаты туралы қытайдың
жазбалары көп деректер береді. Қытайдың «Дай Цин
Шэнхуанди шилу» /Шилу/ аталатын жазбасында «бүкіл
Орта Азия /Бұхар, Самарқанд, Қазақ Ордасы, Қырғыз,
Жаркент, Қашғар, Сайрам, Тұрфан, Хами/ өңірлерін бірге
есептегенде Қалдан Бошогтуға бағынышты қаланың
саны 1200 болады» деп санайды. Көзі тірісінде Қалдан
Бошогтумен жауласса да, оның немере інісі Сыбан Рабдан
таққа мінісімен немере ағасының жүргізген саясатын
жалғастырды. Оның ең басты бағыты – батыстағы қазақ
сияқты елдердің несібесінен жайылымдық жер, қалалық
өлкелерді тартып алу.
Қалай болғанда да Есіл бойында Әз Тәуке ханның
ордасы болды деген әңгіме осылайша елге тарай
бастағандықтан біз орданың орнын анықтауды мақсат
еттік. Орда болған соң оның құрылысы да болса керек
деген жоспармен былтырғы жылы Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің «Археология және
этнология» кафедрасының ғалымдары Күйгенжар маңында
этноархеологиялық іздестіру жұмыстарын жүргіздік.
Есілдің осы Күйгенжар тұсында қазақтың бірнеше мың
жылдық тарихына қатысты толып жатқан ескерткіштер
кездеседі. Оның ішінде тас дәуірінің қоныстары мен қару-
жарақтары, ерте көшпелілердің жан-жағын орлаған үлкен
обалары, қазақтың ірілі-ұсақты қыстаулары мен қорымдары.
Әсіресе, қазақтың қазіргі күнге дейін жалғасып келе жатқан
қорымдары ашық аспан астындағы бірнеше мыңжылдықтың
мұражайы сияқты. Қазақ даласының қай жерінде болса
да өзіне дейінгі мәдениеттің ескерткіштерін жатсынбай
өзінің қорымы есебінде сақтаған елден айналсаң болмай
ма? Ақыр түбінде Әз Тәуке ханның ордасы Күйгенжардың
қорымының ішінен шықты. Енді Әз Тәуке хан және дала
билеушілерінің жазғы ордасы туралы мәселеге келейік.
Деректерге қарағанда Әз Тәуке ханның билік құрған
уақыты 1680-1715 жылдар. Қазақ халқына Әз Тәуке атымен
мәшһүр болған билеушінің туған жылы шамамен 1620
жылдар болса керек. Енді Салқам Жәңгір қайтыс болған
1652 жыл мен Әз Тәуке хан есебінде таныла бастаған 1680-
шы жылдар арасында кім билік етті деген мәселе ашық
қалады. Мырза Мұхаммед Әминнiң жазуы бойынша ХVІІ
ғасырдың соңғы ширегінде Тәуке хан Ташкент қаласы мен
маңайындағы қалашықтарға иелік жасады және осы қалада
1687 жылы Бұхар ханы Нәдiр Мұхамедтің ұлы Сұбхан
Құл ханның елшiлiгiн қабылдаған. Ол елшiлiктi Қошыке
би аталық басқарған, оның мақсаты қазақ ханы Тәукемен
кездесiп шекара мәселесін талқылау болды.
Кейбір деректерге қарағанда, сол жылдары Тәукенiң
басшылығындағы қазақтар Ташкенттiң батыс алқабында,
Зерафшан бойында мекендеген қытай-қыпшақ аталатын
жауынгер тайпамен соғыс жағдайында. Деректерде
Тәукенiң қытай-қыпшақтарға қарсы екi соғысы туралы
айтылады. «Тәуке хан 1694 жылы 20 мың адаммен қытай
-қыпшақтардың екi қаласын басып алып, 3 мың адамын
қырып салып, бiрталайын тұтқынға алды. Кейiннен ол
тұтқындарды қайтарды, ал келесi жылы ол 15 мың адаммен
шабуыл жасап, құр, олжасыз оралды» делінеді деректерде.
Бұл соғыстар Сырдария бойындағы көне дәуірлерден бері
қазақ саудасының көзі болған қалалар үшін Бұхар хандығына
қарсы жүргізілгені сөзсіз.
Біздің қолымыздағы көптеген деректер Тәуке ханның
Ресей, Жоңғария, Орта Азия елдерiмен тығыз мәмлегерлік
және сауда байланыстарын ұстап тұруға барлық күшін
жұмсаған ел басшыларының бірі екенін дәлелдейді. Ең басты
қауіп бұл кезеңде ойрат (қара қалмақ, жоңғар) тарапынан
болды деуге келеді. Тарихи деректер Әз Тәуке ханның
заманында қазақ-қалмақ арасындағы қарым-қатынастар
кейде бейбіт, кейде жаугершілікпен шешіліп отырғанын
көрсетеді.
Әз Тәуке қазақтың атақты ханы Салқам Жәңгірдің
отбасында дүниеге келді.
1640 жылдары Тәуке сұлтанның әкесінің тапсырмасы
бойынша атақты тәшкенттік Шайхантаур нәсілі Жүніс
қожамен бірге қазақ Алты шаһар деп атайтын Шығыс
Түркістан өлкесіне елшілікке барғаны белгілі. Шах Махмуд
бен мырза Фазыл Чорастың «Тарих» деген шығармасында
Жәңгiр ханның елшiлiгiнiң Шығыс Түркiстанға келгендігi
жазылады: «Сол кезде Жаћангер ханнан елшi болып Шайх
Хаванд Тахурдың (Шайхантаур) ұрпағы Жүнiс қожа
деген адам келдi. Мына жақтан Софы қожа жiберiлдi, ол
Әз Тәуке Орталық Азия саяси қарым-
9
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 12 (193),
маусым, 2015 жыл
қатынастарында және Күйгенжардағы хан ордасы
қожа Сеиід Мұхаммед–халифтың ұлы, – Алла жар болсын.
Жаћангер хан Софы қожамен бiрге өзiнiң ұлы Тәуке
сұлтанды жiбердi. Хан (Абдолла хан - Шығыс Түркiстанның
билеушiсi - Ж.А.) оны патшадай сыйлап, онымен бiрге
Қошқар бектi жiбердi. Жаћангер хан сол кезде, Құдай
рахмат айласын, Ахунд Молла Иакуб пен Жан қожаның ұлы
Вафа қожаны өлтiрдi. Осыдан кейін Жәңгір Қошқар бекпен
бірге өзінің үлкен ұлы Абақ сұлтанды жолға аттандырды. Ол
Абдолла ханның ұлы Жолбарыс сұлтанға өзінің қарындасын
ұзатып салды. Абдолла Абақ сұлтанды ерекше сыйлап,
қымбат дүниелерді көп берді» (8, с.384, 554-555).
Еуразия көшпелі елдерінің билеушілерінің қыста
оңтүстікте, қалалық өңірде қыстап, жазғы жайлауды елмен
бірге Арқада өткізетіні ертеден белгілі салт. Мәселен
Қытайдың «Ханнама» жылнамасында Қаңлы елінің
хандары туралы «Қаңлы елінің ханы қыста Логатнұқта
тұрады да, жазда Бетен даласына көшеді» дейді. Екі
арасы біраз жер, себебі Чаң-әннан (Қытайдың сол кездегі
астанасы) қаңлының қысқы жұрты 21300 ли болса, жазғы
жайлауы 9104 ли. Екі аралық шамамен 8000 ли деп алсақ,
қыстау мен жайлаудың арасы 2-3 мың шақырым болмақ.
Зерттеушілер Лоғатнұқты Шыршық өзенінің бойындағы
Қанға қаласымен, ал Бетенді Балқаш пен Арал арасындағы
өлкемен байланыстырады. Біздің пікірімізше, Бетен
Өлеңтінің Ақкөлге құяр жерінде орналасқан қалашық.
Қазақтың ұғымында Ақкөл-Жайылма аталатын құт мекенде
біз бірталай зерттеу жұмыстарын жүргіздік.
Жазғы орда ұстау дәстүрі өз кезегінде Қазақ ордасында
жалғасын тапқаны сөзсіз. Әз Тәукеге дейінгі қазақ
хандарының өмір тарихына қатысты деректерден де осы
көшіп-қонуды аңғарамыз. Мырза Хайдар «Тарихи-и
Рашиди» кітабында Моғолстан билеушісі Саид ханның
Қасым ханмен кездесуін баяндай отырып «Жаздың соңы
еді. Қасым ханның бұйрығымен қазақтар қыстауларына
қарай бағыт алды. Қасым хан (Саид ханға) «Қазіргі
уақытта Шайбанға қарсы елді көтеру қиын шаруа. Ел қысқа
дайындықты жасауы керек. Бұл кезде әскер жинау мүмкін
емес» деді. Осылайша сыпайы түрде жорыққа шығудан бас
тартты. Қасым хан ханды (Саид) үлкен құрметпен шығарып
салып, өздерінің ата қыстауларына қарай жылжыды» дейді.
Осы сияқты деректерді қазақтың әр ханына қатысты ондап-
жүздеп келтіруге болады.
Әрине, қазақ хандарының Түркістан өңірінен алысқа
ұзамай қалатын кездері де болса керек. Ол не жаугершілікке,
не жұтқа, не қысылтаяң елшілік істеріне байланысты
болама дейміз. Ондай жағдайда хан ордасы Түркістаннан
теріскейге қарай бет алып, Қаратауды жағалай көшіп
жүреді. Егер жаз уақытында сырттан келген елшіліктерді,
не ірі сауда керуендерін қарсы алу керек болса Кәрізге ақ
шаңқан үй тігіп, Бақ жаһанда қарсы алады. Бұл сонау ерте
заманда басталып ХІХ ғасырдың басына дейін жалғасын
тапқан дәстүр.
Әз Тәуке ханның жазғы ордасы Есілдің Күйгенжар
ауылынан аса беріп оңға қарай шұғыл бұрылатын жерінде,
өзеннің оң жағалауына орналасқан. Қазіргі оқырманға
түсінікті болуы үшін орда Күйгенжар ауылы мен Астана-
Қарағанды тас жолының арасында десек те болады. Әз
Тәукенің жазғы ордасын жағалай орын тепкен қорым соңғы
кезде жақсылап биік қоршалды, енді ескерткішке бәлендей
қауіп төнеді деп қорықпасақ та болады.
Әз Тәуке ханның жазғы ордасын жағалай төрт бұрышты
биік қорған соғылған. Қорғанның оңтүстік жағы 60 метрдей,
солтүстік жағы 40 метр, яғни қорған тік төртбұрыш емес, бір
жағының ені аздау. Қорғанның ұзындығы 100 метр. Бекініс
қорғанның сыртынан да, ішінен де терең ор қазылған және
ол орлар Есілмен арық арқылы жалғасады. Ендеше Есілден
не шығыр арқылы, не атпамен жоғарыға қарай су жіберіліп
тұрды деп есептеуге болады. Себебі, бекініс-қорған
орналасқан жердің деңгейі өзеннен жоғарырақ. Өзен мен
бекіністің оңтүстік-батыс мұртының арасы 50 метрдей.
Әз Тәуке ханның жазғы ордасына кіретін қақпа екеу
болған сияқты, оның бірі шығыс жақтан, яғни негізгі
дарбаза және екіншісі батыс жақтан қосалқы қақпаның
орыны көрінеді. Қорғанның ішінде ескілікті саман мен
шымнан салынған құрылыстардың орыны аңғарылады,
бірақ олардың не зират, не қоныс-жай екенін арнайы қазба
жұмыстарын жүргізбей тұрып анықтау қиын. Біз Әз Тәуке
бекініс-қорғанның ішінде он екі қанат кигіз үй тігіп отырды
деген жорамал ұсынамыз. Бүгінгі күні қорғанның бүкіл
периметрі бойынша ХХ ғасырдың басынан бастап салынған
зираттар қоршап тұр. Бірнеше құрылыс, соның ішінде
христиан бейіттері қорғанның ішіне де еніп кеткен.
Әз Тәуке ханның жазғы ордасы қауіпсіздік мәселесін
жақсы ескеріп салынғаны анық көрінеді. Біріншіден,
бекініс-қорғанның іргесі биік көтерілген, бұрыштары
қарауыл мұнара сияқты жасалған. Екіншіден, бекініс-
қорғанның ішінен де, сыртынан да терең ор қазылған
және құрылысшылар оған су жіберуді қамтамасыз еткен.
Үшіншіден, жазғы орданы батысынан және оңтүстігінен
Есілдің өзені қорғап тұр десек те болады. Жазғы орданың
негізгі қақпасы Есілден өтетін қазақтың байырғы өткеліне
бағытталған, яғни өзге елмен байланыс осы өткел арқылы
жасалғаны сөзсіз. Бұл өткелді жергілікті ел Күйгенжардың
өткелі деп атайды. Жазғы орданың шығыс және солтүстік
жақтарынан алыстан орағытқан ор кездеседі ме, оны
анықтау қазіргі уақытта қиын. Бекініс-қорғанның екі
жағынан да тас жол өтеді және соған байланысты жер бедері
қатты өзгерген.
Күйгенжарда Әз Тәуке хан ордасының болуына қандай
дәлелдер бар ?
- Біріншіден, жазғы жайлауда көшпелі жауынгер елмен
бірге болу Еуразия кеңістігін билеген басшылардың ерте
замандардан бергі дәстүрі. Қазақта «хан жайлауы» деген
ұғым бекер өмір сүрмесе керек.
- Екіншіден, Күйгенжар, Сарыоба, Ақмола арасын Әз
Тәукенің ұлы, 1729-1737 жылдары қазақтың үлкен ханы
болған Сәмеке ханның тұқымдары мекендеді. Ақмола дуаны
1832 жылы ашылғанда алғашқы аға сұлтан болған да Сәмеке
немересі Қоңырқұлжа сұлтан.
- Үшіншіден, Күйгенжар – Әз Тәукеге аталық болған
Барқы батырдың қонысы. Шежіре деректерінде Күйгенжар
өткелін «Алтай-Қарпық» өткелі деп те атайды. Аталық
Барқы батыр Алтай руының Сайдалы тармағынан шыққан
белгілі ел басыларының бірі, оның тұқым-жұрағаттары әлі
де Күйгенжар маңында қоныстанған.
- Міне, басқа әңгімелерді айтпағанның өзінде жоғарыда
аталған үш дәлел Күйгенжарда Әз Тәуке ханның жазғы
ордасы болды деген жорамалдың шындыққа келетінін
айғақтауға жететін сияқты.
Қазақты тұтас билеген Тәуке ханның 1715 жылы
өз ажалынан қайтыс болғанын осы жылы Уфаға келген
Тайқоңыр Құлтабай аталық ұлы бастаған қазақ елшілігі
мәлім етті. Елшілік Әз Тәуке ханның орнына үлкен хан
болып сайланған Қайыптың атынан келген: «Доброю воле
умре Тевке. Мухаммед хана ближней, Тайкунур-батыра
своим жалованием послом отрядили великому государю»
(7,с.125). Бұл жерде жазба дерек «Мухаммед хан» деп
Қайып Мұхаммед ханды нұсқап отыр. Тайқоңырдың Уфадан
әрі Ресейдің орталығына барған-бармағаны бізге белгісіз.
Бір өкініштісі, біз Тәуке ханның қай жерге жерленгені
туралы анық дерек білмейміз. Қазақ хан әулетінің бірнеше
ұрпағы жатқан Әзіреті Сұлтанда Әз Тәуке хан жерленді
деген дерек жоқ. Бір анығы – ханның Есіл бойындағы
Күйгенжар сияқты шүйгін жерде алтай руынан шыққан
аталықтармен бірге жаз жайлайтыны. Осыған байланысты
Әз Тәуке хан Есіл бойындағы жазғы ордасында да жерленуі
мүмкін деген жорамал бар.
Қазақтың үлкен тағына Қайып Әз Тәуке қайтыс болған
соң 1715 жылдан 1718 жылға дейiн иелік жасады. Үлкен
орданың ханы ретiнде мемлекет басқарып, халықаралық
қатынастарға белсене қатысты. Қайып ханның Уфаға,
Қазанға, Тобылға жiберген елшiлiктерi оның Тәуке ханнан
кейiнгi өкiлеттiгiн мақұлдатуға бағытталған.
Қайып бiрнеше рет батысқа қарай екпінді жылжи
бастаған Жоңғарияға қарсылық жасауға тырысты, бiрақ
барлық қимылы кері нәтижемен аяқталды. Қайып ханның
ең ауыр жеңілісі Аягөз өңiрiндегi 1717 жылғы оқиға. Бұл
оқиғаларды Ресейден арнайы Қазақ ордасына келген
Борис Брянцев елшілігі былайша суреттейді: «Қазақ
жүзінің қалмақтармен соғысы туралы Құттыбай мырза
айтты; қалмаққа қарсы шыққан қазақ әскері 30.000 адам
ішінде өзі де бар, Аягөз аталатын өзен жанында мың шақты
адам қалмақтармен кездесіп кешке дейін соғысты, ал түнде
қалмақтар ағаш кесіп, қорған жасаған; қорғанды екі күн
атқыладық. Үшінші күні қалмақтарға мың жарым адам тың
күш келіп қосылған, олар қазақтардың салықшыларының
үстінен түсті, қорыққан салықшылар қаша бастағанда
қазақ әскерлері келді; қанша қалмақ қырылғанын, өз
адамдарының қаншасынан айрылғанын білмейді: тек қалмақ
жағынан «тіл» әкелген, олар әлі де қазақтардың қолында.
Өздері танымал ақсүйектерден екі адамынан айырылған,
ал Әбілқайыр хан, тағы басқалары аман есен өз ұлыстарына
оралған. Басқа қазақтардың да айтатыны осы Құттыбай
мырзаның сөздері, тек біреуі соғыстың үшінші күнінде таң
сәріде қалмақтардың кенеттен бас салғанын, ал қазақтар
ұзын мылтықтарымен қарсы атқылағанын хабарлады.
Қалмақтар найзамен аяусыз қыра бастады, шыдамай қашқан
қазақтарды жарты күн бойы қуып отырып тағы біразын жер
жастандырды, ал қаза болғандардың қанша екенін білмеді.
Қайып хан өз ұлысына екі адаммен ғана оралған, заттарын
түгел қалмақтар тартып алған» (5, с.314).
Біздің ойымызша Қайып ханның жеңілісінің бір себебі
Сібір губернаторы Матвей Гагариннің көмек беремін деген
уәдесіне сеніп қалғандығы. Оның дәлелі осы жеңілістің
алдында Тобольскіден Қайып ханға келген елшіліктің
басшысы Никита Белоусовқа Матвей Гагарин: "Қазаққа
қанша әскер керек екенін біл, қажет болса көмекке келеміз
деп кездесетін жерін анықтай сал", – деп тапсырма берген.
Шын ниеті қазақты алдаусыратып қою: «А о войне на
контайшу говорить ему с ним, Хаип ханом, и Казачьею
ордою разговором, в какое время им послать воевать его,
тайшу, и из которых мест, дабы ему, Миките, о том у них
уведать подлинно, и в каком числе людей могут оне его,
контайшу воевать».
Қайыптың беделін түсірген, елдің берекесін кетірген
екінші соққы Арыс, Бөген, Шаян өзендерiндегi 1718
жылдардағы ұрыстарда берілді. Қазан губернаторы
Салтыковқа жазған хатында Қайып хан: «Қалмақтар екi рет
ұлысымызды талқандады» деп жазады. Осы ұтылыстардан
соң ол ру басшыларының арасында өз беделiнен айырылды,
ел бытырап жан-жаққа қарай көше бастады. Ресейге
жазған хаттарында Қайып тек қалмаққа қарсы көмек
емес, өзінен бөліне көшкен қазаққа қарсы көмек көрсетуді
сұрайды. Бiртұтас Қазақ ордасының саяси-территориялық
одақтардың (үш жүздік бөлініске сай) шекараларына сәйкес
және одан да әрі ыдырауы Қайып хан тұсында басталған
үрдіс. Қайып ханды 1718 жылдың күзінде өзімізге белгілі
Әбілмансұр - Абылайдың атасы Жолбарыс Абылай атағымен
белгілі сұлтан Орта жүз батырларының қолдауымен өлтірді.
Жаугершілік заман «Ақтабан шұбырынды - Алқакөл
сұламамен» жалғасты. Қазақтың үш жүзінің бір тудың
астында атой салған, жаугершілік арасында бейбіт күн
кешкен, Түркістанды қыстап, Есілді жайлаған Әз Тәуке
заманы ертегі-аңызға айнала бастады, ол заманның
ескерткіштері де көңілден өшіп, көзден таса болды.
Достарыңызбен бөлісу: |