Элективтік пәндер каталогы мамандық атауы



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата12.03.2017
өлшемі254,72 Kb.
#9095
1   2   3   4   5   6   7

Пререквизит:  Тіл біліміне кіріспе

Постреквизит: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

Оқытушы: Керимбаев Е.

8.3 Пән атауы:  Қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты: Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсінік беру және қолданудың

кезеңдерін   бөліп   қарастыру.Жаңа   педагогикалық   технология,ойын   технологиясы,проблемалы

оқыту   технологиясы,сын   тұрғысынан     ойлау   технологиясы,   деңгейлік   саралау   технологиясы,

жекелеп оқыту технологиясы,дамыта оқыту технологиясы т.б. әдіс-тәсілдерді меңгерту.



Қысқаша мазмұны: Оқытуда жаңа  технологиялардың түрлері мен типтеріне талдау жасау.

Қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінің грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктерді ескере отырып

методиканың   барлық   түрін   ыңғайластыра   отырып   пайдалана   білуге   үйретудің   жолдарын

қарастыру.



Күтілетін нәтижелер: Жаңа технологияларды  жан-жақты меңгерту шығармашылық тұлға

қалыптастырудың   бірден   бір   жолы.Дәстүрлі   өтіліп   жүрген   дәрістер   мен   жаңашыл   тәсілдермен

өтілетін дәрістердің айырмашылығы мен жетістіктерін,кемшін түсіп жатқан тұстарын бағамдау.

Пререквизит: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, 

Постреквизит: Көркем тексті лингвистикалық талдау

Оқытушы: Нұрымова Қ.

9.1 Пән атауы: Қазіргі қазақ тілінің  сөзжасамы мен морфологиясы  (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты: Сөзжасам - зерттеу нысаны. Сөзжасам  морфологияның құрамында сөз

табына қатысты танылды. Қазақ тіл білімінде сөзжасам – жеке сала. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

екшеліп, толығып қалыптасқан, жүйелі құбылыс.  Сөздің грамматикалық, лексикалық мағынасы,

жалпы   және   жеке   грамматикалық   мағыналарымен   құрылысымен   таныстыру.  Қазақ   тіліндегі

грамматикалық   мағыналардың   жасалу   жолдары     мен   амал-тәсілдердің,   грамматикалық

формаларды, грамматикалық категорияларды, сөздердің морфологиялық құрылымын оқыту. 



Қысқаша   мазмұны:  Сөзжасамның   тіл   білімінің   жеке   саласы   ретінде   танылуы   –   оның

өзіндік зерттеу нысанының болуы. Бұрын сөзжасам саласы морфологияның құрамында сөз табына

қатысты танылып келді. Қазақ тіл білімінде сөзжасам – жеке сала. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі


ұзақ   замандардан   бері   екшеліп,   толығып   қалыптасқан,   өзіндік   заңдылықтары   жетілген   жүйелі

құбылыс.  Сөздің   грамматикалық   мағынасы   мен   лексикалық   мағынасы.   Жалпы   және   жеке

грамматикалық   мағыналар.   өз   құрылысы.  Сөздердің   морфологиялық   құрылымын,   сөз

формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық сипаттарына   қарай грамматикалық

топтарға,   сөз   таптарына     бөлінуін   зерттейді.  Негізгі   грамматикалық   ұғымдар.   Грамматикалық

мағына,     грамматикалық форма,   грамматикалық  морфологиялық      құрылымы.



Күтілетін нәтижелер: Қазақ тілі пәнінің барлық талдау   түрлерін меңгеру. 

Пререквизит: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы. 

Постреквизит: Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.   

Оқытушы: Исакулова М. М.

9.2 Пән атауы:  Морфология практикумы  (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың   мақсаты:  Қазіргі   қазақ   тілінің   грамматика   саласы   бойынша   кейбір   өзекті

мәселелерді   қарастыру.Жалаң   және   күрделі   сөздер.Морфологияның   дамуына   үлес   қосқан

ғалымдардың еңбектерімен таныстыру.Сөз формаларының жасалу тәсілдерін меңгерту. 

Қысқаша   мазмұны:  Морфология   практикумында   сөз   тұлғаларының   түрленуін,

бөлшектенуін,әр   түрлі   өзгеріске   түсуін   анықтау   мақсатында   салыстыра   зерттеу   жүйесімен

айналысады.   Сөздің   тұлғасы,мағынасы   және   атқаратын   қызметі   сөйлем   құрамында   ғана

анықталатын   болғандықтан,сөзді   синтаксиспен   байланыстыра   қарастыру   жолдары

қарастырылады.

Күтілетін нәтижелер: Морфологияның шығу тарихын, даму жолдары мен арналарын жан-

жақты ұғынып,талдай алу мүмкіншілігін қалыптастыру. 



Пререквизит:   Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 

Постреквизит:  Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

Оқытушы: Жумагулова Қ.

9.3 Пән атауы: Сөзжасамның даму жолдары 

 (3 кредит, 135 сағат)



Оқытудың мақсаты: Қазақ  тілінің сөзжасам жүйесі жеке пән ретінде оқытылды. «Қазіргі

қазақ   тілінің   сөзжасам   жүйесі»атты   монографияны   қолданылды.   Мұнымен   қоса   сөзжасам

мәселесінің   жеке   тақырыптарынан   шыққан   еңбектер   мен   А.Ысқақовтың   «Қазіргі   қазақ   тілі.

Морфология» атты оқулығындағы, С.Исаевтің «Қазақ тілінің грамматикалық көрсеткіштері» аты

еңбегіндегі сөзжасам туралы мәліметті қолдану.

Қысқаша   мазмұны:     Қазақ   тілі   мен   әдебиеті   мамандарын   дайындайтын   жоғары   оқу

орындарының оқу жоспарына қазақ тілінің сөзжасам жүйесі жеке пән ретінде оқытылады. Бұл пән

Абай   атындағы   Қазақ   ұлттық   педагогикалық   университетінің   қазіргі   қазақ   тілі   кафедрасының

ұсынысы   бойынша   1990   жылы   қазақ   тілінің   сөзжасамы   пән   ретінде   кіріп,   1992   жылы   оның

профессор Н.Оралбаева құрастырған бағдарламасы тұңғыш рет баспадан шыққан еді. Содан бері

бұл   пән   осы   бағдарлама   негізінде   оқытылып   келеді.   Оқулық   болмағандықтан,   университеттер

А.Байтұрсынұлы  атындағы  тіл білімі  институты  1989 жылы  баспадан  шығарған  «Қазіргі  қазақ

тілінің   сөзжасам   жүйесі»атты   монографияны   қолданып   келді.   Мұнымен   қоса   сөзжасам

мәселесінің   жеке   тақырыптарынан   шыққан   еңбектер   мен   А.Ысқақовтың   «Қазіргі   қазақ   тілі.

Морфология» атты оқулығындағы, С.Исаевтің «Қазақ тілінің грамматикалық көрсеткіштері» аты

еңбегіндегі сөзжасам туралы мәлімет те қолданылды

Күтілетін нәтижелер: Қазақ тілі пәнінің барлық талдау   түрлерін меңгеру. 

Пререквизит: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 

Постреквизит: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы   

Оқытушы:  Турсуманова Ф.

10.1 Пән атауы: Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі  (3 кредит, 135 сағат) 

Оқытудың мақсаты: Синтаксис ғылымы осы сөйлемнің құрылысын зерттейді. Синтаксис-

грамматиканың   морфология   секілді   өзекті   саласының   бірі.   Синтаксис   гректің   sintaxis   –   құрау,

құрастыру, түзу деген сөзінің негізінде пайда болған. Синтаксис термині тіл білімінде екі түрлі

мағынада   жұмсалады:   біріншісі-коммуникация   (пікір   алысу)   үстінде   жұмсалатын   тіл



тұлғаларының   құрылысы,   екіншісі-   тілдің   коммуникация   үстінде   жұмсалатын   тіл   тұлғаларын

зерттейтін ғылым саласы мағынасында оқыту.



Қысқаша   мазмұны:  Тілдің   негізгі   коммуникативтік,   яғни   пікір   алысу   үшін   жұмсалатын

тұлғасы деп сөйлемді айтамыз. Сөйлем адамның ең күрделі ойлау жұмысымен байланысты. Сөз

затты, құбылысты атайды, бұл да күрделі ой жұмысының нәтижесі. Бірақ осынысына қарамай сөз

және  сөз тіркесі де пікір алысу үшін жұмсалатын негізгі тілдік тұлға қатарына жатпайды. Пікір

алысу,  қарым-қатынас   жасау  үстінде   сөйлем   жұмсалады.   Өйткені   қарым-қатынас   пікір   білдіру

арқылы жүзеге асатындығын оқыту. 



Күтілетін нәтижелер: Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдер мәселелеріне арналған жаңа

зерттеулердің нәтижелері, жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдар қамтылады.



Пререквизит: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы. 

Постреквизит: Жок.

Оқытушы: Жумагулова Қ.

10.2 Пән атауы:  Қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты: Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсінік беру және қолданудың

кезеңдерін   бөліп   қарастыру.Жаңа   педагогикалық   технология,ойын   технологиясы,проблемалы

оқыту   технологиясы,сын   тұрғысынан     ойлау   технологиясы,   деңгейлік   саралау   технологиясы,

жекелеп оқыту технологиясы,дамыта оқыту технологиясы т.б. әдіс-тәсілдерді меңгерту.



Қысқаша мазмұны: Оқытуда жаңа  технологиялардың түрлері мен типтеріне талдау жасау.

Қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінің грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктерді ескере отырып

методиканың   барлық   түрін   ыңғайластыра   отырып   пайдалана   білуге   үйретудің   жолдарын

қарастыру.



Күтілетін нәтижелер: Жаңа технологияларды  жан-жақты меңгерту шығармашылық тұлға

қалыптастырудың   бірден   бір   жолы.Дәстүрлі   өтіліп   жүрген   дәрістер   мен   жаңашыл   тәсілдермен

өтілетін дәрістердің айырмашылығы мен жетістіктерін,кемшін түсіп жатқан тұстарын бағамдау.

Пререквизит: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, 

Постреквизит: Көркем тексті лингвистикалық талдау

Оқытушы: Нұрымова Қ.

10.3 Пән атауы:  Қазақ-орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы (3 кредит, 135 сағат)

Оқытудың мақсаты: Қазақ, орыс тілдерінің грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктер

мен заңдылықтарымен  таныстыру.



Қысқаша   мазмұны:    Қазақ,   орыс   тілдерінің   грамматикалық   құрылысындағы   ғылымның

негізгі қағидаларымен және зерттеу әдістерімен танысу.



Күтілетін нәтижелер:  Қазақ, орыс тілдерінің грамматикалық құрылысында салыстырмалы

грамматиканың  тарихы және басқа ғылым салаларымен байланысты екендігінде.



Пререквизит: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, 

Постреквизит: Көркем тексті лингвистикалық талдау

Оқытушы:  Керимбаев Е.

11.1 Пән атауы: Халық ауыз әдебиеті (2 кредит, 90 сағат)   

Оқытудың мақсаты:  Қазақ халық әдебиетін оқытуда  студенттерге әлемдік фольклортану

ғылымындағы   методологиялық   ортақтастықтар   мәселелері,фольклордың   ауызша   сөз   өнері

ретіндегі   табиғаты,   ерекшеліктері,тұтас   көркемдік   жүйесі,жанрлары,этникалық   тәсілдері   мен

құралдары, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы  т.б. ауқымды мәселелер

жөнінде   білім   беру   мақсаты   көзделеді.   Ауыз   әдебиетін   көркемөнердің   барлық   салаларымен,

тарихымен,  этнографиясымен, философиямен,  психологиямен, педагогикамен т.б.  ғылымдармен

байланыста оқыту міндеттеледі.  

Қысқаша мазмұны: Қазақ халқының ауыз әдебиеті –жоғары оқу орнындарында халықтық

сөз   өнері   мұраларының   жанрлық   түрлерін   толық   қамтып   отыратын   пән.Халық   әдебиетінің

мұралары   ежелгі   замандардан   қалыптасқан   үлгілерінің   тақырыптық,   көркемдік   сипаттары

фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық

тұрғыда жан-жақты талдана түсіндіріледі. 


Күтілетін нәтижелер:  Ауыз әдебиеті сонымен қатар ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара

ықпалдасуы,фольклордағы типологиялық тектестік мәселері қарастырылады.



Пререквизит: Әдебиеттануға кіріспе.

Постреквизит: Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.

Оқытушы: Нурымова Қ.

11.2 Пән атауы:  Сыр бойы фольклоры (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың   мақсаты:  Сыр   бойы   халық   әдебиетінің   мұралары   ежелгі   замандардан

қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының бұрынғы-

соңғы   зерттеулерінің   аясында   теориялық   және   практикалық   тұрғыда   жан-жақты   талдана

түсіндіріледі.Сонымен қатар ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара ықпалдасуы,фольклордағы

типологиялық тектестік мәселері қарастырылады. Фольклортану ғылымындағы жаңа зерттеулер

басты   назарда   болады.   Фольклор   жанрларының   барлық   түрлерінен   көркемдік   іздеуге

болмайтындықтан,олар   «фольклордың   танымдық   түрлері»,   «фольклордың   көркем   түрлері»   деп

екіге бөліп қарастырылады.



Қысқаша   мазмұны:   Сыр   бойы   фольклорының   көркемдік   ерекшелігі   –жоғары   оқу

орнындарында   халықтық   сөз   өнері   мұраларының   жанрлық   түрлерін   толық   қамтып   отыратын

пән.Халық   әдебиетінің   мұралары   ежелгі   замандардан   қалыптасқан   үлгілерінің   тақырыптық,

көркемдік   сипаттары   фольклортану   ғылымының   бұрынғы-соңғы   зерттеулерінің   аясында

теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты талдана түсіндіріледі.

  Күтілетін   нәтижелер:       Қазақ   фольклорын   зерттеу   ісі   соңғы   жылдары   жаңа   арнаға

түсіп,ерекше қарқын ала бастады.Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жасаған дәстүрлі мәдениеті

үлгілерін   ең   алдымен   ұлттық   санамен   бірге   жалпыадамзаттық   құндылықтарға   қосылған   үлес

ретінде қарастырылуда.



Пререквизит: Әдебиеттануға кіріспе

Постреквизит: Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

Оқытушы: Бахадырова С.

11.3 Пән атауы:  Фольклортану

 (2 кредит, 90 сағат)



Оқытудың мақсаты:  Фольклортану ғылымындағы жаңа зерттеулер басты назарда болады.

Фольклор   жанрларының   барлық   түрлерінен   көркемдік   іздеуге   болмайтындықтан,олар

«фольклордың   танымдық   түрлері»,   «фольклордың   көркем   түрлері»   деп   екіге   бөліп

қарастырылады.



Қысқаша мазмұны: Қазақ фольклорының көркемдік ерекшелігі –жоғары оқу орнындарында

халықтық   сөз   өнері   мұраларының   жанрлық   түрлерін   толық   қамтып   отыратын   пән.Халық

әдебиетінің   мұралары   ежелгі   замандардан   қалыптасқан   үлгілерінің   тақырыптық,   көркемдік

сипаттары   фольклортану   ғылымының   бұрынғы-соңғы   зерттеулерінің   аясында   теориялық   және

практикалық   тұрғыда   жан-жақты   талдана   түсіндіріледі..Сонымен   қатар   ауызша   және   жазбаша

әдебиеттің өзара ықпалдасуы,фольклордағы типологиялық тектестік мәселері қарастырылады. 



Күтілетін   нәтижелер:  Қазақ   фольклорын   зерттеу   ісі   соңғы   жылдары   жаңа   арнаға

түсіп,ерекше қарқын ала бастады.Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жасаған дәстүрлі мәдениеті

үлгілерін   ең   алдымен   ұлттық   санамен   бірге   жалпыадамзаттық   құндылықтарға   қосылған   үлес

ретінде қарастырылуда.  



Пререквизит: Әдебиеттануға кіріспе

Постреквизит: Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

Оқытушы: Жантасова З.

12.1 Пән атауы:  : Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеті (2 кредит, 90 сағат)     

Оқытудың мақсаты: VI-VIII ғасырлардағы тасқа қашап жазылған жәдігерлердің, дастандар

арқылы ежелгі түркі елінің әдет-ғұрып, наным-сенімін, поэзиясынмәнін білду. Тарихи әлеуметтік

жағдайларды,   әдеби   мұраларын   оқыту.   Қазақтың     төл   әдебиетінің   қалыптасу,   даму   жолын

айқындау;   жыраулық   поэзияның   өзіндік   ерекшеліктері   мен   толғау   жанрының   өзгешеліктерін

таныту; жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздерін, тәрбиелік мәнін


жете   түсіндіру;   жыраулар   поэзиясы   мен   ХІХ   ғасырдағы   ақындық   дәстүрдің   сабақтастығы   т.б.

мәселелер курстың негізгі мақсат-міндеттері болып табылады.



Қысқаша   мазмұны:  Ежелгі   дәуір   әдебиеті   курсы,   түркі   тектес   халықтардың   әдебиеті

тарихы   мен   теориясына   қатысты   аса   маңызды   өзекті   мәселелерді   әдеби-тарихи   материалдар

негізінде   деректі   түрде   сипаттайды.   Ежелгі   дәуір   әдебиеті-әдебиет   тарихы   мен   әдебиеттану

ғылымдарының   құрамдас   бір   бөлігі.Қазақ   елінің   тарихы   қазіргі   түркі   тектес   халықтардың

қоғамдық,   әлеуметтік   және   рухани   өмірімен   байланысты   екенін   білеміз.Бұл   түркі   тектес

халықтарға ортақ әдебиет.Хандық дәуір әдебиеті пәнін оқыту барысында  пәнаралық байланыстар

да басты назарда болады. 

Күтілетін   нәтижелер:  Хандық   дәуір     кезеңі   әдебиетінің   тарихи   оқиғалармен,   саяси-

әлеуметтік жағдайлармен байланысты дамуы  ерекшеліктеріне де назар аударылады. ҮІ-ХҮ ғасыр

аралығын қамтиды.Қазақ әдебиетінің негізгі түркі әдебиетінен бастау алатыны сөзсіз.Сондықтан

қазақ әдебиетінің төркінін содан іздеп,ежелгі дәуірдегі түркі тілдес халықтар-бабаларымыз бірігіп

жазған   асыл   қазынаны   ортақ   қазынамыз   деп   танып,   студенттерге   соны   жеткізу,   түсіндіру,

ұғындыру болып табылады.  



Пререквизиттер: Халық ауыз әдебиеті.

Постреквизитер: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.

Оқытушы: Нұрымова Қ.

12.2 Пән атауы:  Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігі (2 кредит, 90 сағат)     

Оқытудың   мақсаты:  Қазақтың   төл   әдебиетінің   қалыптасу,   даму   жолын   айқындау;

жыраулық   поэзияның   өзіндік   ерекшеліктері   мен   толғау   жанрының   өзгешеліктерін   таныту;

жыраулар   поэзиясының   тақырыптық-идеялық   және   көркемдік   негіздерін.  VI-VIII  ғасырлардағы

тасқа қашап жазылған жәдігерлердің, дастандар арқылы ежелгі түркі елінің әдет-ғұрып, наным-

сенімін, поэзиясынмәнін білду. Тарихи әлеуметтік жағдайларды, әдеби мұраларын оқыту. 

Қысқаша мазмұны: Сыр бойының ақын-жыраулары –жоғары оқу орнындарында халықтық

сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән. Көп ғасырлық тарихы бар

халқымыздың   рухани   мұрасы   -Сыр   ақын-жырауларының   әдеби   мұрасы.Ол   қазақ   әдебиеті

тарихында өзіндік шығармашылық мектеп дәстүрін қалыптастырып ұлттық мәдениет тарихында

айрықша орын алады. Ежелгі дәуір әдебиеті курсы, түркі тектес халықтардың әдебиеті тарихы мен

теориясына қатысты аса маңызды өзекті мәселелерді әдеби-тарихи материалдар негізінде деректі

түрде   сипаттайды.   Ежелгі   дәуір   әдебиеті-әдебиет   тарихы   мен   әдебиеттану   ғылымдарының

құрамдас бір бөлігі.Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тектес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік

және рухани өмірімен байланысты екенін білеміз.Бұл түркі тектес халықтарға ортақ әдебиет.

Күтілетін   нәтижелер:  Жыраулар   поэзиясында   әдебиеттің     тарихи   оқиғалармен,   саяси

әлеуметтік    жағдайлармен  байланысты  дамуы  мен жыраулар  поэзиясының  көркемдік  негіздері,

жыраулық мұралардың тарихилақ мәселелері ғылыми теориялық тұрғыдан түсіндіріледі. 

Пререквизиттер: Халық ауыз әдебиеті, Ежелгі дәуір әдебиеті, Әдебиеттануға кіріспе

Постреквизитер: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

Оқытушы: Жантасова З.

12.3 Пән атауы:  Орхон-Енисей жазба ескерткіштері  (2 кредит, 90 сағат)     

Оқытудың   мақсаты:  Орхон-Енисей   жазба   ескерткіштерінде  VI-XV ғасыр   аралығындағы

әдебиет қарастырылады. Түркі тілдес халықтар-бабаларымыз бірігіп жазған асыл қазынаны ортақ

қазынамыз деп танып, студенттерге соны жеткізу, түсіндіру, ұғындыру болып табылады.

Қысқаша   мазмұны:  Орхон-Енисей   жазба   ескерткіштерінде   VI-XV   ғасыр   аралығындағы

әдебиет қарастырылады. Орхон-Енисей аңғарынан табылған ескерткіштер туралы мәлімет береді. 



Күтілетін нәтижелер:  Қазақ  әдебиетінің  негізгі түркі әдебиетінен бастау алатыны  сөзсіз.

Сондықтан   қазақ   әдебиетінің   төркінін   содан   іздеп,ежелгі   дәуірдегі   асыл   қазынаны   ортақ

қазынамыз деп танып, студенттерге соны жеткізу, түсіндіру, ұғындыру болып табылады.

Пререквизит: Әдебиеттануға кіріспе

Постреквизит: Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

Оқытушы:  Турсуманова Ф.


13.1 Пән атауы: ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті  (2 кредит, 90 сағат)  

Оқытудың мақсаты: Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы кезеңін құрайтын мұраларды қазіргі

заманғы әлемдік өркениет талаптарына орай оқыту.  :  ХХ ғасыр басындағы   қазақ әдебиеттануы.

Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен зерттелуі. Қазақ әдебиеттануы және әлемдік рухани

құндылықтар. Әдебиеттанудағы көркемдік әлемнің зерттелуі.



Қысқаша мазмұны: Әдебиеттану ғылымының  негізгі саласының бірі болып танылатын бұл

пәннің мақсаты: халықтық, ұлттық әдебиетіміздің өмір тарихын көзқараспен   таныту, студенттің

болашақ маман ретінде эстетикалық талғамын, көркемдік дүниесін қалыптастыру. ХХ ғасырдың

1920-30   жылдары   қоғамдық-экономикалық   формацияның   қалыптасуы   кезеңі   болды.   Қазақ

әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңі, әдеби сын және эстетикалық көзқарастар, баспасөздегі

айтыстар әлемі



Күтілетін   нәтижелер:  ХІХ   ғасырдағы   ұлттық   сөз   өнерінің   дамуының   ерекшеліктері.

Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы мұрасындағы түркі өркениеті

және   ислам   мәдениеті   көріністері   берілген.   Осы   ғасыр   әдебиетіндегі   ақын-жазушылардың

шығармашылық көріністері берілген.   



Пререквизит: Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет.

Постреквизит: Қазіргі қазақ әдебиеті.  

Оқытушы: Нұрлыбаев Н.

13.2 Пән атауы:  Дәстүрлі ақындық поэзия (2 кредит, 90 сағат)

Оқытудың   мақсаты:  Пәннің   басты   мақсаты-     қазақ   әдебиеті   тарихының   басты   арнасы

авторлық ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиетдәстүрі ерекшеліктерін таныту, дара ақындық

поэзия   өкілдерінің   ұлттық   әдеби   процесті   қалыптастырып   дамытқан   дәстүрінің   ғылыми-

теориялық   негіздерін   ұғындыру,   авторлық   тұлғаға   тән   психологиялық   шығармашылық

ерекшеліктерді   меңгерту,   рухани   мәдениеттің   тарихындағы   әдеби   процестің   мәнін   зерделеу,

шығармашылық болжал психологиясы өлеңдерінің жанрлық табиғатын таныту.



Қысқаша мазмұны:  Авторлық тұлғаға тән психологиялық шығармашылық ерекшеліктерді

меңгерту,   рухани   мәдениеттің   тарихындағы   әдеби   процестің   мәнін   зерделеу,   шығармашылық

болжал психологиясы өлеңдерінің жанрлық табиғатын таныту.

Күтілетін   нәтижелер:  Ақындық   поэзиядағы   фольклор   мен   әдебиет     және   дара   ақындық

поэзия өкілдерінің ұлттық әдеби процесі және дәстүрінің ғылыми-теориялық негіздерін ұғындыру



Пререквизит: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті  

Постреквизит:  Қазіргі қазақ әдебиеті 

Оқытушы: Нұрымова Қ.

13.3 Пән атауы:  Көркем мәтінді әдеби талдау

(2 кредит, 90 сағат)



Оқытудың мақсаты: Көркем туынды жайлы  теориялық, эстетикалық пайым – түсініктерін

нақты   шығармаларды   талдау,   салыстыру,   салғастыру,   байыптау,   бағалау   барысында   практика

жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Әдебиеттердің бір – бірін байыту құпияларын игеріп,

шеберлік, қаламгер шеберлігі мәселелері сырын ашуға машықтанады.



Қысқаша   мазмұны:  «Көркем   мәтінді   әдеби   талдау»   пәні   «қазақ   тілі   мен   әдебиеті»

мамандығының   сырларын     үйренуші   білімгердің   әдеби   –   теориялық   білімдерін   тереңдетіп,

әдебиттанушылық – зерттеушілік   еңбектің негіздерімен таныстырады. Көркем туындыны жан –

жақты зерттеп, талдап, салыстырып, оның көркемдік – идеялық мазмұнын ашудың түрлі тәсіл,

амалдарына үйретеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет