Елдігіміздің белгісі №12 (193), маусым, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата30.01.2017
өлшемі6,64 Mb.
#3028
1   2   3   4   5

Ж.О. АРТЫҚБАЕВ,

т.ғ.д., профессор

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА  550 ЖЫЛ

10

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 12 (193), 

маусым, 2015 жыл

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

(Соңы. Басы өткен санда.)

«МӘҢГІ ЕЛ»  МҰРАТЫНЫҢ 

ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫ 

Сатай СЫЗДЫҚОВ

Шынында да алғашқы қоғамдық құрылыстан   

кейінгі замандардың қай-қайсысы да болсын 

адамзат қоғамы мемлекет құру жолынан өтті. 

Өйткені, адамдар қоғамының өмір сүруінің басты 

шарты – мемлекет  болды. Онсыз ол қоғамның  

тұрақты  ғұмыр сүруі мүмкін емес еді. Сол даму 

сатысында тұрған қоғамның талап-тілегіне сай 

мемлекеттік институттар түрлі формаларда 

қалыптасты және оның өзі сол қоғамды реттеп 

отырды. Бірақ, оларды құру өздігінен жасалған 

жоқ. Қоғамның  өз ішінен ерекше тұлғалар шығып, 

мемлекет құруға барлық күш-жігерін жұмсады. 

Ғұн-сақ заманында Еділ патша Шығысы - 

Тынық мұхиты, ал батысы - Атлант мұхитының 

жағалауларына дейінгі аралықта қуатты 

империя құру жолында күрессе, Бумын, Естеми, 

Күлтегіндер   батысы - Қара теңіз, шығысы 

-Сары теңіз (Тынық мұхиты) аралығында қуатты 

қағандық құра алды. Сондықтан да  Күлтегін тас 

жазуындағы: Ілгері - күн шығысында, оң жақта – 

күн ортасында , кейін - күн батысында, сол жақта 

- түн ортасында осының ішіндегі халықтың бәрі 

маған қарайды, халықты осыншама көп еттім 

– деген жазулар бабалар заманының ұранына 

айналды. Биыл 550 жылдық мерейтойы атап 

өтілгелі отырған  Қазақ хандығы да заманында 

«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі 

жолы» арқылы Дешті Қыпшақ жерінде мемлекет 

құрып, Еуразия кеңістігінде өзін мойындатты.  

Елімізде тәуелсіз мемлекеттіліктің негізін 

құруды іс жүзінде жүзеге асыра отырып, Елбасы 

оның теориялық негіздемесін жасау үшін де көп 

еңбек етті. Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес 

мемлекетін құру жолына түсуінен бастап, бүгінгі 

өркендеген шағына дейінгі кезеңде шешуіне тура 

келген әрқилы мәселелеріне қатысты Елбасы  

ғылыми негізделген еңбектер жазып қана қоймай, 

оның іс жүзінде жүзеге асуын  да қамтамасыз етті. 

Сөйтіп, әлемде «қазақстандық экономикалық 

ғажайып» термині қазірдің өзінде пайда болса, 

ол Елбасының теория мен практиканы,  саясат 

пен экономиканы тиімді ұштастыра отырып 

жүргізудегі  өлшеусіз еңбегінің нәтижесі 

десек қателеспейміз. XIX ғасырдың екінші 

жартысындағы мемлекеттің қалыптасуы және 

дамуы проблемаларының дүние жүзіне танымал 

зерттеушісі, белгілі орыс ойшылы Б.Н.Чичерин 

мемлекет құрылуының алғашқы кезеңінде басқа 

факторлар қатарынан жеке тұлғаның шешуші 

рөл атқаратынына айрықша көңіл бөліп, «Жеке 

адамның тарих пен саясаттағы рөлі еш жерде 

дәл мемлекеттің құрылуы немесе күшеюі 

кезеңіндегідей жарқын көрінбейді», - деп 

турасын әділ айтқан еді.

Жауын бейбіт етті

Тізеліні бүктірді

Бастыны жүгінтті

Заңды құрап.

(Күлтегіннің үлкен жазуы, XV жол).

Ата-бабаларымыз қай кезде болсын сол өзі 

өмір сүрген қоғамда өмір сүру ережелері мен 

қағидалары негізінде заң шығарушылықты жете 

меңгере білгені белгілі. «Жазылмаған заңдар» 

халықтың  ауызекі есінен ұрпақтан-ұрпаққа 

беріліп отырды. Бұл шаруашылығы негізінен 

көшпелі болған ел үшін табиғи құбылыс еді. 

Әйтсе де осы уақытқа дейін жеткен  "Жеті 

Жарғы"заңдар жинағы біз  үшін асыл мұра  болып 

қала бермек.

Ортағасырлық түркілердің Қарахан мемле-

кетінің Ата заңының басты принциптерін 

көрсеткен  Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты Білік» 

шығармасында   «Мәңгілік елдің»  мемлекеттік- 

құқықтық негізін жасап кеткен еді. 

Бүгінгі таңда қоспалаталы Парламент пен 

парламентаризмнің теориялық негіздемесін 

жасап, оның бас саяси сәулетшісі Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың болғандығы және болашаққа 

мемлекетіміздегі заң шығарушы органның 

 

дәрежесі артып, қуатты өкілеттілікке  ие болуы 



Елбасының саяси ұстанымы мен жіті көзқарасына 

тығыз байланысты екендігіне күмән жоқ.

«Ұлт Жоспары» деп атаған Елбасы 

белгілеген 5 реформаның  біріншісі – мемлекеттік 

қызмет жүйесін реформалау, онда қызметшілер 

азаматтар құқықтарын құрметтеп және олардың 

заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де 

тиімді модельді қалыптастырады. Мемлекеттік 

қызмет меритократия («лайықтылар билігі») 

қағидаты негізінде барлық азаматтарға 

өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей 

мүмкіндіктер берілетін әділ қазақстандық 

қоғамның түпбейнесіне айналады.

Аз халықты көп қылдым...

Түркі халқын жиып,

Осынша қондырдық,осынша еттік.

(Күлтегіннің үлкен жазуы, X, XXII жолдар).

Түрік қағанатының қуатты мемлекетке 

айналдыру үшін сонау батысында Қара теңізден, 

шығысында Сары теңіз (Тынық мұхитындағы) 

аралығында бытырап жатқан түркі тайпаларының 

басын қосып біріктіру керек болды. Осы жерде 

Түрік қағандары, қолбасшылары мен данагөйлері 

бірде ақ найзаның ұшымен, ал кейде бейбіт келісім 

арқылы жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін 

аямай жұмсады. Нәтижесі ойлағандай болды.

Тарихта II Түрік қағанаты немесе Шығыс Түрік 

қағанаты деген атпен мәңгі өшпес із қалдырды.

Қазіргі еліміздің, мемлекетіміздің күш-қуаты 

онда тұратын халықтар ынтымақтастығында 

түрлі діндер мен конфессиялардың төзімділігі 

мен толеранттық қатынаста болуын қамтамасыз 

етуге байланысты. Осы мақсатты жүзеге асыру 

үшін Елбасы әп дегеннен өзінің бар күш-жігерін 

аямай терін төкті. 1993 жылы 28 мамырда 

Елбасы Ордабасының ең шырқау тұсындағы 

Қарауылтөбенің басына шығып, тұңғыш рет 

тәуелсіз мемлекетіміздің туын көтеріп, "Береке 

басы – бірлік " атты тарихи баяндамасын жасады. 

Сол баяндамада Қазақстан халықтарының 

Ассамблеясы құрылатындығы да алғаш рет осы 

Ордабасында жария етілді. Осы  кезді Қорқыт 

Ата кітабындағы ежелгі түркілер қағандарының 

өмірінен де көзге елестете аласың: "Бір күні 

Ұлашұлы Төле құстың түлегі, біз жарлының үміті, 

Амид суының арыстаны, Қарашықтың қабланы, 

Қоңыр аттың иесі...- Салор Қазан орнынан тұрды.

Тоқсан баулы ордаларын қара жердің үстіне 

тіккізді. Тоқсан жерге қызыл ала, қалы кілем 

төсетті. Тоқсан төбеге шатыр құрғызды... Ол 

жүгіне отырып былай деді..."  

Бұл жолы да Елбасы Ұлт жоспарының 

төртінші буыны ретінде: «Біздің қоғамымыздың 

көптүрлілігі – біздің әлсіздігіміз емес, күшіміз. 

Барлық азаматтар құқықтың бірдей көлемін 

пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін 

арқалап және түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол 

жеткізуі тиіс. Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты 

және біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда 

көптеген тілдерден және мәдениеттерден 

қалыптасты. Бүгінде бізді Мәңгілік Ел 

құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, 

адалдық, оқымыстылық культі, толеранттылық, 

шын берілгендік пен патриотизм біріктіреді. 

«Егер алдағы бір жылды ойласаңдар – астық 

өсіріңдер; егер алдағы жүз жылды ойласаңдар 

– ағаш өсіріңдер; егер мәңгілікті ойласаңдар 

– Адамды тәрбиелеңдер» деген біздің ата-

бабаларымыз. Мәңгілік Ел құндылықтары біздің 

бақуатты болашағымызға бағдарлама болады. 

Сондықтан біз елдің бірлігі мен топтасқандығы 

үшін одан әрі де өзіміздің ортақ азаматтық 

біртектілігімізді нығайтуымыз керек» - деп сөзін 

түйіндеді.

Қазақстан халықтары Ассамблеясы - 

елімізді мекендейтін 140-тай ұлт пен ұлыс 

өкілдерінің мүддесін қорғайтын ұлттық мәдени 

орталықтардың жиынтығы. Сонымен бірге 

еліміздегі саяси тұрақтылықтың, халықтар 

арасындағы ынтымақ-бірліктің, ұлтаралық 

татулықтың діңгегі. Сол Қазақстан халықтары 

Ассамблеясына  биыл  20 жыл толды.  Бүкіләлемдік 

халықаралық ұйымдар Қазақстандағы ұлтаралық 

қатынастарды нығайтудағы біздің Ассамблея 

тәжірибесін зерделей келіп, оны өздерінде іске 

асыруға ұмтылуда.  

Сайлауда Н.Назарбаевтың жеңіске 

жетуіне байланысты Сенат Төрағасы Қасым-

Жомарт  Тоқаев: «Қазақстан халқы Мәңгілік Ел 

идеясының негізі болып табылатын тұрақтылық 

пен қоғамдық келісімді жақтап дауыс берді»,  - 

деп  әділ бағасын берді.

Қоғам бірлігі, елдің біртұтастығы қазіргі 

кезеңде белгілі дәрежеде ондағы тұратын 

халықтардың діни наным-сенімдері арасындағы 

төзімділікке, толеранттық қатынасқа да 

байланысты болып отыр. Бұл жағынан да 

ата-бабаларымыз үлкен өнеге, үлгі қалдырып 

кетті.Тек қана әуелгі ортағасырлық Қазақстан 

жерінде пұтқа табынушылық, христиандық 

(несториан), буддалық, манихейлік және ислам 

діндері өмір сүрді. Қазақ халқы этногенезінің 

қалыптасуында үлкен рөл атқаратын Хазар 

қағанаты діндер тоғысының өркениеттілік үлгісін 

жасады. Жоғарыда айтылғандар Елбасының 

жарлығымен бекітілген Қазақстан халықтары 

Ассмблеясының стратегиясында орын тепті. 

 

Ол былай басталады: "Ежелгі қазақ жерінде 



халықтардың, өркениеттердің, мәдениеттер мен 

алуан діни сенімдердің бір мемлекетте бейбіт 

қатар өмір сүруінің бай да бірегей тәжірибиесі 

жинақталған".

Кейінгі кезде посткеңестік  кейбір елдердегі 

саяси дағдарыстар   қазіргі Елбасымыздың 

ұстанған саясатының дұрыс екендігін айқын 

көрсетті. Қай қоғамда болмасын саяси өзгерістер 

экономиканың дамуымен негізделгенде ғана 

өз қойған мақсатына жете алады. Бұрынғы 

замандағы бір данышпан айтып кеткендей: 

"Кедейлер үшін биліктің ауысуы билеушісінің аты 

өзгергенінен басқа еш нәрсе әпермейді" (Федр). 

Сол сияқты билік ауысқанмен жоғарыда аталған 

елдерде қарапайым қара халық молшылыққа 

кенелді ме? Қайта әлеуметтік қайшылықтар 

күшейіп, экономикасы тығырыққа тіреліп, 

бұрынғы жеткен дәрежесінен де төмендеп 

кеткенін көрдік. Ал Елбасының экономика 

бірінші, одан кейін саясат ұстанымының  өміршең 

екендігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Бүгінгі таңда   «Ұлт жоспарының» үшінші 

шешуші міндеті ретінде: «Қазақстандықтардың 

тұрмыс жағдайын жақсарту. Бұл кең көлемде 

орта тапты құру үшін қағидатты түрде маңызды. 

Индустрияландыруға негізделген экономикалық 

өсімді қамтамасыз ету үшін біз түбегейлі 

құрылымдық реформаларды жүзеге асырамыз. 

Білім беру мен денсаулық сақтау – Экономикалық  

ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 

елдердің стандарттарына бағдар ұстанатын 

болады. Экономиканы әртараптандыру үшін біз 

өңдеу өнеркәсібіне трансұлттық компанияларды 

тартамыз, ол Қазақстанның әлемдік нарыққа 

шығуын қамтамасыз етеді",  - деп нық сеніммен 

айтты.


Қарулы жау келтірмедім,

Атты әскер жолатпадым.

(Тоныкөк жазуы, LIII жол).

Түрік қағанатының саяси тарихы сол 

кездегі алпауыт көрші елдермен    (Қытай, Иран, 

Византия, Русь және т.б.) жүргізген қарым-

қатынастары мен сыртқы саясаттың небір 

жемісті іс-шараларына толы екендігі мәлім. 

Сол заманнан басталып, Қазақ хандығы және 

оның жалғасы болып табылатын Қазақстан 

Республикасының кең байтақ жері мен елін 

сақтап қалуы белгілі дәрежеде әр заманның 

басшы тұлғаларының іскерлік, саяси көрегендік, 

"шығысқа тән сабырлылық пен даналық" 

қасиеттеріне байланысты болды. Қазақ хандығы 

тұсында ханға кеңесшілік роль атқарған билер 

институты   сыртқы саясат пен көрші елдермен 

бейбіт қарым-қатынастың небір тамаша үлгілерін 

көрсеткені тарихтан мәлім.

Елбасы Н.Назарбаевтың ұзақ жылдар бойы 

жүргізген сыртқы саясаты нәтижесінде ұзындығы 

7 591 км. шекара мәселесі сәтті шешілді. Өз 

сөзімен айтқанда: "Тарихымызда тұңғыш рет 

біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен 

заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға 

ие болдық." Бұл – қазақ жері үшін қажымай 

талмай күрескен ата-бабаларымыздың аруағы 

бір аунап түскен кез болды».  Бұл жерде ғұн-сақ 

заманындағы Модэ қағанның көрші империя 

патшасы сұрағанда астындағы сәйгүлік атын, 

қойнындағы сұлу жарын берсе де, ұлтарақтай 

жерді беруге  мүлде қарсылық білдіріп, 

жанкештілікпен шайқасқа шыққаны тарихтан 

еске түседі.

«Біз өзіміздің стратегиялық әріптестеріміз 

– Ресеймен, Қытай Халық Республикасымен, 

АҚШ-пен, Еуропалық Одақ елдерімен, Ислам 

әлемімен ынтымақтастықты жалғастырамыз. 

Біз халықаралық ұйымдарда белсенді жұмыс 

істейтін боламыз. Орталық Азиядағы 

көшбасшы ретінде Қазақстан біздің өңіріміздегі 

қауіпсіздік пен экономикалық дамудың ортақ 

архитектурасына қолдау көрсетеді. Біздің 

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша 

өзіміздің ең жақын әріптестеріміз – Ресеймен, 

Беларусьпен, Қырғызстанмен және Армениямен 

қатынастарымыз айрықша болмақ. Қазақстандық 

дипломатия ислам әлеміндегі және посткеңестік 

кеңістіктегі өткір өңірлік дау-жанжалдарды 

бейбіт жолмен реттеу жөніндегі күш-жігерін 

ұлғайта түсетін болады», - деп, Елбасы «Ұлт 

Жоспарын» табысты орындаудың кепілі ретінде  

қолайлы халықаралық ахуалын қалыптастыру 

шарттарын да айқындап берді. 



Өтүкен жерінде отырып керуен жіберсең 

                                                     еш мұңың жоқ,

Өтүкен қойнауында отырсаң,

Мәңгі елдігіңді сақтайсың сен.

Елді ұстайтын жер осы – Өтүкен  

                                                                қойнауы.

(Күлтегіннің жазуы, IV, VIII  

жолдар.)

Түрік қағанаты екінші рет бой көтеріп, 

мемлекетін күшейту кезінде орталық  Орда 

орнын дұрыс сайлап, шешудің маңызы зор 

болды. Әсіресе қағанаттың оңтүстігіндегі қуатты 

империядан қауіпсіз болу үшін, стратегиялық 

жағынан Монғолия Алтай Таулы өлкелерінің 

солтүстігіндегі Өтүкен қойнауы өте қолайлы 

болды.  Екінші  жағынан, ол жер түркі жұртының 

негізінен айналысатын мал шаруашылығына да, 

егіншілігіне де жайлы еді. Сондықтан халықтың 

тоқтығын да, қауіпсіздігін де армандаған Түрік 

қағаны осы Өтүкен қойнауын Ел Орда ретінде 

белгілеген  болатын. Ел Орданы таңдау, іздеу, 

оның орнын белгілеу, орнығу талай рет ата-

бабаларымызды толғандырған, тіпті аңызға 

айналғаны да мәлім. Оған Жерұйықты іздеп жер 

шарын аралаған  Асанқайғы бабамызды еске 

түсірсек те жеткілікті.

Бүгінгі тәуелсіздік Қазақстанға да Ел 

Орданы жан-жақты ойластырып барып, белгілеу 

тікелей Елбасы ісінің жемісі. «Сын-қатерлерге 

қарамастан, біз жаңа елордамыз – Астананы, 

барлық қазақстандықтардың мақтанышын салуды 

бастадық», - деп Елбасы тебірене толғанды. 

Шынында да,    Елбасының Ақмоланы таңдауы 

көрегендіктің, саяси батылдықтың үлгісі ретінде 

тарихта қалатыны сөзсіз.

Елбасы  ендігі алда тұрған мақсатты 

айшықтай келе: «Тәуелсіздік алған алғашқы 

жылдары біз егемен мемлекеттің негізін қаладық. 

Бұл біздің мемлекеттік құрылыстың бірінші 

сатысы болатын. Одан кейін нығайып алған соң, 

біз қалыптасқан мемлекетке қарай қадам жасадық. 

Бұл екінші саты болатын. Енді ұлы реформаларды 

бастай отырып, біз Мәңгілік Елге жол саламыз. 

Бұл біздің мемлекеттік құрылыстың үшінші 

сатысы болмақ», - деп өзінің сөзін тиянақты 

қорытындылады.

Иә, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - өткенге 

үңіліп, бабалар аманатын орындап, бүгінді 

бүтіндеп, ел болашағының қамын жеп келе 

жатқан Алаштың біртуар азаматы, тарихта алтын 

әріппен жазылуға тиіс ұлт перзенті дер едік.  Сөз 

соңында айтарымыз, егер де Қорқыт бабамыз бір 

сәт тіріліп келсе, ежелгі түркі бабаларымыздың 

«Мәңгілік Ел» мұратына Елбасының адалдығы 

мен берген антына  қуана қол жайып, өзінің мына 

бір батасын берер еді:

Қарлы қара тауларың құламасын!

Көлеңкелі қаба ағаштарың кесілмесін!

Күркіреп аққан суларың сарқылмасын!

Қанаттарыңның ұшы қырқылмасын!

Бәйгеге жіберген Ақбоз атың мүдірмесін!

Қара болат қылышың мұқалмасын!

Шашақты найзаң сынбасын!

Ақ шашты Ананың жатқан жері пейіш 

                                                                  болсын!     

Ақ сақалды Бабаңның жатқан жері 

                                                    ұжмақ болсын!

Хақ жандырған шырағың жана берсін!


11

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 12 (193), 

маусым, 2015 жыл

ТҰСАУКЕСЕР

МЕЖДУНАРОДНОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО

Дух Японии в ЕНУ

15 мая 2015 г. на факультете 

международных отношений 

прошло еще одно важное 

мероприятие с участием 

японской стороны: советник 

- военный атташе Посольства 

Японии в Республике Казахстан, 

полковник Хирофуми 

Таката выступил перед ППС 

факультета, магистрантами 

и студентами кафедры 

востоковедения с лекцией и 

мастер-классом по боевым 

искусствам Японии. 

В качестве почетных гостей 

на встрече присутствовали 

3-й секретарь Посольства 

Японии в Республике Казахстан 

госпожа Цунокаке Марико, 

 

проректор по учебной 



работе Е.А. Онгарбаев, 

Директор Департамента по 

академическим вопросам Ш.Б. 

Палымбетов, декан факультета 

международных отношений 

Б.Ж. Сомжүрек. 

Высокий гость рассказал об 

истории возникновения боевых 

искусств в Японии, в частности, 

«будо», обратив особое 

внимание, что они тесным 

образом связаны с культурой 

и духовными традициями 

Японии. На поединке 

необходимо проявлять 

уважение к противнику. 

«Победитель проявляет 

заботу о проигравшем, этим 

он добивается его одобрения. 

Важно не то, что ты победил, 

а то, что ты должен уважать 

того, кто слабее тебя, видеть 

в нем не противника, а того, 

кому ты в последующем должен 

помогать»,  - сказал господин 

Х. Таката.  Боевые искусства 

Японии, прежде всего, нацелены 

на физическое и духовное 

самосовершенствование  че ло-

века и не носят агрессивный 

характер. Для поддержания 

соответ ствующей  физической 

формы и владения мечом 

требуются ежедневные 

тренировки и работа над собой.

Военный атташе отметил, 

что военные искусства Японии 

можно сравнить с дракой 

между братьями: «Вы может 

ссориться и даже подраться, но 

вы никогда не забываете, что 

вас связывают кровные узы, и, 

в конце концов, прощаете друг 

друга и миритесь».  

Японские мечи имеют 

очень древнюю историю и 

изготавливаются из металлов 

высокого качества.

Господин Хирофуми Така-

та  рассказал присут ствующим, 

что в Японии большое 

внимание уделяется духовному 

и физическому воспитанию 

молодого поколения. В школе 

казахов и японцев можно 

отметить немало сходства: 

 

несмотря на то, что каждый 



народ претерпел влияние 

различных цивилизаций (казахи 

приняли ислам и развивались 

в духе мусульманской 

традиции, японцы с древних 

веков находились в тесном 

взаимодействии с китайской 

и буддийской культурами), 

здесь сильна вера в дух предков, 

существует особое уважение 

японцы по сей день хранят 

верность своим традициям, 

более того, развивают их 

и адаптируют к условиям 

современности. Сегодня 

боевыми искусствами 

занимаются с целью 

достижения гармонии духа и 

тела, выработки терпения. Для 

японцев, у которых не принято 

открыто выражать свои эмоции 

и слабости, это  - возможность 

вылить скопившуюся 

к старшим. Более того, есть 

много общего и в строе 

казахского и японского языков: 

структура предложения, 

специфика фразеологии… 

Преподаватели-японоведы 

отмечают, что в группах с 

казахским языком обучения 

японский язык легче 

преподавать, так как студенты 

переносят категории нового 

языка на свой родной и часто 

обнаруживают совпадение и 

сходство. 

У обоих народов 

существовали глубокие и 

сильные боевые традиции. 

Если в казахской культуре 

мы говорим о смелости, 

бесстрашии, героизме, 

подвигах и безграничном 

чувстве патриотизма казахских 

батыров, то в японской 

культуре эти же качества 

присущи верным воинам – 

«буси». 

Примечательно то, что 

негативную энергию и получить 

положительный заряд. 

Поэтому все, кто занимается 

боевыми искусствами, 

находятся в прекрасной 

физической форме и выглядят 

намного моложе своих лет. 

В этом мы могли убедиться

наблюдая за искусством 

господина Хирофуми Таката, 

который в конце своей 

лекции продемонстрировал 

присутствующим искусство 

владения мечом и ритуал 

очищения. Он двигался по 

определенной, очерченной им 

самим траектории, каждый его 

шаг был выверен и отточен. 

Каждый, кто находился в 

аудитории, заворожено следил 

за движениями «буси» XXI века 

и невольно приобщался в своей 

душе к чему-то сакральному 

и возвышенному. Лекция 

и мастер-класс произвели 

большое впечатление на 

аудиторию, никто не остался 

равнодушным. Все вышли с 

чувством «очищения» души и 

тела. 


Япония дала миру несколько 

видов спортивного искусства – 

кэндо, дздо, айкидо и др. Все они 

красивы внешне, имеют свою 

неповторимую атрибутику. Но 

главное – они учат помнить 

о традиции, истории и 

прошлом. Каждый, кто входит в 

спортивный зал или занимается 

самостоятельно, обращается к 

своему богу внутри себя, как бы 

он ни назывался, обращается 

к духу и зову своих предков. 

Таким образом, всякий раз он 

заново переживает историю 

своего народа, чувствует себя 

его неотделимой во главу угла 

не физическое, а духовное 

состояние, добиться состояния 

умиротворенности с собой и 

окружающим миром. 

В Японии существует 

особый ритуал – «Очищающий 

меч» («Хараи-но тачи»), 

который избавляет человека 

от скопившихся желаний 

различного характера и 

отгоняет новую негативную 

энергию  - корыстолюбие, 

жадность, алчность... Обряды 

очищения помогают воскресить 

самое ценное в себе, полученное 

в дар от божества «ками». 

Во время занятий с мечом 

человек прилагает огромные 

физические и психологические 

усилия, из организма 

выводится большое количество 

шлаков. Требуется полная 

концентрация, так как человек 

отходит от мирской суеты и 

пытается духовно очистить себя. 

Слово «кейко» («упражняться, 

тренироваться») в японском 

языке в дословном переводе 

имеет значение «помыслить о 

прошлом». Боевые искусства, 

прежде всего, учат человека 

быть чистым душой, иметь 

благие намерения. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет