31. АИВ-пен зарарлануды қолдайды: а) көптеген гомо-, гетеросексуальды байланыстар
б) презервативпен секске түсу
в) репродуктивтік жүйе аурулары болуы
г) менструация (етеккірі) кезінде жыныстық қатынасқа түсу
д) жалпы (ортақ) аспапты пайдаланып, инъекциялық есірткілерді қабылдау
32. АИВ-пен медициналық персонал зарарлануы мүмкін: а) медициналық парентеральды ем-шараларды орындау кезінде
б) өткір стерилизацияланбаған медициналық аспаптармен тері бүтіндігі бұзылғанда
в) ауыз қуысын протез салуға дайындағанда
г) тіс тасын алғанда
д) физиотерапиялық ем шаралар жүргізгенде (электрофорез т.б.)
33. АИВ-пен зарарланған адаммен бір рет жыныстық қатынасқа түскенде зарарлану қаупі, %: а) 0,1-1%
б) 5%
в) 10%
г) 50%
д) 100%
34. АИВ-пен зарарланған қан құйылғанда реципиент зарарлану деңгейі: а) 10%
б) 50%
в) 75%
г) 80%
д) ≈100%
35. АИВ-пен зарарланған пациент қанымен контаминацияланған инемен жарақаттанғанда медициналық персоналдың зарарлану ықтималдылығы: а) ≤0,5%
б) 1%
в) 10-15%
г) 25-50%
д) 100%
36. Жүктілік кезінде антиретровирустық терапия алмаған АИВ-зарарланған әйелдерден туылған балалардың зарарлану ықтималдылығы: а) 10%
б) 30%
в) 50%
г) 75%
д) 100%
37. АИВ-инфекциясы серонегативті кезеңінде ПТР көмегімен провирус анықталады: а) қан сарысуында
б) лимфоциттерде
в) антиденелерде
г) иммунды комплекстерде
д) тромбоциттерде
38. АИВ-қа антиденелер пайда болатын ауру сатысы: а) инкубациялық
б) біріншілік көріністері кезінде
в) латенттік
г) екіншілік көріністері кезінде
д) терминальдық
39. АИВ-инфекциясы кезінде «серонегативті терезе» кезеңнің жиі болатын ұзақтығы: а) 3 айға дейін
б) 6 айға дейін
в) 9 айға дейін
г) 1 жыл
д) 10 жыл