IV - Практикалық жұмыс: Оқушыларды
өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыру ретінде
Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс», «Желсіз түнде
жарық ай» өлеңдері үйлестіріліп, сурет салулары
тапсырылады. (Осы тұста Абайдың «Желсіз
түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас»,
«Көзімнің қарасы» өлеңдері айтылып тұрады ).
V – Қорытынды. Оқушылардың
жұмыстарын бағалау.
1. Иллюстрация дегеніміз не?
2. Өлеңдерде табиғаттың қай кездегі
көріністері суреттелген?
3. Бүгінгі сабақта біз қандай тақырыпта сурет
салдық?
VІ - Үйге тапсырма:Абай өлеңдеріне еркін
таңдау бойынша сурет салу.
Тасқала ауданы ы.Алтынсарин атындағы
ЖББОМ-тің бастауыш сынып мұғалімі
г.Мухамедрахимованың бастауыш сынып
оқушыларына арналған дала жұлдызы -
ыбырай Алтынсарин атты танымдық ашық
сабағы
Тақырыбы:
Дала жұлдызы -
Ыбырай Алтынсарин
Сабақтың мақсаты:
1.Ы.Алтынсарин туралы түсініктерін
кеңейту.
2.Ы.Алтынсариннің шығармаларымен
таныстыру.
3.Білімге деген ынталарын ,
құлшыныстарын арттыру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-
жауап,әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық
жаттығулар арқылы сабаққа аудару.
Білімдерін жан-жақты тексеру кезеңі:
Сынып үш топқа бөлінеді.
І топ «Сұңқар» ІІ топ «Қыран» ІІІ топ «Бүркіт»
Үй тапсырмасын сұрау:
Алдымен өткен сабақты есімізге түсіріп, Ы.
Алтынсаринды кім деген сұраққа жауап берейік.
Топтастыру.
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
Жаттап келген өлеңдеріңді мәнерлеп оқып және
топ болып түсіндіріп беріңдер.
Жаңа сабақ. Ы. Алтынсаринның өлеңдері мен
әңгімелері.
Топтастыруды әрі қарай жалғастыру.
І топ – атқарған қызметтері
ІІ топ - өлеңдері
ІІІ топ - әңгімелері
2. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына
шолу жасау.
Жылдар Маңызды оқиғалар
1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы
Затабол ауданында туған.
1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына
арнап ашылған жеті жылдық орыс - қазақ
мектебіне барған.
1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық
комиссияға тілмаш болған.
1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып
тағайындалады.
1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.
1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына
барады.
1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда
басылып шығады.
1879 жылы Торғай облысы мектептерінің
инспекторы қызметіне тағайындалады.
1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер
мектебі ашылады.
1879 - 1883 жылдары Торғай қаласының
төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе)
мектептер ашылады.
1883 жылы Торғайда қолөнер мектебі
ашылады.
1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі
ашылады.
1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс
болады.
Ы. Алтынсарин – оқулық авторы.
1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар
қандай бөлімдерден тұрады?
А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар
түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.
Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен
алынған әңгімелер.
Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -
жырларынан үзінді.
В/ қазақтың мақал – мәтелдері.
Ыбырайдың өлеңдерін оқып, мазмұнын талдау.
Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер
толтыру
Ыбырай сөзі Қандай қасиеттерді айқындайды?
Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен
Телмірме еш адамға мұңдықпенен
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей - ақ табыларӨлең шумақтарын әдеби
талдау жасау. Шумақ, бунақ, буын.
І топ. – «Өзен»
ІІ топ - «Өнер, білім бар жұрттар»
ІІІ топ. «Кім сендерді балалар сүйетұғын.»
Қорытынды шығару.
Ы. Алтынсарин өлеңдерінің ерекшелігі?
Ы. Алтынсаринды «Әңгіме шебері» деп өздерің
жаңа айттыңдар. Ендеше қандай әңгімелері бар
екенін еске түсірейік.
«Әке мен бала» әңгімесін талдау. Әңгімені
талдау,көрініс.
1. Сұраққа жауап.
І топ - Әңгіме неге әке мен бала деп аталған?
Негізгі тақырыбы не? Ойларыңды дәлелдеңдер
ІІ топ - Әңгімедегі бала қандай? Ойларыңды
дәлелдеңдер
ІІІ топ - Әңгімедегі әкеге мінездеме беріңдер.
Ойларыңды дәлелдеңдер.
І топ – Еңбек туралы мақал - мәтелдер
айтыңдар.
ІІ топ – Балаға қандай кеңес берер едіңдер.
ІІІ топ – Ы. Алтынсаринның осы әңгімеге ұқсас
қандай әңгімесін білесіңдер?
«Жыл басына таласқан хайуанаттар»
көрініс
Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.
1. «Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан
шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің
қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық
мәдениеттің жарық сәулесін таратты»
2. Ы. Алтынсаринды неге «Балалар әдебиетінің
атасы» деп атаған?
3. Ыбырай атама хат.
Мақсаты:
Даярлық тобы бүлдіршіндерін кітапханаға шақыра отырып, олардың кітапхана туралы
білімдерін кеңейтіп, кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Оқушылардың ой - өрісін көтеріп, сөздік
қорларын дамыту. Болашақ кітапхана туралы арман –қиялдарын ұштау, білім кілті, білім көзі
кітапты құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Міндеті:
Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу, халық ауыз әдебиетін насихаттау, әдептілікке
тәрбиелеу
Жоспар
Кіріспе
I.
Ертегі туралы ұғым, ертегінің түрлері
II. Негізгі бөлім
а) «Қоянның үйі» ертегісінен үзінді көрсету
б) Қағаздың жасалу жолы туралы ауызша мәлімет
III. Қорытынды
Жағымды және жағымсыз кейіпкерлер (сұрақ арқылы оқушылардың білімін
тексеру)
Ертегілер
Қиял-ғажайып
Хайуанаттар туралы
Тұрмыс-салт
Ертегілер елінде.
кітап көрмесі
Қоянның үйі “
ертегісінен үзінді
Сұрақ-жауап. Әңгімелесу
1. Ертегі кейіпкерін ата ?
2. Ертегі кімдер жайында?
3. Ертегі сіздерге ұнады ма ?
4. Сен қоянға қалай көмектесер едің?
5. Ертегідегі жағымды және жағымсыз
кейіпкерлер?
долинный ауылы, Теректі ауданы Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп
кітапханашысы А. Нурпиисованың бастауыш сынып оқушыларын кітап оқып, кітапханадағы
әдеби оқулықтарға қызықтырып танымдылықтарын арттыруға бағытталған ашық сабағы
Ертегілер елінде
Тасқала ауданы ы.Алтынсарин атындағы Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Насемов
Нұрлан Төлегенұлының оқушыларды сурет салу өнері мен оның тылсымдығына түйсікпен
қарап, бейнелеудің жанр ашудағы қыл қалам иесінің қабілетіне қарай қызығушылығын
оятып жұмыстануға бағытталған ашық сабағы
Нәтижесі:
Оқушылардың кітап оқуға деген
ынтасы артты,үлкен қызығушылықпен ертегі
кейіпкерлеріне сурет салды, даярлық тобының
бүлдіршіндері қосымша кітап сұрады, ұнаған
кітаптарына сұраныс берді.
А. НҮРПИИСОВА
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің
мектеп кітапханашысы.Теректі ауданы, Долинный ауылы
№№23-24 (207-208) 13.12.2014 ж.
11
Көзімді ашсам
таң білініп қалған
екен,
сыртқа
шығып, күндегідей
ауа
райының
жайын білдім. Күн
шығыстан қызарып,
ұясынан көтеріліп келеді. Табиғаттың жұмбақ
құбылысын таңмен тамашалап тұрғанымда,
үйден анам шығып: «Қызым, дүкеннен «Жамбо»
шәйін алып келші»,- деді. Бармасқа амал жоқ,
айтқан тілді алу менің үйреншікті міндетім.
Айтпақшы, бүгін қазанның жиырма бесі екен
ғой, бірнеше жыл бұрын осы күні Қазақстан
Республикасының Егемендігі күні тойланатын
еді. Бәріміз мәдениет үйіне қарай ағылатын
едік қой,деп ойға шомып дүкен жаққа келе
жатсам, алдымнан: « қызым, сатушы қалаға
кеткен, ешкім жоқ»,- деген дауыс естілді. Лезде
басымды көтеріп, ол кісімен амандастым да кері
бұрылдым. Сөйтсем, жаңағы адам мектебімізде
еркін күрес үйірмесінің жетекшісі Мұнайтпашев
Даулет Ишанғалиұлы екен. Бұл кісі де мен
сияқты ерте келгеніне қарағанда шұғыл бір
нәрсе қажет болғаны-ау шамасы,- деп ойладым.
Сөйтіп, ағайым туралы ойлар мені тұңғиық
әсем ойға жетелеп алып кете берді... Ағайымыз
үнемі қозғалыста жүретін жан. Ол кісіні бүкіл
ауыл тұрғыны құрмет тұтады. Ол 1954 жылы 25
желтоқсанда Тасқала ауданында дүниеге келген.
Дәулет ағай менің оқып жүрген білім ордамды
1973 жылы бітірген. Мектеп бітіргеннен кейін ол
кісі оқуға түсе алмай қалады. Содан кейін 1973
жылы Чапайдағы спорт мектебіне бапкер болып
жұмысқа орналасады. Екі ай жұмыс істегеннен
кейін ағайды әскерге алып кетеді. 1975 жылы
Жамбыл негізгі орта мектебінің дене тәрбиесі
пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады.
Осы мектепте бір жыл жұмыс жасайды. Осы
жылы біздің Бітік мектебіне дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі болып орналасады. 1978 жылы
Чапайдағы спорт мектебіне қайтадан шақырып
алады. Екі жыл бапкерлік қызметін атқарғаннан
кейін, 1997 жылы Чапай спорт мектебі жабылып
калады да, Бітік орта мектебіне кайтадан келіп,
дене тәрбиесінің мұғалімі болады. Сосын
1999 жылы Ақжайық аудандық балалар және
жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, соған
тағы да шақырып алады. Сонда директор
болып тағайындалады. 2002 жылы Бітік
мектебіне қайтып келеді. Бүгінгі күні құрметті
ағайымыз Бітік орта мектебінде еркін күрестен
бас бапкер қызметін атқаруда. Ол өзі сонау
балалық шағынан бері жан серігіндей болған
күрес өнерінен кай кезде де қол үзген емес.
Атап айтсам, 1976 жылы еркін күрестен облыс
чемпионы, 1978 жылы Қазақстан мен Орта Азия
арасындағы чемпионатта қазақша күрестен
жүлдегер атанды. Тіпті, үстел теннисінен 1995-
2000 жылдар аралығында ауданымыздың
чемпионы болған. Ал,«Шәкіртінің жеңісі,
ұстазының жемісі»,- дегендей бапкер
ағайымыздың шынықтырған майталмандары
аудандық, облыстық, республикалық және
халықаралық турнирлердің биік белесінен көріне
білді. Бізге еркін күрес дегенде кілем төрінде
белдескен ұлдардың бейнесін елестететініміз
анық. Ал, ағай болса нәзік жанды гүлдерімізден
де талай палуандарды шығарып, жеңіс
тұғырына көтерілуіне себепші болды. Атап
айтсақ, Қазтуғанова Жанна, Хаберова Санагүл
сынды мақсатына нық жете білген шәкірттерін
бүгінде ағайымыздың мақтаныштары дер едік.
Ағайдың Мирболаты талай жеңісті еншілеген
еңбегінің арқасында Еуропаның танымал
тарихи елдерінің бірі Италияға барып, демалып
келді. Бүгінгі күні шәкірттері Жалелов Жонас,
Сарсенбиев Ержан, Ербулатов Қуаныштар
ұстазының ерен жолымен жүріп, оның
ізін жалғастыруда. Ағайдың қазіргі таңда
жетістікке жетіп жүрген шәкірттеріБиятов
Дамир, Билисанов Елдар, Шайхолла Берік,
Ибатов Қобланды, Мұнайтпашев Қажымұқан,
Қайыржанов Абылай, Садырғали Ерсін және
Садыков Мизамбекті атап көрсетуге болады.
Бұл мектебімнің , ауылымның мерейінің
артуы деп ойлаймын. Ол кісі жас
палуандарының еркін күрестен ғана жетістікке
жетуін қадағаламайды, сонымен қатар олардың
сабақта, қоғамдық өмірде де өзін жақсы
жағынан көрсетуін бақылап отырады. Бала
тәрбиесінде көзқарасы мен мүддесі жан-жақты
әрі ашық екендігін әрбір іс-әрекетінен тануға
болады. Тағы бір үлгі тұтар өнегелі ісі ол – өз
мамандығына шынайы берілген адам. Әр жыл
сайын ауылда, ауданымызға, облысымызға
еңбегі сіңген тұлғалардың атына турнирлер
өткізіп, жақсылыққа жанашыр болып жүреді.
Осындай қарапайым жүректі, биік ойлы
жаттықтырушы ағайды бүкіл ауыл құрметтеп,
мақтан тұтады.
Дәулет ағай биыл 60-тың асқарына да келіп
қалған екен, ол біртуар азамат, қайталанбас
тұлға ретінде тарихта есімі алтын әріптермен
жазылуы тиіс деп ойлаймын.
Зере САБыР
Қабыршақты ауылы,Бітік ОЖББМБ-нің
«Бабалар мұрасы – халық қазынасы» атты
мұражай үйірмесінің мүшесі
Ақжайық ауданы
«Әже
Өздерің жазған хаттардан
Спорт – біздің
досымыз
Спорт бізге өте пайдалы. Біз
доппен ойнаймыз. Жаттығулар
жасаймыз.
Спортпен
айналысқанда біз ешқашанда
ауырмаймыз. Денеміз әдемі
сымбатты болады.
Спорт – біздің досымыз.
Оған үлес қосыңыз
Шынығады денеңіз
Үлкен мен кішілер,
Сау болсын деніңіз.
Досжан БЕКҚАЛИЕВ
Қ.Сағырбаев атындағы орта мектеп-балабақшасының
3-сынып оқушысы
Бөкейордасы ауданы
Ұстазым менің ардақты
Мен ұстазымды алтынмен теңеймін, себебі, ең алғаш
әліппені қолыма ұстатып, сауатымды ашқан, өмірде жақсы жаққа
жетелейтін адам. Соның ішінде ең ыстық, аяулы ұстазым Нұржанат
Меңдіғалиқызын мақтан тұтамын. Ол жайдарлы, ақжарқын
мінезімен бізді өзіне баурай білді. Біздің екінші анамыз. Өйткені
бізге өз анамыздай қатты жаны ашиды. Мен ұстазымды өтө-өте
жақсы көремін.
Ең алғаш қолға әліппе ұстатқан,
Ұстазым, білімге жол ашқан.
Есейіп ер жетер кез келер,
Өзіңдей өсемін адам боп.
Армат АЖИБАЕВ
№20 ЖОББМ 2 «Б» сынып оқушысы
Сынып белсенділері
Досмұханбет пен Бекмұханбет Кушеновтер
Қ.Сәтбаев атындағы ЖББОМ-тің 3-сыныбында
оқиды. Олар оқу үздіктері. Мектепшілік, аудандық
«Алтын ұя-2013 жыл» байқауында жүлделі орынға
ие болып, облыста «Білгірлер» номинациясына ие
болды. Досмұханбет пен Бекмұханбет Кушеновтер
үлгілі отбасында тәрбиеленіп келеді.Әжесі ардагер
ұстаз, зейнеткерлік жаста болса да олардың тәрбиесі
мен білім алуларына көп көңіл бөледі. Әжесі аудандық
Әжелер ансамбільдің мүшесі,өмірде тәжірибесі мол,
бақытты көп балалы ана.
әлім-тәрбиені бала өз отбасынан алады.Баланың бас ұстазы ата-ана десек,
әкесі Дәурен мен анасы Альфия олардың тәрбиесіне назар аударып, мектепте өтетін
тәрбиелік шараларға, мәнерлеп оқу, спорттық сайыстарға белсене қатысады.Отбасы
мектеп өмірімен тығыз байланыста болады.
Райгүл АХМЕТОВА
Қ.Сәтбаев атындағы ЖББОМ-тің бастауыш сынып
мұғалімі, сынып жетекшісі, Тасқала ауданы
Ұстазды
құрметтеу парыз
Ұстаз – құрметті сөз. Мен ұстазымды
сыйлаймын. Ол өте ақылды, әдемі,
ешқашан
ұрыспайды.
Оқушыларға
әрдайым көмектеседі. Ұстаз мектептің
жүрегі. Ұстаз оқушының екінші анасы.
Ұстаз оқушыға білім, тәрбие береді. Ұстазды сыйлап,
құрметтеу керек. Ұстаз ұлы адам.
дильназ АХМАдИЕВА
Лубин ауылы, Шыңғырлау ауданы
Менің
ұстазым
-
Самиға
Ибрашқызы. Ол жақсы ұстаз.
Маған оқуды, жазуды үйреткен
кісі. Оның берген сабағы ерекше. Өйткені ол мұғалім әрбір сабағында бізді тәртіпке,
ақылды болуға, білімді болуға тәрбиелейді. Жазуды алғаш үйреткен апайым. Есеп
шығарудың жолдарын ерінбей түсіндіреді. Маған есеп шығарған ұнайды.
Ұстазым менің, ұстазым
Әріптерді танытқан
Ұстазым менің ,ұстазым
Айтамын сізге мың алғыс
Қуандық Ерназар
Ақсай қаласы №6ЖОББМ-нің
1 «ә»-сынып оқушысы
Ана сүтімен
берілген «тіл
Мектебіміздің 5-сыныбында Вологин Александр
атты бала оқиды. Ұлты орыс болғанымен, тілі
қазақша шыққан. Өзінің айтуы бойынша қазақ тілін
жетік білуіне анасы себепші болған. Өзі - оқу озаты.
Мектептеге қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Александр анасы Зауре Исламқызы жайлы ерекше
құрметпен әңгімелейді. «Маған қазақ тілі ана
сүтімен берілген»- дейді Александр. Аналары қазақ
болғанымен, тілдері орысша шыққан қазақ балалары
қаншама? Саша соларға үлгі болса екен деймін.
Н.БАЙЖІгІТОВА
Чувашка ауылы, Зеленов ауданы,
Саят Қуандықов
Ақсай қаласы №6ЖОББМ
4 «б»сынып оқушысы
Бөрлі ауданы
«Сары алтындай сары
күз»
«Шәкіртінің жеңісі,
ұстазының жемісі»
Менің ұстазым
Назлы НҰРМҰХАН
Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ-нің
3-сынып оқушысы, Жәнібек ауданы
№№23-24 (207-208) 13.12.2014 ж.
12
Сабақтың мақсаты:
а)«Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған
А.Бақтыгерееваның
шығармашылығы
туралы оқушылардың таным,білім көкжиегін
кеңейту, өлең мазмұнын ұғындыру;
ә) оқушыларды мейірімділікке, анасын
сүйіп құрметтеуге, ананы сыйлап,қадірлей
білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық
атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың
мейірімінен тарайтынын ұғындыру;
б) оқушының өз бетінше
салыстыра білу,зерттеу,қорытынды,тұжырым
жасаудығы-машығын дамыту;
Сабақтың түрі іскерлік пен дағдыны
жетілдіру,білімді
жүйелеу,шығармашылық
жұмыс
Сабақтың
әдісі:
сұрақ-
жауап,талдау,іздену
,мәнерлеп
оқу,сабақтастық,ой тастау т.б
Сабақтың көрнекілігі:сызбалары,газет-
журнал материалдары, кітаптары,слайд т.б
Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру
кезеңі:
1) Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу
құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына
көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа
аудару.
2) Біздің ұстаным»Кімде –кім өзінің
ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса,
оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға
болмайды» М.Әуезов (хормен айту)
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Жадыны
жаңғырту:
(сұрақ-жауап
әдісі)
А. Бақтыгереева туралы не білесің?
1.
Қандай шығармаларын білесің?
2.
А. Бақтыгереева кім?
3.
Ол апамыз елі үшін қандай игі істер
4.
атқаруда?
Газет-журнал басылымдарда ол
5.
кісі туралы жазылған мақалаларды оқыдың
ба?
Теледидардан Ақұштап апаның
6.
қатысуымен болған хабарларды көрдің бе?
7.
Жаңа сабақ: Ақұштап «Ана махаббаты»
өлеңі
1.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2.Өлеңнің тақырыбын анықтау.
3.Өлең авторына, кейіпкеріне тоқталу.
Ақын шығармасында ана бейнесі қалай
сомдалғандығы жөнінде айту (Ақұштап
туралы, ана туралы слайд)
өлең мәтінімен жұмыс:
Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.
Өзіндік пікірлерін тыңдау.
өлеңді талдау:
Өлеңге поэтикалык талдау
1.
Өлеңнің негізгі стилі
2.
Өлеңдегі көркемдегіш құралдар
3.
Өлеңде көтерілген мәселе
4.
Ана бейнесін жоғары бағалау
5.
Шығармашылық тапсырма:
1. Егер мен ақын болсам...
2.Ана туралы өз айтар ойың?
3. Ана туралы қандай мақал-мәтелдер
білесіңдер? (әр оқушы өзі таңдаған сұраққа
жауап жазады)
Сабақтастық сәті:
«Мен таныған Ақұштап» (әр оқушы ақын
өлеңдерінен үзінді оқиды)
Бекіту:
Жүйелеу кезеңі: еркелетіп айтуы
А)
Жылы сөзі
Ананың тілі
Мейірімді сөйлеуі
Ә)
1. Дүниеде не қымбат?
2. Ананы қай кезден бастап іздейсің?
3. Ананың махаббаты қандай?
4. Сенің ең жақын досың,ұстазың кім?
5. Сендер алысқа кеткенде ең бірінші
кімді сағынасыңдар?
6. Сонда анаңның қандай қасиеті есіңнен
кетпейді?
Тостастыру:
Өз анамыз Жер-Ана
Су-Ана Ауа-Ана
Отан –Ана
5-жолды өлең:
1. Зат есім (бір сөз) -Ана
2. Сын есім (екі сөз) -мейірімді,қамқор
3.
Етістік
(үш
сөз)
–мәпелейді,өсіреді,тәрбиелейді.
4. Үстеу ( төрт сөз) – шырылдап жерге
түскен кезде
5. Түйін сөз (бес сөз) –Ана-
ақылшың,асылың, сырласың,қамқоршың,
Қорытынды: Балалар, қай заманда
да ана бейнеті ауыр. Түн ұйқысын төрт
бөліп,асырап-бағып жеткізген ата-анасын
жалғыз қалдыру не болмаса қарттар үйіне
өткізу деген қазақ тарихында болмаған.
Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз
жағдайлардан аулақ болыңыз,аналарыңның
өлшеусіз еңбегін бағалап,мәңгілік қамқор
болып өтіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |