Елдік туын жЕлбірЕткЕн Елбасы



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата29.12.2016
өлшемі4,1 Mb.
#684
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Б.НАгИЕВА

А.Тайманов атындағы №34 МГ-ның тарих пәнінің мұғалімі

«Қазақстан – менің 

Отаным»


        Біздің  Отанымыз  -  тәуелсіз  ел.  Себебі  менің 

елім ешкімге бағынышты емес. Біз өз алдымызға азат 

елміз. Бұл - ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы 

аңсаған  арманы.  Тәуелсіз  еліміздің  өз  Туы,  Әнұраны, 

Елтаңбасы бар. Осындай елде тұратыныма қуанамын. 

Қазақстанның тұңғыш президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев.  Елбасымыздың  арқасында  еліміз  дамып 

келеді.  Президентіміз  жыл  сайынғы  жолдауында  халықты  бірлікке, 

ынтымаққа, ел үшін еңбек етуге шақырады. Елімнің даңқы жыл сайын артып 

келеді. Азғантай жыл ішінде жас қала Астанамыз бой көтерді. Астанамызды 

дүние  жүзіндегі  үлкен  қалалардың  қатарына  қосуға  болады.  Еліміз  үшін, 

біздің жарқын болашағымыз үшін күрескен бабаларымызды ұмытпаймыз. 

Осындай бейбіт елде тұрып жатқанымыз солардың арқасы. Мен өз еліммен, 

президентімізбен,  халқыммен  мақтанамын.  Мен  сабағымды  беспен  оқып 

жүрмін. Бұл - менің елімнің өркендеуіне қосқан кішкентай ғана үлесім. Мен 

үшін өз Отанымнан артық ел жоқ. Менің Қазақстаным жасай берсін!  



                Айкөркем АМАНҒАЛИЕВА

       Восход жалпы орта білім беретін мектебінің

                    3-сынып оқушысы, Теректі ауданы                                                                                                                                           

 Завтрашний день 

нашей родины

Моя родина - Казахстан, самая 

гостеприимная земля, это

 Родина в 

полном смысле этого слова! Здесь 

мы свободно  дышим  и  радуемся 

каждому    новому  дню.  Здесь 

живут  мои  родители,  мои  друзья. 

Казахстан  стал  для  меня  родным 

и  любимым  краем  именно  потому, 

что он многолик. Эта земля может 

быть лучшим учителем по истории 

и  географии,  это  средоточие 

духовной  культуры.  Несмотря  на  обилие  народных 

культур, многоликость, Казахстан олицетворяет собой 

дружбу народов, сокровищницу культурных ценностей. 

«Знание  языка  и  культуры  другого  народа  делает 

человека равноправным с этим народом, он чувствует 

себя  вольно»,-  писал  Абай  Кунанбаев.  Эти  слова 

должен знать и помнить каждый человек. 

Каким же будет завтрашний день нашей Родины? 

Это зависит от каждого казахстанца. «Мы должны быть 

сплоченными, толерантными друг к другу! Это – ключи 

к будущему Казахстана,- говорит в Послании «Нұрлы 

жол-  путь  в  будущее»  Глава  государства  Нурсултан  

Абишевич Назарбаев.- Мы должны сами беречь наше 

единство  и  межэтническое  согласие.  Извне  никто  и 

никогда не придет делать это за нас. Казахстан, только 

вперёд»!


      

Хизир АМИРХАдЖИЕВ 

«Ұлан басы», ученик 7 «В» класса 

средней общеобразовательной школы № 21 города 

 Из истории моего народа…



Тәуелсіздік деп 

соғады жүрегім.....

Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, 

бүкіләлемдік  проблемаларды  талқылауда  және  шешуде 

ықпалды  рөл  атқаратын  ел.  «Қаз  тұрып,  қадам  басқан 

тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден 

бастап, осынау 23 жылдың бедерінде 

айшылық  жерді  алты  рет  аттаған 

алып секілді, дәуір жалынын мығым 

ұстап,  тізгінін  бекем  қаға  білді»  - 

деп  Елбасымыз  айтқандай,  егемен 

Қазақстанды  бүгінде  барша    әлем 

танып отыр. 

     

Өз басым тәуелсіздіктен 



кейін  туылған  буынның  өкілі  бола 

тұра,  бұл  Егемендіктің  қандай 

жолмен  келгенін  жақсы  білемін. 

Қазақстан  үшін,  қазақ  халқы  үшін 

тәуелсіздік  аспаннан  түскен  сый 

емес  еді.  Халқымыз  бостандықты 

аңсап,  Тәуелсіздікке  зарығып  жетті. 

Тәуелсіздік  жолында  еліміз  аз  қиыншылық  көрген  жоқ. 

Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. 

Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар 

рухының    арқасында  тәуелсіздікке  қол  жеткіздік.  Бұл  күнге 

дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау 

соғыстары  мен  ұлт-азаттық  көтерілістердің  тарихымызда 

өшпес  өнеге,  өлмес  мұра  ретінде  сақталатыны  рас.  Елдің 

біртұтастығы  мен  тыныштығын  сақтауға  хан-сұлтандар, 

батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. 

Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып 

тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент 

жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап 

шегуге  дайын  екендігін  көрсете  білуі  барша  халыққа  сенім 

мен жігер берген болатын.

    


Қазіргі  таңда  Тәуелсіздік  -  барлығымыз  үшін 

ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың 

күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың 

бақыты.  Сондықтан  бүгінгі  күні  халқымыз  өткеннен  қалған 

тарихи  өнегені,  отансүйгіштікті,  ұлтына  деген  махаббатты 

жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге 

ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

 Мәдениет МЕңдІБАЙ

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің 

4 «а» сынып оқушысы, Теректі ауданы

Біз Қазақстан болашағымыз

«Мемлекеттік рәміздер - ел мақтанышы»

Это  история  моего  народа,  история, 

которой я горжусь. Немногие мои сверстники 

знают  о  том,  как  жили  наши  предки,  какие 

испытания выпадали на их долю в далёкие 

для нас времена. Я очень горжусь тем, что 

знаю историю своего народа благодаря тому, 

что  живу  на  гостеприимной  казахстанской 

земле.

Я кореянка, моя семья приехала в Республику Казахстан в 



2001г. В 2012 году по всему Казахстану прошли торжественные 

мероприятия, посвященные проживанию корейцев в Казахстане. 

К этому торжественному событию по всему Казахстану открыли 

мемориалы,  памятники  в  благодарность  казахскому  народу. 

Сняли  фильм  «Жеруйек  -  Земля  обетованная»,  который 

рассказывает нашему поколению о всех трудностях и горестях, 

выпавших на долю наших предков. Фильм, который я рекомендую 

посмотреть  всем  моим  сверстникам,  рассказывает  историю 

становлния нашего государства. В нём детально рассказывается 

о том, как не только корейцы, но и  все остальные этносы, ныне 

проживающие  на  территории  Республики  Казахстан,  были 

насильственно переселены, как враги народа,  на гостеприимную 

казахстанскую землю. Более полутора миллиона человек были 

брошены в холодной степи умирать вместе со своими детьми. 

И благодаря казахскому народу который не побоялся того, что 

за  помощь  департированным  их  ждет  расстрел,  всё    равно 

помогали и кровом, и едой, рискуя своими жизнями.

          Уральские  корейцы  тоже  захотели  отдать  дань 

благодарности  казахской  земле:  возведели  мемориал.В  парке 

Кирова  на  небольшой  аллее  стоит  памятник:  руки,  держащие 

сердце,  на  памятнике-  надпись  на  казахском,  корейском  и 

русском языках«Благодарность казахскому народу». 



Угай Виктория, 

СОШ №21, ученица 8 «Б» класса

Елбасы 

Жолдауында 



көрсетілгендей 

бүгінгі 


таңда 

мүмкіндігі  шектеулі  жандарға  жан-

жақты  жағдай  жасалып  келеді. 

Елбасының  дәстүрлі  әрбір  жылғы 

Жолдауында маңызды мәселелердің 

бірі ретінде — қоғамның ең бір әлсіз 

қорғалған мүшелерінің, соның ішінде 

даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 

өмірін 

лайықты 


қамтамасыз 

ету,  оларға  сапалы  білім  беруді 

қалыптастыру екені айқын көрсетіледі.

            №  19  ЖОББМ-де  түзету  сыныптары  2008  жылдан 

бері  жұмыс  жасап  келеді.  Сол  оқу  орнында    1  «д»  сынып 

оқушысы Шыңгыс Сапиев білім алады. Ол  сурет салғанды 

кішкентай кезінен ұнатады.  Анасымен бірге  түрлі тәсілдерді 

қолданып,  соның  ішінде  бояу,  жапсыру,  желімдеу,  табиғи  

материалдарды  пайдалану  арқылы  көптеген  бұйымдар 

жасады.    Ол  өнерлі,  берген  тапсырмаларды  уақытында, 

тиянақты  орындайды.  Сабақты  да  жақсы  оқиды.  Сонымен 

қатар орыс, қытай  тілдерін біледі. Шахмат, дойба, мозайка 

құрастырғанды    қызығушылықпен  орындайды.  Оның  ата-

аналарыда өте сауатты, кішіпейіл адамдар.  Анасы – мұғалім, 

әкесі – әскери адам. Апасы да Шынғысқа үнемі көмектесіп, 

қолдап  жүреді.



Ардақ БИСЕНҒАЛИЕВА

№19 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл мұрасы. 

Тәуелсіздік  ақ  қанатты  періште  сипатында  халқымыздың 

басына  бақ  болып  қонды.  Еліміздің  тұңғыш  президенті 

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауының әр кезеңінде 

«келер  ұрпақ  біздің  болашағымыз»  деп  айтады.  Әр  елдің 

болашағы мықты болу үшін - жастары патриот және білімді 

болуы керек. Қазіргі кезде жастардың сапалы білім алуы үшін 

барлық  жағдайлар  жасалуда.  Біз  Қазақстан  болашағымыз. 

Біз  өзіміздің  алған  білімімізді  болашақта  Қазақстанның 

дамуына  жұмсаймыз.  «Әр  бір  елдің  болашағы-    ертеніне 

байланысты».  Қазақстанның  бүгіні,  ертені,  болашағы, 

жастардың қолында. Біз қазір алып жатқан сапалы білімімізді, 

еліміздің дамуына жұмаймыз. Қай елдің жастары білімді ғана 

емес, ақылды, тәрбиелі, болса сол елдің  тұғыры берік ,еңсесі 

биік  болады.  Кей  жастар  шет  елдерде  оқып  келіп  жатады 

бұлда    Қазақстанның  дамуына  үлкен  үлесін  қосады  себебі 

шет  елдердегі  білім  сапасы  біздің  елдегіге  қарағанда  әлде 

қайда жоғары. Қазақстан жас ел болғанмен ТМД  елдерінің 

қатарында  қоры  жағынан  алдынғы  қатарлардан  көрінеді. 

Еліміздің бас қаласы Астана жыл санап көркейіп келуде. Шет 

елдерден келген қонақтар Қазақстанның қарқыңды дамуына 

жыл сайын таңғалуда. Сол себепті де еліміз «Экспо 2017» 

көрмесін  Қазақстанда  өткізуге  ие  болдық.  Бұл  Қазақстан 

секілді  жас  мемлекет  ұшін  өте  үлкен  жетістік.  Еліміз  дәл 

осында  қарқында  дамып  әрқашан  биік  жетістіктерге  жете 

берсін.  Біз Қазақстан жастары елдіқ даму жолында күресіп, 

болашақта  «мәңгілік  ел»  деген  атаққа  қол  жеткізеді.  Мен 

осындай  бақытты  елдің  азаматы  болғанымды  мақтан 

тұтамын.

гүлжауһар ҚАБдОЛХАЙыРОВА 

Ақсай қаласы, №6 орта мектептің оқушысы



Менің елім - мәңгілік менің мекенім

№№23-24 (207-208)    13.12.2014 ж.

4

Ағылшын тілін жетік үйрету – заман талабы 



Мұражайдағы   мол   мұра

Ұстаз, ана - ардағым

Жалпы 


Қазақ 

елінде 


тарихи  

ескерткіштер,  ғимараттар    өте    көп.    Бұл  

әрине    сәулет    өнерінің    қайталанбас  

жауһары  іспеттес  еліміздің  мол  мұрасы   

болып  есептеледі.  Соның  бірі - Ақжайық   

ауданына  қарасты  Базартөбе  ауылындағы  

мұражайды    айтуға    болады.  Бір  қабатты  

мұражайдың  айналмалы  екі  кең  бөлмесі  

бар. Мұражайды  қазіргі  уақытта  елгезек  

ел  азаматы,  ауыл  әкімі  Аманжол  Салимов  

басқарады  және    соның    қарамағында,  

бірақ  мемлекет  қамқорлығына  алынбаған  

оның   көптеген өзіндік  себептері  бар.

Бірақта  біздің    айтпағымыз    ол    емес,  

мұражайдағы    мол    мұра  және    оған  

келушілердің    көбеюі.    Осы    мұражайды  

Базартөбе    ауылдық  округіне    қарасты  

Қызылжар    ауылының    Еңбекші  НЖББ  

мектебінің  мұғалімдері  мен  оқушылары  

осы  жылы  кезең-кезеңмен  барып  аралап, 

тамашалап,    өзіміздің    ауыл    туралы  

мол    мағлұматтар    алды.    Мұражайдың  

жәдігерлері      өте    көп,  екі    мыңға    жуық  

экспонаттар 

мен 

 

этнографиялық,  



археологиялық    тарихи    ескерткіштері   

қойылған.  Олар    тақырыптар    бойынша  

жіктеліп,  орта  ғасырдан  бастап,  қазіргі  

кезеңге    дейін    қамтиды.    Әсіресе,   

Отандық тарихқа,  Тәуелсіз  Қазақстанның  

20    жылдығына  арналған    бөлімдері  өте 

бай.    Мұражайды    аралауға  «Өлкетану»  

таңдау  пәні мұғалімі  Ербол  Досмуханов, 

мектеп    тәлімгері    Әлия    Молдашева, 

сынып  жетекшілер:  Хибашева  Нұрлы, 

Ерғалиева  Батима,  Тұяқова  Гүлмира, 

Досмуханова  Қарлыға,  Аязбаева  Балжан 

т.б.  белсенділікпен    атсалысты.  Алдағы 

уақытта дәрістер, кездесулер, тақырыптық 

кештер  ұйымдастырылса,  нұр  үстіне  нұр 

болар еді. Бұл  мұражай  «Мәдени мұра»  

мемлекеттік    бағдарламасын    жүзеге  

асырудағы  маңызды  іс-шаралардың  бірі  

деуге  әбден  болады.

Амандық МАкАСОВ

Еңбекші НЖББ мектебінің  тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасары  

Ақжайық   ауданы

Қазіргі Қазақстандық қоғам көп ұлттық, 

көп тілділік және көп мәдинеттілік жағдайда. 

Сондықтан  осы  қоғамға  бейімделген 

көп  тілді  меңгерген  мәдениетті  тұлға 

қалыптастыру  –  өзекті  мәселелердің  бірі 

мектептегі  ағылшын  тілі  мұғалімдеріне 

тиесілі  екендігі  мәлім.  Қазіргі  таңда 

қоғамда,  ата-анада,  оқушыда  мұғалімнен 

ағылшын  тілін  жетік  үйреткенін  талап 

етуде. Осы мәселені өз міндеттеріне алып, 

жоғары  деңгейде  ұйымдастыруды    КПО 

В.Б.  компаниясымен  Британ  елшілігі  өз 

міндеттеріне  алды.  2014  жылдың  сәуір 

айында  ағылшын  тіл  пәні  мұғалімдерін 

жинап,  «Сіздерге  Британ  елшілігінен 

өз  білімдерін  шыңдау  мақсатында  курс 

ұйымдастырылады» - деген кезде бәріміз 

селт  ете  қалғанымыз  шын.  Өйткені  ол 

курста    тек  тюторлардың  сабақтарын 

тыңдап  қана  қоймай,  әр  мұғалім  тест 

тапсырып,  өз  сабақтарын  беру  керек 

талап  етілді.  Жалпы  бұл  ойды  КПО  В.Б. 

компаниясының    менеджері  Музафарова 

Зульфия  Астана  қаласында  болған  бір 

кездесуінде  Британ  елшілігінің  өкілетті 

адамымен кездесіп, осы Бөрлі ауданының 

ағылшын  тілі  мұғалімдеріне  арнап  курс 

өткізілсе  және  оны  компания  демеушілік 

ететіндігін  айтып,  келісімге  келеді.  Бөрлі 

ауданының  20-дан  астам  ағылшын  тілі 

мұғалімдері  сәуір  айындағы  кездесуден 

кейін  мамыр  айында  3  ашық  сабақтан 

бердік.  Ең  алдымен  Британ  елшілігінен 

келген    адамдардың  өзіміз  сияқты 

қарапайым  мұғалімдер  екендігі  қуантты. 

Өйткені мұғалімдер болғандықтан оларда 

біздің  нені  қажет  ететінімізді,  қандай 

кітаптармен 

оқитынымызды 

біледі. 


Олар  біздің  сабақтарымызға  қатысып, 

«APTIS»  орталығының    тестін  өткізіп 

барып,  біздің  қандай  деңгейде  ағылшын 

тілін  білетіндігімізді  және    сабақ  беруде 

қандай  әдістемені  қажет  ететінімізді 

деңгейлеп  алып,  қорытындылап  барып, 

курсты өткізді. Курс ең алдымен ағылшын 

тілі  мұғалімдерінің  арасында  жақын 

қарым  қатынас  орнатты  және  Англия 

елінен  келген    Мариана  ханымның  сабақ 

беруімен  есте  мәңгі  қалды.  Сабақтардың 

бәрі  тек  ағылшын  тілінде  болғандықтан 

бізге  өте  жақсы  практика  болды.  Таңғы 

сағат    9:00-де  басталған  сабақ  кешкі 

17:00-де  бір  сағаттық  түскі  үзіліспен  ғана 

аяқталды.  Әрине кез келген шетелдік білім 

беру  жүйесіндегідей  Мариана  ханымда 

бізден  шығармашылық  пен  еркіндікті, 

өз  ойын  қысылмай  айта  алуды  талап 

етіп  қана  қоймай  осы  әдістемені  біздің 

оқушыларымызда  дамытуды  сұрады.  

Курстың  ең  негізгі  бөлігі  күнделікті  сабақ 

жоспарын  дұрыс  құру  болды.  Әрине  осы 

тұста  мұғалімдермен    Мариана  ханым 

арасында  келіспушіліктер  туындағанмен, 

негізгі бағытты ол кісіге қалдырдық. Өйткені 

біздің  қазіргі  сабақ  жоспарларымыздағы 

(үш  айлық  курс  өтпегендерді  қоспағанда) 

мақсаттарымызды  оқып,  әрине  ол  кісі 

бізбен  келіспейтіндігін  айтты.  Өйткені  біз 

45  минуттық  сабаққа  бір  сағаттық  мақсат 

қоямыз,  сондықтан  ешқандай  мақсат 

түгелімен  орындалмайды.  Курс  соңында 

сабақ жоспарын дұрыс жоспарлау, сабақты 

әртүрлі  тәсілдермен  түрлендіріп  өткізуді 

меңгеріп  шықтық.  Жабылу  салтанатына 

Бөрлі  әкімдігінен  Ж.Каналин,  білім  беру 

бөлімінің 

басшысының 

орынбасары 

О.Тулемисов және                                     КПО 

В.Б. 


компаниясының 

менеджерлері 

Шейзер,  З.Музафарова,  А.  Адилова,  

Британ 


елшілігінің 

өкілдері 

келіп, 

сертификат  табыстады.  Әрине  осындай 



курстар  жалғасын  тауып,  жылда  өткізіліп 

тұрса, мұғалімдердің жұмыстарына  деген 

қызығушылықтары  одан  әрі  артып,  өз 

мамандықтарын  жандарымен  істеуге  көп 

көмегін  тигізер  еді.  Жалпы  осы  курсқа 

қатысқан мұғалідердің атынан, өз атымнан 

осы 

курсты 


ұйымдастырушыларына 

алғысым шексіз. 



А.УТЕБАЛИЕВА

Тихонов мектеп-балабақша кешенінің

 ағылшын тілі пәні мұғалімі 

Бөрлі ауданы

Ұстаздардың ұстазы

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, аналық жүрегімен, 

ұрпақтарын  игілікке,  салауаттылыққа,  адамгершілікке,  үлкен 

білім  жолына  тәрбиелеп,  ұзақ  жылдар  бойы  қызығы  мен 

қиындығы  мол,  ұстаздық  жолында  шәкірттерін  жақсы  істерге 

жетелеген,  өз  ісінің  адал  иегері  бола  білген  әріптесіміз 

Қырмызы  Қобланқызы  Избасованың  өмір  жолы  мен  еңбек 

жолына  тоқталып  өтсек;  Избасова  Қырмызы  Қобланқызы 

1954  жылы  Орал  облысы,  Бөрлі  ауданы,  Жетекші  ауылында 

көпбалалы  отбасында  дүниеге  келген.  1981  жылдан  бастап 

Приурал орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасында 

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 

Өзінің  туған  жері,  өскен  ортасында  ұстаз  болыпт  еңбек  ете 

жүріп  талмай  шәкірттерінің  бойына  білім  нәрін  себе  білген 

өр  мінезді,  турашыл,  әділетті  ұстаздың  еңбегі  шәкірттерінің 

жетістіктерімен көрінуде.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы - деп Ғафу Қайырбеков жырлағандай мұғалімдік мамандық 

жан – жақты  білімді, үлкен жүректілікті, шынайы сезімтал, балаларға шексіз сүйіспеншілікті 

қажет етеді. Олай болса «Ұстазға қарап, шәкірт өсер» деген халқымыздың ұстазға білім жағынан 

мол сенім артқандығын аңғарамыз. Қырмызы Қобланқызының шәкірттерінің алды шет елдерде 

білімін жетілдіруде. Атап айтсам Ахметова Индира Польшада магистратурада оқыса, Машкова 

Надежда Италияда, Тулепова Мариямгуль Астанадағы Гумилев атындағы жоғарғы оқу орнын 

үздік дипломмен аяқтап Алматыда жұмыс істесе тағы бір шәкірті Успанова Анаргүл БҚМУ – 

дың  география  пәні  мұғалімі  мамандығынын  «Үздік  дипломмен»  бітіріп  осы  мектепте  еңбек 

өтеуде.  Бүгінде алпыс жастың асқарынан көрінген ұстаз әлі де өзінің мектебінде, шәкірттері 

арасында талмай еңбек етуде. Сізге үлкен сәт – сапар тілеп, шәкірттеріңіз әрқашан биіктен 

көрініп, солардың жеткен жетістіктерінен нәр, қуат алып, Егеменді еліміздің аяулы ұстаз анасы, 

тілеулесі, қамқоры болып, ұжымымыздың құрметіне иелене беріңіз.

«Приурал мектеп – балабақша

кешенінің»» қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі.

Ұстазым - менің ардағым.

Сайып қыран баптайды ептілерін,

Мақтан тұтып елінің тектілерін.

Оза шықса шәкірті додаларда

Ұзтаздардың еңбегі деп білемін!

Ата-ананың жетегінде келіп, күлім қаққан 

ұстазымның  қолынан  ұстаған  алғашқы 

сәттерінен басталған кездерім есейсем де 

естен кетуге тиісті емес. Өн бойына ұлағат 

пен ұлылықты, тапқырлық пен жылылықты 

жиып  алып,  оны  шәкіртінен  аямайтын 

аялы  ұстазым  менің  –  Дина  Ересқызы 

Есқазиева. Ол - өте мейірімді және ақкөңіл 

жан.  Біз  сыныбымызбен  мектепте  іс-

шараларға  белсене  қатысамыз.  Көптеген 

пәндік олимпиадаларда жүлделі орынларға 

ие  боламыз.  Соның  бәрі  –  ұстазымның 

еңбегі. Мұғалімсіз санамыздың жетілмейтіні  анық.  Ол  ұрпаққа тәрбие беріп, 

бағыт сілтеп, білім нәрімен сусындатады. Дина Ересқызы –әрқайсымызға өз 

баласындай қамқор, біздің білімді, тәртіпті болуымызға жөн сілтейді. Ұстазым 

үнемі:      «Мен сендердің болашақтарыңнан үлкен үміт  күтемін. Кейін сендер 

білімді болсаңдар, мақтанатын боламын», - дейді. Әсілі, ұстазымыз шаршауға 

да ұялатын, кәдімгі өз анамыз. Ендеше, ұстаздарымызды төл мерекелерімен 

құттықтай келе, дендеріңізге саулық, шәкірттеріңіз тек білім шыңының биігінен 

көріне  берсін  деп  тілеймін.  Ал,  қазақтың  келешегі  үшін  жан-тәнімен  еңбек 

етер осындай ұлағатты ұстаздар көбейе берсе екен деймін!   

 

 Қарақат АРыСТАНҒАЛИЕВА

«Сөз зергері » үйірмесінің тәрбиеленушісі.

Орал қаласы, Мектептен тыс жұмыс орталығы 

Ұстазым -  менің ардағым



№№23-24 (207-208)    13.12.2014 ж.

5

Азабыңды шеккен ел,

Тозағыңнан өткен ел.

Батысында қар жатса,

Шығысында көктем ел.

Бір шеті мен бір шеті

Жеткізбейтін неткен ел?!

               Қ. Мырза Әли 

Үлкен  жүректі,    ұлы  сезімді,  шалқар    шабытты  ақын  Қадыр 

жырына  арқау  болған,  біздің  атамекеніміз,  қазақ  даласы  - 

бабаларымыздың    ұрпағына  қалдырып  кеткен  асыл  мұрасы. 

Талай  -  талай  қас  батырлар  жанын  қиып,  қорғап  қалған,  талай 

арулар махаббат құрбаны болған, талай тіршілік иесі нәр алып 

жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан 

жүрегі  жарыла  шаттанған  пенделердің  куәгері    болған  қасиетті 

Отанымыз- Қазақстан!

Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма? Қазақ хандығы 

болып құрылғаннан осы егемендікке жеткенге дейінгі  аралықта  

мұқтаждық пен жоқшылықты, қуаныш пен жоқшылықты тең көрдік. 

«Бірлік бар жерде тірлік бар» даналыған  халық жадында мықты 

ұстады.  Ел  ертеңі  жас  ұрпақ    қолында.  Мен  де  сол  ұрпақтың 

бірімін.  Ел ертеңі бүгіннен бастау алады, ендеше, болашақтың  

тізгінін  ұстаған  қазақ  жастары  Қазақстанның  жарқын  болашағы 

жолында еңбек етеді деп, сенімді  түрде алға қадам жасаймыз. 

Қазақстан – бүтін  қазақ халқының  атамекені , кіндік қаны тамған 

киелі жері. Ол менің  елім! Тәңірі жер қайысар мал беріп, асты - 

үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның 

арманы  да  жоқ  болар.    Қазақстан,  тәуелсіз  мемлекет  ретінде, 

дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел дерлік танылды.  Тәуелсіз 

-  ұлттық  тілдің,  дәстүрдің,  салт-сананың  мызғымаз  тірегі,  күші, 

алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.  Елім менің! Бұл өз үйінің 

табалдырығынан басталады.  Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп 

кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған 

мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары, осының бәрі 

- туған елдің бір бөлшегі . 

Туған  ел  мағынасы    тереңде  жатыр.    Балғын  балалық  шақ! 

Күлдір- күлдір кісінеп, айнала шапқылаған ала  аяқты кұлыншақ! 

Сәуірде  бүршік  атқан,  қылтиып  күн  көзіне  көрінген  балауса  көк 

шөп.  Өзен  үстінде  үйіріліп  ұшқан  шағала!  Кемеріне  еркелей 

соққан  көгілдір  көл.  Күннің  қызғылт  шапағына  бөленген  үйлер, 

осының бәрі – тұтас  туған  ел!

Менің  елім  -  Қазақстан.    Осынау  құдіретті  сөзді  әрбір 

Қазақстан  Республикасының  азаматы  асқақ  сезіммен,  ерекше 

мақтанышпен айта аралы хақ. Сонау Алтайдан Атырауға дейінгі 

созылып  жатқан  -  бұл  Қазақстан.  Осындай  аймағы  үлкен, 

қойнауы  қазынаға  толы  құнарлы  жерімізге  кімдер  көз  тікпеді? 

Олар  қазақ  жеріне  иелік  ету  үшін  қаншама  рет  шабуыл  жасап, 

елді тыныш қоймады. Бірақ  ер жүрек ата-бабаларымыз сыртқы 

жаудың  қимылын  бағып,  тойтарыс    беріп  отырды.  Сол  батыр 

бабаларымыздың  арқасында, халықтың бірлігінің арқасында ел 

өзінің кең байтақ  жер, құт мекенінде еркін   көсіліп, жайнланып 

жатыр.  Қасиетті  жеріміздің  иесі-  олардың    ұлы  ұрпақтары    қол 

жеткізіп отырған бос тандық  туын желбіретіп, көкке көтерер ме 

едік?


Өз  басынан  ұрпақ  тағдырын    биік  санаған  ардақты  ақын 

атамыз Асан қайғы елі  үшін мәңгілік мекен-атын  жақсы жайды 

желмаямен желіп іздеген. Талмай кезіп, ерінбей  шарлап, таппай 

тынбай, таңдап тоқтап, түйесін шөктірген жері осы күні Қазақстан 

аталды.    Қысқы  аязы  мен  жазғы  ыстығына  ұл-қызын  бірдей 

шынықсын  дегендей,  еліне  апарып  тіресе,  бір  шетін  күннің  көзі 

найзадай қадалатын оң бүйірге тіреген. Арқасынан күн қысқанда, 

Алатау мен Алтай сынды алып таулар мейлінше мейірленіп,  бал 

бұлақтары еш уақытта үзілмей аға берсін деп ойлаған сияқты.

«Отан» деген сөз әуелде көшпелі өмір сүрген ата-бабамыздың 

от  жағып, тіршілік еткен ұясы деген  ұғымнан  шықса керек. Отан 

үшін от пен оққа кеудесін тосқан Бауыржан ата: «Отан  үшін отқа 

түс, күймейсің»,-деп, аманат қалдырған. Осындай Отанын сүйген 

және  одан  қуат  алған,  ел  қорғаны  болған  қазақ    перзенттерінің 

алар    асуы  мен  шығар  биігі  әлі  алда.Қараңдар,  жарандар,бұл 

менің Отаным-Қазақстан!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет